2.2. Әлемдік есірткі саудасы және нашақорлық.
Элитаның ермегі болған және жанға батар сырқатты басатын медициналық дәрі орнындағы есірткілер уақыт өте келе сауда саттықтың көзіне айналды. Есірткінің жаппай тұтылу деңгейі мен үлкен табыс көзіне айналу мүмкіндігі 1840-1842 және 1856-1860 жылдары ірі көлемде есірткімен қамтамасыз етуші және шығарушы – Ұлыбритания, Франция, АҚШ және императорлық Қытай арасында «апиын соғысы» деп аталған кең көлемді қақтығыстарға ұрындырды. Бүгінгі газет-журнал беттерінен мейлінше танымал болып отырған криминалдық-коммерциялық түсінік – есірткі бизнесі тап сол тұста пайда болып еді2.
Әлемге есірткі саудасы аса зор қауіп төндіріп тұр. БҰҰ-ның мәліметі бойынша қазіргі кезде бүкіл әлемде нашақорлар 200 миллион адамға жеткен. Есірткі саудасымен айналысушылар жылына 500 миллиард пайда тауып отыр, мак өсіру бидайдан 30 есе пайда әкеледі екен. Әлемдік есірткі саудасы әлемдік көлемде сатылатын темір, болат, автомобильді қоса есептегеннен жоғары болып отыр3.
Нақтылай айтсақ бүгінде әлемнің 142 миллион тұрғыны марихуана тұтынады, 30,5 миллион адам амфетаминдерге және синтетикалық есірткіге бой алдырған, 13,4 миллион адам кокоин тұтынады, ал героин мен апиынның торына түскендері 8 миллион екен. 1998 жылғы 8-10 маусымдағы БҰҰ-ның Бас ассамблеясы өзінің 20 Арнайы сессиясында қабылдаған Саяси декларациясында былай делінеді: «...Есірткі адамдардың өмірін қасіретке айналдыруда, қауымдарды күйретуде, адамның қалыпты дамуын бүлдіруде және қылмысты туғызуда.
1Е.Қарин. Терроризмге қарсы күрес: жетістік және кемшілік.//Егемен Қазақстан. 14 тамыз 2002.
2Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 112 б.
3С.Абдулпаттаев. Халықаралық лаңкестікке, экстремизмге және есірткі саудасына қарсы күрес.//Ақиқат. № 1 2003. 18 б.
Есірткі барша елдердегі қоғамның барлық салаларын қамтиды: айталық, есірткіні қолдану әлемдік жетістіктің ең құнды байлығы – жастардың бостандығы мен дамуына нұқсан келтіруде. Есірткі бүкіл адам баласының денсаулығы мен тұрмысына, мемлекеттердің тәуелсіздігіне, демократияға, ұлттардың, қоғамның барша құрылымдарының тұрақтылығына, сондай-ақ миллиондаған адам мен олардың отбасыларының қадір-қасиеті мен үмітіне төнген қатер...».1
Әрине, есірткі бизнесінің таралуына мемлекетаралық жанжалдар, ішкі тұрақсыздық, шекараның ашық-шашықтығы, әлеуметтік кедейшілік пен саяси тұрақсыздық әсер етпей қоймайтындығы белгілі жайт.
Есірткі заттарын өндіруді Оңтүстік-Батыс Азияның «Алтын жарты ай» ұйымы - Ауғанстанның оңтүстігі, Пакистанның солтүстігі, Иранның шығысы аймақтарында мықтап қолға алынған. Ауғанстаннан Еуропа елдеріне есірткі жеткізу үш бағытта жүргізіледі екен.
Бірінші жолы – Пакистан теңіз порттары арқылы жеткізіледі, мұнда бүкіл есірткінің жартысынан көбі тасымалданады.
Екінші жолы – Орталық Азия, Қазақстан, Ресей, Украина және Белоруссия арқылы өтеді, мұнда есірткінің үштен бірі тасымалданады.
Үшінші жолы – Иран арқылы жеткізіледі.
Оңтүстік-Шығыс Азияда «Алтын үшбұрыш» аймағы – Лаос, Тайланд, Мяньма (Бирма) мак өндіруді кең жолға қойған. 2002 жылы мұнда өндірілген 2500 тонна апиынның 90%-ы Бирманың үлесінде екен. Аталмыш елдің Жапония, Австралия, Солтүстік Америка есірткі рыноктарымен тығыз байланыста жұмыс жасап жатқандығы белгілі. Латын Америкасындағы «Анд үшбұрышы» - Мексика мен Колумбия есірткі саудасын дамытып, әлемге негізгі кокаин жеткізіп берушіге айналған. Ал, «Алтын жарты ай» мен «Алтын үшбұрыш» ұйымдары героин мен апиынға монополия орнатқан2.
Жыл сайын әлемде мың тоннаға дейін кокаин шығарылады. Оның басты тұтынушылары АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония және Австралия мен басқа елдерге түрлі жолдармен жеткізіліп жатыр. Есірткі бизнесінің дамуы есірткіні шығаратын елдер үшін де, оны тұтынатын елдер үшін де нағыз қасіретке айналған. Мәселен, есірткіге қарсы күресу үшін Колумбия үкіметі жыл сайын экономикасынан жырып, 1 миллиард долларға жуық қаржы жұмсайды. Сонда да, Колумбияның 500 мың гектар жерінде есірткі өсірілуде. Соңғы жылдары кокаин мен героин өндіретін тағы бір алапат күш – Нигерияның ұйымдасқан қылмыстық тобы пайда болды. Ол жылдан жылға ұлғайып барады.
1Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 115 б.
2С.Абдулпаттаев. Халықаралық лаңкестікке, экстремизмге және есірткі саудасына қарсы күрес.//Ақиқат. № 1 2003. 19 б.
Мәселен, 1997 жылы Қазақстанда шетелдік арнайы қызметпен қоян-қолтық жүргізілген ҰҚК қызметкерлері аумағымыз арқылы Шығыс Еуропаға өтетін есірткінің «Нигериялық» арнасын ашып, оны талқандады. Сөз жоқ, «экзотикалық есірткі трафигі» делінетін Нигерия есірткісі біз үшін басты қатер емес, қатердің үлкені Ауғанстаннан Еуропаға жіберілетін есірткілер тасқыны болып табылады1.
Тәліптер режимі күйреген соң Ауғанстандағы миллиардтаған доллар тұратын есірткінің Еуропаға сатуға жіберілуі БҰҰ-ын мазалап отыр. Ауғанстаннан шыққан есірткілер Косовоның «Арнавуд» қарулы топтарының қорғауымен Еуропа елдеріне таратылып отырғаны мәлім болған. Есірткі сатудан түскен қаржы негізінен Македонияда бас қосып жатқан Арнавуд жасырын тобын қару-жарақпен қамтамасыз етуге жұмсалуда. Олардың есірткі базарын қарамағына алғандығына нақты дәлелдер келтіріп отырған мамандар бар. БҰҰ-ын елеңдетіп отырған бұл оқиғалар 2002 жылда Македонияда мың да бір қиындықпен жүзеге асырылған бейбітшілікке қайта қауіп төндіріп тұрғанын айғақтайды.2
Оратлық Азия, белгілі болғандай есірткі шығаратын елдер мен оны тұтынушылар аралығындағы транзиттік дәлізге айналған. Бұл жол – «Алтын жарты ай» ұйымының жолы. Сарапшылардың пікірінше бүгінде Ауғанстан есірткісі көп елдерде басқа есірткілерді ығыстырып келе жатыр. ТМД елдерінде бой алған героин негізінен Ауғанстаннан келеді. Еуропадағы барлық героиннің 80%-ы Ауғанстанда шығарылады екен3.
Ауғанстан қазір жыл сайын 2,8-ден 4,8 мың тоннаға дейін апиын өндіріп отыр4. Осы миллиардтаған пайданың біраз бөлігі Орталық Азияға өтеді. Сондықтан да есірткі бизнесімен айналысушылар Орталық Азияда жағдайдың тұрақсыз болғандығын қалайды. Егер біз есірткі бизнесіне тосқауыл қойып, онымен күрес шараларын қатаң қолға алмасақ, экстремизм мен терроризмді ешқашан жеңе алмаймыз. Өйткені, экстремизм мен терроризм көбінесе наркобизнестің сценариімен жүзеге асырылып жатады. Ал оның артында миллиардтаған АҚШ доллары жатыр. Сол пайданың 1%-ын ғана лаңкестік әрекеттерге бөлу арқылы аймақтағы жағдайды шиеленістіруге ықпал ете алары сөзсіз.5
Қазір осынау әлемдік қауіпке қарсы күресетін елдер үш топқа бөлінеді:
Бірінші топқа – Нидерландия, Бельгия, Германия, Португалия, Испания, Швейцария елдері жатады.
1Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 118 б.
2Ауған есірткісіне Еуропа елтіп отыр.//Қазақстан ZAMAN. 22 ақпан 2002.
3О.Медведева. Наркоманы сядятся на стакан.//НП. Март 2003.
4Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 116 б.
5М.Әшімбаев. Экстремизм мен терроризмнің түптамыры есірткі бизнесінде жатыр.//Егемен Қазақстан. 29 қараша 2000.
Бұл елдерде есірткі затын сату мен тұтыну жартылай жариялылық жағдайында, яғни әрбір адамның 30 граммға дейін гашиш, марихуана сақтуына рұқсат берілген. Нәтижеде, соңғы жылдары Нидерландия Батыс Еуропаның «есірткі астанасына» айналып отыр.
Екінші топқа – Туркия, Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Қытай, Бангладеш, Индонезия, Малайзия, Тайланд, Египет, Сауд Аравиясы елдері жатады. Бұл елдерде есірткі саудасына қатаң жаза қолданылады, есірткі таратқаны және балаларды нашақорлыққа үйреткені үшін кез келген адам өлім жазасына кесіледі. Қытайда 1950 жылдан бастап есірткі саудасына қарсы мемлекеттік саясат жүргізіліп, ол жақсы нәтижелерге жеткізді. 1995 жылдан бастап нашақорларды күштеп емдеу қолға алынған. Бірақ, соған қарамастан қазір Қытайда нашақорлар саны 900 мыңға жетіп отыр.
Үшінші топқа – АҚШ, Ұлыбритания, Франция елдері жатады. Бұл елдерде есірткіні заңсыз сатумен айналысқандарға қатаң бақылау жасалған. Ұлыбритания мен Францияда нашақорларды күштеп емдеу жолға қойылған. АҚШ-та есірткі саудасымен айналысқандарға қылмыстық іс қозғалады. Жазаның ең үлкені - өмір бойы бас бостандыған айыру. Ал Еуропада бұндай жағдайда 20-25 жылға бас бостандығынан айырады. Қазақстанды да осы үшінші топқа жатқызуға болады. Бізде ондай жазаның мерзімі – 15 жыл. Қазақстанда арнаулы мекеме – Нашақорлық пен есірткі саудасына қарсы күрес Агенттігі құрылды, ол Интерполмен қатынасты дамытып келеді. Есірткі саудасы мен нашақорлыққа қарсы күрес БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2002 жыл 24 қыркүйекте шыққан арнайы қарарына негізделіп жүргізіледі1.
Бір дерт өзі сияқты екінші бір дертке себеп болады немесе «жаманшылық жеті ағайынды» дегендей, нашақорлық өз кезегінде ВИЧ инфекциясын да таратушы болып отыр. Дәрігер-наркологтардың мәлімдеуінше ВИЧ инфекциясын жұқтырғандардың 80%-ы нашақорлар екен. 2002 жылда елімізде СПИД ауруынан 72 адам өлген. Ресми түрде 3319 адам осы аурумен тіркелген. Елдегі әрбір 100 мың адамға 20 ауру тараушы тура келеді екен. Нашақорлардың біреуі бір жылда жүз адамға дейін ауру жұқтыруы мүмкін. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Ж. Досқалиевтің мәліметтері бойынша, елімізде 46818 нашақор тіркелген (2003). Олардың 68% есірткінің ең ауыр зиянды түрін тұтынады екен2. Статистикалық мәліметтер бойынша есепте тұрғандардың 2 мыңға жуығы кәмелетке толмағандар, 4,5 мыңға жуығы әйелдер екен. Осылардың ішінен 30 мыңға жуығы «наркомания» деген диагнозбен есепке алынған. Нашақорлық өкінішке орай көбейіп отыр. Сондықтан да нашақорларды емдеу мен есірткіге қарсы күрес бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
1С.Абдулпаттаев. Халықаралық есірткіге, экстремизмге және есірткі саудасына қарсы күрес.//Ақиқат. № 1 2003. 19 б.
2А.Тұяқбайұлы. Нашақорлыққа қарсы күрес.//Қазақстан ZAMAN. Наурыз 2003.
Есірткі заттары дегеніміз – Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының (БДҰ) Ресми есебіндегі есірткі заттары болып табылады. Бірақ бұл Есептегі есірткі заттары барлық елдерде бірдей есептеле бермейді. Мәселен, барбитураттар БДҰ-да есірткі заты ретінде есепте болғанымен КСРО елдерінде ұйқы дәрі ретінде көп жылдар бойы пайдаланып келген. Эфедрин де көп жылдар бойы дәріханаларда арзан бағамен сатылып келді. Кейін оны пайдалану көбейіп, эпидемия жайлаған соң қатаң бақылауға алынып БДҰ-ның есебіне қосылды. Бұл есепке қосылмаған психотропты заттар – таксикомания деп аталады. Нашақорлықтың өсіп кетуіне біріншіден, есірткі заттарының жаңа түрлері шығарылып және олар ішірткі дәрілері ретінде күдік тудырмауында болып отыр. Екіншіден, аймақтық шекараларымызда бақылаудың жеткілікті дәрежеде болмауынан. Орта және Таяу Шығыстан, Солтүстік Кавказдан есірткі заттары ағылып келуде. Үшіншіден, контрабанда арқылы келіп отырған есірткі заттарының көлемі күннен күнге ұлғаюда, оның бағасы да арзандаған. Төртіншіден, жастар арасында тұрмыстық, химиялық заттарды пайдалану өршіп барады. Мысалы: краска, лак, безин, клей т.б. иісі бас айналдыратын заттар1.
Есірткіні тұтынудың ұлғаюы, әрине есірткіге қатысты қылмыстың да өсуіне себепші болып отыр. Мәселен, 1991 жылдан 2001 жылға дейінгі аралықта елімізде орын алған жалпы қылмыс аясындағы есірткі қылмысының үлесі 2,8%-дан 11,6%-ға, яғни 4 есе өсіп, 2001 жылы мұндай қылмыс саны 17700-ге жеткен. Және тәркіленген психитропты заттардың салмағы жыл сайын 10 тоннаға артып отырады екен2.
Осындай мәселелердің алдын алу мақсатында бүгінде Қазақстан халықаралық құқық нормаларын кәдеге жарата алатын және осы бағыттағы әрекеттерді үйлестіруге жол ашатын жүйелі шаралардың тұтас желісін жүзеге асыруда. Біріншіден, Қазақстан есірткіге бақылау орнатудың халықаралық жүйесіне қосылған. Есірткі саласын бақылауға қатысты БҰҰ-ның негізгі конвенциялары (1961, 1971, 1988 жылдардағы) ратификацияланды. Қазақстан БҰҰ-ның Есірткі заттары бойынша комиссиясына толық хақылы мүше. Және де есірткіні заңсыз түрде таратуға қарсы тұратын халықаралық бірнеше беделді ұйымдардың (ШЫҰ, ОАЭК, АӨІСШК, ҰҚКҰ) белсенді қатысушысы болып табылады. Мәселен, 1996 жыл 4 мамырда ЮНДКП (БҰҰ-ның есірткіге бақылау жасау және қылмыстың алдын алу жөніндегі басқармасы) көлемінде Ташкентте Орталық Азия СІМ-і қол қойған «Есірткі құралдардың, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңсыз өндірісіне, айналымына, оларды қиянат жасап пайдалануға бақылау жасау саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум қабылданған3.
1Д.Еникеев. Как предупредить алкоголизм и наркоманию у подростков. – М.,1999. С. 57-58
2Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 127 б.
3Бұл да сонда, 130 б.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының Декларациясында (маусым, 2002) былай делінген: «ШЫҰ-ға мүше мелекеттер лаңкестікке, сепаратизм мен экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі құралдары мен психотропты заттардың, сондай-ақ қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастықты жандандыруға бекем бел буған. Олар бұл құбылыстарды трансұлттық қатерлер ретінде қарастырады, оларға қарсы тиімді әрекет халықаралық қауымдастықтың ұжымдық күш-жігерімен ғана ұйымдастырыла алады»1.
Екіншіден, бізде нашақорлыққа қарсы ұлттық заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық база қалыптасқан, осы салада кешенді басым шараларды анықтаған стратегиялық бағдарламалық шешімдер қабылданып, жүзеге асырыла бастады. Айталық, «Есірткі заттары, психотропты заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен тұтынуға қарсы шаралар туралы» нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған Стратегиясы, сондай-ақ осы құбылыстармен күресудің 2002-2003 жылдарға Бағдарламасы қабылданды. Осы орайда нашақорлықпен күрестің Стратегиясы мен Бағдарламасы, ТМД шеңберінде бұрын соңды болмаған құжаттар екенін айта кету керек.
Үшіншіден, есірткіге қарсы күрестің елімізде мына сияқты кең көлемде ұлттық жүйесі құрылымдық элементтерінің құрылғанын атап өткен жөн: Нашақорлық проблемасының республикалық ғылыми тәжірибелік орталығы (Павлодар қ.), Кеден комитетінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кинологиялық орталығы (Алматы қ.), ІІМ Академиясының жанынан Есірткілердің заңсыз айналымымен күресетін құқық қорғау және басқа мемлекеттік орган қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру оқу орталығы (Алматы қ.), Бас Прокурор жанынан есірткі мәселесін талдау және бағалау жөніндегі ұлттық ақпараттық сараптау орталығы (Астана қ.)2.
Әрине, қабылданған шараларды тек қана мемлекеттік билік органдары ғана емес қоғамдық қозғалыстар да қолдауы керек, бұл жерде телеарналар мен радиожелілер, баспасөз, ақпараттық құрылымдардың да рөлі үлкен. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген. Осы БАҚ арқылы нашақорлық пен зиянды әрекеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау кең жолға қойылып отыр.Сонымен қазіргі кезеңде мынандай кезек күттірмейтін шараларды жүзеге асыру керек:
-
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұратын әртүрлі құқық салаларындағы ұлттық нормаларды ретке келтіру әрі өзара сәйкестендіру негізіндегі құқықтық сипаттағы шаралар.
1С.Абдулпаттаев. Халықаралық есірткіге, экстремизмге және есірткі саудасына қарсы күрес.//Ақиқат. № 1 2003. 19 б.
2Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 131-132 бб.
-
Басқару сипатындағы шаралар, қажетті мәртебесі бар нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресетін біртұтас ұлттық үйлестірушінің пәрменді жұмыс істеуі.
-
Ынталы мемлекеттік органдардың кадрлық және қаржылай қамтамасыз етілуі негізіндегі материалдық-техникалық сипаттағы шаралар.
-
Нашақорлықтың алдын алу және есіртк бизнесінің жолын кесуді нашақорлыққа душар болғандарды дәрігерлік-әлеуметтік тұрғыдан қатарға қосу жүйесін, осылайша қоғамның барша әрекетін ұйымдастыра дамыту басымдық ретінде бағаланатын шаралар.
-
Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресетін мемлекеттік органдар қызметін паралауды өзггертуге қатысты шаралар.
-
Аумақтары арқылы есірткі тасымалданатын елдердің, аймақтардың, сондай-ақ мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастықпен және біресе қимылдауын мейлінше күшейту және дамыту бағытындағы шаралар, бұған аймақтық саяси және басқа құрылымдардың (ШЫҰ, ОАЭК, АӨІСШК, ҰҚКЫ) әрекеттестігін кеңейте пайдалану кіреді.
-
Қазақстанда есірткіге қарсы нақты жобаларды жүзеге асыру барысында халықаралық қауымдастықтың, шетелдік мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың техникалық көмегін пайдалануды кеңейтуге бағытталған шаралар1.
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан есірткі тоқтаусыз тасымалданатын белдеуде жатыр. Орналасқан жеріне байланысты Қазақстан есірткі бизнесін халықаралық құрылымдарының мүддесі үйлескен аймаққа айналған. Бұл мәселенің географиялық, экономикалық тұрғыдан қарағандағы өлшемдерінің маңыздылығын ескерумен қатар, есірткіге салынушылық пен есірткі бизнесімен күрес қазақстандықтардың өздерінің қолдауынсыз жүргізуге болмайтынын да түсінуге тиіспіз. Проблеманың ауқымын мемлекет ғана емес, тұтастай алғанда қоғамның өзі де шамалауға міндетті»2.
III тарау. Халықаралық және аймақтық-ұжымдық қауіпсіздік пен қорғаныс стратегиялары.
1648 жыл. Ұзақ жылдар бойғы сансыратқан, қанқасап соғыстан бытыраған Еуропа бейбіт өмірді аңсаған. Әрине, жай ғана қаукөрік, қалт-құлт еткен бейбіт өмір емес, талабы тегеурінді, кепілдік пен конструктивті шараларға негізделген, соғыс өрті мен шиеленістерді ауыздықтауда тыпыр еткізбейтін бейбіт өмір болатын. Ақыры соғысушылар арасындағы көптен күткен Вестфаль қалаларындағы Мюнстер готикалық ғибадатханасы мен Оснабрюк ратуша ғимараттарында қол қойылды.
1Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 142 б.
2Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі.//Егемен Қазақстан. Желтоқсан 1999.
Діндердің мүддесі мемлкеттер мүддесіне жол берді. Осылайша Еуропаның аман қалуы мен болашағының қауіпсіздігіне мүмкіндік берген, «дербестік» және «ұлттық мүдде» деген жаңа ұғымдарға негізделген Вестфаль бейбіт келісімі дүниеге келді. Бұл қауіпсіздік жүйесі Наполеондық жаулаулардың тоқырауынан кейін, І дүниежүзілік соғыстың соңына қарай өз мүмкіндігін толық сарқып бітті. Оның үстіне Еуропаға жаңа қауіп – коммунизм төніп келе жатты. Кеңестік Ресей шекара мен дербестікті мойындамайтын әлемдік революцияны ашық насихаттады. 28 маусым 1919 жылда Француз корольдарының резиденциясы болған Версальда Антанта елдері мен Германия арасында жаңа тәртіптерді орнықтырған, соғыстан кейінгі дүниені реттеуші «Версаль» жүйесі деп аталған келісімге қол қойылды. Енді дүние бұрынғыдай ұлттық дербестік принциптерін емес, оның орнына Антанта сияқты бейбітшіліктің ұжымдық кепілін ықтимал агрессорлардан сақтандыруды тұғыр етуге тиіс болды. Версаль жүйесіне соққы берген Еуропа мен әлемнің басқа да өңірлерінің географиялық картасын қайта жасатқан Германиядағы реваншизм мен фашизм болатын. Версаль жүйесінің күйреуі сонымен бірге халықаралық қатынастарда «еуроцентризм» рөлінің бәсеңдеуіне әкеліп, оның орнын «америкацентризм» басты. 1945 жылғы Ялта келісімі біразға дейін геосаяси тепе-теңдікті орнықтырып келіп еді, бұл тепе-теңдіктің тұғыры 1991 жылы шайқалды1.
Дүние 90-жылдарға дейін социалистік, капиталистік және дамушы елдер болып үшке бөлініп келді. ХХ ғасырдың басынан бастау алған аласапыран, кенеттен осы ғасырдың аяғында тағы өзгерді. Енді, социалистік деген түсініктен көпшілік елдер ат-тонын ала қашатын болды. Баяғы, енді дамып келе жатыр деген елдеріміз, ойламаған жерден алға озып кетті. Екі ортада қарызға белшесінен батып қалған ел – Кеңестер Одағы болды да ыдырап кетті2.
3.1. Халықаралық қатынастар және БҰҰ.
Мемлекет өзінің қажеттілігін «ұлттық мүдде» деген терминімен көрсетеді. Дүниежүзіндегі барлық мемлекеттің өзінің ұлттық мүддесін қамтамасыз етуге талпынуы - әлемдік аренадағы күштің тепе-теңдігіне алып келеді. әлемдік тепе-теңдікті сақтау - әлемдегі тыныштықты сақтауды қамтмасыз етеді3.
Әлемнің қазіргі құрылысында тепе-теңдік жоқ. Кейбір күшті мемлекеттің өкілдері бүкіл әлемді шырмауықтай жайлап, қалған мемлекеттердің көтерілуіне көмегін тигізгені үшін басым пайданы алып кетеді де, әлемдік монополияны қалыптастырады.
1Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 18-21 бб.
2Ұ.Үмбет. Үлкен сегіздіктегі Ресейдің үлесі қандай?//Қазақстан ZAMAN. АҚПАН 2002.
3Г.Моргентау. Политический реализм. – М.,1980. С. 107
Дәілрегі екі-үшеуі ұлы державаның қамқорында қалған мемлекеттер болады. Керек кезінде олардан ұлттық мүддесін қанап та, сұрап та алудан тайынбайды. Сондықтан, Г. Моргентаудың бұл теориясы қазіргі кезде бізге көмектесе алмайды.
Француз теоретигі Р. Арон сыртқы саясатты футбол ойынымен салыстырады да мұның ойын тәртібі әлі жазылмағанын және айқындалмағанын ұғады. Өйткені, «кез келген ойыншы одан пайда көргенде, қалыптасқан тәртіпті бұзады. Төреші жоқ. БҰҰ сияқты құрылымдар төрелікке таласқанымен, ұлттық мүддені көздеген адамдар ұжымдық арбитрдің шешіміне құлақ аспайды. Егер, ұлтаралық бәсекелестік шынымен енді осы спорт түрін еске түсірсе, бұл ойын көбіне-көп ережесіз текетіреске ұқсайды». Р. Аронның ойынан әлемдк қауымдастықты бір жерге шоғырландырып отырған БҰҰ-ның да әлсірегенін көреміз. Негізі, мұндай ұйым І дүниежүзілік соғыстан кейін идеализм тәжірибесі негізінде Америка Президенті Вудро Вильсонның қайратымен жасалған. Бриано-Коллегон Пактісінде Ұлттық Лига Бағдарламасы бойынша жүзеге асқан болатын (1928 жыл). Мұнда мемлекетаралық қатынаста күш көрсетуден бас тарту жөнінде көбірек жазылған және Стаимонсонның Доктринасында (1932 жыл) «Кез келген өзгеріс күш қолдану арқылы істелсе, оны АҚШ дипломатиялық жолдан бас тартады» делінген1
БҰҰ 24 қазан 1945 жылы әлемнің 51 мемлекеті халықаралық серіктестік пен өзара ынтымақтастықты сақтау мақсатында құрған болатын. Қазір БҰҰ-ның құрамында 188 ел бар. БҰҰ-ның басты-басты алты органы бар:
-
Бас Ассамблеясы.
-
Қауіпсіздік Кеңесі.
-
Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі.
-
Қамқорлыққа алу Кеңесі.
-
Хатшылық (Нью-Йорк қ.).
-
Халықаралық Сот.
Қаупсіздік Кеңесінің 15 мүше-мемлекеті бар. Оның бесеуі тұрақты болып саналады. Олар – АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Франция. Қалған он елдің өкілдерін Бас Ассамблея екі жыл мерзімге сайлап отырады.
Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің 54 мүше-мемлекеті бар. Оларды Бас Ассаблея үш жыл мерзімге сайлап отырады. Кеңес жыл сайын Женева және Нью-Иорк қалаларында алма-кезек болып отырады. Бұл Кеңес 1998 жылдан бері әлемдік гуманитарлық мәселелерді де қарастыра бастады.
Халықаралық сотың 15 мүше-мемлекеті бар. Оның мүшелерін Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесі сайлап отырады.
Хатшылық Нью-Йорк қаласында орналасқан болып, құрамында 9 Департамент және біраз Басқармалар жұмыс жасайды. Жалпы Хатшылық құрамында әлемнің 160 елінен келген 8700 адам жұмыс істейді. БҰҰ-ның Нью-Йоркта, Женевада, Венада және Найробиде бөлімшелері бар.
1Ш.Мұқан. Соғыстан соң төнген қара бұлт.//Жас Алаш. 17 сәуір 2003.
Сонымен қатар, БҰҰ-ның әртүрлі ғаламдық мәселелерді қамтитын бірнеше салалары әлемнің түрлі елдерінде жұмыс істейді. Олардан мәселен, БҰҰ-ның Даму бағдарламасы (ПРООН), Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы (БЖКБ), Әйелдер қоры (ЮНИФЕМ), Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Өнеркәсіптік даму жөніндегі Конференциясы (ЮНИДО), Сауда және даму жөніндегі Конференциясы(ЮНКТАД), Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (МАГАТЭ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕЙ), Халықаралық теңіз ұйымы (ХТҰ), Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымы (ДИМҰ), Есірткіге бақылау жасау және қылмыстың алдын алу жөніндегі басқарма (ЮНДКП), Еуропалық экономикалық комиссиясы (ЕЭК) және Орталық Азия экономикасы үшін БҰҰ-ның арнайы Бағдарламасы (СПЕКА) сияқты ұйымдары мен бағдарламалары жұмыс істейді1.
Қазіргі заманның ең үлкен проблемаларының бірі болған жаппай қырып-жою қаруларын шығару мен қолдануға тыйым салатын шаралардың барлығы да БҰҰ арқылы жүзеге асырылып отыр. Мәселен:
1967 жылы қабылданаған «Космостық кеңістікте ядролық қару орналастырмау туралы» Келісім;
1968 жылы қабылданған «Ядролық қаруды таратпау туралы» Келісім;
1971 жылы қабылданған «Теңіз бен мұхит түбіне ядролық қару орналастырмау туралы» Келісім;
1972 жылы қабылданған «Бактериологиялық қаруды жасамау туралы» Келісім;
1992 жылы қабылданған «Химиялық қаруды жасамау туралы» Келісім;
1996 жылы қабылданған «Ядролық сынақ өткізбеу туралы» Келісім;
1997 жылы қабылданған «Жер үсті минасын пайдалануды доғару туралы» Келісім және т.б. шаралар осылар қатарына жатады.
БҰҰ-ның «Тыныштықсүйер күштері» 1993 жылдан бері Ауғанстанда, 1994 жылдан бері Тәжікстанда тұрақтылық пен бейбітшілікті бақылап отыр.
Әлемде ядролық әлеуеті жөнінен 4 орынды иемденетін Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы үлкен жетістігі болды.
Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ-ның 47 сессиясында халықаралық қауымдастыққа мүше болып қосылды. Сол сессияда Елбасымыз Н. Назарбаев екі мәселені көтерді: ерікті ынтымақтастық және АӨІСШК-ті құру мәселесі.
2002 жылы 2-4 қыркүйек аралығында Иоханнесбург қаласында әлемнің 110 елінің делегаттары бас қосқан БҰҰ-ның мыңжылдық саммитінде үш мәселе көтерілді: қауіпсіздік, кедейшілік және қошаған ортаны қорғау.
Ядролық, биологиялық және химиялық қаруларды тарату әлемдік проблемаларға жатады. Соны сезінген адамзат кейінгі жылдары жаппай қырып-жою қаруларын қысқарту туралы ойлай бастады.
1Қ.Тоқаев. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. – А.,2002. 288-301 бб.
1972 жылы 26 мамырда АҚШ-пен КСРО арасында «Ракетаға қарсы қорғаныс жүйесін қысқарту туралы» Шарт (РҚҚ) әлемнің стратегиялық тұрақтылығының негізі болып келіп еді. Бірақ АҚШ-тың 2001 жыл желтоқсанда РҚҚ туралы шарттан шығу жөніндегі мәлімдемесі әлемді дүр сілкіндірді. Оған Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүше мемлекеттері қарсылық көрсетті. «Ядролық қарудытаратпау туралы» Келісімге қол қойған әлемнің 187 елінің делегациясы өздерінің арнауында АҚШ-тың бұл әрекетін қарусыздану әрекетіне теріс әсерін тигізіп қана қоймай, оның таралуына да ықпал ететін болады деп мәлімдейді. Қорғаныс кез келген мемлекеттің ең басты міндеті. Бірақ қорғану үшін халықаралық дипломатиялық құқықты пайдаланбай жалпы қарулануға бет бұру әрине, әлем халқын шошындырады. АҚШ халықаралық қауымдастық елдерінің наразылығына қарамастан 1972 жылғы Келісімінен шығып жатқанда, БҰҰ жеңіл қарумен заңсыз сауда саттыққа жол бермеу жөніндегі іс-қимыл Бағдарламасын бекітіп жатты. Қару-жарақ өндірісінің тарихи-саяси қалыптасқан өзіндік иерархиясы бар: ең бірінші орында жеті ел – АҚШ, Ресей, Англия, Франция, Қытай, Үндістан және Пакистан тұр. Әсіресе, Үндістан мен Пакистанның жарыса қарулануы қауіпті күшейтіп отыр. Қытайдың бұл саладағы қарқыны тез. Екінші орында – Германия, Жапония, Канада, Аргентина, Бразилия, Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея. Соңғы топта – Туркия, Египет, Нидерландия және Бельгия. Міне, қазіргі таңда күшті әскери өндіріс кешендеріне ие осы елдер. Солтүстік Кореяның екі деңгейлі «Тэпо Донг-2» зымырандарының күші АҚШ-тың батысына дейін жететіндігі дәлелденіп отыр. АҚШ-тың ОББ мәліметтеріне қарағанда Иран 2010 жылға таман ұзаққа ұшатын зымырандар жасап шығарады. Оның үстіне Ирак соғысына байланысты Иранның қауіпсіздік мәселесіне жіті көңіл бөліп отырғандығы белгілі1.
КСРО тарап екі жүйенің қарама-қарсылығы тоқтаған соңғы кезде, 1989-2001 жылдар аралығында әлем тыныштығы мен өмір сүру бағыты бірқалыпты болатын. Алайда 11 қыркүйектегі АҚШ-та орын алған оқиға сол қалып пен бағытты күрт өзгертті. Әлемдік қауымдастық «антитеррорлық коалиция» құрып, халықаралық терроризмге қарсы күреске шықты. Коалицияның иеициаторы да, басты қаржыландырушысы да АҚШ болды. Терроризмге қарсы күрестің ақыры Иракқа БҰҰ-ның санкциясынсыз АҚШ-тың соғыс ашуына ұласып кетті. Американдық белгілі журналист Риз Ханның: « 11 қыркүйек оқиғасынан бері Батыс Таяу Шығысқа, жалпы мұсылман әлеміне күдікпен қарайды. Ал қазір Ирактағы соғыстан соң әрбір адам Батысқа көз аларта бастады» деген пікірінде негіз бар.Шындығында да әлемнің экономикалық, саяси да бет-пердесі күрт өзгерді. Мұнда халықаралық терроризм мен стратегиялық қайшылықтардың ықпалы ерекше болып отыр.
1Ш.Мұқан. Соғыстан кейін төнген қара бұлт.//Жас Алаш. 17 сәуір 2003.
2002 жыл қаңтарда БҰҰ-ның штаб-пәтерінде «Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы» Халықаралық Конвенциясы қабынданған болатын. Теракт өте салысымен, 12 қыркүйекте БҰҰ ҚК-нің 1368 Резолюциясы шығып, онда «Террорлық акт халықаралық қауымдастыққа қауіп төндіріп тұр. Соған байланысты жеке немесе ұжымдаса қорғануға құқыө беріледі» делінген. 2001 жыл 28 қыркүйекте БҰҰ ҚК-нің 1373 Резолюциясы қабылданып, онда басты үш мәселе көтерілді:
1. Терактінің барлық түрін қылмыстық іс санатына қосу
2. Террористердің қаржылық активтері мен қару-жарақ тасымалдарын тоқтату.
3. Террористерге кез келген ел территориясынан пана беруден бас тарту1.
Ал 2002 жыл қыркүйек айында Нью-Йоркта өткен БҰҰ-ның БА 57 сессиясы АҚШ-тың Иракқа қарсы соққы беру ниеті жағдайында өтті. Бұл мәселе бойынша халықаралық қауымдастықтың пікірі екі ұдай болғаны белгілі. Қазақстан да егемен ел ретінде өз ұсынысын айқындауы тиіс еді. Ең бастысы БҰҰ беделін арттыру болды. Қазақстан делегациясын бастап барған Қ. Тоқаев: «Бүгінгі күні қолданыстағы адамзаттың түбегейлі мүдделерін қозғайтын шешім қабылдау жүйесі күмән келтірмейтіндей болып, тіпті қайсыбір түрде қайта қаралмауы тиіс»-деп мәлімдеді. Сондай-ақ «Бейбітшілік пен соғыс проблемалары, ұлттар қауымдастығының еріктері мен мүдделерін білдіретін шешімдер тек БҰҰ шеңберінде қаралуы тиіс» деп атап өтті. БҰҰ мүшелеріне қарсы әскери күштерді қолдану тек олардың әлемдік тәртіпке қарсы бағытталған іс-қимылдарын халықаралық институт растаған, жоққа шығарылмайтын дәлелдері негіз болуы мүмкін. Иракқа жаппай қырып-жою қаруын жасап жатыр және оны Батысқа қарсы қолданады деп айып тағылғандықтан ядролық қаруды таратпау мәселесі де осы сессияда қаралды. Қазақстандық дипломатия ядролық қаруды бақылау саласындағы ең маңызды рөлді – «Ядролық қаруды таратпау туралы» Шарт пен «Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы» Шарттар атқаруы тиіс деп есептейді. Сондай-ақ Қазақстан «Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы» Шартқа жедел түрде қол қойылуы үшін бастама көтерді. Бұл сессияда да Ауғанстан мәселесі сөз болды. Қазір Ауғанстанда саяси ахуал едәуір жақсы. Ендігі атқарылар іс осындағы жағдайды тұрақтандыру болып отыр. Қ. Тоқаев өз сөзінде Таяу Шығыс проблемасына қатысты халықаралық қауымдастықтың терроризмге қарсы тұруы мен Палестинаға гуманитарлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін жандандыру қажет деді. Және де қазіргі адамзаттың бай мен кедей топтарының арасындағы табыстар мен берекенің анағұрлым үйлесімді бөлу жолдарын қарастыруға шақырды.
1А.Косиченко. Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии. – А.,2002. 115-117
Иоханнесбургтегі форумда Президентіміз Н. Назарбаев: «Өркендеуші мемлекеттердің табиғи және адами байлықтарынсыз бай мемлекеттер ешқашан байымас еді» деп әділін айтқаны есте. Көпжақты деңгейдегі Қазақстанның сыртқы басымдықтары белгілі – ол Еуразиялық құрлықтың аумағында бірыңғай экономикалық кеңістікті құру шеңберінде ықпалдасу. Каспий мұнайы мәселесінде біріншіден, кедергісіз кеме қатынасын жолға қою. Екіншіден, теңіздің биологиялық әралуандығы мен экологиясын сақтау. Үшіншіден, Каспийдің айдыны мен түбін делимитациялау. Төртіншіден, Каспий жағалауындағы бес мемлекеттің ымырасы негізінде көпжақты Конвенцияны дайындау керек1.
Терроризмге қатысты БҰҰ-ның және бір маңызды шешімі 2002 жыл 8 қарашада қабылданған 1441 Резолюциясы болды. Бұл Резолюцияның тағдыры қиын қалыптасты. Өйткені, бір жағынан АҚШ пен Ұлыбритания Иракқа қарсы соғыс ашудың алдында тұрса, екінші жағынан Ресей, Франция, Германия және Қытай соғысқа қарсы болды. Резолюцияны осы қарама-қайшылық арасын бітістіруші құжат десе де болғандай еді. Ол бойынша Дж. Буш пен Т:Блэр БҰҰ ҚК-нің көпшілігі дауыс бергенде ғана соғыс ашуы керек еді. БҰҰ инспекторлары Ирактың кез келген объектісін тексеруге құқық алды2.
БҰҰ мінберінде қаралатын, қазіргі ауқымды проблемалардың бірі кедейшілік. Дүниежүзіндегі 6 миллиардтан астам халықтың 3 миллиардқа жуығы кедейшілік жағдайда өмір сүруде. 100 миллиондай бала баспанасыз. әлемде 800 миллион адам аштық жағдайында екен. Осындай ауыр әлуеметтік жағдай басқа да дамыған елдерге әсер етпей қоймайды. Сондықтан да 1996 жылы «Бүкіләлемдік аштықпен күрес туралы» Конвенция және 2002 жыл маусымда Римде әлемнің 182 елі қатысқан «бес жыл өткен соң» деп аталатын басқосуында 2015 жылға дейін ашаршылыққа ұшырағандардың санын екі есеге қысқарту жөніндегі өз міндеттерін мәлімдеді3.
2001 жылы ақпан айында Наироби қаласында БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарлмасы басқарушылар кеңесінің (ЮНЕП) мәжілісі өтті. Онда дүниежүзілік температураның артуы экологияға, климаттың өзгеруіне әсер ететіндігі тілге тиек етілді. Қазір дүниежүзілік температура +1ºС–қа артқан. Соның өзінде мұздықтардың бірте-бірте еру салдарынан әлемдік су деңгейінің көтерілгендігі байқалады. Олай болатын болса теңіз деңгейінен төмен жатқан Бангладеш, Вьетнам сияқты елдер су астында қалады деген сөз. Мұздықтарда сақталып тұрған көмірқышқыл газының 14% да мұздың еруімен бірге атмосфераға таралу қаупі бар. Осындай мәселелерге байланысты 2001 жыл желтоқсанда Бонн қаласында БҰҰ басшылығымен өткен Конференция адамзатты ауызсумен қамтамасыз етуге арналған болатын.
1Ә.Әбішев. Сыртқы саяси басымдықтар.//Қазақстан ZAMAN. 27 ҚЫРКҮЙЕК 2002.
2С. Муташев. Миссия невыполнима.//Континент. № 23 2002. С. 33
3С.Абдуллпаттаев. Халықаралық лаңкестікке, экстремизмге және есірткі саудасына қарсы күрес.//Ақиқат. № 1 2003. 23 б.
Жалпы БҰҰ-ның басты мәселесі – адамзат, оның өмірі, құқық бостандықтары мен қажеттіліктерінің өтелуі және әлемдік құндылықтар мен байлықтардың әділ бөлінуіне септігін тигізу, әртүрлі деңгейдегі қарама-қайшылықтарды екі жақтың да мүддесін теңдей ескере отырып бейбіт жолмен шешу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |