Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы


Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік



бет3/13
Дата23.02.2016
өлшемі1.18 Mb.
#3045
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

8. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік

1. Негізгі даму өлшемдері

«Қоғам қызығушылығын туғызатын кәсіпорындардың қаржылық есептілігінің қол жетімді болуы мен айқын боуын қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар инвестициялық тартымдылықты жақсарту үшін 2009 жылдан бастап елімізде Қаржылық есептілік депозитарийі жұмыс істейді, онда әлеуетті инвестор жария мүдделі ұйымның және ірі кәсіпорын субьектісінің тапсыратын ақпаратын әлемнің кез – келген нүктесінен көре алады. Бұл ұйымдар қаржылық есептілігін Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес әзірлеуі тиіс және қаржылық есептілікті, корпоративтік оқиғалар туралы, сонымен қатар оларға аудиторлық есеп туралы ақпаратты ұсынады. Басқа ұйымдар өз еркімен Депозитарийге ақпаратты ұсына алады. Ақпарат Депозитарийге тегін ұсынылады.

2009 жылғы желтоқсанда, Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарттары Комитеті Қорымен келісімді ұзарту бойынша ХҚЕС ресми аудармасын жариялау мақсатында алдағы алты жылға сыйақы төлеуімен мерзімсіз уақытқа № 472 – КН (MinFin) – waiver – 2009 келісім – шартына қол қойылды (2009 – 2015 ж.). Жыл сайын ХҚЕС пен АХС-тың мемлекеттік тілге аударылады және Министрліктің сайтында орналастырылады.

Министрлікпен үнемі Депозитарийге аталған ұйымдардың тапсырылған ақпарттарын мониторинг жүргізіледі, сонымен қатар, олардың ХҚЕС, АХС, ҚСХҚЕС, заңнамалардың талаптарына сәйкестігі жүргізіледі. Аталған ақпаратты тапсырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілік тартылады.

Депозитарийге 2011 – 2013 жылдардағы ұсынылған қаржылық есептілікті 2012 ж. 30 тамызынан – 2014 ж. 30 тамызында тапсыру мерзімі бойынша қаржылық есептілікті белгіленген мерзімін бұза ұсыну немесе себепсіз оны тапсырмау бойынша 2014 жылы 1279 жария мүдделі ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2011 ж. – 539, 2012 ж. – 481, 2013 ж. – 259).

Сонымен бірге, 2013 жылы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекке кәсіби емес бухгалтердің қаржылық есептілікті ұсынуға қол қоюына заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту қарастырылған.

Есеп және аудит стандартттарын қолдану мәселесін анықтау, сонымен қатар, заңнаманы жетілдіру мақсатында 2014 жылы Депозитарийге Дүниежүзілік экономикалық форум сұраулығына ұқсас ұлттық сұраулық әзірленіп, енгізілді. Сұрау нәтижесі жыл сайын ҚР ҚМ сайтында орналастырылады.

2015 жылы Қаржылық есептілік депозитарийінде респонденттермен кері байланысты беретін қосымша сұраулық әзірленді, ол өз кезегінде заңнаманы жетілдіру бойынша тиімді жұмыс береді.

2012 жылы ШОБ үшін ХҚЕС қолдану мүмкіндігін бағалау бойынша біріктірілген экономикалық зерттеу бағдарламасы аяқталды, оның нәтижесіосы стандартты қолдану бойынша Дүниежүзілік банк ұсынымы болды (2009 жылы ХҚЕС бойынша Қормен қабылданды).

Орта бизнес субьектілері 2008 жылдан бастап ШОБ үшін ХҚЕС жобасы негізінде әзірленген № 2 Ұлттық қаржылық есептілік стандартына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізгенін ескере отырып, осы ұйымдармен осы стандартты қолдану 2013 жылдың 1 қаңтарынан ШОБ үшін ХҚЕС өтуіне қосымша уақыт талап етпеді.

2012 жылы шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгертулер енгізілді, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субьектілерімен жеңілдетілген Ұлттық стандарттың қолданылуы бөлімінде, сонымен қатар, арнайы талаптарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлерге бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасамауға құқық беріледі.

2013 жылы Министрлікпен ХҚЕС қолдану бойынша халықаралық тәжірибе зерттелінді және 2014-2017 жылдарға есеп және аудит стандарттарын сақтауын бақылау және мониторингтің тиімді жүйесін енгізу бойынша жұмыс жоспарланған (корпоративтік есептілікті бағалау, кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету және т.б.). Министрлікпен ХҚЕСтің талаптары мен салық заңнамасының талаптарының үйлесуіне көп көңіл бөлініп жатыр ( салықтық тексеру жүргізу кезінде туындайтын ХҚЕСтің қолдану мәселелері және т.б.)

Қазақстанның 30 бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру шеңберінде 2014 жылы халықаралық тәжірибені зерттеу негізінде Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі «Есеп және аудит стандарттарын жетілдіру» (ДЭФ ЖБҚИ) көрсеткішін жақсарту бойынша шаралар жоспарына қосу үшін ұсыныс әзірленіп, Ұлттық экономика министрлігіне ұсынылды, соның ішінде Қазақстандағы корпоративтік есептіліктің инфрақұрылымына бағалау жүргізу (бұдан әрі – Бағалау).


2014 жылы Бағалау жүргізу бойынша дайындық жұмыстар басталды.

Индикатор сұрау жасау жолымен анықталатын болғандықтан, 2014 – 2015 жылдары әлеуетті респонденттер арасында 2015 жылы ЖБҚИ көрсеткішіне жағымды әсер ететін түсіндіру жұмыстары жүргізілді (домалақ үстел, www.1ccc.kz мекен – жайы бойынша бірінші әлеуметтік желіде онлайн-лекциялар, салық төлеушілермен конференцияға қатысу, ҰКП ресми сайтында тиісті ақпараттық материалдарды жариялау, есеп және аудит стандарттарын қолдану бойынша түсіндіру жүргізу және т.б.)

2015 жылы Қазақстандағы корпоративтік есептіліктің инфрақұрылымына бағалау жүргізу бойынша жоба басталды, оның мақсаты проблемалық салаларды анықтау және еліміздегі корпоративтік есептілік жүйесін жетілдіру бойынша кейінгі іс-әрекетті анықтау болып табылады.

Бағалау ЮНКТАД шеңберінде әзірленген және БҰҰ (ISAR) есеп және есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша Үкіметаралық эксперттер жұмыс тобының әдісі бойынша анықталады. Бағалау нәтижесі бойынша ЮНКТАД ұсынымдары беріледі. Бағалау нәтижесі бойынша қалыптасқан шаралар тізбесін іске асыру корпоративтік есептілік инфрақұрылымын бұдан әрі жетіліруді қамтамасыз етеді және еліміздің инвестициялық және іскерлік жағдайын жақсартуға мүмкіндігін тигізеді.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Халықаралық ұйымдармен келісімнің нормаларын іске асыру мақсатында, жыл сайын ХАС соңғы нұсқасына сәйкес мемлекеттік тілге және ХҚЕС аудару бойынша мемлекеттік сатып алу жүргізіледі, оның нәтижесі болжап болмайтындықтан, сонымен қатар, жабдықтаушы тарапынан келісім талаптарын орындамау тәуекелі болғандықтан, әрқашанда ХАС пен ХҚЕС тарату және аудару бойынша тапсырманың орындалмау тәуекелі бар.

үшінші бөлігі келесі редакциядағы төртінші бесінші бөліктермен толықтырылсын:

Бұл ретте бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мамандарды сапалы даярлау және аттестаттау мәселесі өзекті болып отыр, өйткені қазақстандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажеттігі пайда болуда. Бұл міндетті кәсіби оқыту жүйесін жетілдіру және оларды даярлау деңгейін халықаралық деңгейге дейін көтеріп, кадрларымыздың біліктілігін арттыру жолымен шешуге болады.

Сонымен қоса, корпоративтік есептілікті бағалау жүргізу кезінде халықаралық ұйым тарапынан Келісімді орындамау жағынан мәселе туындауы мүмкін.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар

1) оқыту бойынша халықаралық донор ұйымдардың, сондай-ақ республикада мемлекеттік ішкі аудит бойынша сертификат алған мамандардың болмауы;

2) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі мамандарды даярлаудың төмен деңгейі.

Ішкі факторлар

1) бухгалтерлік есеп пен аудит салаларында оқуды жетілдіру және сертификат алу курстарын өткізу бойынша кадрлардың жоғары жүктемелігі;

2) мемлекеттік қаржылық бақылау саласында аудиторларға сертификаттар беру жүйесінің болмауы.


9. Қоғамдық сектор қаржылық есептілігінің халықаралық стандарттарын енгізу

1. Негізгі даму өлшемдері

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық мемлекеттік мекемелер қоғамдық сектор қаржылық есептілігінің халықаралық стандарттарға (бұдан әрі – ҚСХҚЕС) және есептеу әдісіне сәйкес әзірленген бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жаңа әдіснамасына көшті.

Есепке алу және есептілік, сондай-ақ оқыту әдіснамасын жетілдіру мақсатында, 2010 жылдан бастап жыл сайын Министрліктің сайтына орналастыра отырып, ҚСХҚЕС мемлекеттік және/немесе орыс тіліне аудару жүзеге асырылады. ҚСХҚЕС өзекті жағдайда ұстау үшін Министрлік осы стандарттардың әзірлеушісі – Халықаралық бухгалтерлер федерациясының ҚСХҚЕС комитетімен шарт жасады.

Мемлекеттік мекемелердің есептеу әдісі бойынша ҚСХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікке көшуі мемлекеттік сектордағы бұдан әрі реформаларына алғашқы қадам ғана болып табылады.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Осы елдердің парламентіне 10 жыл бойы шоғырландырылған қаржылық есептілікті бере отырып, есептеу әдісіне көшкен Швейцария, Австралия, Жаңа Зеландия, Канада, Ресей сияқты елдердің халықаралық тәжірибесі осы мәселе бойынша егжей-тегжейлі әдістемелік әзірлеу қажеттілігін көрсетеді.

Халықаралық практикада Шоттардың біріңғай жоспары (бұдан әрі – ШБЖ) қаржылық есептілік операциялары және оны жасау бойынша ақпараттың сыныптамасы, оны тіркеу кезінде мемлекеттік сектордың бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігінің негізгі құрылымы болып табылады.

ШБЖ әзірлеу бюджет жүйесін және онымен байланысты бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін құру кезінде орындалатын алғашқы міндеттердің бірі және мемлекеттік қаржы-қаражатты басқару құрылымының маңызды бөлшегі және бюджеттік және қаржылық есепті үндестіру үшін негіз болып табылады.

Бухгалтерлік есеп жүйесі қаржы басқармасының талаптарын қанағаттандыру және бухгалтерлік стандарттарға сәйкес келтіру үшін ББС өзгертуді талап етуі мүмкін. Бухгалтерлік негіз ҚСХҚЕС-ке және есептеу әдісіне сәйкес келетін, сондай-ақ кассалық әдіс бойынша бақылау және есептілік үшін пайдаланылатын интеграцияланған ШБЖ әзірлеуге негізделген.

Реформалардың барлық кезеңдерін жүзеге асыру мемлекеттік секторда есептеу әдісі бойынша есеп пен есептілікті реформалау – бұл операциялар туралы толық және тегіс қамти алатын деректерді және үкіметтің қаржылық есептілігінде мемлекеттік сектордың жағдайын қалыптастыру мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар

1) Өнім берушінің ҚСХҚЕС-ті ағылшын тілінен мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудару бойынша қызметтерді ұсынбауы.

Ішкі факторлар

1) Қазақстанда ҚСХҚЕС саласындағы мамандардың болмауы.


10. Жеңілдікті тұрғын үй кредиттері

1. Негізгі даму өлшемдері

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа тұрғын үй саясаты туралы» 1993 жылғы 6 қыркүйектегі № 1344 Жарлығына сәйкес «Тұрғын үй құрылыс банкi» ЖАҚ берген жеңілдiктi тұрғын үй несиелерін алған азаматтардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 304 қаулысының 1-тармағын іске асыруға жыл сайынғы негізде 1999 жылғы 5 сәуірден бастап теңгенің айырбас бағамының өзгеруіне байланысты «Тұрғын үй құрылыс банкi» ЖАҚ берген жеңілдiктi тұрғын үй несиелерін алған азаматтардың мiндеттемелерiнiң бір бөлігін республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Осы бағдарлама кестеге сәйкес кредит бойынша іс жүзінде берешекті өтеген Қарыз алушылар бойынша бағамдық айырманы «Центр Кредит банкi» АҚ-на төлеу жолымен іске асырылады.

Жоғарыда көрсетілген бағдарлама төлем қабілеттігі төмен болып табылатын халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары арасында әлеуметтік шиеленісін төмендетуге бағытталған.

Бюджеттік бағдарламаның төленген міндеттемелерінің серпіні: 2011 жылы – 100%, 2012 жылы — 100%, 2013 жылы – 100 %.

2. Негізгі проблемаларды талдау

«Тұрғын үй құрылыс банкi» ЖАҚ арқылы жеңілдікті ұзақ мерзімді кредиттер алған азаматтар арасында тұрғын үйінен айырылу қауіпіне байланысты әлеуметтік шиеленістің ұлғаю қауіпі бар.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар

1) валюталар бағамының өзгеруі
11. Мемлекеттік кепілдіктер

1. Негізгі даму өлшемдері

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін іске асыру мақсатында жартыжылдық негізде мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау Қазақстан имиджінде көрініс табады, сондай-ақ кредитік рейтингті көтеруге мүмкіндік береді, ол өз кезегінде елге неғұрлым төмен мөлшерлемелер бойынша жаңа қарыздар тартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ инвестициялардың өсуін ынталандырады және мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша дефолт фактілеріне жол бермейді.

Мемлекеттік кепілдіктер төленген міндеттемелерінің серпіні: 2011 жылы – 99,2%, 2012 жылы — 100%, 2013 жылы – 100 %.

2. Негізгі проблемаларды талдау

1) мемлекеттік кепілдіктің күшіне енуіне тікелей әкеп соғатын қарыз алушылардың төлемге қабілетсіздігі.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар:

1) валюталар бағамдарының, пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі және т.б. салдарынан қарыз алушылардың төлемге қабілетсіздігі.


2-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен атқарылатын функциялардың тиімділігін қамтамасыз ету

1. Мемлекеттік қызметтер

1. Дамудың негізгі параметрлері

Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға көңіл бөлу қажеттілігі туралы атап өтті. Міндет – мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарындағы біржақты билік тәсілдерінен азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел көрсетуге өту.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Президенті жоғары ауқымды жекешелендірудің екінші толқыны туралы айта келе, жеке бизнес мемлекеттен гөрі әрдайым және қай жерде болса да тиімдірек әрекет ететіндігін атап өтті. Сондықтан да кәсіпорындар мен стратегиялық емес сипаттағы қызметтерді жеке қолға беру қажет. Бұл отандық кәсіпкерлікті нығайту үшін қағидатты жағынан маңызды қадам.

Мемлекеттік қызметтер құнын айқындау әдістемесіне сәйкес қызмет беруші қызметтерді көрсетудің экономикалық тиімділігін есептелмейді. Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімсіз болған жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған шығыстарды оңтайландыру бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қызмет берушінің шығыстары құрылымына талдау жүргізіледі.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Мемлекеттік басқару аппаратының жиі ұйымдастырушылық өзгерістеріне байланысты Министрлік көрсететін мемлекеттік қызмет көрсетулер санының, сондай-ақ оларды көрсету тиімділігінің нақты айқын еместігіне байланысты.

Қызметтердің бір бөлігін жеке бизнеске беру туралы басқарушылық шешімдер қабылдау үшін оларды жүзеге асыру тиімділігінің толық мониторингі қажет.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар

1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау, Мемлекет басшысының жолдауы, жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасын қабылдау және нәтижеге бағытталған Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру;

2) Министрліктің ведомстволарының сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетуге ықпал ететін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері интеграциясының болмауы.

Ішкі факторлар

1) Сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі;

2) кадрлардың тұрақсыздығына байланысты әлсіз кәсіби деңгей;

3) Министрлікте мемлекеттік қызметтер көрсету арқылы ақпараттық жүйелердің жұмысындағы істен шығу.


2. Қазынашылық жүйесі

1. Негізгі даму өлшемдері

Бюджеттің ашықтығы рәсімінің маңыздылығын ескере отырып, Қазынашылық комитетімен қаржы есептің толықтығын, тұтастығы мен анықтығын қамсыздандыру мақсатында, сондай-ақ қағаз құжаттаманы электронды құжат айналымына көші барысында «Қазынашылық-клиент» АЖ-сі енгізілді.

«Қазынашылық-клиент» АЖ-сін енгізу мақсатына жетудің негізгі бағалау белгілері:

1) Қазынашылық аумақтық бөлімшелердің қазынашылық клиенттердің қаржы құжаттарын енгізу және алдын ала бақылау жұмыстарын өткізетін қызметкерлердің жұмыс уақытын орта есеппен 80 %-ға қысқарту (ерекше жұмыс тәртіпті ұстанатын мекемелерді қоспағанда);

2) Клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру:

- мемлекеттік мекемелердің дербес қызмет көрсету есебінде үстеме шығыстарын азайту (қағаз, уақытша және көлік шығындары);

- қызмет көрсету жылдамдығын арттыру.

Қазіргі уақытта бастап, «Қазынашылық-клиент» жүйесін енгізу нәтижесінде қаржы құжаттарын қабылдау, өңдеу, орындау және қайтару рәсімдерінің айқындылығының артуы құжаттарды өңдеу жылдамдығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік бергенін атап айтуға болады. Атап айтқанда, егер бұрын толтыру кезінде жіберілген кемшіліктерді жоюға арналған қайтаруларды қоса алғандағы, төлеуге берілетін шоттарды өңдеуге орташа есеппен 4-5 күн кететін болса, «Қазынашылық-клиент» жүйесін енгізгеннен кейін бұл уақыт 2012 жылы 16 жұмыс сағатына дейін, ал 2013 жылы 8 жұмыс сағатына дейін қысқартылды.

2012 жылы «Қазынашылық-клиент» АЖ жұмыс істейтін мемлекеттік мекемелердің саны - 5,3%, 2013 жылы – 99,6% құрады.

2012 жылға «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы жүргізілген төлем құжаттарының үлесі төленген төлеуге берілетін шоттар – 2,6%, АҚМ тіркеуге арналған өңделген өтінімдер-2,5% құрады, 2013 жылы «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы жүргізілген төлем құжаттарының үлесі:- төленген төлеуге берілетін шоттар –57%, АҚМ тіркеуге арналған өңделген өтінімдер - 52,8% құрады.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Сонымен бірге, компьютерлік техникасы жабдықталуы жоғары деңгейге қол жеткізгеніне қарамастан, мемлекеттік мекемелер аудандық деңгейде Интернет жүйесіне қосыла алмау мәселесіне тап болады. Аудандық және қала орталықтарынан алыс орналасқан мемлекеттік мекемелер «Қазақтелеком» АҚ-да керек техникалық жағдайлары жоқ болғандықтан, 128 байттан кем емес ең аз өткізу мүмкіндігіне баланыс арнасы бойынша Интернет жүйесіне қосылу мүмкіндіктері жоқ. Сонымен бірге, Интернет жүйесіне қосыла алғандар жүйенің тұрақсыз жұмыс істейтінің белгілейді.

Қазіргі уақытта барлық корпоративтік ақпараттың 30 %-ға жуығы электрондық түрде сақталуда. Барлық қалған ақпарат (70 %-ға жуығы) оны іздестіру кезінде біршама қиындықтар туғызып қағаз түрінде сақталып тұр, дегенмен осы арақатынас біртіндеп сақтаудың электрондық нысанының пайдасына ауысуда.

Мемлекеттік сектормен өзара іс-қимыл кезінде мемлекеттік сатып алу шеңберінде орындалған жұмыстардың актілері, жүк құжаттар, шот-фактуралар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құжаттар секілді бірқатар растаушы құжаттар пайдаланылады. Бұдан басқа, өнім берушілердің пайдасына төлемдерді жүргізу үшін мемлекеттік мекемелер растаушы құжаттарды ұсынудан бөлек, жекелеген құжат – негіз болып табылатын шоттарды төлеуді қалыптастыруға міндетті.

Электрондық форматқа көшу салық органдарына шот-фактураларды жедел талдауға, уақтылы ден қоюға және жалған кәсіпорындар қызметінің жолын кесуге мүмкіндік береді.

Электрондық шот-фактураларды енгізу Қазақстанның «Doing Business» рейтингіндегі позициясын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру барысында әдістемелік және техникалық топтар құрылған болатын, өйткені ақпараттық жүйеге техникалық тапсырма аясында жұмыс істеген болатын, бірақ Пилоттық жобаға қатысушылар мен Қазақстанның Салық төлеуші Қауымдастығының өкілдері қосымша талаптар қойған болатын, ол өз ретінде негізгі құжаттарды және шот-фактураның нысан талаптарын және форматтық-логикалық бақылау ережесін өзгертуге әкеп соқты, бұл Жүйенің түпкілікті функционалына әсер етті және оның барлық модульдері мен функционалдық мүмкіндігіне әсерін тигізді,ол өз ретінде әзірлеу мерзімдерін ұлғайтуға әкеп соқты. Нәтижесінде барлық қосымша талаптарының есебімен үш регламенттік өнім құрылған болатын:

Электрондық шот-фактураның бланкісі;

Электрондық түрде жазылатын шот–фактуралар құжат айналымының қағидалары;

Техникалық тапсырма (API бойынша құжаттама).

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар

1) Жосықсыз өнім беруші (өнім беруші жоба бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді іске асырмаған жағдайда).

Ішкі факторлар

1) Жоба бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қайта жүргізу (жарияланған конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, ол жобаны орындауға әсер етеді).


3. Салықтық әкімшілендіру

  1. Дамудың негізі параметрлері

Ұсынылатын салықтық қызмет көрсетулердің сапасын арттыруға арналған жұмыс тұрақты негізде бірнеше стратегиялық бағыттарда жүргізіледі.

Бірінші бағыт – мемлекеттік қызметтерді алу кезінде салық төлеушілер үшін жағдайларды жақсарту:



  1. ұсынылатын салықтық қызмет көрсетулердің сапасын арттыру үшін, жүйелік негізде Ақпаратты қабылдау мен өңдеудің жаңа орталықтарын құру бойынша жұмыс жүргізілуде (ҚӨО) (2008 жылдан бастап 31 ҚӨО құрылған болатын);

  2. 2011 жылдан бастап Италияның тәжірибесі бойынша Республиканың барлық ірі аудандарында әрбір ҚӨО-ның жанынан «анықтамалық» модератор енгізу;

  3. 2010 жылдан бастап әкімдіктермен бірлесіп, салық органдарының кеңселері жоқ ауылдық округтерде Салық төлеушілердің терминалдарын енгізу: 2012 жылы Республиканың 14 облысындағы 548 ауылдық округке енгізілді;

  4. 2009 жылдан бастап жыл сайын салық төлеушілерге салықтық өтініштердің бланкілерін ақысыз негізде тарату;

  5. 2010 жылдан бастап «электрондық үкімет» шеңберінде екінші деңгейдегі банктермен (Тұран Әлем Банкі, Қазақстанның Халық Банкі, Альянс Банк ) бірлесіп, банкоматтар және өзге де электрондық құрылғылар арқылы салықтар төлеу тетіктерін енгізу;

  6. 2011 жылы салық органдарында «Атамекен» ҰЭП-ның консультативтік өкілдіктерін ашу. Атамекеннің консультанттары Республиканың барлық дерлік ірі аудандарында жұмыс істейді;

  7. 2012 жылдан бастап Алматы қаласының салық органдарындағы ҚӨО-да кезектермен күрес әдістерінің бірі ретінде және салықтық қызмет көрсетулердің сапасын бақылау мақсатында, кезектілікті басқарудың электрондық жүйесі (КБЭЖ) енгізілді. 2013 жылы республиканың барлық ірі салық басқармаларында КБЭЖ-ны орнату бойынша жұмыс жүргізілуде.

Екінші бағыт – Электрондық қызметтердің тізбесін кеңейту және электрондық ақпарат алмасуды пайдалануға салық төлеушілерді тарту.

Қазіргі уақытта 32 салық қызметінен 23 қызмет толық және жартылау автоматтандырылған. 16 қызмет «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі - ЭҮП) – «электрондық үкімет» арқылы қол жетімді.

2013 жылы ЭҮП –на жеке кәсіпкер ретінде тіркеу және патент беру секілді әлеуметті маңызды қызметтер еңгізілді. «электрондық Үкімет» порталына барлық электрондық қызметтердің шығару жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан бойынша орта есеппен кезек тосу уақыты 29 минуттан 26 минутқа қысқаруы байқалады.

Сұрастыру қорытындысы бойынша, салық органдарымен Бизнес-ортаға және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы қанағаттанушылықтың өсуі оң қозғалысты көрсетіп отыр.

2. Негізгі проблемаларды талдау.

Қазіргі уақытта 33 салықтық қызметтен 23 қызмет толығымен және ішінара автоматтандырылды. 16 қызмет «электрондық үкімет» порталы (ЭҮП) арқылы қолжетімді.

2013 жылы ЭҮП -ға жеке кәсіпкер ретінде тіркеу және патент беру сияқты әлеуметтік маңызы бар қызметтер жіберілді. Барлық электрондық қызметтерді «Электрондық үкімет» порталына шығару бойынша жұмыстар жалғасуда.

Қазақстан бойынша орта есеппен кезекте күту уақыты ұзақтығының 29 минуттан 26 минутқа дейін қысқаруы байқалуда.

Сұрау нәтижелері салық органдары көрсететін қызметтердің сапасына бизнес ортаның да халықтың да қанағаттанушылығының оң өсу қарқынын көрсетеді.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар

1) салық төлеушілердің электрондық ақпарат алмасуда белсенділігінің төмендігі.

Ішкі факторлар

1) Салық төлеушілер қызметтерді алған кезде түпнұсқалар мен нотариальдық куәландырылған құжаттарды, бақылау-кассалық машиналарды және т.б. ұсынуға байланысты жекелеген мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшірудің мүмкін еместігі.

4. Кедендік әкімшілендіру


  1. Дамудың негізі параметрлері

Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметі және одан әрі дамуының негізін қалайтын бағыт - ұсынылатын қызметтердің сапасына бағдарланған халықаралық стандарттарға жауап беретін тұрақты, тиімді жұмыс істейтін кедендік жүйені қалыптастыру болып табылады.

Қызметтің осы бағытына сәйкес, Комитет кеден қызметін дамыту жобасын жүзеге асыруда, ол Қазақстан Республикасының кеден қызметі жұмысының барлық салаларын қамтиды және Қазақстан Республикасы кеден қызметі жұмысының халықаралық стандарттарға сәйкестігін талдауды, халықаралық үздік тәжірибеге сәйкес жаңа әдістер мен технологияларды әзірлеуді және енгізуді, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жаңғыртуды және дамытуды, техникалық жарақтандыруды, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды тұлғаларын оқытуды қамтиды.

Кеден органдары тауарлардың контрабандасы мен есірткі құралдарының заңсыз айналымына ерекше назар аударды. Заң талаптарын бұзатын кез-келген әрекеттердің жолы кесіледі. 2013 жылғы 11 айда 620 қылмыстық іс қозғалған, олардың ішінде: 422 қылмыстық іс – экономикалық контрабанда бабы бойынша, 29 қылмыстық іс – кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару бойынша, 53 қылмыстық іс – тыйым салынған заттардың контрабандасы бойынша қозғалды.

Қозғалған қылмыстық іс бойынша тауарлар мен валюталардың сомасы 10 млрд. 716 млн. теңгені құрады. Қозғалған қылмыстық іс бойынша залалдың белгіленген сомасы – 5 млрд. 562 млн. теңгені құрады.

2013 жылғы 11 айда 11 787 әкімшілік іс қозғалды, 628 млн. теңге сомаға айыппұл салынды, 392 млн. теңге сомаға тауарлар мен көлік құралдары тәркіленді. Заңсыз айналымнан 244,8 кг есірткі құралдары алынды.


  1. Негізгі проблемаларды талдау

Кеден қызметін дамыту жобасы Дүниежүзілік Кеден Ұйымының кедендік әлеуетті арттыру жөніндегі әдіснамасы мен құрылымы негізінде әзірленді, бұл ретте әдіснаманың әрбір бөлімі Жобаның кіші компонентін қалыптастыруға негіз болды. Бұл кіші компоненттер мынадай бағыттар бойынша компоненттерге топтастырылған:

  1. Институционалдық даму және кадрлық ресурстарды басқару.

  2. Кедендік операциялар.

  3. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

  4. Жобаны басқару.

Қазіргі уақытта консалтингілік келісімшарттарды іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде, олардың нәтижесінде кеден органдары қызметінің барлық негізгі бағыты мен олардың бизнес-процестерін жетілдіру, түрлендіру және қайта құрылымдау жөнінде ұсыныстар әзірленеді.

Аталған консалтингілік келісімшарттардың нәтижелері бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және кеден органдарының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) дамыту үшін әдіснамалық негіз болып қызмет етеді, кеден қызметінің әрбір бағытын толық автоматтандыруға арналған тиісті бағдарламалық қамтамасыз етулер мен ақпараттық жүйелердің пакетін кейіннен әзірлей және енгізе отырып, кеден органдары АКТ бірыңғай архитектурасы құрылатын болады.   

Талдау және  АКТ-нің құрылған архитектурасы нәтижелеріне негізделген қорытынды кезеңде кеден органдарын заманауи техникалық жарақтандыру (бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық жабдықты сатып алу) жүзеге асырылады.

Экспорттық-импорттық операцияларды іске асыруда сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың мерзімдік және қаржылық шығындарын төмендету мақсатында Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті барлық кедендік рәсімдер бойынша электрондық декларациялаудың ақпараттық жүйесін жасау бойынша кезеңдік жұмыс жүргізілуде.

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Экспорт» кедендік рәсімі бойынша ЭД АЖ Қостанай және Қарағанды облыстары бойынша Кедендік бақылау департаменттерінде – пилотты аймақтарда тәжірибелі пайдалануға енгізілді.

Электрондық декларациялау жүйесі жеке тұлғалар (ЖК ДҚ), заңды тұлғалар (ЗТ ДҚ), ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) дерекқорларымен және «Е-лицензиялау» дерекқорымен интеграцияланған. Сондай-ақ Электрондық үкіметтің төлеу шлюзімен (ЭҮТШ) интеграция бойынша жұмыс жүргізілуде.

ЭД АЖ пилоттық аймақтардағы тәжірибелі пайдаланудың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Кеден қызметін дамыту жобасы қаражаттарынан қаржыландырылатын жүйенің жөндеуі жүзеге асырылды. 2014 жылдың қаңтарынан ЭД АЖ «экспорт» рәсімі бойынша барлық Республика бойынша тәжірибелі пайдалануға енгізілді

2013 жылдың 9 желтоқсанынан бастап Алматы және Алматы облысында «ішкі тұтыну үшін шығару» рәсімі бойынша жүйе тәжірибелі пайдалануға енгізілді

Толық қағазсыз декларациялауға көшу кезінде, барлық мемлекеттік органдар Қазақстанда рұқсат ету құжаттарды беруді және бақылауды тек электрондық форматта жүргізетіндігі және тиісінше е-лицензиялаудың мемлекеттік дерекқорын тарихи мәліметтермен толтыратындығы болжамдайды. Барлық тауарлар және кедендік рәсімдер бойынша электрондық декларациялауды енгізу үшін Е-лицензиялаудың мемлекеттік дерекқорын уәкілетті мемлекеттік органдар беретін рұқсат ету құжаттармен дер кезінде толтыруын қамтамасыз ету керек.

Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін қызметкерлерді жергілікті жерлерде оқытуға байланысты мәселелерді шешу үшін тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету және оқу материалдары бар ақпараттық технологиялар негізінде қашықтан оқыту жүйесі әзірленді.

Кедендік әкімшілендірудің жаңа прогрессивті технологияларын енгізу, кедендік рәсімдерді оңтайландыру, олардың транспарентті деңгейін арттыру, СЭҚ қатысушыларын ақпараттандыру және оларға кеңес беру тәжірибесін кеңейту, сондай-ақ кедендік инфрақұрылым мен оның техникалық жарақтандырылуын дамыту, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттердің өткізу қабілеттерін ұлғайту сыртқы экономикалық қызметтің қолайлы жағдайларын қалыптастыруға, заңды және жеке тұлғаларға кеден қызметтерін ұсыну сапасын арттыруға, артық әкімшілік кедергілерді төмендетуге, халықтың әл-ауқатының өсуіне ықпал етеді және бизнес саласында экономикалық даму мен белсенділіктің өсу қарқынына оң әсерін тигізеді.


  1. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар

1) Кеден қызметтерінің сапасына қанағаттанған СЭҚҚ-дан сұрау жүргізу кезінде кеден органдарының қызметін бағалаудың субъективтілігі;

2) Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметіне теріс те, оң да әсері бар геосаяси жағдайы (оң: мемлекеттің транзиттік әлеуетінің ұлғаюы мүмкін болуы, халықаралық сауда көлемінің ұлғаюы және т.б.; теріс: теңізден қашықтығы және соның салдарынан «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша төмен рейтинг);

3) логистикалық инфрақұрылымның көліктік және ақпараттық технологияларының сапасы.

Ішкі факторлар

1) Мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда ұсыну үшін кеден органдарының ақпараттық жүйелерін дамыту және сүйемелдеу;

2) Институционалдық платформаны дамыту;

3) Адал ниетті СЭҚҚ үшін әкімшілік кедергілерді төмендету есебінен уәкілетті экономикалық операторлар институтын дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет