Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы



Pdf көрінісі
бет21/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

4.6. Тауар салатын ыдыстың жіктелуі 
Тасымалдау барысында жүктің сақталуы кӛбіне оның тасымалдауға дұрыс 
дайындалуы мен жақсы буып-түйілуіне байланысты. 
Орау (упаковка) дегеніміз – бұл тасымалдау, сақтау және сату барысында 
ӛнімді (жүкті) зақымданудан, ысырап болудан, ластанудан және қоршаған 
ортаның әсер етуінен қорғауды қамтамасыз ететін құрал немесе техникалық 
құралдар жиынтығы. Ораудың негізгі элементтері – тауар салатын ыдыс, орауыш 
материалдар, қорғау құралдары. 


27 
Тауар салатын ыдыс ораудың аса маңызды компоненттерінің бірі және ішіне 
ӛнім салынатын арнайы бұйым болып табылады. Ол тасымалдау кезінде ішіндегі жүкті 
(жәшіктер, бӛшкелер, барабандар, баллондар жәнет.с.с.) негізінен алғанда механикалақ 
зақымданудан қорғауды кӛздейді. Ыдыстың негізгі мақсаты – жүкті ысырап болудан, 
бүлінуден, зақымданудан, қираудан және жойылудан сақтау. 
Ол жүкті бірнеше қатар етіп қалаудан туатын динамикалық және 
статикалық күшке тӛтеп беру үшін айтарлықтай берік болуға; инертті болуға – 
салынған затпен әрекеттесу реакциясына түспеуге; тығыз болуға; жүктің тӛгілуіне 
және басқадай ысырап болуына жол бермеуге; ішіндегі жүктің тауарлық кӛрінісін 
сақтауға тиіс. 
Тауар салатын ыдыс жүкті қорғау секілді ӛзінің негізгі қызметімен қатар, 
тиеу-түсіру және қойма жұмыстарының қолайлы болуын, кӛлік және қайта тиеу 
құралдарының барынша пайдаланылуын қамтамасыз етуі, қолайлы, жеңіл әрі 
үнемді болуға тиіс.
Атқарылатын қызметіне қарай олардың мынадай түрлерін ажыратады: 
тұтыну, топтық, ӛндірістік жабдық және кӛлік ыдыстары. 
Кӛлік ыдысы дербес кӛлік ыдысын немесе ірілендірілген кӛлік бірлігінің бір 
бӛлігін құрайды. Алдын ала тұтыну (топтық) ыдысына салынған тауарлар мен 
бұйымдарды орау үшін қолданылады. Кӛлік ыдысының әрбір бірлігінің стандарттарға 
немесе оның дайындалуына кӛрсететін басқа нормативтік-техникалық құжаттардың 
талаптарына сай келетінін дәлелдейтін арнайы таңбасы болуы тиіс. 
Кӛлік ыдысы пайдалану жағдайына, пішініне, материалына, ерекшеліктері 
мен құрылысына қарай жіктеледі. Пайдалану жағдайына қарай бір жолғы, 
қайтармалы және кӛп айналымды ыдыстарды ажыратады. 
Бір жолғы ыдыс – ӛнімді бір рет қана тасымалдауға арналған. 
Қайтармалы ыдыс – болмашы жӛндеу жұмысынан кейін немесе жӛндеусіз-
ақ қайталап пайдаланатын бір жолғы ыдыс (жәшік, қорап, бӛшке).
Кӛп айналымды ыдыс – әлденеше рет пайдалануға арналған (бидон, баллон). 
Мемлекеттік стандартқа ГОСТ-17527-86 сәйкес жәшік, бӛшке, барабан, қап 
пен фляга кӛлік ыдысына жатады. 
Жәшік – корпусы түбіне параллель, негізінен тікбұрышты, түбі бар, екі 
бүйір және қаптал қабырғалы, қақпақты немесе қақпақсыз кӛлік ыдысы. 
Картон қорап (кеңірдектелген және кеңірдектелмеген) – қимасы жәшікке 
ұқсайды. Қорапқа салынатын жүкті оның қабырғалары ішіне қарай 
майыспайтындай етіп тығыз орналастыру керек. 
Бӛшке – сыртында құрсау немесе дӛңгелету ирегі салынған, түбі бар, 
цилиндр немесе парабола пішінді кӛлік ыдысы. 
Барабан – сыртында құрсау немесе дӛңгелету ирегі жоқ, түбі жалпақ, 
цилиндр пішінді тегіс немесе кеңірдектелген кӛлік ыдысы. 
Фляга – корпусы цилиндр пішінді, диаметрі корпусының диаметрінен кіші 
цилиндр тәрізді мойны, тасымалдауға арналған тұтқалары, тығыз жабылатын 
қақпағы бар кӛлік ыдысы. 
Ағаш тор (шарбақ) тоңазытқыш, жиһаз, станок, двигатель секілді 
ӛлшемдері мен массалары айтарлықтай үлкен жүктерді орналастыруға арналған. 
Мұндай жүктер тордың ішінде қозғалмайтындай болып орналастырылуы тиіс. 


28 
Тор мықты және жүкті қозғалтуда иілмейтіндей болуы тиіс. Ауыр салмақты 
жүктерді орналастыруда тордың табаны майыспайтындай болуы, ал сыртында 
кӛтергіш механизмдердің тросы бекітілетін және автотиегіштің ашалары кіретін 
орындар бояумен кӛрсетілуі керек.
Баллон (корпусы тамшы, шар немесе цилиндр пішінді, түбі сфера тәрізді, 
тар мойны бар) газ, қышқыл, сығылған ауаны тасымалдауға арналған. Газ 
тасымалдауға арналған баллон қазандықтарды қадағалау қызметінің талаптарына 
сай болуы тиіс. 
Бидон сүт, сүт ӛнімдері, азық-түлік, түрлі майларды, лак, шайыр, сұйық 
бояғыштар мен химикаттарды тасымалдауға арналған. Тот басқан, тесігі, ойығы 
ағаш тығынмен немесе шүберекпен бекітілген бидондарды тасымалдауға 
пайдалануға рұқсат етілмейді.
Үлкен шыныларды (бутылдер) тығыз немесе тор жәшіктерге немесе арнайы 
тоқылған кәрзеңке – себеттерге орналастырады. Олар салынатын жәшіктерде әр 
ыдысқа арналып, тақтайдан, фанерадан немесе тығыз картоннан жасалған жеке 
ұялар болуы тиіс. Ұялар олардың түбіне, бүйірлеріне, үстіңгі жағына жұмсақ 
тӛсеніш материал енетіндей кең болуы тиіс. Жәшіктің үстіңгі қабырғасына ―Верх, 
не кантовать!‖ (―Жоғарғы жағы, кӛмкерілмесін!‖) деген жазу жазылады. Кәрзеңке 
шыны ыдысты тығыз қамтуы және тасымалдауға арналған тұтқалары болуға тиіс. 
Шырпы мен шыбықтан тоқылған кәрзеңкелер ішіне салынған жүк түсіп кетпеуі 
үшін айтарлықтай тығыз, берік болуы тиіс. Әрбір кәрзеңкенің тұтқалары немесе 
жіп баулары болуы керек. Кәрзеңкелер жүкті бірнеше қатар етіп тиеуге ыңғайлы 
болып тоқылады. 
Қап жең пішінді, түбі мен аузы бар жұмсақ кӛлік ыдысы. Аузы ашық 
немесе жабық болады. Мата қаптарды аузына дейін толтырады. Аузын қолмен 
тігуде ішіндегі ӛнім тӛгілмеуі үшін тігістері жиі болуы тиіс. Қолмен тігуде 
қаптың бұрыштарында құлақша қалуға тиіс. Әрбір қап ішкі жағынан тігілуі керек. 
Барлық тесіктеріне ішкі жағынан мықтап тігілген жамау салынып, ол жӛнінде 
тасымалдау құжаттарында белгі соғылады. 
Тайланған будаға мақта, жүн, пішен, кедір және т.с.с. салынады. 
Тайланбаған будаға мата, киім, қағаз және т.с.с. салынады. Тең ішіндегі жүк 
онда қозғалмайтындай болып орналастырылуы тиіс. 
Тері, былғары, кілем, мех, тазартылған мақта секілді тауарларды теңмен 
тасымалдайды. Теңді тығыз матамен орап тігеді, сондай-ақ жіппен тартып 
байлайды. 
Жүкті аталған ыдыстармен қатар, канистрамен, тормен, рулонмен, 
қанармен, пакетпен, байламмен, сондай-ақ ішінара буып-түю арқылы 
тасымалдауға болады. 
Механикалық әсерге, иіліп, майысуға тӛзімділігіне қарай жұмсақ, қатаң 
және қатты кӛлік ыдыстарын ажыратады. 
Жұмсақ ыдыс (тор, ау, қап, буда, тең, қанар, пакет) ішіне жүктің 
толтырылуына қарай түрліше пішінге ие болады. Жұмсақ ыдыстың негізгі 
мақсаты – негізінен сусымалы және талшықты материалдарды сақтау және 
тасымалдау. Жұмсақ ыдыс кӛп орын алмайды, меншікті массасы болмашы ғана, 


29 
пайдалануға ыңғайлы. Ол матадан, пленкадан, қағаздан, полимер материалдардан 
дайындалады. 
Қатаң ыдыс (жәшік, картон қорап, тор, кәрзеңке, себет) салмақтық бір 
бӛлігі жүктің ӛзіне түсетін жағдайда ӛзінің бастапқы пішінін сақтайды. 
Қатты ыдыс (бӛшке, жәшік, бидон, барабан, фляга, баллон) тасымалдау 
және сақтау кезінде пішінін ӛзгертпейді, айтарлықтай мықты, металдан, ағаштан, 
пластмассадан, шыныдан жасалады.
Жүктерді ыдыстарға салып, буып-түюде әртүрлі орағыш және қосалқы 
материалдар қолданылады, олар жүкті шаң-тозаңнан, түсіп қалудан, бүлінуден 
сақтандырады. Мұндай материалдарға ағаш сүрегі, жаңқасы, картон, қағаз, киіз, 
резеңке, пластик, мақта, мата, пенопласть, пневматикалық амортизациялағыш 
жастық және т.с.с. жатады. Қажетті жағдайда сақтау шараларын (металл 
бұйымдарды тот басудан) қолдану керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет