Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің



Дата22.02.2016
өлшемі325.2 Kb.
#149


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы «22» сәуірдегі

№ 227 бұйрықпен

бекітілген

ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Астана

2015


Құрылымы





Кіріспе.....………………………………………………………......

3





Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты, міндеттері, нысаны және іске асыру механизмдері....................................

6





Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.........................................

6





Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері..............................................

7





Тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері..........


8





Тәрбие жұмысының басым бағыттары ..........................................

9





Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру

шарттары ...........................................................................................


16





Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда күтілетін нәтижелер .......................................................................................

17





Глоссарий .........................................................................................


18



Кіріспе

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтік мәдени трансформация ескеріле отырып әзірленді.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар, адам өмірі мен денсаулығы, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизмді, еңбексүйгіштікті, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы аясында, отбасылық тәрбие құндылықтары, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиені кіріктіруге, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған.

Тұжырымдамалық негіздер Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиенің даму перспективасын, басым бағыттарын, тәрбие мақсаттарын, міндеттерін, бағалау өлшемдерін және тетіктерін анықтайды.

Тұжырымдамалық негіздер жаһандану дәуірінде қазіргі адамда қоршаған әлемге технократтық және тұтынушылық көзқарас үстем болатын заманауи қоғам дамуының ерекшеліктерін ескереді.

Осыған байланысты адамзатты ұлттың тұрақты дамуының, рухани әлеуетінің артуына кепіл болатын прогрестің рухани-адамгершілік құндылықтарына, ана тілі мен ұлттық менталитеттің маңыздылығын нығайтуға қайта бағдарлау қажет.

Ұлттың ерекшеліктерін, психологиясын, менталитетін ескермеу, ұлттық-мәдени құндылықтар бастауынан алыстау немесе оларды космополитизм мен жалған мәдениет түрлерімен алмастыру – адамның моральдық азуына, қоршаған әлемге агрессиясының артуына, рухани-адамгершілік әлеуетінің құлдырауына әкеліп соқтырады.

Жалпыәлемдік тәрбие жүйесін зерттеу және талдау елімізде біртұтас кешенді тәрбие жүйесін, оның мақсаты мен мазмұнын ұлттық мақсаттар, мәдени құндылықтар мен дәстүрлер, діл ерекшеліктерін ескере отырып, әлемдік озық тәжірибе, заманауи прогрессивті ағымдар, инновациялар үйлесімінде құрудың маңыздылығын көрсетіп отыр.

Туған жерін, халқын сүю және құрметтеу, отбасылық құндылықтарды қастерлеу, үлкенді сыйлау, кең пейілділік, бауырмалдық, ашықтық, қонақжайлылық, толеранттылық – қазақ халқының діл ерекшелігі болып табылады.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, егеменді даму жылдарында барша қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Жолдауда бұл құндылықтар атап көрсетілген: Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы; қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Президент сонымен қатар, жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беретін белсенді, білімді және дені сау азамат қалыптастыру міндетін қойды.


Патриот, білімді, дені сау, жауапты және жігерлі, инновациялық экономика жағдайында табысты қызмет ететін, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, қазақ халқының жалпыадамзаттық құндылықтар мен мәдениетті бойына сіңірген, толерантты, дүниежүзіне танымал және мәртебелі – 2020 жылғы қазақстандық жастар осындай болады.

Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген аз уақыт ішінде әлемдік қоғамдастыққа толық құқылы және беделді мүше болды, әлемдік экономикалық және мәдени кеңістікке белсенді түрде кіріге бастады. Қазақстандық жастар жаһандану процесіне кірігуі аясында қарқынды білім беру, ақпараттық және мәдени өзара алмасудың белсенді қатысушысы болды.

Қазіргі қазақстандық балалар мен жастарда сапалы білім алу уәжінің өсуі, әлеуметтік белсенділігінің артуы, жаңа кәсіптерді және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгеруге ұмтылысы, коммуникативтілік, мәдениетаралық қарым-қатынасты жандандыру сияқты жаңа позитивті трендтер пайда болды. Өз елінің тарихына, мәдениетіне және дәстүрлеріне, халқының мәдени мұрасына қызығушылықтарының артуы негізінде ұлттық өзіндік сананың өсуі байқалады. Жаңа қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілікке бағдарланған дүниетаным қалыптасу процесі жүріп жатыр. Елдегі оң өзгерістер білім беру ұйымдарының тәрбие процесінде көрініс тапты. Тәрбие практикасында жалпықазақстандық менталитет, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлер ескерілген ұлттың зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін жағдайлар жасалуда.

Қазақстанның білім беру жүйесінде оң метапәндік және тәрбиелік әлеуеті бар «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы (Бағдарлама идеясының авторы – С.А. Назарбаева) іске асырылуда. Бағдарлама білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының барлық салаларын қамтиды және тиісінше іске асырылған жағдайда қоғамда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту механизмдерінің мықты катализаторы рөлін атқарады.

Халықтық педагогиканың көпғасырлық тәжірибесіне негізделген, заманауи тәрбие теорияларының шабыттандыратын идеялары қолданылған «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының (бұдан әрі - АРБ) әлемдік білім беру кеңістігінде теңдесі жоқ. Ол балалар мен оқушы жастардың адамгершілік-рухани тәрбиесінде білім берудің барлық деңгейлерінің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етеді. Жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтарға бағдарланған «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы ізгі ниетті, адамгершілік қасиеттері бар лайықты азамат тәрбиелеуге ықпал етеді, және Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда басты механизм болып табылады.

Мұғалімдердің кәсіби қызметінде жастардың функционалдық сауаттылығы, көпмәдениетті тәрбие, үштілді білім беру, ақпараттық технологияларды пайдалану процесі артып отырғаны байқалады. Республикадағы балалар мен оқушы жастарға қосымша білім беру жүйесі, үкіметтік емес және басқа да қоғамдық ұйымдар үлкен мүмкіндіктерге ие болып отыр. Сонымен бірге, балалар мен жастардың бойында ұлттық тәрбие қажеттілігін сезіну мен азаматтық ұстаным, патриоттық сезім, ұлттық намысты қалыптастыру деңгейі арасында қарама-қайшылық байқалады.

Жастардың бір бөлігінде әлеуметтік-оң бастамашылық мүлдем жойылып, оның орнын мақсатсыз уақыт өткізу алмастырып отыр. Өмірлік жетістікке, жоғары әлеуметтік мәртебеге қол жеткізу табанды және нәтижелі еңбек етумен, қойылған мақсатқа дәйекті түрде жету білігімен байланыстырылмайды. Тәрбие жұмысында жастардың бос уақытын ұйымдастыру көңіл көтеру сипатындағы бір реттік шоу-шараларға ұқсас.

Тәрбие жүйесінде жаһандану процесіндегі шиеленіспен байланысты бірқатар проблемалар байқалады:

- балалар мен оқушы жастардың бұқаралық мәдениет құндылықтарына, сапасы төмен бұқаралық ақпарат құралдары ақпаратына және интернет-сайттарға бағдарлануы;

- қатыгездікті насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің темекі шегуге, алкоголь және есірткі қолдануға әуестенуі, оқушылар арасындағы жезөкшелік;

- еңбек тәрбиесі рөлінің төмендеуі;

- отбасылық құндылықтар мен отбасылық тәрбие дәстүрлері рөлінің төмендеуі;

- әлеуметтік жетімдік, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, нашақорлық, бүлдіргіш секталарға қатысу және т.б.

ЮНИСЕФ және ДДҰ 2012 және 2013 жылдардағы деректері бойынша Қазақстан суицид себебінен болған өлім-жітім көрсеткіші жағынан жасөспірімдер арасында екінші орында, ал қыздар арасында бірінші орында. Қазақстан 10-14 жасар жасөспірімдер мен қыздар арасындағы өлім коэффициентінің деңгейі бойынша бірінші орында тұр.


Балаларға қосымша білім беру жағдайы жақсартуды қажет етеді. Көптеген қызмет түрлері ақылы болғандықтан балалардың барлығына бірдей қолжетімді емес.

Мұндай жағдайдың бірден бір себебі тәрбиені әлеуметтік құбылыс және мақсатты процесс ретінде жете бағаламаушылық болып табылады. Тәрбие жастардың тұлға ретінде қалыптасуына негіз болатын рухани-адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді қалайды.

Сонымен, қазіргі жағдайда тәрбиенің үйреншікті үлгісі тиімсіз болып қалды және жалпыадамзаттық әрі ұлттық құндылықтарға тәрбиеленген Қазақстан азаматын қалыптастырудың жаңа жағдайлары мен талаптарына жауап беретін Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындаудың объективті алғышарттары қалыптасты.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты, міндеттері, нысаны және іске асыру механизмдері
Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау.

Міндеттері:



  • білім беру ұйымдары, отбасы және басқа әлеуметтік институттар-

дың күшін біріктіру;

  • қоғамның тәрбиенің басым рөлін түсінуіне көмектесу;

  • білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің үздіксіздігі

мен сабақтастығын қамтамасыз ету.

Нысаны: білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінің біртұтас педагогикалық процесі.

Іске асыру тетіктері: Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, Тәрбиенің кешенді бағдарламасын, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, барлық үлгідегі, деңгейдегі және меншік түріндегі білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, тәрбие бағдарламаларын әзірлеуде Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері негіз болады.
Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің нормативтік негізін Қазақстан Республикасының келесі стратегиялық құжаттары құрайды:

– Қазақстан Республикасының Конституциясы;


- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. 2011. 02. 02. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);


  • «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-ІҮ Кодексі (2014. 17.11. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);

– «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы (2015.13.01. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);

– «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-II Заңы (2014.29.12. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);



  • «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республика-

сының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы;

  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»;

  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»;

  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»;

– Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы

Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 жарлығымен бекітілген (2014. 12.08. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);


  • Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 жарлығымен бекітілген;

– Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы. Қазақстан Республикасы Президентінің
2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген;

− «Барлық білім беру ұйымдарында оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы;

– «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекет -

тік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 Қаулысымен мақұлданған;



  • Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 Бұйрығымен бекітілген;

  • «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 Бұйрығы.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын, Бала құқықтары туралы конвенцияны, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының халықаралық декларациясын, Үздіксіз білім беру бойынша ЮНЕСКО ұсынымдарын ескереді.
Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері:



  1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.

  2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.

  3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.

  4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.

  5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына ықпал ету.

  6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.

  1. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

  2. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.


Тәрбие процесін ұйымдастырудың

әдіснамалық негіздері

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері келесі әдіснамалық негіздерге сүйенеді:


Құндылықты (аксиологиялық) көзқарас – адамзаттың түсінігімен және рухани-адамгершілік мазмұнымен анықталатын адамның әлемге, өзге адамдарға, өз-өзіне және т.б. қатынасы, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың диалектикалық бірлігіне сүйену.

Антропологиялық көзқарас – тәрбие тақырыбы ретінде адам туралы білімнің барлық деректерін және олардың есебін біртұтас педагогикалық процесті құруда және іске асыруда жүйелі қолдану.

Тұлғалық-бағдарлы көзқарас – өзара байланысты түсініктер, іс-әрекет идеялары мен тәсілдер жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру процесін қолдау, оның дербестігін дамыту.


Қызметтік көзқарас – педагог өз тәрбиеленушілерін мақсат қою және іс-әрекетін жоспарлау, оны ұйымдастыру және реттеу, бақылау, өзіндік талдау және іс-әрекет нәтижелерін бағалауға үйретуі үшін қажет баланың іс-әрекетін қалыптастыру, таным, еңбек және қарым-қатынас субъектісі позициясына ауыстыру бойынша арнайы жұмысты талап етеді.

Құзыреттілік көзқарас – тәрбие мақсаттарын анықтаудың, тәрбие процесін ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бағалаудың, оқушыларда құзыреттіліктерді қалыптастыру мен олардың табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін ортақ ұстанымдар жиынтығын ескеру.

Әлеуметтік көзқарас – тұлғаның мақсаты мен міндеттеріне әлеуметтік шынайылықтың ықпалын ескеру, осы ықпалдың адам және қоғамға тигізер педагогикалық салдарлары.

Жүйелілікті көзқарас – нысанды оны құрайтын бөліктердің жиынтығына қосылмайтын және иерархиялық құрылымы бар күрделі құрылыс ретінде қарастыруды көздейді. Жүйелі қарастыру құрылымдық компоненттерді, олардың қызметін бөліп көрсетуді, қызметтік-иерархиялық байланыстар орнатуды, жүйеқұраушы факторларды анықтауды, сыртқы байланыстар талдауын қажет етеді.


Тұтастық көзқарас – білім алушы тұлғасының зияткерлік және рухани-адамгершілік дамуының бірлігін анықтайтын педагогикалық процестің мәнін көрсетеді.

Синергетикалық көзқарас тәрбиені тура себеп-салдарлы байланыстарға негізделмеген, белгілі бір деңгейде өздігімен ұйымдастырылатын процесс ретінде емес, керісінше бір мағыналы емес, заңды және кездейсоқ, болжанған және стихиялы, ретті және ретсіз сияқты көптеген ішкі және сыртқы ықпалдармен келісілген процесс ретінде қарауға мүмкіндік береді.

Тұжырымдамалық негіздер тәрбие процесінің келесі принциптерін іске асыруды жорамалдайды:



Гуманистік бағыт принципі – педагогтің тәрбиеленушіге өз дамуына жауапты және дербес субъект ретінде бірізді қарым-қатынасы, оның тәрбие процесінде тұлғамен және ұжыммен ізгілікті қарым-қатынас негізінде өзара әрекет стратегиясы.

Жалпыадамзаттық құндылықтар принципі тәрбие рухани-адамгершілік дәстүрлер мен ұлттық және әлемдік мәдениет нормаларына негізделуі қажет деп сендіреді.


Мәденисәйкестілік принципі – тәрбие мәдениеттің жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделуі және ұлттық мәдениеттердің жалпыадамзаттық құндылықтары мен нормаларына сәйкес құрылуы тиіс.

Үздіксіздік принципі – тұлғаны тіршілік әрекетінің барлық кезеңінде жан-жақты дамыту, оның күші мен қабілетін, кәсіби және жалпымәдени өсуін барынша толық жүзеге асыруда шығармашылық әлеуеті мен мүмкіндіктерін байыту.

Табиғисәйкестілік принципі – табиғат дамуының ортақ заңдарының басымдығы; табиғи және әлеуметтік процестердің өзара байланысы; тәрбие жұмысында білім алушылардың жынысы мен жас ерекшеліктерін ескеру.

Тұтастық принципі оқу және оқудан тыс қызметтердің кіріктірілуімен қамтамасыз етіледі: оқу қызметі когнитивті құрамдасты қалыптастырады; сабақтан тыс қызметте эмоционалды-құндылықты мінез-құлық компоненті дамиды.

Этникалық принцип – тәрбиені ұлттық сана қалыптастыруға бағытталған ұлттық мазмұнмен толтыру, барлық азаматтар үшін ана тілінде білім алу және қарым-қатынас жасау үшін, дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, рәсімдерді зерттеуге жағдай жасау.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие



  1. Отбасы тәрбиесі

  2. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

  3. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  4. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

  5. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.

Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды.

Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Мақсаты:

Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):


  • Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;

  • ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;

  • елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына;

  • өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы жетістіктеріне;

  • басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына;

  • өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи өміріне;

- құқықтық білімге, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрысына;


  • заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне;

  • әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.

Іске асыру механизмдері


Сабақтар, оқу пәндері, сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру. АРБ бағдарламасы аясында ерлік, намыс және абырой, Отанға адал қызмет ету тағылымдарын өткізу. Дебат және пікірталас клубтарын ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке үндеген патриоттық форумдар, акциялар. Оқушылардың мемлекеттілік нышандарын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге арналған байқаулар мен олимпиадалар. Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мәдени мұрасын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары. Мемлекет, әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлерімен, соғыс және еңбек ардагерлерімен, қоғам қайраткерлерімен, құқық қорғау, әділет органдары, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерлерімен кездесулер. Балалардың және жастардың бастамашыл жобаларын дамыту. Балалар және жастар қозғалысы қызметін; қоғамдық қорлармен бірлескен қызметті жандандыру; әңгімелер, дәрістер, семинарлар, тренингтер; саяхаттар; ақпараттық-құқықтық материалдар тарату; «сенім қызметтерін», «Мен және заң», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз – қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз» акциясын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Екінші бағыт – Рухани-адамгершілік тәрбие

Мақсаты:

Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.


Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):


  • мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына;

  • өзінің қасиетіне, арына және парызына;

  • ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына;

  • өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет

ғұрпына;

  • діни құндылықтарға;

  • ой, сөз және іс бірлігіне;

  • өзінің мінез-құлқын жетілдіруге;

  • ар-ұжданымен орындалған қылықтарға;

  • түрлі мәдениет пен нанымның бірлігіне;

  • адамдарға риясыз қызмет етуіне;

  • өз ата-анасына, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік сезім

білдіру.

Іске асыру механизмдері

Оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты; «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасының метапәндік және тәрбиелік рөлін күшейту, рухани-адамгершілік тәрбие тұрғысынан қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие

Мақсаты:

Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.


Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):


  • этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке;

  • мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне;

  • өз халқының мәдени мұрасына;

  • қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына;

  • Қазақстанның этномәдениетіне;

  • этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.

Іске асыру механизмдері

Сабақтар, оқу пәндерінде, қосымша білім беруде, сабақтан тыс іс-әрекеттерте жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды кіріктіру

Этнопедагогика кабинеттерінің қызметі; «Мәңгілік Ел» жобасы аясында акциялар, ҚР Елтаңбасы, Туы мен Гимнін, мемлекеттік тілді, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша фестивальдер және байқаулар өткізу; өлкетану жұмыстары және т.б. арқылы жүзеге асырылады.

Төртінші бағыт - Отбасы тәрбиесі

Мақсаты:

Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):


  • этноәлеуметтік рөлдерге;

  • өз отбасына және ұрпақты жалғастыруға;

  • адамгершілік қағидаларын қолдау арқылы отбасы және неке құндылықтарына құрметпен, ұқыпты қарау.

Іске асыру механизмдері

Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеті; Репродуктив денсаулық орталықтары, мамандар кеңесін және бірлескен отбасылық іс-шаралар өткізу; «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында ата-аналарды оқыту, жасөспірімдер мен бойжеткендердің жүріс-тұрыс мәдениеті туралы жастармен әңгімелер жүргізу, жоғары сынып оқушылары мен ЖОО студенттері үшін «Отбасылық өмір этикасы» электив курсын кіргізу; ата-аналардың мектеп өміріне қатысу; әкелер, әжелер клубтары; ақсақалдар алқасы; мемлекеттік тапсырыс арқылы ата-аналардың психологиялық-педагогикалық жаппай оқу; мемлекеттік емес ұйымдармен ынтымақтастық; аула клубтарының жұмыстарын қалпына келтіру; балалар мен жастардың қосымша білім беру нысандарына ақысыз негізде қол жеткізуін ұйымдастыру; элективті курстар, фестивальдер, байқаулар, «Менің отбасым», «Жыл отбасы» жарыстары арқылы жүзеге асырылады.

Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):


  • экологиялық даму саласында мемлекеттік саясатқа, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына;

  • экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне;

  • «адам-қоғам-табиғат» жүйесіне;

  • табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке;

  • кәсіби білім мен өнімді еңбекке;

  • нарықтық экономика заңдарына құнтты және позитивті көзқарас қалыптастыру;

  • экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға;

  • еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге;

  • мамандық таңдауына;

  • үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту.

Іске асыру механизмдері

Сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, туған өлкеге жасаған экспедициялар, туристік жорықтар, сенбіліктер, мектепті, ауданды, қаланы көгалдандыру мен абаттандыру, жасыл желек отырғызу, «Жасыл ел» қозғалысы және «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында волонтерлық қозғалыстар, экологиялық форумдар, ғылыми экологиялық жобалар, табиғат зоналарын қоқыстан тазартуға қатысу.

Технология сабақтарындағы еңбек тәрбиесі, қосымша білім беру, мектептен тыс, сабақтан тыс іс-әрекеттер; кәсіпорындарға саяхаттар, тәлімгерлермен, жаңашылдармен, табысты кәсіпқорлармен кездесулер, тәлімгерлік, дуальдық білім беру, кәсіби шеберлік байқаулары, студенттердің құрылыс және педагогикалық отрядтары; «Өмірді және мансапты жоспарлау», «Кәсіби сынамалар» жобаларын іске асыру; «Технология» пәнінің, оқу шеберханалары мен зертханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы жүзеге асырылады.

Алтыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Мақсаты:

Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):


  • өмір бойы білім алуына;

  • өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне;

  • сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану

қабілетіне;

  • зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілетті-

лікті меңгеруіне;

  • пікірталас жүргізу дағдыларына;

  • жасампаз қызметке;

  • топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға;

  • ақпараттың түрлі дереккөздеріне;

  • қажетті ақпарат алу арналары мен іздестіру жолдарына;

  • өз қызметінің түрлі салаларынан алынған ақпаратқа;

  • Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне;

  • Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру;

  • ақпарат дереккөздерін таңдау және талдау жасау, өздігімен іздестіру жолдары мен тәсілдеріне;

  • Интернет-сауаттылық қалыптастыруға;

  • ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға;

  • жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылық білдіру.

Іске асыру механизмдері

Сабақтар, оқу пәндері, электив курстар, қызығушылығы бойынша үйірмелер және сабақтар, мектептік және желілік дебат турнирлері, балалармен және жастармен бірлескен жобалық жұмыстар; сабақтан тыс қызметтер, балалар мен жастар бірлестіктеріндегі қызмет, түрлі деңгейдегі бірге басқару органдарына қатысу, қосымша білім беру, жаратылыстануғылыми және гуманитарлық циклдары пәндерінің «Өзін-өзі тану» пәнімен кірігуі, элективті курстар: «Физика жүрек үнімен», «Математика рухани-адамгершілік заңдары туралы ғылым ретінде», «Тарихтың адамгершілік тағылымдары», «Ақпараттық мәдениет негіздері» және т.б. жүргізу. Зияткерлік ойындар, байқаулар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар. Дарынды мамандармен және замандастарымен кездесулер, рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, мәлімдемелер, мектептік және студенттік медиа-орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, сайттар, кітапханаларды дәріптеу. Психометриялық және социометриялық тесттер мен әдістемелер; көшбасшылықты дамыту жөніндегі бағдарламалар және т.б. арқылы жүзеге асырылады.

Жетінші бағыт - Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Мақсаты:


Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

- толеранттылық және ғаламдық пікір;

- көпмәдениеттілік және көптілділікті;

- мәдениетаралық әрекет;

- мемлекеттік тілді, орыс, ағылшын және өзге тілдерді білу;

- қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын;


  • қарым-қатынас мәдениетін;

  • эстетикалық мұраттарға, көркемөнер құндылықтарына;

  • шығармашылық ой мен қиялға, шығармашылық қызметті қалыптастыруға қызығушылық, ұмтылыс таныту.

Іске асыру механизмдері

Сабақтар, жалпыадамзаттық құндылықтар бірлігін барлық мәдениеттен айқындауда «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасын кіріктіру, жастарда әралуан мәдениеттер мен халықтардың бірлігін көру біліктілігін дамыту. Үйірмелер, әдеби клубтар және т.б.; театрларға, мұражайларға, көркемсурет көрмелеріне, галереяларға, тарихи орындарға саяхаттар; шығармашылық кештер, оқушылар жұмысының көрмелері, байқаулар; белгілі тұлғалармен, өнер қайраткерлерімен және т.б. кездесулер; Қазақстан халқы Ассамблеясымен және этномәдени орталықтармен ынтымақтастық; білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Кіші Ассамблеяларын құру арқылы жүзеге асырылады.

Сегізінші бағыт - Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Мақсаты:


Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

- денсаулық жағдайының скринингіне;


  • әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге;

  • теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге;

  • табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға;

  • денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез-құлыққа;

  • өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылық;

  • қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге;

  • денсаулық сақтау ортасын құруға тілегі және даярлық білдіруі.

Іске асыру механизмдері

Сабақтар, дене тәрбиесі сабағы, оқу пәндері, қосымша білім беру, спорттық секциялар мен үйірмелер, «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында репродуктив денсаулық, нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту және АҚТҚ алдын алу және салауатты өмір салты негіздері бойынша ақпараттық-ағарту курстар, семинар-тренингтер; денсаулық фестивальдері, спартакиадалар, қауіпсіздік бағдарлар өткізу; ақпараттық-диагностикалық материалдар дайындау және тарату; «сенім қызметтерін» ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.


Тәрбиенің тұжырымдамалық

негіздерін іске асыру шарттары
Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруда ҚР «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы» Заңдарға және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Ақпараттық қамтамасыз ету – тәрбие мәселелері бойынша заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану, мектепішілік және жоғары оқу орныішілік бұқаралық ақпарат құралдары, баспа қызметін ұйымдастыру және т.б. Бұқаралық ақпарат құралдарында салауатты өмір салтын, үздік мұғалімдер, озат білім беру ұйымдары, ең үздік мемлекеттік қызметкерлердің, кәсіпорын қызметкерлерінің еңбектерін, үлгілі отбасыларды және т.б. насихаттауды ынталандыру механизмдерін дайындау.

Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету – тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік құралдар мен ұсыныстар дайындау. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша озық тәжірибелерді, креативті ойлар мен авторлық бағдарламаларды зерттеу, талдау және енгізу. Оқу-әдістемелік құралдарды қолдану, «Бөбек» ҰҒПББСО тәрбие жұмысы тәжірибесін енгізу. Этнопедагогика және психология, қазақ халқының игілігін зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. Жыл сайын оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізбесіне тәрбиелік және дамытушы сипаттағы оқу әдебиеті кітаптарын, хрестоматиялар мен альманахтарды қосу.

Ұйымдастыру-басқарушылық қамтамасыз ету – тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру негізінде білім беру ұйымдарында және олардың құрылымдық бөлімшелерінде тәрбие жұмысын оңтайлы жоспарлау, олардың жұмысын үйлестіру үшін жағдай жасау; негізгі және қосымша білім беру мазмұнын кіріктіру негізінде біртұтас білім беру кеңістігін құру; тәрбие жұмысының тиімді тәжірибесін үнемі зерделеу, жинақтап қорыту және тарату, тәрбие процесіне мониторинг жүргізу, тәрбие процесі субъектілерінің пікірін зерделеу. Зерттеушілік, инновациялық қызметті қолдау; отбасы тәрбиесінің әлеуетін күшейту.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету – қажетті материалдық, техникалық жағдайлар жасау, тәрбие жұмысын республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру, тәрбие процесіне қатысушыларды ынталандырудың икемді жүйесін тиімді пайдалану.

Психологиялық-педагогикалық қолдау – бала тәрбиесінде білім беру ұйымдарының колледждердің педагогикалық ұжымымен және жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамымен, ата-аналар қауымдастығымен, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастығы.

Дамуында психологиялық-педагогикалық кемшіліктерді түзетуді қажет ететін балалар мен жастардың түрлі санаттарымен жұмыс жүйесін жетілдіру.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ, «Бөбек» ҰҒПББСО тәрбие жұмысының тәжірибесін тарату және енгізу: тәрбие жұмысын академиялық пәндер, қосымша білім беру, сыныптан тыс іс-шаралар және жобалар арқылы жүзеге асыру тәжірибесі. «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы, «Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясы, әлеуметтік практикалар, волонтерлық, әлеуметтік акциялар, зияткерлік ойындар және т.б.



Кадрлық қамтамасыз ету – «Бөбек» ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» АҚ Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» курстарында педагогикалық кадрлардың білімі мен біліктілігін арттыру; сынып жетекшілері, кураторлар, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтердің функционалдық міндеттерін қайта қарау. Мектептерге тьюторлық институтын, еңбекақысы төленетін (штаттағы) сынып жетекшілерін енгізу.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін

іске асыруда күтілетін нәтижелер
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері:

  • Қазақстанда жеке тұлға іс-әрекетінің дұрыс уәждемелік-құндылықты аясын;

  • білім алушы жастарда қазақстандық патриотизмды, азаматтық өзіндік санасын, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, толеранттылық және рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың артып отырған деңгейін;

  • жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылы мәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті;

  • рухани дамыған және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыруда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді;

  • бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруды, қамқоршылық кеңестерінің рөлін көтеруді;

  • білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамытуын;

  • тұлғаның дамыған экономикалық ойын және кәсіби қалыптасуға

саналы қарым-қатынасын қалыптастыруды; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын; экологиялық сауаттылығы мен мәдениетінің жоғары деңгейін;

  • табысты әлеуметтенуді, өздігімен білім алу мен өзін-өзі жүзеге асыруды, отбасы институтының өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуін нығайтуға саналы түрде қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы үйлесімді, жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты − Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын адам қалыптастыруға бағытталған.
Глоссарий
Азаматтық-патриоттық, құқықтық және көп мәдениетті тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тілін, тарихы мен әдет-ғұрпын құрметтеуге және сүюге, оның озық дәстүрлерін сақтауға, дамытуға, Қазақстандағы басқа да халықтардың мәдениетін зерделеуге, қабылдауға және меңгеруге негізделген азаматтық ұстаным мен патриоттық сананы, құқықтық және саяси мәдениетті, дамыған ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін, әлеуметтік және діни толеранттылықты қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, балалар мен жастар ортасында құқыққа қайшы көріністерге қарсы тұру даярлығын қалыптастыру зор маңызға ие болуда.

Ақпараттық мәдениет – адамның жалпы мәдениетін құраушылардың бірі; дәстүрлі, сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларды қолданып жеке ақпараттық қажеттіліктерді тиімді қанағаттандыру бойынша мақсатты дербес қызметті қамтамасыз ететін ақпараттық дүниетанымның және білім мен білік жүйесінің жиынтығы.

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатыадамда психикалық тұрақтылық пен кәсіби қызметінде тиімді қажеттерді қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын, жеке тұлғалық қасиеттер қалыптастыру. Оның құрамдасына профилактикалық білім беру кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктері, оның қызметінің ерекшеліктері, адамның дене, психикалық және рухани денсаулығының өзара байланысы туралы түсінік беретін ағарту жұмысында ғана емес, сол сияқты тәрбиеленушілерді түрлі спорт түрлеріне тікелей баулу арқылы да жүзеге асырылуы тиіс.

Еңбек және экономикалық тәрбие балаларда, жасөспірімдер мен жастарда өзіне-өзі қызмет ету білігін және дағдысын, еңбек іс-әрекетінің әр түріне жауапты және шығармашылық қарым-қатынасын, ұжымда, топта жұмыс істеу біліктілігін; адамның өз әрекетінің мәнін және салдарын дұрыс бағалап, қажетті ресурстарды пайдаланып, олардың шынайы әсерін күшейте отырып, белсенді және жауапкершілікпен әрекет етуді, яғни жаңа өндірісті және қоғамды құру біліктілігін қалыптастыруды көздейді.

Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл уақыт өте келе өзгеріске ұшырамайтын және адамдардың белгілі бір шектеулі тобы (әлеуметтік топ, таптар, партия, мемлекет немесе мемлекеттердің коалициялары) үшін емес, барша адамзат үшін маңызды абсолют құндылықтар. Бұл құндылықтар халықтың барлығына тән, ішкі мәні терең және сыртқы моральдық ережелер емес, тура ішкі іс-тәжірибе нысаны ретінде қабылданады, яғни олардың негізінде адамның ар-намысы махаббат, шынайылық, жайлылық, парыз, күштемеу, қайырымдылық, рақымшылықты нақтылы түрде көрсетеді.

Жалпыадамзаттық құндылықтар мәңгі, тарихи тұрғыдан шектелмеген рухани табиғатқа ие, әлеуметтік, саяси, ұлттық, ғылыми, тұлғалық және басқа құндылықтар жүйесінің өзгермелі инварианты болып табылады, әр адамда және материалдық әлемде барынша қалыптасады. Олар барлық адамдар үшін эталон, үлгі болып саналады, оларды дамытуға педагогикалық процесс бағытталған.

Жеке тұлғаның өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту қажеттілігін қа-лыптастыруы. Өзін-өзі тану адамға қоршаған әлемді түсінуге және өзінің сондағы орнын сезінуге, өмірлік ұстанымын анықтауға, қоршаған әлемге көзқарасын жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан жүйелеуге көмектесуі тиіс. Өзін-өзі тану жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өзектендіруіне, оның қабілеттері мен әлеуеттік мүмкіндіктерін жүзеге асыруда қажетті шарт болып табылады. Адам, сонымен өзін-өзі тануының нәтижесінде толысу сезімін, өмір қуанышын, оның мәнісін сезіне отырып тұлғалық өсу мен өзін-өзі жетілдіру қабілетіне ие болады.

Зияткерлік мәдениетті дамыту білім алушылардың белсенді ойлау қызметін дамытуды, олардың санасын шынайы, қарапайым біліммен байытуды, ойлау қабілетін дамытуды көздейді.

Кәсіби-шығармашылық тәрбие кәсіптік және тұлғалық маңызды негізгі құзыреттіліктерді (арнайы, бейіндік, коммуникативтік, әлеуметтік, зияткерлік, ақпараттық, дербес) және оның басқа түрлерін қалыптастыруды, білім алушыларды кәсіптік қауымдастықтың дәстүрлері мен құндылықтарына бейімдеуді, кәсіптік этика нормаларын ұстануды көздейді.

Коммуникативтік мәдениет қалыптастыру мінез-құлық ұстанымдарын анықтайды, құндылықтар жүйесін, нормаларын көрсетеді және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсету үшін қарым-қатынас жасау, байланыстарды орнату, дамыту, өзара келісу, жолға қою және түзету енгізуге көмектеседі.

Отбасылық тәрбиенің айқындауыш буыны адамгершілік, рухани және гуманистік құндылықтар тәрбиесі басым адамдар арасында эмоциялық және тиімді қарым-қатынастардың әлеуметтік-тарихи тәжірибесін табыстау болып табылады. Балалар мен жастардың әлемдік және ұлттық мәдениеті, дәстүрлері мен барша қазақстандық қоғам қажеттіліктері негізінде құрылған жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануы алдыңғы кезекте тұрады.

Рухани-адамгершілік тәрбие қоғам өмірінің нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген тұлғаның өзіндік санасын дамыту, этикалық ұстанымдары мен оның моральдық қасиеттерін және мақсатын қалыптастыру үшін жағдай туғызуды көздейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлыққа қоғамдық айыптауды көрсететін құндылықтар жүйесі; сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік қатынасты көрсетеді, «адалдық пен сатылмау – жүріс-тұрыс нормасы» берік азаматтық ұстанымды білдіреді.

Тәрбие – жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі. Бұл арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын, соңғы нәтижесі қоғамға қажет және пайдалы тұлға қалыптастыру болып табылатын тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекеті.

Тұлғаның әлеуметтік-маңызды және жеке қасиеттерін, ерекшеліктерін қалыптастыру (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық) әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде мінез-құлықтың өз стилін, шығармашылығын және дербестігін дамытуды, қоғамда болып жатқан өзгерістерге жылдам және тәнік (адекватты) әрекет етуді, белсенді өмірлік ұстанымы болуын көздейді.

Экологиялық тәрбие адамның бойында табиғатқа деген этикалық көзқарастардың және қарым-қатынас этикасының пайда болуын және қалыптасуын, табиғат ресурстарының жай-күйіне жеке жауапкершілік сезімі мен адамдардың олармен орынды әрекеттесуін тәрбиелеуді көздейді. Экологиялық тәрбиенің негізі, ең алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын сақтауды, елдегі экологиялық жағдай туралы халықтың хабардарлығын қамтамасыз ету болып табылады.



Эстетикалық тәрбие сұлулық, көркем мәдениет, дәуірлер мен халықтардың көркем құндылықтары, ұлттық және жалпыадамзаттық призма арқылы адамгершілік-рухани құндылықтар қалыптастыруды көздейді. Өнер құралдарының көмегімен дамудың қазіргі кезеңінде өзіндік санасы жаңа, анағұрлым жоғары деңгейдегі, тұжырымдамалы ойлауға, әлемді тұтас көре білуге, өзінің шығармашылық қызметінде ол туралы құндылықты түсініктерді іске асыруға, ұжымда өмір сүру білігіне, әлем мәдениетімен және адамдармен қарым-қатынаста өзін көрсете білуге қабілетті адам қалыптастыру маңызды міндет болып табылады.
_________________________________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет