24
жағдайда ғана. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен
сәлемі болсын) ораза кезінде ыстығын басу үшін
басына
су құйған (Әбу Дәуід). Бірақ ауыздан және мұрыннан су
кіріп кетпеуін қадағалау шарт.
Себебі мұрыннан не ауыз
қуысынан бір тамшы болса да су кірсе әрі суды жұтса,
ораза бұзылады. Ал көлге, өзенге және су толтырып ваннаға
түспеген абзал. Себебі, суға сүңгіп шомылғанда мұрыннан
не ауыздан су кіріп кету қаупі өте жоғары.
Сұрақ:
Ораза уақытында ауызды сумен жай ғана шаюға
бола ма?
Жауап:
Ораза кезінде ауыз
қуысы мен мұрынды сумен
шаю оразаны бұзбайды. Бірақ, жұтып қойса, бұзылады.
Сол күнгі оразаның қазасын өтейді. Хадисте: «Оразадан
тыс кезде мұрныңды жақсылап шай», – делінген. Демек,
оразада ғұсыл яки дәрет алғанда, ауыз-мұрынды шайғанда
тамақтан су өтіп кетпеуіне мұқият болуы ләзім.
Сұрақ:
Дәрет алып жатқанда байқамай тамақтан су
кетіп қалса, ораза бұзыла ма?
Жауап:
Ораза екендігін біле тұра тамағынан немесе
мұрын қуысынан
байқаусызда болса да су кірсе, оразасы
бұзылады. Қазасын өтеуі міндет. Алайда, «ақыры оразам
бұзылды ғой» деп ішіп-жеуіне болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: