144
түседі. Құдай жіберген Әзірейіл дейді өлген жігіттің әкесі. Домбау ыл:
ол Әзірейіл дегеніңіз кім? Әдемі, мейірімді жігіттің жанын неге кұдай
Әзірейілге алғызады? - деп, құдайға тіл тигізеді. Кұдай енді Әзірейілді
өктемсінген Домбауылға жұмсайды. Ол Домбауылдың жанын алмақ
болады, қинайды. Өзінің Әзірейіл екенін айтады.
Сонда Домбауыл
есін жиып, Әзірейілді үйіне қамап, болат қылышын суырып алып,
жаналғыштың өзіне ұмтылады. Әзірейіл дереу көгершінге айналып,
терезеден ұшып шығып қашып құтылады. Домбауыл бір Аллаға:
Жаным керек болса өзің ал, Әзірейілді жіберме деп жалбарынады.
Құдайға бұл кылығы ұнайды. Домбауылдың өз жаны өлмейтін болсын,
бірақ оның орнын басқа бір адам жанын беретін болсын деп бұйырады.
Мұны естіген Домбауыл жан іздейді. Қартайып отырған ақсақал әкесіне
келіп жайын айтады. Әкесі бар мүлкімді, тағымды, малымды ала бер,
тек жаным өзімде қалсын деп жылап қоя береді. Шашы ағарған қария
шешесіне келіп, жанын сұрайды. Ол: сені тоғыз ай кетеріп қиналып
таптым. Он ай емізіп бақтым, түн ұйқымды төрт бөлдім. Сүтімді ақта,
қартайсам да жаным тәтті, ғұмырым
кымбат деп баласына жанын
бермейді.
Әзірейіл тағы келіп, Домбауылды қысады. Ол енді сүйікті жарым
мен балаларым бар, соларға жолығуға рұқсат бер деп өтінеді. Әзірейіл
көнеді. Әйеліне келіп болған жайды түгел баяндайды. Сүйген жары оған:
Сенен аяған нем бар деп, жанын да беруге келіседі. Әзірейіл әйелдің
жанын алуға келеді. Дом бауыл тағы құдайдың өзіне жалбарынады.
Алсаң
әйеліммен өзімді бірге, екеумізді катар ал, алмасаң екеуміздің
де жанымызды сақта деп жалбарынады.
Құдай ойланып, Әзірейілге
Домбауыл мен әйеліне 140 жыл өмір бердім, енді оның әке-шешесінің
жанын ал деп бұйырыпты. Солай болыпта да. Қорқыт ата бұны да жыр
қылыпты.
Достарыңызбен бөлісу: