Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет235/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
бірінші белгісі – ол қоғамның адамға иманын сақтап, ішкі еркіндікте, 
адам жанының кемелденуіне мүмкіндік беретін жағдайы. Осындай 
дәстүрлі қоғамға, мәдениетке төнген қауіп – оның әрбір мүшесінің 
иманына төнген қатер. Сондықтан да кәпірдің жаулығы да осымен 
байланысты. Яғни адамның жауы діні бөлек болса да адам емес. Бұл 
қарсылық үні материалдық құндылықты бірінші орынға қойып. 
иман құндылығына шабуылға шыққан батыс мәдениетіне қарсы үн, 
мәдениеттер қақтығысының жаңғырығы. Адам сырттан жау іздеп 
кәпір деп адамдармен жауыққанша, өз басындағы нәпсімен күресіп, 
өтірік ғайбат зорлықтан сақтанса, нағыз күрес жиһад осы дейді. «Зар 
заманның аяғы, Заманың кетті баяғы Ықылас-ниет қалмады»деп 
түңіледі. Ықылас-ынтамен жасамаған тағат-ғибадатты жалған деп 
біледі.
«Жан есінен адасты
Жамандық мұнша ұласты, 
Жарысқа кірген жақсылар
Жақыным деп жан тартпай, 
Кәпірменен қынасты» дейді. 
«Жан» ұғымына екпін бере, сөзіне өзек ете сөйлегені айырықша 
назар аударарлық. Мұсылман кәпір ұғымының өзін имандылықтың 
парқы ретінде ажыратып, «жақыным деп жан тартпай кәпірменен 
қынасты» деп сөгіп отырған ел жақсыларына тағар айыбы, жанына 
жақын яғни, жан қамын ойлаудағы, бір және бар жаратушыны тану 
мүмкіндігін беретін иманды сақтаудағы ниеттес, тілектес, мүдделес 
бауырын ұмытып, кәпірменен жақындасты дейді. Демек, мұсылман 
кәпір деп бөлуінің өзінде жан туралы қайғыны негізгі өлшем етеді.
Бұ дүниенің, яғни жалған дүниенің тұтқасы мал-мүлік болса, 
соның кілті кәпірдің қолында қалғасын, қазақтың күйі жандарал 
ұлыққа сыйыну, кәпірді пір тұту, тілмашты жеңгесіндей көруімен 
сыйпатталатын, жағымпаз, күйкі хәлге айналды деп торығады. 
1959 жылғы 15–19 маусым аралығында Қазақ ССР Ғылым 
академиясының Тіл және әдебиет институты өткізген ғылыми-
теориялық конференцияда зар заман ақындарының шығармалары 
идеялық бағыт-бағдар тұрғысынан жан-жақты талқыланды. 
Осы конференция қаулысында мынадай қорытынды жасалды: 
«Шортанбай Қанаевтың творчествосы жайында конференция сол 
дәуірдің негізгі идеялары мен әлеуметтік өмірдегі ерекшеліктерін еске 
ала отырып, ақын, бір жағынан, патша өкіметінің Қазақстанды отарлау 
саясатының салдарынан туған әлеуметтік жайларды сынай отырады 
да, екінші жағынан, хандық дәуірді мадақтайды, шығармаларында 
ислам дінінің идеяларын уағыздайды деп қорытады. Бұл сияқты 


 
239


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет