Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет43/66
Дата27.10.2023
өлшемі0.6 Mb.
#481740
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66
Мектепке дейінгі мекеменің "Зерек бала" бағдарламасы

Музыка
Мақсаты: балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, музыкалық шығармашылық әрекеттер түріне эмоционалдық қатынасын білдіруге талпындыру.
Міндеттері:
1. Кейбір музыкалық мәнерлілік құралдары туралы музыкалық қабылдау ұғымдарын қалыптастыру.
2. Музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажыратуға үйрету, даңғырлатып ойнайтын оркестрге қатысу.
3. Би қимылдарын орындауға, музыкалық ойын әрекеттеріне талпындыру.
4. Түрлі сипаттағы музыкалық шығарманы ажыратуға, кейбір балалар композиторларының шығармаларын атауға үйрету.
5. Сазды әуенмен, күшенбей, мәнерлі, табиғи даусымен ән айтуға үйрету.
6. Адамгершілік-эстетикалық сезімге тәрбиелеу.
Мазмұны:
Ән тыңдау
Түрлі сипаттағы (көңілді, көңілсіз, жылдам, баяу) музыкалық шығарманы қабылдауға үйрету.
Музыкалық шығарманы аяғына дейін тыңдау, шығарманың бөлімін ажырату, музыканың сипатын анықтау іскерлігін дамыту.
Әнде не туралы айтылғанын әңгімелеу іскерлігін дамыту.
Музыкалық ойыншықтар мен аспаптарды (асатаяқ, домбыра, қобыз, барабан, сылдырмақ, дабыл және т.б.) ажырату іскерліктерін дамыту.
Музыкалық шығармалар мен олардың жанры туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Дыбыстардың биіктігі, дыбыстау ұзақтығы, ырғақ пен тембр туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Ән салу
Жеке және хормен ән айту, дыбысталуын созып, дауыс ырғағын таза келтіріп айту дағдыларын қалыптастыру.
Бір қарқында (жылдам - баяу) бірдей дыбыстау күшімен (қатты - ақырын) ән айтуға үйрету. Түрлі сипаттағы әндерді орындауды қолдану, секірмелі және әдемі сазды қарқынмен дауысты бере білуге үйрету.
Табиғи дауыспен ән салуға, күштенбей, сөзі мен дыбысты таза және анық, кіріспе музыкадан кейін әнді бастауға, музыкалық сөздің арасында тыныс алуға, әнді бір уақытта бастап аяқтауға, сазды дұрыс бере білуге, әннің аяғын саздылық етуге үйрету.
Кварта аралығында, музыка сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз ән салу. Дыбыстарды биіктігі бойынша (октава шегінде) ажырату, басы мен аяғын сезіну.
Балалар композиторларының шығармаларын, халық музыкасын, бағдарламалық шығармалар мен олардың авторларының аттарын атап, тани білуге үйрету.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар
Жаттығулар, ойындар, хороводтар, билер, би шығармашылығы. Музыка сипатына сай қимылдарын өзгерту, пьесаның соңын сезіну, музыка сипатына қимылды үйлестіруге талпыну іскерліктерін дамыту.
Музыканың түрлі бөліктерін: ән бастамасы, қайырмасын ажыратуға үйрету.
Би қимылдарын, музыкалық ойын әрекеттерін орындауға талпындыру.
Би қимылдарымен, би билеу, ойын және хороводтармен таныстыру.
Музыка сипатының алмасуын сезінуге үйрету.
Таныс әннің мазмұнын сахналауға қатыстыру.
Балалар музыкалық аспаптарында ойнау
Ересектердің домбырада, сазсырнайда, қобызда, аккордеонда, металлофонда, ксилофонда және басқа да түрлі музыкалық және даңғырлақ аспаптарындағы ойнауын тыңдау іскерлігіне тәрбиелеу. Күрделі емес ырғақта үшбұрышта, румбада, табақшада өз еріктерімен орындау іскерліктерін дамыту. Шулы оркестрге қатысуын талпындыру. Балалар музыкалық аспаптарын танып, атай білуге үйрету.
Жыл соңында музыка бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- музыкалық шығарманы зейін қойып тыңдауды;
- әндерді әуені бойынша танып білуді;
- дауысты ырғағы бойынша танып білуді;
- әнді созып айтуды, мәтіннің сөздерін анық айтуды;
- ән айтуды бірге бастап бірге аяқтауды;
- музыканың сипатына сәйкес қимыл-қозғалыстарды орындап оларды музыкалық шығарманың мазмұнына байланысты өзгертуді;
- би қимылдарын (секіру, жұптасып шеңбер бойында би қимылдарын орындау, бір орында тұрып айналу және жұптасып айналу) орындауды;
- заттармен бірге қимылдар (қол орамалымен, жолақшалармен, қуыршақтармен) орындауды;
- әндер мен қол ұстасып шеңбер жасауды сахналап көрсетуді;
- үшбұрышты дағара аспабында, румбада, тәрелкеде жеңіл әуендерді ойнай білуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет