Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы



бет2/4
Дата09.07.2016
өлшемі0.61 Mb.
#186832
1   2   3   4




11

SK 0211


Зат құрылысы

Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны - 3



Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквизиттер – Физикалық химия

Оқыту мақсаты: Атом құрылымының, молекулалардың, кристалдардың, аморфты заттардың, мезофазалар мен кристалдардың қазіргі заманғы теориясының ұғымдарын оқу.

Қысқаша мазмұны: Квантты химияның қарапайым түсініктемелері. Молекулалар стереохимиясы. Симметрия теориясы. Топтар теориясына қарапайым кіріспе. Молекулалардың энергетикалық күйі. Молекулалық спектрлердің теориясы. Айналмалы, тербелмелі, тербелмелі-айналмалы және электрондық күйлер мен екі- және көпатомды молекулардың спектрлері. Координациялық қосылыстардағы химиялық байланыс. Комплексті молекулардың электрондық спектроскопиясы. МО теориясы. Химиялық байланыс. Қолданбалы квантты химия.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Химиялық құрылыстың қазіргі теориясының негіздерін, молекулардың квантты күйлерін, химиялық үрдістердің заңдылықтарын біледі.

Іскерлігі: Химиялық заттардың құрылымының түрлі орналасуының деңгейлерінде физико-химиялық зерттеу кезінде зат құрылысының қазіргі теориясының жобаларын және негізгі түсініктерін қолдана алады.

Дағдысы: Ақпаратты қайта өңдеу, қабылдау жолдарының түрлері мен негізгі әдістерін, компьютермен ақпаратты басқару үшін қолдана алады.

Құзіреттілігі: Жаратылыстану пәндері облысында негізгі заңдардың базалық білімін көрсете алады, математикалық анализ әдісі мен жобалауды, теориялық және эксперименттік зерттеуді іске асыра алады.

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.д.., профессор Яшкарова М.Г.

12

HSA 0212


Химиялық сандық анализ

Кредит көлемі 4 (2+0+2), ЕСТS бойынша кредит саны - 6



Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквизиттер – Аналитикалық практикадағы фотометрия, Электрохимиялық анализ әдістері, Физико-химиялық анализ әдістері.

Оқыту мақсаты: Сандық анализдің теориялық негіздерін, сандық анализ әдістерін және анализді жүргізу техникасын оқу.

Қысқаша мазмұны: Химиялық анализдің метрологиялық негіздері. Қателіктер және оларды анықтау әдістері. Гравиметриялық анализ, әдістері. Тұндыру әдістері, тұндырғыштар, қолданылу аймағы. Титриметриялық анализ. Қышқылдық-негіздік, тотығу-тотықсыздандыру титрлеу. Комплекс түзілу және тұндыру әдістері. Титрлеудің индикаторлық қателіктері. Қолданылатын титранттар, индикаторлар. Титрлеу жағдайы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Сандық анализ түрлері, сандық анализде қолданылатын процестердің негізгі заңдылықтарын біледі.

Іскерлігі: Анализдің әдісін дұрыс таңдау, анализ нәтижелерін өңдеу, есептеулер жүргізе алады.

Дағдысы: Затты сандық анализдеудегі негізгі аналитикалық операцяларының орындау техникасынының дағдысын игерген.

Құзіреттілігі: Химиялық сандық анализ саласында негізгі білімдерін игерген, зерттеу дағдылары бар.

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., профессор м.а. Мусабаева Б.Х.

13

FHAA 0213


Физико-химиялық анализ әдістері

Кредит көлемі 4 (2+0+2), ЕСТS бойынша кредит саны - 6



Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер – Зерттеудің физикалық әдістері; Аналитикалық практикадағы фотометрия

Оқыту мақсаты: Анализдің физико-химиялық теориясының негіздерін, анализдің физико-химиялық әдістерін оқу.

Қысқаша мазмұны: Электрохимиялық әдістер: кондуктометрия, потенциометрия, кулонометрия, вольтамперометрия, полярография. Анализ жүргізу жағдайлары, теориялық негіздері, әдістердің артықшылығы мен кемшіліктері. Атомдық-спектроскопиялық әдістер: атомдық-эмиссиялық, атомдық-абсорбциялық, атомдық-флуоресцентті анализ. Молекулярлы-абсорбциялық спектроскопия әдістері. Люминесцентті спектроскопия. Рентгенді спектроскопия. Тербелмелі спектроскопия.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Үрдістің физико-химиялық негізін, жалпы физикалық және химиялық заңдылықтарды, құрылғы принциптерін, электрлік және оптикалық құрылғы жұмыстарын біледі.

Іскерлігі: Анализ әдісін таңдай алады, анализдің сәйкес әдістеріне қарай есептеулер жүргізе алады.

Дағдысы: Әдебиетпен жұмыс, практикалық және зерттеу дағдыларына ие.

Құзіреттілігі: Талдаудың оптикалық, спекральды, электрохимиялық әдістерінде құзіретті.

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., профессор м.а. Мусабаева Б.Х.

14

HM 0214

Химиялық метрология

Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны - 3



Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер – Физико-химиялық анализ әдістері, Зерттеудің физикалық әдістері

Оқыту мақсаты: Өлшеу құралдары мен әдістерін, өлшеу бірліктерін және физикалық мәндердің негізгі бірлік эталондарын оқу, өлшеудің әртүрлі түрлерін статистикалық әдістер арқылы өңдеумен танысу, берліген нақтылыққа қол жеткізу үшін экспериментті жоспарлауды оқу.

Қысқаша мазмұны: Өлшемдер, талап етілген дәлдіктер және олардың біртұтастығын қаматамасыз ету әдістері мен құралдары. Өлшеу әдістері және құралдары. Химиялық анализ қателіктері. Нәтижелер және өлшеу нәтижелерін өңдеудің статистикалық негідері. Кездейсоқ қателіктер және бақылау нәтижелерін тарату заңдылықтары. Статистикалық гипотезаны тексеру критерийлері. Қате теориясының міндеттері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Өлшеудің қажетті нақтылығы мен бірлігін қамтамассыз ету үшін керек білімдерді игеру.

Іскерлігі: Химиялық эксперимент нәтижелері және тіркеулері әдістерін игеру.

Дағдысы: Әртүрлі физикалық мәндерді дұрыс өлшеу, өлшеу нәтижелерін статистикалық өңдеу әдістерін игерген.

Құзіреттілігі: Хемометриканың негізін игерген, зерттеу дағдылары бар.

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к, доцент м.а. Оразжанова Л.К.

15

ZhНТ 0215


Жалпы химиялық технология

Кредит көлемі 3 (2+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны - 5



Пререквизиттер – 101 кредит

Постреквизиттер – Жоқ

Оқыту мақсаты: Химиялық реакциялардың кинетикасының қазіргі теорияларын, химиялық үрдістің және жүйдегі тепе-теңдік жылдамдығына әсер ететін факторларды қадағалау, барлық химиялық үрдістер негізделген химиялық құбылыстардың толыққанды суретін көруге оқыту.

Қысқаша мазмұны: Маңызды технологиялық ұғымдар мен анықтамалар. Материалдық және энергетикалық ағымдардың сызбанұсқалары. Өндірісте дұрыс үрдісті қалыптастырудағы экономикалық және экологиялық талаптар. Технология үшін термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтардың мәндері. Реакция жылдамдығын тездету немесе баялатудың технологиялық әдіс тәсілдері. Катализ. Энергия түрлері мен көздері. Шикізаттың көздері мен негізгі түрлері. Байытылған минералды шикізат. Өндірістік және санитарлық суға деген талаптар. Жанармай жайлы жалпы мағлұматтар. Жанармайды қайта өңдеу әдістері. Аммиак синтезі. Азот қышқылының өндірісі. Азот тыңайтқыштарының өндірісі. Құрамында күкірті бар шикізаттың түрлері. Күкірт қышқылының өндірісі. Қалдықсыз өндірісті ұйымдастырудың шарттары.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Жалпы химиялық технологияның теориялық негіздерін, технологиялық үрдістерді, жалпы химиялық технологияның негізгі заңдылықтарын біледі.

Іскерлігі: Сабақ кезінде технологиялық үрдістердің бөлек сатыларын көрсету үшін құралдар мен зертханалық жабдықтарды жинай алады.

Дағдысы: Химиялық үрдісті пратика жүзінде қолдана алады, кез келген химиялық өндірісте бағдарлануға дағдыланған.

Құзіреттілігі: Эксперименттік ғылыми зерттеуді жүргізу үшін және ұйымдастыру үшін практикалық тәжірибесі және базалық білім бар.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Лебаева Ж.Т.

16

KKH 0216

Координациялық қосылыстар химиясы

Кредит көлемі - 3 (1+1+1), ЕСТS бойынша кредит саны –5



Пререквизиттер – Жоқ

Постреквизиттер – Аналитикалық практикадағы фотометрия.

Оқыту мақсаты: Комплексті қосылыстар химиясын, олардың құрылысының ерекшеліктерін, ерітіндідегі комплексті қосылыстардың күйін оқу.

Қысқаша мазмұны: Комплексті қосылыстар. Вернердің координациялық теориясы. Комплексті қосылыстар құрылысы. Комплексті қосылыстар құрылысының теориясы. Кристалдық тор теориясы. Лигандалар өрісі теориясы. Күшті өріс лигандалары, әлсіз өріс лигандалары. Бейорганикалық, органикалық лигандалармен комплекс қосылыстарының типтері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Координациялық теорияның негізгі күйлерін, комплексті қосылыстардың құрылыс ерекшеліктерін, жіктелуін, номенклатурасын біледі.

Іскерлігі: Координациялық қосылыстарды атай алу, олардың құрылысын сипаттау, координациялық қосылыстардың тұрақтылығын сипаттай алу.

Дағдысы: Ерітіндідегі комплексті қосылыстардың тепе-теңдік қоспаларындағы құрамын есептеу, сандық анықтау және идентификациялау әдістеріндегі экспериментті дағылар .

Құзыреттілігі: Координациялық қосылыстар саласында негізгі білімін игерген, зерттеу дағдылары бар.

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.д., профессор Яшкарова М.Г.

17

OSA 0217

Органикалық синтез әдәстері

Кредит көлемі 3 (2+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны – 5



Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер – Көп ядролы конденсирленген және конденсирленбеген қосылыстар, Гетероциклды қосылыстар

Оқыту мақсаты: Көміртек қаңқасын құрудағы маңызды синтетикалық әдістер және органикалық молекулаларды функционализациялау, реакция жүргізу шарттары, қолданылатын реагенттер мен катализаторларды, маңызды қосымша үрдістерді, еритін ракицялардың қолдану шекараларын оқыту.

Қысқаша мазмұны: Органикалық синтезді жоспарлаудың жалпы принциптері. Алифатты орынбасу реакциясы нәтижесінде С-С байланысының түзілуі. Карбонильді топ бойынша және қос байланыс бойынша қосылу реакциясы нәтижесінде С-С байланысының түзілуі. Клайзеннің қайта топтасуы. Ar-C байланысының электрофильді ароматты орынбасу реакциясы нәтижесінде түзілуі. Ar-C байланысының электрофильді нуклеофильді орынбасу реакциясы нәтижесінде түзілуі.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Толық органикалық синтезді жоспарлау үшін негізгі принциптерді біледі, С-С байланысының түзілуінің синтетикалық әдістерін біледі.

Іскерлігі: Алынған өнім мен бастапқы қосылыстың құрылымына тәуелді сәйкес жағдайларды таңдай алады.

Дағдысы: Берілген қасиеттері бар заттардың органикалық синтезін жүргізуін қосатын ғылыми зерттеу әдістемесін қосады.

Құзіреттілігі: Химиялық және техникалық аспектілерді есептей отыра өндірістік органикалық синтез облысында базалық білімдері бар.

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., доцент Динжуманова Р.Т.

18

OKKM

0218


Органикалық қосылыстардың кинетикасы мен механизмі

Кредит көлемі 3 (2+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны - 5



Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер – Көп ядролы конденсирленген және конденсирленбеген қосылыстар, Гетероциклды қосылыстар


Оқыту мақсаты: Органикалық химияның теориялық негіздері мен олардың органикалық және ферментті реакцияларды оқу үшін практикалық қосымшасын оқу.

Қысқаша мазмұны: Химиялық реакция механизмін түсіну. Реакция механизмдерін жүргізу әдістері. Кинетикалық зерттеулердің есптері мен зерттеушілік тапсырмалары. Химиялық үрдістің кинетикалық және термодинамикалық параметрлері. Реті реакциялар. Стационарлы концентрациялар әдісі. Органикалық қосыластырдың ыдырауының кинетикасы. Радикалды полимерленудің кинетикасы. Кинетикалық изотопты эффект. Ферментті катализ принциптері.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Химиялық реакциялардың механизмдерін, оларды оқудың эксперименттік әдістерін, күрделі органикалық реакциялардың жүруінің кинетикалық заңдылықтарын: реттілік, тізбекті, радикалды, біруақытты түрлерін біледі.

Іскерлігі: Зерттеудің жоспарын құра алады, алынған нәтижелерді талдауды біледі.

Дағдысы: Таңдалған химия облысында практикалық жұмысқа дағдыланған және теориясын игерген.

Құзіреттілігі: Органикалық химия, физикалық органикалық химия облысында базалық білімдері бар.

Компетенции: имеет базовые знания в области органической химии, физической органической химии

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., доцент Динжуманова Р.Т.

19

EoKH 0219

Элементорганикалық қосылыстар химиясы

Кредит көлемі - 3 (2+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны - 5



Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер – Жоғары молекулалық қосылыстар

Оқыту мақсаты: Элементорганикалық қосылыстардың электрондық құрылысын, қасиеттерін, реакция механизмін оқу.

Қысқаша мазмұны: Элементорганикалық қосылыстарды жіктеу. Литийорганикалық қосылыстар. Магнийорганикалық қосылыстар. Мысорганикалық қосылыстар. Алюминийорганикалық қосылыстар. Фосфорорганикалық қосылыстар. Ауыспалы металдардың органикалық қосылыстары. Элементорганикалық қосылыстар химиясының жалпы мәселелері

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Элементорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, элементорганикалық қосылыстарды алу жолдарын, реакция механизмін, қолдану аймағын біледі.

Іскерлігі: Элементорганикалық қосылыстарды синтездеу бойынша есептеулерді жүргізеді, реакция барысын болжай алады.

Дағдысы: Элементорганикалық қосылыстарды анықтай және бөле алады.

Құзіреттілігі: Органикалық химия саласында негізді білімдерін игерген, зерттеу дағдылары бар.

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., доцент Динжуманова Р.Т.

20

KZhATN 0220

Көпкомпонентті жүйелердегі әрекеттесулердің теориялық негіздері

Кредит көлемі -3 (2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны - 5



Пререквизиттер – 65 кредит

ПостреквизиттерЗерттеудің физикалық әдістері, Химиялық физика

Оқыту мақсаты: Фазалық ауысу және фазалық тепе-теңдіктің теориялық негізін оқыту.

Қысқаша мазмұны: Заттардың бір фазадан екінші фазаға гомогенді және гетерогенді ауысу процессінің фазалық диаграммалары. Көпкомпонентті жүйелердегі дифференцияның геометриялық топологиялық термодинамикалық әдістері. Жай және күрделі химиялық қосылыстардың термодинамикалық функцияларын анықтау әдістері. Алмасу, дегидратация, поликонденсация, конверсия реакцияларындағы жүйе компоненттерінің әрекеттесу алгоритмі.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Көпкомпонентті жүйелерде жүретін процестерді, көпкомпонентті жүйелердің негізгі заңдарын біледі.

Іскерлігі: Көпкомпонентті жүйелердің есептеулерін, фазалық диаграмммалар құра алады.

Дағдысы: Көпкомпонентті жүйелердің критикалық температурасын анықтау, каталитикалық процестердің жылдамдығын анықтау дағдыларын біледі.

Құзіреттілігі: Көпкомпонентті жүйелер және катализ саласында негізгі білімін игерген, зерттеу дағдылары бар.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Лебаева Ж.Т.

21

AP 0221

Адсорбциялық процестер

Кредит көлемі 4 (2+2+0), ЕСТS бойынша кредит саны - 6



Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер – Жалпы химиялық технология

Оқыту мақсаты: Фазалар шекарасында өтетін адсорбциялық үрдістердің бейорганикалық материалдардың беттік күйіне әсерін оқу.

Қысқаша мазмұны: Беттік құбылыстардың термодинамикасы. Беттік-белсенді заттар. Саңлаулы адсорбенттерде, жұмсақ беттердегі адсобция, капиллярлы конденсация. Адгезия мен суландыру. Қос қабатты электрлік қабаттың құрылым мен түзілу механизмі. Электрокинетикалық құбылыстар. Дисперсті жүйелердің тұрақтылығы. Дисперсті жүйелердегі оптикалық құбылыстар.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Адсорбциялық құбылыстардың негізгі аспектілерін, физикалық және химиялық адсобцияның ерекшеліктерін, адсорбция мен десорбция кинетикасын біледі.

Іскерлігі: Материалдардың электрлік, адсорбциялық, оптикалық қасиеттерін болжай алады, сол қасиеттердіқазіргі технологияларда жүзеге асыра алады, адсорбциялық зерттеулердің негізгі сатыларын жасап, жоспарлай алады, математикалық өңдей алады.

Дағдысы: Бейорганикалық материалдар көлемінде және бетінде үрдістер химиясы мен физикасында негізгі теорияларды, бейорганикалық материалдар бетінің күйі зерттеуінің зерттеушілік әдістерін меңгерген.

Құзіреттілігі: Физикалық химия облысында құзіретті, зерттеушілік қасиеттері бар.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Калияскарова Б.А.

22

DZhH

0222


Дисперсті жүйелер химиясы

Кредит көлемі 3 (2+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны - 5



Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер – Жоқ

Оқыту мақсаты: Беттік құбылыстар термодинамика негіздерін, дисперсті жүйелердің маңызды қасиеттерін, алу әдістерін оқу.

Қысқаша мазмұны: Беттік қабаттың негізгі термодинамикалық параметрлері. Адсорбциялық және беттік керілу, Гиббс теңдеуі, беттік-белсенді және инактивті заттар, адгезия, суландыру мен сұйықтың ағуы.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Дисперсті жүйелердің маңызды қасиеттерін, алу әдістерін біледі.

Іскерлігі: Коллоидты-химиялық әдістерді теориялық және қолданбалы есептерді шешу үшін қолдана алады, сонымен қоса дисперсті жүйелерді зерттеу мен алуға байланысты қолдана алады.

Дағдысы: Дисперсті жүйелерді зерттеуге дағдыланған.

Құзіреттілігі: Коллоидты,физикалық және аналитикалық химия облысында базалық білімдері мен зерттеушілік қасиеттері бар.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Лебаева Ж.Т.

23

TEhN 0223

Теориялық электрохимия негіздері

Кредит көлемі 3(2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны - 5



Пререквизиттер – 65 кредит

Оқыту мақсаты: Электрохимияның жалпы заңдарымен, оның қазіргі технологиялармен байланысымен танысу, электрохимиялық құбылыстарды жобалау үшін білім мен білікті қалыптастыру, сәйкес физико-химиялық шамалардың сандық есептеуін жүргізе алуға, электрохимиялық үрдістер теориясының негіздерін оқу.

Оқыту мақсаты: Электролиттер теориясы. Электролитті диссоциация түсінігін дамыту. Гетерогенді жүйелер электрохимиясы. Қос электрлік қабат және фазааралық шекарадағы адсорбция. Электролиттер ерітінділеріндегі тепе-теңдіктің теориялық негіздері: электролит пен еріткіш арасындағы әрекеттесу. Ионаралық әрекеттесу мен Аррениустың электролиттік диссоциация теориясы. Электролиттер ерітінділеріндегі тепе-теңдіксіз құбылыстар: диффузия, миграция мен иондарды ауыстуру саны, электролиттер ерітінділерінің электрөткізгіштігі. Электрохимиялық жүйелер, электродтардың мен электродты реакциялардың жіктелуі, электродты потенциалдар, Нерст теңдеуі. Қос электр қабатының теориясы (ҚЭҚ), оның пайда болу механизмі мен зерттеу әдісі. ҚЭҚ көлемі, ҚЭҚ жобасы, ҚЭҚ теңдігі, заряд компонеттерінің есебі. Тепе-теңдіксіз электродты үрдістердің теориялық негіздері.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Электрохимияның заңдарын, негізгі түсініктерін, базалық термин сөздерін, электрохимиялық құбыдыстарды зерттеудің негізгі әдістерін біледі.

Іскерлігі: Белгілі математикалық тәсілдер арқылы электрохимия теориясын фундаментальді зерттеулермен байланысын көрсете алады, есеп шығара алады, электрохимиялық шамаларды өлшеуде қарапайым әдістерді қолдана зерттеу жүргізе алады.

Дағдысы: Электрохимияның негізгі түсініктері, базалық білімі, физико-химиялық зерттеу әдістемесін біледі.

Құзіреттілігі: Электрохимия саласында базалық білімін көрсетеді, зерттеушілік қасиеттері бар.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Лебаева Ж.Т.

24

BS 0224

Бейорганикалық синтез

Кредит көлемі 2 (1+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны - 3



Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквизиттер – Жалпы химиялық технология.

Оқыту мақсаты: Бейорганикалық заттарды синтездеу техникасы мен әдістерін оқыту.

Қысқаша мазмұны: Бейорганикалық және координациялық қосылыстарды синтездеу жолдары жайлы маңызды ақпарат көздері. Бейорганикалық синтездің теориялық негіздері. Бейорганикалық заттарды тазартудың, концентрлеудің, бөлудің негізгі әдістері. Химиялық тасымал реакциялар. Газды фазадағы реакциялар.синтездің қатты фазалық әдістері. Сусыз бейорганикалық қосылыстарды синтездеу әдісі. Оксидтер, галогенидтер, гидридтер, гидроксидтер, қышқылдар, тұздар сияқты жай заттарды алу.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Газды, қатты және сұйық фазадағы бейорганикалық қосылыстар мен жай заттарды синтездеудің негізгі әдістерін, бөлудің негізгі әдістерін, бейорганикалық заттарды тазалау мен концентрациялау жолдарын біледі.

Іскерлігі: Затты синтездеу үрдісінің материалдық балансын құра алады, өнім шығымын анықтай алады.

Дағдысы: Химиялыө экспериментке дағдыланған, химиялық реакциялар мен заттарды зерттеудің, алудың аналитикалық және синтетикалық негіздері бар.

Құзіреттілігі: Қолданбалы және фундаментальді химия саласында базалық білімін көрсете алады,зерттеушілік қасиеттері бар.

Бағдарлама жетекші: х.ғ.д., профессор Яшкарова М.Г.

25

BHSA 0225

Бейорганикалық химиядағы сандық анализ

Кредит көлемі 3 (2+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны - 5



Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер - Аналитикалық практикадағы фотометрия, Физико-химиялық анализ әдістері

Оқыту мақсаты: Сандық анализдің теориялық негіздерін, сандық анализ әдістері және анализді жүргізу техникасын оқу

Қысқаша мазмұны: Химиялық анализдің метрологиялық негіздері. Қателіктер және оларды анықтау әдістері. Гравиметриялық анализ, әдістері. Тұндыру әдістері, тұндырғыштар, қолданылу аймағы. Титриметриялық анализ. Қышқылдық-негіздік, тотықтырғыштық-тотықсыздандырғыштық титрлеу. Комплекс түзілу және тұндыру әдістері. Титрлеудің индикаторлық қателіктері. Қолданылатын титранттар, индикаторлар. Титрлеу жағдайы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Сандық анализ түрлері, сандық анализде қолданылатын процестердің негізгі заңдылықтарын біледі.

Іскерлігі: Анализдің әдісін дұрыс таңдау, анализ нәтижелерін өңдеу, есептеулер жүргізе алады.

Дағдысы: Затты сандық анализдеудегі негізгі аналитикалық операцяларының орындау техникасынының дағдысын игерген.

Құзіреттілігі: Химиялық сандық анализ саласында негізгі білімдерін игерген, зерттеу дағдылары бар.

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., профессор м.а. Мусабаева Б.Х.

26

HAA 0226

Хроматографиялық анализ әдістері

Кредит саны 2 (1+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны - 3



Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер – Табиғи объектілер анализі, Мұнай және мұнай өнімдері анализі

Оқу мақсаты: Анализдің хроматографиялық әдісінің теориялық негізін, аппаратурамен, қолдану аймағын оқу.

Қысқаша мазмұны: Хроматография әдістері. Газ және сұйық хроматография. Адсорбциялық, ионалмастырғыш, таралғыш хроматаграфия. Теориялық негіздері және эксперимент техникасы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Хроматографияның физико-химиялық негізін, хроматография теориясын, әртүрлі факторлардың әсерін, хроматографиялық анализ түрлерін біледі.

Іскерлігі: Хроматографиялық анализ әдістерін таңдай, есептеулер жүргізе, детекторлар таңдай, анализ мәліметтерін талдай алады.

Дағды: Хроматографиялық анализін жүргізу техникасын, үлгілерден сынама дайындау дағдыларын игерген.

Компетенция: Газдық-сұйықтық, газдық-адсорбциялық, жоңары эффекті сұйықтық, газдық хроматография саласында құзіретті.

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., профессор м.а. Мусабаева Б.Х.

27

GEZhNO

0227


Ғылыми экспериментті жоспарлау және нәтижелерін өңдеу

Кредит көлемі - 2 (1+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны - 3



Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквизиттер – Физико-химиялық анализ әдістері, Зерттеудің физикалық әдістері.

Оқыту мақсаты: Химиялық эксперимент нәтижесін өңдеуде қазіргі математикалық әдістерді қолдануды оқыту.

Қысқаша мазмұны: Ғылыми зерттеулердің мақсаты және негізгі бағыттары. Параметр факторлары. Экспериментті жоспарлаудың әртүрлі әдістері. Экспериментті дайындау. Экспериментті жүргізудің метрологиялық аспекттілері. Эксперимент мәліметтерін математикалық өңдеу. Мәліметтерді біріншілік өңддеу. Варианттар, олардың біртқтастыңы және таңдамалылыңы. Қалыпты таралу. Гаусс, Лаплас функциясы. Стьюден таралуы. Гипотезаны тексеру.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: экспериментті жоспарлау принциптері және негізгі түсініктерін, химиялық анализ өңдеу және көрсету әдістерін біледі.

Іскерлігі: Жоспарлай, өлшеу жүргізу, өлшеу нәтижесін өңдеу және зерттелетін объектісін математикалық жобалай алады.

Дағдысы: Химиялық экспериментті қою және жүргізе алады, олардың нәтижелерін өңдей алады.

Құзіреттілігі: Химиялық анализ нәтижелерін метрологиялық қою және жүргізу саласында негізгі білімін игереді, зерттеу дағдылары бар.

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., и.о. доцента Оразжанова Л.К.

28

KT 0228

Қалдықсыз технология

Кредит көлемі 2 (1+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны - 3



Пререквизиттер – 101 кредит

Постреквизиттер – Жоқ

Оқыту мақсаты: Өндірістің қалдықсыз және аз қалдықты технология курсын оқу, қалдықсыз және аз қалдықты өндірісті жүзеге асырудың принциптерін және оларға қойылатын талаптарды оқу.

Қысқаша мазмұны:

Энерготасымалдағыш және үрдісте қолдануда жоғары коэффициентке ие шикізатты таңдаудағы мәселелер. Қалдықсыз өндірісті ұйымдастырудың негізгі принциптері мен оларға қойылатын талаптар. Шикізат пен энерготасымалдағыштың өтпелі сипаттамалары кезіндегі өндірісте өнімді алуды жүргізу.



Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Қалдықсыз және аз қалдықты өндірісті жүзеге асыруда негізгі ерекшеліктерді біледі, оларға қойылатын талаптар мен шарттарды, қалдықсыз және аз қалдықты өндірісті жүзеге асыру жолдарын біледі.

Іскерлігі: Өндіріс пен өндіріс орындарының қалдықтарын жіктей алады, энерготасымалдағышты таңдаудағы мәслелерді анықтай алады.

Дағдысы: Сынама алу әдістеріне практикалық дағдыланған.

Құзыреттілігі: Органикалық және бейорганикалық қосылыстар технологиясында және химия облысында базалық білімі, зерттеушілік қасиеттері бар.

Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.к., доцент Омарова Н.М.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет