ЕРЕКШЕ ТАМАҚТАНУ ТӘРТІБІ (аллергиялық сырқаттары бар, артық салмақ немесе арықтық мәселелері, ас қорыту жүйелерінің созылмалы аурулары және т.б.)
Арнайы мектепке дейінгі ұйымдардағы және созылмалы аурулары бар балаларға (тағамдық аллергия, жиі ауратын әлсіз балалар) арналған ас мәзірі, емдік және аурудын алдын-алатын талаптарға сай құрастырылуы керек. жалпы алғанда, арнайы ас мәзірі болуы керек.
Соңғы кездерде ерте жастағы балалар арасында аллергиялық аурулардың түрлері кең етек жайып келеді. Сонымен қатар, жиі кездесетін түрі – асқа аллергия (кейбір тағам өнімдеріне деген ағзаның аллергиялық әсері). Осы себепті, балаларға тамақ үлесін ұйымдастыру қиындық тудырады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда, осы өнімдер бойынша жиі кездесетін ас аллергиясы: шоколад, какао, табиғи кофе, саңырауқұлақтар, жаңғақтар, бал, уылдырық, қақталған балық, шаяндарға сонымен қатар кейбір дәмдеуіштерге (қыша, ақжелкен,бұрыш). Осы азық-түліктердің тобы, аллергиялық деген атауға ие болды. Аллергияны басқа да азық-түліктер тудырады: жеміс шырындары мен жеміс езбелері. Ең көп аллергия тудыратындары көкеністер болып келеді. Сары және қызғылт-сары түсті (құлпынай, таңқурай, өрік, лимон, апельсин, мандарин, сәбіз, қызылша, қызанақ). Ал кейбір балаларда, дәнді-дақылдарға (бидай т.б.) аллергия бар.
Дұрыс тамақтану тәртібінің ас мәзірін дайындамас бұрын, аллергия тудыратын өнімдерді мүлдем алып тастау керек. Мәзірден шектелген, аллергия тудыратын тағамдарды басқа тамақтармен алмастыру керек. Бірақ алмастырылған тамақтардың сапасы мен құндылығы сақталуы керек.
3-6 жастағы аллергиясы бар балаларға орташатәуліктік өнімнің жиынтығынан емдәм
Өнім
|
Мөлшері (г, мл)
|
Дәнді-дақылдар
|
40
|
Макарон өнімдері
|
20
|
Сүт,айран
|
400
|
Сүзбе
|
35
|
Қаймақ
|
5
|
Сары май
|
30
|
Өсімдік майы
|
10
|
Сиыр еті
|
175
|
Қант
|
45
|
Кондитерлік өнімдер (печенье, қытырлақ)
|
10
|
Картоп
|
220
|
Әртүрлі көкеністер
|
120
|
Жеміс-жидектер
|
150
|
Бидай наны
|
150
|
Шай
|
0,4
|
Аллергиясы бар және сау балалардың тамақтану тәртібінде еш айырмашылық жоқ. Тек, көп тағамды асқазаны тез қорыта алмайтын балаларды, аз мөлшерде жиі тамақтандыруға кеңес береміз.
Қант диабетімен ауыратын балаларды тамақтандыру, дәл аллергиямен сырқат балалардың тамақтану тәртібі сияқты, тек, осы үдерістерді бас медбике бақылап отыру тиіс.
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІ МЕН АС ӘЗІРЛЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
ӨҢДЕЛУІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Мектепке дейінгі ұйымдағы балалар тағамының сапасы жоғары болып, қатаң қадағалануы керек. Жергілікті Білім басқармалары тендер өткізіп, балалар тамағын жеткізуді ұйымдастырушыларды тағайындайды. Соңында сенімді және тексерілген жеткізушілермен жұмыс жасалады. Жеткізушілерге қойылатын талаптар: санитарлық-эпидемиологиялық куәліктері, жануарлар етін бақылайтын ветеринарлық қызметтердің анықтамалары, азық-түліктердің сақтау талаптары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы инфрақұрылысы бар, жеткізу талаптары мен мерзімін дұрыс орындауы керек.
- Тағам өнімдері мен сатылым шикізаттарын қабылдау кезінде, тиісті құжаттары (өңдірушінің ветеринарлық-санитарлық сараптамасы, сонымен қатар тиісті сертификат) болуы керек.
- Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі жайлы құжаттары, көпшілік тамақтану ұйымдарында сақталады.
-Тағам өнімдерін тасымалдау үшін арнайы санитарлақ-эпидемиологиялық сараптамасы бар автокөліктарді пайдаланады. Тасымалдаушы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, арнайы киім киіп, медициналық тексерістен өтілуі керек.
- Қажетті тағам өнімдерін ұзақтығы 500 метрлік қашықтықтан аспайтын орындардан сатып алған жағдайда, қолмен тасымалдауға болады. тасымалдау барысында, заттардың кірлеп немесе бүлінбеуін қамтамасыз ету керек.
- Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану үрдісіне қажетті азық-түліктер: ауылшаруашылық ұйымдарында, оқу-тәжірибелік бақшалар аймағында, жылыжайларда қолдан өсірілген азықтық шикізаттарды, егер олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын зертханалық зерттеу жұмысының сараптамасы болған жағдайда пайдалануға болады.
Ас әзірлейтін бөлмелердегі жұмыстарды балалар мен жасөспірімдерге (тамақ әзірлеудегі: көкеністерді аршу, нан турау, дайын тамақты тарату, ыдыс-аяқ жуу, асүйді тазалау т.б.) істетуге болмайды.
Шикі тағамдарды өңдеу үшін (аршылмаған көкеністер, ет, балық) арнайы жуатын ыдыстар қарастырылған. Осы мақсатта, ыдыс-аяқ жуатын, қол жуатын ванналарды пайдалануға тиім салынады.
Балықты +12°С температурадан аспайтын 1л/ 7-10 г ас тұзы қосылған суға салып немесе арнайы өндірістік үстелдерде еріту керек. Балықтық жұмсақ еті мен бекіре тұқымдас балықтарды суға салып жібітуге болмайды.
Ет, жартылайфабрикаттар, балық және басқа да азық өнімдерін еріткеннен кейін қайта қатыруға болмайды. Ерітілген азық өнімдерін ұзақ мерзім сақтауға болмайды.
Жұмыртқаны арнайы белгіленген ыдыста өңдеу керек.
Суға толық батырып қайнату ережесі:
- 1– 2% сода қосылған суда өңдеу;
- 5 минут уақыт шамасында, ағын суға шаю;
- консервіленген азық өнімдерін ашар алдында, қалбырды ағын суға шайып алу;
- сусындарды төгіп алмай, тікелей тұтынушының құтысына (стақан, кесе) құю керек;
- тағамдардағы дәрумендердің сақталуы үшін, көкеністерді тазаланған түрінде тұз қосылған суға қайнатуға болады. Қызылшаны қабығымен қайнатады;
- аршылған картопты екі сағаттан аса суда сақтауға болмайды;
- салат үшін қайнатылған көкеністерді тоңазытқышта +2 – 4 °С температурада 6 сағаттан аса сақтауға болмайды.
Салат әзірлеуге қажетті шикі көкеністер мен аскөкті өңдеу үшін, 3% сірке суының ерітіндісінде немесе 10% ас тұзы қосылған суда 10 минут ұстап, суытылған қайнаған суға шайыңыз. Асты әзірлеу арнайы бекітілген үстелдерде жүзеге асады.
Аспаздық тағамдарды даярлау барысында орындалатын талаптар:
1) ет, балық, құс етінен жасалатын екінші тағамдарды даярлау барысында, үлестірілген еттерді қайтадан сорпада 5 – 7 минут қайнату керек.
2) үлестірілген еттерді сорпада екінші рет қайнатқаннан кейін, 1 сағаттан аса уақыт пештің үстінде ұстамау керек;
3) тағам құрамына енетін азық өнімдерін, арнайы ас үй жабдықтарымен араластыру керек, қолмен араластыру болмайды;
4) тамақтың гарниріне қосылатын сары май мен сүтті, арнайы ыстық өңдеуден өткізу керек ;
5) жұмыртқаны су қайнағаннан кейін 10 минут қайнату керек;
6) құрамында жұмырқасы бар омлетті +180 –200°С температурада 8 – 10 минут кәдімгі пеште пісіру керек; жұмыртқа өнімдері 30 минут қана +2 – 4 °С температурада сақталады.
7) қайнатылған шұжық, қысқа шұжықты су қайнағаннан кейін 5 минут қайнату керек;
8) фарштан жасалған котлеттерді, 10 минут екі жағын қуырып, +220 – 250°С температурада духовка пешінде пісіру керек.
1,5 жасқа дейінгі балаларға қайнатылған еттің езбесін беруге кеңес береміз. 1,5 жастан ересектерге буға пісірілген котлетті беру ұсынылады. Фарш міндетті түрде, котлетті пісірер алдында даярлануы керек. 2 жастан ересек балаларға қуырылғанын жеуге болады.
1,5 жасқа дейінгі балаларға үгітілген, езілген сұйықтау ботқаларды беру керек. Ал ересектеріне, шашылып піскен ботқаларды берсе болады.
Макарон өнімдерін қайнаған, сәл тұздалған суда қайнату керек.дайын болған макарон өнімдерін қайнаған ыстық сумен шаяды.
Бұршақ өнімдерін 3 – 4 сағат суға салып қою керек. Бұғып, көтерілгеннен суын төгіп, басқа суда қайнату керек.
Тамақ әзірлеуде қойылатын талаптар:
1) шикі және пісірілген тағамдарды әр бөлек үстелде әзірлеу керек;
2) ет сорпасынан сүзіп алынады;
3) салат жасауға қажер шикі көкеністерді, қайнатылған көкеністерге «ҚК» арналған үстелде өңдеп, даярлау керек ;
4) екі еттартқыш болу керек: бірі етке, бірі көкеніске арналған;
5) ашыған сүттерді қамыр әзірлеуге ғана пайдаланады;
6) сүт өндіруші зауыттардың сүт және сүзбе өнімдері қосымша өңдеуді қажет етпейді.
Дайын болған бірінші және екінші тағамдар 2 сағаттан аса пештің үстінде сақталмауы керек. Арнайы термостарда да сақталуы 2 сағаттан аспауы керек.
Туралған салат өнімдерін тұтыну алдында араластырып береді. Дайын салаттарды сақтауға болмайды.
Азық өнімдерінің сақталу мерзімі, өндірушілердің белгілеген мерзіміне сәйкес келеді.
Тез бұзылатын азық өнімдерін +2 – 6°С температурада тоңазытқышта сақтау керек (Санитарлық талаптар 11 қосымша).
Тоңазытқыштар мен тоңазытқыш камераларының температурасын бақылау үшін, термометр орнату. Сынап термометрлерін қолдануға рұқсат жоқ.
Мектепке дейінгі ұйымдағы балалар мен жасөспірімдердің астан уланып қалмауы үшін, инфекциялық аурулар таралуының алдын алу үшін келесідей азық өнімдерін сақтау мен тұтынуда сақ болыңыз:
1) айран, сүзбе, сүт қышқылы өнімдерін, фарш, макарон, крем қосылған кондитер өнімдерін, квас, морс, қуырылған жұмыртқа, қаймақпен араластырылған салат, саңырауқұлақтар, үй жағдайында жасалған тағамдар, балық етінің езбесін әзірлеу барысында;
2)залалсыздандырылмаған сүтті, термоөңделмеген сүзбе мен қаймақ, суда жүзетін құс еті мен жұмыртқасын тұтынған жағдайда;
3) күн бұрын дайындалған тағамдар, тағам қалдықтары, шаруақожалығының сүт өнімдерін, ауруға шалдыққан жануар етін, суда жүзетін құс еті мен жұмыртқасын тұтынған жағдайда.
Жалпыға бірдей сауықтыру жұмыстарын, медициналық қызметкерлердің қадағалауынсыз жүргізуне болмайды. Міндетті түрде, мидициналық қызметкердің келісімі мен ұсыныстары қажет.
Медициналық қызметкер дайын тағамдар құнарлығының сапасын мұқият қадағалап, сараптама журналына тіркеп отыру керек. (Санитарлық талаптар 12 қосымшада)
Аспазшы күнделікті ас мәзіріне сәйкес дайындалатын тәуліктік тамақтардың сынамасын дайындау керек. Сынамалар залалсыздандырылған шыны құтыларға салынады. Және тоңазытқыштағы арнайы босатылған сөреге қойылады (температура +20С ден +60С.) Сынамаларды, демалыс күндерді ескеріп, келесі күнгі тамақтарды әзірлегенге дейін сақтау керек.
АС ӘЗІРЛЕЙТІН БӨЛМЕГЕ ҚОЙЫЛАТЫН САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР
Балалар және жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілері негіздемесі:
1) мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру (мектепте тамақтандыру комбинаты, мектеп асханасы) азық өнімдерінің шикізатын сатып алу, азпаздық тамақтар дайындау, асханалық ұйымдарды қамтамасыз ету;
2) жартылайфабрикатты заттардан аспаздық өнімдер мен тағамдар әзірлеу ұйымдары;
3) ас мәзіріне сәйкес, шикі өнімдер мен жартылайфабрикатты заттардан аспаздық өнімдер мен тағамдар әзірлейтін мектеп асханалары;
4) дайын тағамдарды (кондитерлік өнімдер, аспаздық тағамдар) іске асыратын буфеттер.
Тамақ әзірлейтін бөлмелерде: тұруға, ит-құс ұстауға, тағамға қатысы жоқ іс-әрекеттермен айналысуға тиім салынады.
Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде шикі өнімдер мен жартылайфабрикатты заттардан тағам әзірлейтін арнайы бөлмелер қарастырылған. Ас әзірлейтін бөлмелер 2 қабаттан жоғарыда болмауы керек. Егер ас әзірлейтін бөлмелер 2–ші қабатта болса, азық өнімдерін тасымалдау үшін жүк көтеретін лифт болуы керек.
Ас әзірлейтін бөлмелердің құылымында, тағам өнімімен жұмыс істейтін аймақтар белгіленуі тиіс: ыстық ас цехы, үлестіруші, мұздатқыш цехы, көкеніс цехы, етті бөлетін цех, көкөніс сақтайтын қойма, ыдыс жуатын орын, азық жуатын орын, құрғақ өнімдерді сақтау қоймасы, тез бұзылатын тағамдарға арналған тоңазытқыштар, қызметкерлер бөлмесі, киім ауыстыратын бөлме, қызметкерлердің душ қабылдау бөлмесі және дәретханасы.
Азық-түліктерді сақтайтын қоймалар мен тоңазытқыш камераларын: азық жуатын, ыдыс жуатын, душ, дәретхана аймақтарынан қашықтау орналасуы керек.
50 орындық ұйымдардың ас әзірлейтін бөлмелеріне қойылатын талап қысқартылады. Яғни, тамақ пісіретін, үлестіретін, ыдыс-аяқ жуатын орындар бір аймақта орналасады (кедергімен бөлініп). Құрғақ өнімдер сақталатын қоймаларда, көкөністер үшін орын бөлінеді.
Жалпы білім беретін ұйымдар шағын ғимараттарда орналасқан болса, ауылдық елді-мекендердегі талапқа сай асхананың болуына мүмкіндік пен жағдайдың болмауына, мемлекеттік органдардың санитарлық-эпидемиологиялық салаларының рұқсатымен ықшамдалған асханаларды пайдалануға болады. Қойма орны, тағам дайындайтын орын, ыдыс жуатын орын, үлестіруші орын барлығы бір бөлмеде орналасады.
Асхананың көлемі 18 м2 кем болмауы керек. Егер тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын орналасқан шағын ұйымдар болса, бар ас үйлердің көлеміне рұқсат етіледі.
Тоңазытқыш, ыдыс жуатын машина жұмыс көлеміне сәйкес орнатылады.
Ас үй техникасының минималды саны: духовкасы бар электропеш, ауа сорғыш, тоңазытқыш, электросужылытқыш, ыдыс жуатын екі бөлікті раковина, қызметкерлердің қол жуатын раковинасы, азық өнімдерін жуатын орын, тағам дайындайтын үстел. Шикі және дайын тамақтар екі бөлек сақталады.
Жалпы білім беретін ұйымдардағы шағын орталықтарда балаларды тамақтандыру топтарда іске асырылады.
- Ас үйдегі пештер мен техникалық құрылғыларға жарық түсіретін шамдардың қорғаныштық қабаты бар.
- Ас үйдегі өндірістік құрылғылар мен қоймалар, әкімшілік-тұрмыстық орындарының құрал-жабдықтары санитарлық талаптардың 8 қосымшасында көрсетілген.
- Құрылғылар, өндіріс үстелдері, ыдыс-аяқ, үлкен ыдыстар, жууға және залалсыздандыруға арналған химиялық заттарға шыдамды, тағамдар мен тұтынушыға қауіпсіз материалдардан жасалады.
- Тамақтанатын аймақты, жуу мен залалсыздандыру жұмыстарына төзімді жиғаздарымен жабдықтайды.
- Азықтар мен ыдыс-аяқтарды сақтауға арналған сөрелердің биіктігі еден деңгейінен 15 см болуы керек.
- Асүй жабдықтары мен ыдыстары бір орынға үш құрамнан тұруы керек.
- Тамақтануды ұйымдастырғанда: фарфордан, фаястан, шыныдан жасалған ыдыс-аяқтар (тәрелке, кесе, бокал, шыны-аяқ) қауіпсіз материалдардан болуы керек. Асхана жабдықтары( қасық, шанышқы, пышақ), тамақ әзірлеуге, сақтауға арналған ыдыстар дат баспайтын болаттан жасалған болуы керек.
-Шикі және дайын тамақтарды бөлек сақтап, өңдеу үшін, арнайы белгіленген ыдыстар қолданылады:
1) белгісі бар өндірістік үстелдер: шикі ет «ШЕ», қайнатылған ет «ҚЕ», шикі балық «ШБ», қайнатылған балық «ҚБ», шикі көкеніс «ШК», қайнатылған көкеніс «ҚК», «нан», дайын өнім «ДӨ», қамырға арналған;
2) Турауға арналған (пышақ, тақтай): шикі ет «ШЕ», қайнатылған ет «ҚЕ», шикі балық «ШБ», қайнатылға"н балық «ҚБ», шикі көкеніс «ШК», қайнатылған көкеніс «ҚК», «нан», «селдь»;
3) Ас үй жабдықтары: «І тағам», «ІІ тағам», «ІІІ тағам», «сүт», «жұмыртқа өңдеуге арналған», «жұмыртқа езуге арналған», «дайын өнімге», «шикі өнімге».
- Зақымдалған (шеті ұшқан, жарығы бар, сынығы бар, жырылған) ыдыс-аяқты; алюминийден жасалған ыдыстарды,тығыздалған фанерден және пластмассадан жасалған тақтайшаларды; ағаштан жасалған бұйымдардың зақымдалғандарын пайдалануға тыйым салынады.
- Ет пен балықты шауып, турауға арналған тақтайлар арнайы материалдардан жасалғандары болу керек.
Ет шабатын арнайы орын болуы тиіс. Тақтайдың беті, жұмыс уақыты аяқталғанда жуылып, үстіне тұз себілуі керек. Уақыт өте, тақтайдың беткі қабатын аралап алып тастап отырады.
- Ас үй шағын болған жағдайда, қайнатылған ет,балық, көкеністерді «дайын өнімдер» үстелінде, арнайы белгісі бар пышақ, тақтайлармен турауға болады.
- Дайын ыстық, суық тамақтарды жеткізу үшін, арнай рұқсат етілген термоқабаты бар ыдыс-аяқтар пайдаланылады.
- Тамақ әзірлейтін, өңдейтін бөлмелерінің тазалығы сақталуы тиіс.Тағам өнімдерін еденде сақтауға болмайды.
- Тамақтанатын бөлмелерді әр тамақтанғаннан кейін жуып отыру керек. Тамақтанатын үстелдерді арнайы белгісі бар жууға арналған заттар қосылған ыстық суға шүберекті сулап сүрту керек. Шүберекті пайдаланғаннан кейін арнайы жуатын заттарды қосып жуып-шайып, кептіріп, бөлек сақтау керек.
- Тамақ әзірлеген ыдыстарды, тамақ ішкен ыдыстардан бөлек жуу керек. Және осы тәртіпті қатаң қадағалау қажет.
- Эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, тамақтанатын ыдыстар залаласыздандыратын заттар қосылған суға салынады. Содан кейін ыдыстарды ағын суда мұқият шаю керек.
- Ыдыс жуатын ванналардың сыйымдылығының белгісі көрсетілген. Және бітеу үшін арнайы резеңке бітеуіштері бар.Залалсыздандырылатын заттарды өлшеп құю үшін мөлшерлегіш құралы бар.
- Екі бөлікті ванналарда ыдыс жуу ережесі:
1) тамақ қалдықтарын механикалық түрде жою;
2) +45°С температурадағы суда, ыдыс жуу заттарын қосып ысқышпен жуу;
3) +65°С температурадан төмен емес ыстық ағынды суда шаю;
4) сөредегі торларда төңкерілген күйінде кептіру.
- Асханалық ыдыс-аяқтарды арнайы маиналарда жуу үшін, қолдану ережесін сақтау керек.
- Үш бөлікті ванналарда ыдыс-аяқты қолмен жуу үшін сақталатын ережелер:
1) тамақ қалдықтарын механикалық түрде жою;
2) бірінші бөлікте: +45°С температурасынан кем емес суда, ыдыс жуу заттарын қосып ысқышпен жуу ;
3) екінші бөлікте: +45°С температурасынан кем емес суда, ыдыс жуу заттарын 2 есе аз қосып ысқышпен жуу;
4) үшінші бөлікте: +65°С температурадан төмен емес ыстық ағынды суда шаю;
5) сөредегі торларда төңкерілген күйінде кептіру
Бірінші кезекте шай ыдыстарын+45°С температурада ыдыс жуу заттарын қосып жуу, +65°С температурадан төмен емес ыстық ағынды суда шаю; содан кейін осы кезекпен асхана ыдыстарын жуу. Асхана ыдыстарын жумас бұрын, тамақ қалдықтарынан тазалау керек. Сөредегі торларда төңкерілген күйінде кептіру.
- Ағынды су болмаған жағдайда, ыдыстарды 10 литрлік 3 үлкен тегенелерде жуатын заттар қосып жуады. Ыстық суға шаяды, кептіреді.
- Асхана жабдықтары сақталатын ыдыстарды +45°С температурадағы суда, ыдыс жуу заттарын қосып ысқышпен жуу керек.
- Жуылған ыдыстар мен асхана жабдықтарын, еден деңгейінен 0,5 м биіктікте сақтайды. Асхана ыдысы сөрелер мен торларды тұрады. Қасықтарды тұтқасын жоғары қаратып сақтайды. Шашылған күйі болмау керек.
- Техникалық құрылғыларды ластанған кезінде, арнайы шүберекпен жуу заты қосылған сумен тазалап алу керек. Жұмыс уақыты аяқталған кезде жуылуы тиіс.
- Турауға арналған тақтайшалар мен ағаш бұйымдарын +45°С температурадағы суда, ыдыс жуу заттарын қосып ысқышпен жуып, +65°С температурадан төмен емес ыстық ағынды суда шаю керек. Кептіру қажет. Жуылған тақтайшаларды арнайы белгіленген орындарда сақтау керек.
- Майлықтар мен ысқыштарды қолданғаннан кейін, +45°С температурадағы залалсыздандырылған заттар қосылған ыстық суға малып қою керек. Немесе 15 минут қайнатуға болады. Ағын суға шайып, кептіріп, арнайы ыдыста сақтау қажет.
- Айына бір рет генералды тазалық (қабырға бетін жуу, құрылғыларды, әйнектердің ішкі бетін сүрту, жарық аппараттарын, ыдыс-аяқтарды) эпидемиологиялық талаптарға сәйкес залалсыздандыратын заттарды қосып өткізу.
- Қара нан мен ақ нан бөлек сөрелерде сақталады. Төменгі сөренің биіктігі еден деңгейінен 35 см болу керек. Сөрелердегі нан қиқымдарын аранайы щеткамен тазалап, 1% сірке суының ерітіндісімен сүртіп алу қажет.
- Тамақ қалдықтарына «ТҚ» арналған ыдыстың қақпағы болып, алшақ жерде тұруы керек. Жиі босатылып, арнайы жуғыш заттарымен жуылуы керек.
Тамақ қалдықтарын бөлек есіктен шығарған жөн.
1-қосымша
Балабақшалардағы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай
бір аптаға арналған ас мәзірі (10 сағаттық бақша, 3 жастан - 6 (7)жасқа дейін)
«Бекітемін»
«____» _________ 201__ ж
АС МӘЗІРІ
ТАҢҒЫ АС
1. «Геркулес» ботқасы 1/180
2. Май және ірімшік жағылған нан 40/10/10
3. Сүт қосылған тәтті шәй 1/180
ТҮСКІ АС
1. Дәруменді салат 1/60
2. Ащы сорпа 1/200
3. Бауыр үзбесі 1/80
4. Картоп езбесі 1/130
5. Алма қайнатпасы 1/180
БЕСІН АС
1. Тәтті тоқаш 1/50 2. Айран 1 /180
КЕШКІ АС
1. Сүзбеден жасалған пудинг 1/150
2. Тәтті шай 1/180
Бір балаға күндікке есептелген нан мөлшері, аңғы астан басқа:
қара бидай наны - 1/65 гр
бидай наны - 1/55гр
Медбике: ________________________
«Бекітемін»
«____» _________ 201___ ж
АС МӘЗІРІ
ТАҢҒЫ АС
1.Ірімшік қосылған омлет 1/180
2. Джем жағылған нан 40/10
3. Тәтті шай 1/180
ТҮСКІ АС
1. Күзгі салат 1/60
2. Қызылша сорпасы 1/200
3. Еттен тефтели 1/80
4. Көкөніс рагуы 1/130
5. Жүзім қайнатпасы 1/180
БЕСІН АС
1. Сүзбе кексі 1/50 2. Сүт 1 /180
КЕШКІ АС
1. «Достық» ботқасы 1/200
2. Тәтті шай 1/180
Бір балаға күндікке есептелген нан мөлшері,таңғы астан басқа:
қара бидай наны - 1/65 гр
бидай наны - 1/55 гр
Медбике: ______________________
«Бекітемін»
«____» _________ 201_ ж
АС МӘЗІРІ
ТАҢҒЫ АС
1. Бидай ботқасы 1/180
2. Май жағылған нан 40/10
3. Какао 1/180
ТҮСКІ АС
1. Қияр және тәтті бұрыш салаты 1/60
2. Түрлі көкөністер езбе сорпасы 1/200
3. Ет бефстрогонавы 1/80
4. Қарақұмық гарнирі 1/130
5. Жеміс қайнатпасы (алмұрт, өрік ) 1/180
БЕСІН АС
1. Коржик 1/50 2. Айран 1 /180
КЕШКІ АС
1. Балық кнелі 1/60
2. Картоп езбесі 1/90
3. Қызанақ 1/50
4. Итмұрын қайнатпасы 1/180
Бір балаға күндікке есептелген нан мөлшері,таңғы астан басқа:
қара бидай наны - 1/65 гр
бидай наны - 1/55гр
Медбике: ______________________
«Бекітемін»
«____» _________ 201___ ж
АС МӘЗІРІ
ТАҢҒЫ АС
1. Ұнтақ ботқасы 1/180
2. Май жағылған нан 40/10
3. Кофе 1/180
ТҮСКІ АС
1. «Акварель» салаты 1/60
2. Щи сорпасы 1/200
3. Ет қосылған қуырдақ 1/200
4. Алма қайнатпасы 1/180
БЕСІН АС
1. Тоқаш 1/30 2. Йогурт «Активия» 1 /100
КЕШКІ АС
1. Мейіз қосылған күріш 1/150
2. Лимон салынған шай 1/180
Бір балаға күндікке есептелген нан мөлшері,таңғы астан басқа:
қара бидай наны - 1/65 гр
бидай наны-1/55гр
Медбике: _____________________
«Бекітемін»
«____» _________ 201___ ж
АС МӘЗІРІ
ТАҢҒЫ АС
1. Сүт қосылған түрлі-дақылдар 1/180
2. Май және ірімшік жағылған нан 40/10/10
3. Сүт қосылған тәтті шай 1/180
ТҮСКІ АС
1. Қызанақ және қияр салаты 1/60
2. Борщ 1/200
3. Ет салынған макарон 1/200
4. Алмұрт пен қараөрік қайнатпасы 1/180
БЕСІН АС
1. Вафли 1/50 2. Айран 1 /180
КЕШКІ АС
1. Картоп балық биточкісі 1/150
2. Тәтті шай 1/180
Бір балаға күндікке есептелген нан мөлшері,таңғы астан басқа:
қара бидай наны - 1/65 гр
бидай наны - 1/55гр
Медбике: __________________________
2-қосымша
10 сағаттық
балабақшаларға 1 аптаға тиімді ас мәзірі (күз)
Апта
күні
|
ТАҢҒЫ АС
|
ТҮСКІ АС
|
БЕСІН АС
|
КЕШКІ АС
|
Дүйсенбі
|
Асқабақ қосылған тұмық ботқасы
Май жағылған батон
Қант қосылған шай
|
Салат «Көкеніс орамы»(қызанақ, қияр, болг.бұрышы, аскөк, өсімдік майы)
Қаймақпен ауыл кеспесі,сүтке бұқтырылған шабылған ет,
Көкеніс қуырдағы
Алмұрт қайнатпасы
|
Печенье
Йогурт «Активия»
|
Ірімшік қосып пісірілген макарон
Сүт,қант қосылған шай
|
Сейсенбі
|
Сүтке піскен сұлы ботқасы
Ірімшік, май жағылған батон
Сүт қосылған какао
|
Орамжапырақ пен өсімдік майынан жасалған салат
Тауық сорпасына пісірілген кеспе
Қаймаққа бұқтырылған тауық еті
Қайнатылған күріш
Алма мен алхоры қайнатпасы
|
Плюшка
Биокефир майлылығы 3,2%
|
Балық (судак), қартоппен
қызанақ(турамасы)
лимон қосылған шай
|
Сәрсенбі
|
Асқабақ қосылған бидай ботқасы
Жеміс езбесі жағылған батон
Сүт қатқан шай
|
Салат (қызанақ пен болг. бұрышы өсімдік майы)
ет сорпасына қайнатылған көкеніс көжесі
қайнатылған етпен картоп
алмұрт пен шабдалы қайнатпасы
|
Алма қосылған бәліш
Қайнатылған сүт майлылығы 3,2%
|
Қаймаққа пісірілген сүзбе наны
Қант қосылған шай
|
Бейсенбі
|
3дақыл қосылған ботқа
Кофе
Ірімшік, май жағылған батон
|
Салат (кәдіш, баялды, қызанақ)
фасоль сорпасы
қайнатылған ет
қайнатылған макарон
алма қайнатпасы
|
Ірімшік қосылған тәтті
Биокефир майлылығы
3,2%
|
Қияр салаты
Қуырылған жұмыртқа балмұрын
қайтнатпасы
|
Жұма
|
Сүтке пісірілген жүгері ботқасы
Май жағылған батон
Сүт,қант қосылған шай
|
Салат «Күзгі» (түстіорамжапырақ, қызанақ, қияр, салат жапырағы )
Вегетериандық бұршақ сорпасы
Балық котлеті
Қайнатылған тұмық
Алмұрт пен алхоры қайнатпасы
|
Бадам жаңғағы қосылған орама
Йогурт «Активия
|
Ұяшық (ет салынған, ірімшік пен қызанақ қосылған)
Бұқтырылған қызылша қант қосылған шай
|
3-қосымша
1 апталық тиімді ас мәзірі (қыс)
Апта
күні
|
ТАҢҒЫ АС
|
ТҮСКІ АС
|
БЕСІН АС
|
КЕШКІ АС
|
Дүйсенбі
|
3түрлі дақылдан сүтке пісірілген ботқа
Ірімшік, май жағылған батон
Кофе сүтпен
|
Салат(қайнатылған қызылша, жасыл бұршақ пен көк пияз
Картоп көжесі
сүтке бұқтырылған шабылған ет
қайнатылған вермишель
итбүлдірген киселі
|
Печенье
Қайнатылған сүт майлылығы 3,2%
|
Бұршақ ет
Бұқтырылған орамжапырақ
Шай сүтпен, қантпен
|
Сейсенбі
|
Жидекті сүзбе қосылған тоқаш соусом
май жағылған батон
шай қантпен
|
Салат (орамжапырақ пен өсімдік майы)
Үзілген тауық етінен сорпа
Тауық етінен палау
Кептірілген жемістер қайнатпасы
|
Тәтті нан
Биокефир
|
Балық, қартоппен пісірілген
Қызанақ (турамасы)
Лимонды сусын
|
Сәрсенбі
|
Асқабақ қосылған бидай ботқасы
Жеміс езбесі жағылған батон
Сүт,қант қосылған шай
|
Салат( сәбіз бен өсімдік майы)
Әртүрлі көкеністер езбесінің көжесі
Туралған ет
Картоп езбесі
Мұздатылған жидектер қайнатпасын
|
Жаңғақ қосылған орама
Қайнатылған сүт майлылығы 3,2%
|
Омлет
Банан
Итмұрын қайнатпасы
|
Бейсенбі
|
Сүтке піскен сұлы ботқасы
Ірімшік, май жағылған батон
Сүт қосылған какао
|
«Винегрет» салаты
Ауыл көжесі қаймақпен
Сиыр еті турамасы
Овощное рагу
Кептірілген жемістер қайнатпасы
|
Вафли
Қатық
|
Етпен макарон
Қант қосылған шай
|
Жұма
|
Сүтке пісірілген жүгері ботқасы
май жағылған батон
шай қантпен
|
Салат (морской орамжапырағы, сәбіз бен өсімдік майы)
Бұршақ көжесі
Балық котлеті
Суға піскен картоп
Жидек шырыны (қарақат)
|
Сүзбе қосылған тоқаш Йогурт «Активия»
|
Ет үзбесі
буға піскен күрішпен
мүкжидек киселі
|
ТАҒАМДАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАЛАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
Калькуляциялық карта
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тағамның атауы:
|
Сүтпен шәй
|
|
|
|
Дайын өнім түрі:
|
200 гр.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№
|
Ингредиенттің атауы
|
Өлшем бірлік
|
Салмағы, брутто
|
Салмағы, кг
|
|
|
3
|
молоко 3,2%
|
гр.
|
40
|
0,240
|
|
|
1
|
чай
|
гр.
|
2
|
0,012
|
|
|
2
|
сахар
|
гр.
|
15
|
0,090
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Медбике / Емдік бике
|
|
|
|
|
|
|
Бас аспазшы
|
|
.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Калькуляциялық карта
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тағамның атауы:
|
Балғын қырыққабат пен помидордан салат.
|
|
|
Дайын өнім түрі:
|
150 гр.
|
|
|
|
№
|
Ингредиенттің атауы
|
Өлшем бірлік
|
Салмағы, брутто
|
Салмағы, кг
|
|
1
|
ақбас қырыққабаты
|
гр.
|
75
|
2,175
|
|
2
|
помидорлар
|
гр.
|
53
|
1,537
|
|
3
|
көк (укроп)
|
гр.
|
3
|
0,087
|
|
4
|
өсімдік майы
|
гр.
|
30
|
0,870
|
|
5
|
қара бұрыш
|
гр.
|
0,01
|
0,000
|
|
6
|
тұз
|
гр.
|
1
|
0,029
|
|
7
|
сәбіз
|
гр.
|
20
|
0,580
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Медбике / Емдік бике
|
|
|
|
|
|
Бас аспазшы
|
|
|
|
|
Калькуляциялық карта
|
|
|
|
|
|
Тағамның атауы:
|
Көкөністер қосылған тауық.
|
|
|
|
Дайын өнім түрі:
|
150гр.
|
|
|
|
№ п.п.
|
Ингредиенттің атауы
|
Өлшем бірлік
|
Салмағы, брутто
|
Салмағы, нетто
|
|
1
|
тауық еті
|
гр.
|
200
|
195
|
|
2
|
пияз
|
гр.
|
31
|
26
|
|
3
|
өсімдік майы
|
гр.
|
20
|
20
|
|
4
|
помидорлар
|
гр.
|
25
|
21
|
|
5
|
тұз
|
гр.
|
2
|
2
|
|
6
|
қара бұрыш
|
гр.
|
0,01
|
0,01
|
|
7
|
лавр жапырағы
|
гр.
|
0,01
|
0,01
|
|
8
|
болгар бұрышы
|
гр.
|
23
|
17
|
|
9
|
көк(укроп)
|
гр.
|
3
|
2
|
|
10
|
сарымсақ
|
гр.
|
2
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Медбике / Емдік бике
|
|
|
|
|
|
Бас аспазшы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Калькуляциялық карта
|
|
|
|
|
|
Тағамның атауы:
|
Пияз қосылған теңіз тілі балығы.
|
|
|
|
Дайын өнім түрі:
|
150гр.
|
|
|
|
№
|
Ингредиенттің атауы
|
Өлшем бірлік
|
Салмағы, брутто
|
Салмағы, нетто
|
|
1
|
теңіз тілі балығы
|
гр.
|
237
|
112
|
|
2
|
пияз
|
гр.
|
36
|
30
|
|
3
|
қаймақ
|
гр.
|
10
|
10
|
|
4
|
ұн
|
гр.
|
7
|
7
|
|
5
|
тұз
|
гр.
|
2
|
2
|
|
6
|
қара бұрыш
|
гр.
|
0,01
|
0,01
|
|
7
|
өсімдік майы
|
гр.
|
30
|
30
|
|
8
|
көк (укроп)
|
гр.
|
3
|
2
|
|
9
|
сыр
|
гр.
|
30
|
30
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Медбике / Емдік бике
|
|
|
|
|
|
Бас аспазшы
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |