Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі


Нұрмұхамедов Ибадулла Мосқалбайұлы



Pdf көрінісі
бет75/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   225
Память во имя будущего

Нұрмұхамедов Ибадулла Мосқалбайұлы 1901 туылған. Қызылорда облыстық партия 
комитетінің кеңестік сауда бөлімінің меңгерушілік қызметінде болған кезінде, 1938 жылдың
5 маусымындағы бюро мәжілісінде, «Орал облысында 1926-1930 жылдары «халык жауы» 
Ералиев басқарған ұлтшыл контрреволюциялық-меңдешевшіл ұйымының белсенді мүшесі 
болғандығы және 1937 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінде қызмет істеген 
жылдары, контрреволюциялық элементтер Ералиев, Исаевтарды әшкерелеу түгіл, оларды 
жақтап, адал коммунистер ретінде дәлелдегісі келді» – деген айып тағылып, партия қатарынан 
шығарылған. Нұрмұхамедовтің партиялылығын қайта қалпына келтіру жөніндегі апелляциясы 
1940 жылдың 27 тамызында Қызылорда облыстық партия комитетінің бюро мәжілісінде
қаралып, «халық жауы» – деп әшкереленген. Досов, Бөкейханов, Әленов, Қожановтармен 
байланыста болғаны, тіпті 1935 жылы Ташкентте Сұлтанбек Қожановтың, 1936 жылы 
Шымкентте Әлихан Бөкейхановтың үйінде болғаны үшін де айыпталып, «партиялық сақтықты 
жоғалтқаны, халық жауларын қорғап екіжүзділік танытқаны үшін» партиялығын қайта келтіру 
жөніндегі өтініші қанағаттандырылмаған. Жұмысқа да қабылданбай, моральдық жапа шеккен 
[268 қор, 1 тіз, 684 іс, 74 бет]. 
Қызылорда КП(б)К облыстық комитетінің 1940 жылғы 18 тамыздағы №26 бюро мәжілісінің 
қаулысымен Сырдария ауданы Айдарлы колхозының бригадирі Супбеков Бәкірді «Әкесі 
атқамінер және ақ эмигрант Мұстафа Шоқайдың жиені» болғандығы, 1937 жылдың күзінде 
ұсталып тұтқындалған Мұстафа Шоқайдың туысы Нұртаза Шоқайға колхозшылардан жиып 
көмек көрсеткені, әрі жұмыста да белсенділік көрсетіп өзін таныта алмағандығы, идеялық 
деңгейін көтерумен айналыспайтындығы үшін партия мүшелігіне кандидаттыққа қабылдаудан 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
111
бас тартып, өтініші қанағаттандырылмаған. Солақай саясаттың нәтижесінде шетелдерде бір өзі 
жеке дара жүріп, жолбарыстай жүректілікпен отаршылық жүйеге қарсы шығып, «Түркістан 
азаттығы» идеясын көтеріп, қоғамдық қозғалыс тудырған, қазақтың мақтанышы Мұстафадай 
тұлғалардың өзі түгіл туыстары да қудаланып, қуғын-сүргіннің құрбаны болған, тағдыр 
тәлкегіне ұшыраған [268 қор, 1 тіз, 683 іс, 103 бет]. 
Жазықсыз жапа шеккендерді ақтау 1953 жылдан басталғаны, әсіресе, бұл жұмыс 1956 жылы 
жанданғаны тарихтан белгілі. Осы жылдары бұрын «халық жауы» болып тұтқынға алынып, 
жазықсыз жазаланған көптеген қызылордалықтар ақталды.
Сонымен қатар, 1926-1928 жылдары Қызылорда уездік қалалық милиция бастығы 
қызметінде болған М.Масанчин, 1929-1930 жылдары БКП(б) Қызылорда округтік комитетінің 
хатшысы А.Розыбакиев, Қызылорданың астана болған жылдары Қазақстан Халық Комиссарлар 
Кеңесінің төрағасы қызметінде болған Н. Нұрмақов және И. Нұрмухамедов, С. Жанайдаров 
туралы БКП (б) мүшелерінің есеп карточкалары, өмірбаяндары, хабарлар архивте сақтаулы.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға қатысты әділеттілікті 
қалпына келтіруге байланысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылы 14 
сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылдады. Бұл заңның 
маңызы өте зор және ол бүкілхалықтық қолдау тапты. Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы 5 сәуірдегі қол қойған жарлығымен 31 мамыр – саяси қуғын-
сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленді. Бұл күні Сабалақ құмдағы қуғын-сүргін 
құрбандарына арналған ескерткіш монументке келіп, тағзым ету, жазықсыз құрбандарға арнап 
құран бағыштап, болашақ ұрпаққа олардың өмірлік қызметін насихаттау дәстүрге айналды. 
Отызыншы жылдар ойранында опат болған, азап лагерлерінде жазықсыз жапа шегіп, құрбан 
болған арыстарымызды еске сақтау, олардың есімдерін ұмытпай келешек ұрпаққа жеткізу – 
бүгінгі біздің замандастарымыздың патриоттық жауапкершілігі болмақ. 
Халқымызда: «Таудан тірегі бардың тастан жүрегі» деген сөз бар. Елбасы жариялаған 
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи құжаттың ел болашағы үшін маңызы зор. 
Ғасырлар бойы тәтті қиял ғана болып келген тәуелсіздік ұғымы – ұлттық жауапкершілікке 
айналды. 
Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне, тарихына ерекше іңкәрлікпен атсалысу 
– шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі екенін – «Туған жер» бағдарламасын 
жүзеге асыру барысында ұрпақ санасына сіңдіре алатынымызға сенеміз.
«Халық – тарих толқынында» бағдарламасы бойынша тарихи құндылықтарымызды 
айқындайтын, тарих беттерін жаңа қырларымен ашатын деректерді шет мемлекеттер архивінен 
тарихшылар, ғалымдар зерттеу жүргізілуі ортақ мүддеміз үшін жасалған игі бастама болғаны 
анық. 
Соның нәтижесінде Темірбек Қараұлы Жүргенов жайлы құнды деректерді жинақтауда, 
төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін айшықтауда өңіріміздегі іргелі оқу орны Қорқыт Ата 
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары өз үлестерін қосқанын атап кете 
отырып, жасампаз тарихымызды жаңғыртудағы еңбектеріне алғысымыз шексіз.
Біздің ендігі борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны 
болған, елім деп еңіреген, өмірін қиған ер-азаматтардың есімдерін, ерлік істерін ұмытпау, 
оларды мәңгі сақтау болып табылады. 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
112


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет