Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет83/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
123
салт-дәстүрді ескермеу салдарынан пайда болды. Қазақтардың тілегін ескермей көшпелі және 
жартылай көшпелі шаруашылықтарды еріксіз отырықшылыққа бейімдеу басталды. Осылайша 
асыра сілтеудің күшімен мал шаруашылығы отырықшылыққа зорлықпен таңылды. Қызылорда 
қалалық комитеті 17 жауапты қызметкерін бөліп, оларды уездің болыстарына жіберді.
Уезде тұтастай алғанда 1112 гектар жайылымдық жер және 807 гектар егістік жер тартып 
алынып, шаруаларға берілді. Бұл науқан аяқталысымен 2350 жарлы-жақыбай отырықшылыққа 
бейімделу үшін шабындық жерге иелік етті. 
Егістік және шабындық жерлерді бөлу қазақ ауылының жер мәселесін шешіп беру орнына 
Қазақстан шаруаларының әлеуметтік-экономикалық жағдайын онан сайын ауырлатты. 1928 
жылдың көктеміне қарай олар 1360 мың гектар шабындық және 1250 мың гектар егістік жер 
алды. 
Жалпы, ауылшаруашылығының репрессиялық саясат Қазақ АКСР-і Орталық Атқару 
комитеті мен Халық Комиссарларының Кеңесінің 1928 жылғы 27 тамыздағы «Бай 
шаруашылықтарын кәмпескелеу» туралы қаулысынан басталды. Осы қаулыны басшылыққа 
ала отырып, республика бойынша 700-ге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркілеуге ұшырап, 
олардың иелері қанаушы тап ретінде жер аударылды, кейіннен сотталып кетті. 
Мал өсірумен айналысқан халық отырықшылыққа бірден көндіге алмады. Оның үстіне 
байлардың мал-мүлкін жаппай тәркілеп, өздерінің жер аудару саясаты белсенділерінің асыра 
сілтеуімен берекесін кетірді. 
«Байды тап ретінде жою» дегенді сылтау етіп белсенділер орта шаруалардың мал-мүлкін 
тәркіледі, зор апатқа ұшыратты. Сыпырып алынған малға есеп жүргізілмеді, жауапкершілік 
болмады. Мұның өзі малды жаппай сойып, қырып жіберуге әкеліп соқтырды [2,130 б.].
Қызылорда облысының архивінде 1928-1932 ж.ж. Қызылорда қаласы бойынша байларды 
тәркілеуден алынған малдар туралы жалғыз ғана құжат бар. Онда «9 байдың малы тәркіленіп, 
барлығы 807 бас жылқы, 477 бас түйе, 220 бас ірі қара, 6778 бас қой, 957 бас ешкі, 19 бас есек 
алынды» делінген. 
1930 жылдарға дейін Сырдария ауданының түстігіндегі Қызылқұмды (Үрмені) Кіші жүздің 
Керей, Алаша рулары қысы-жазы жайлап отырған. 1928-1930 жылдары Кеңес өкіметінің 
белсенділері осы жерлерге жаудай тиіп, байлардың мал-мүлкін хаттап, өздерін Сыр бойына 
күштеп көшіріп алып келді. 
Өмір бойы Қызылқұмға үйренген халық жағдайы жоқ жерге шыдамай ауруға шалдықты, 
азып-тозды. Оның үстіне астық салығы (продналог) шықты. Өкімет әрбір өндірілген 12 пұт 
бидайдың 5%, 14 пұт арпаның 5% мемлекетке алды. Астық салығымен қатар қолдағы жылқы, 
ірі қара, түйе малдары мен қой ешкілерін «ұйысқа» деп зорлап ортақтастыру жүргізілді. Тартып 
алынған мал қараусыз қалып талан-таражға түсті. Жылқыларды кім көрінген мініп кетті
қалғандарын әркім сатып жеді. Осының бәрі халықтың көз алдында өтіп жатты. Елде айдап 
кету, қамап қою әдетке айналды. Бұл зобалаңның құтылудың жолын іздеген адамдар көршілес 
Өзбекстан, Қарақалпақстан жеріне лек-легімен ұрланып көше бастады [6]. Дегенмен, малынан 
айырылған халық ол жақта да байыз таппады. 1933 жылы ауып барғандары да, елде қалғандары 
да аштыққа ұшырады [2, 130 б.]. 
Сол кезде Қызылорда округі бойынша 27173 мал басын тәркілеу жоспарланған еді [3, 88 
б.]. Іс жүзінде Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві құжаттары бойынша 54 байдан 56720 
мал басы, соның ішінде ірі қараға шаққанда 18139 мал басы тәркіленген. Оның 14228-і бөліске 
түскен, 4055-і ұжымшарларға, 10173-і жеке шаруашылықтарға таратылған. Малдан басқа 
байлардан 29 киіз үй, 117 киіз, 10 мың бау шөп, 8 қыстау, 5 үй т.б. тәркіленіп, олар клубтарды, 
мектептерді жөндеу жұмыстарына, артельдерге жіберілді [2,133 б.].
Тәркілеу науқанын жүзеге асыру барысында билік тарапынан үркіту-қорқыту шаралары 
қолданылды, мұндай әрекетсіз ұжымдастыруды соншалықты қысқа мерзім ішінде аяқтау 
мүмкін емес еді. Осының барлығы жұртшылықтың наразылығын тудырып, көптеген шаруалар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет