№ 3 (106) 2015
347
Кестеде көрсетілген бала асырап алу кезеңдеріне толық тоқталып өтейік.
1-кезең. Бала асырап алушы отбасыларын іздестірумен байланысты. Бала асырап алушы өзінің
тегін, аты-жөнін,
мекенжайын, байланыс телефондарын, жасып, өз балаларын және олардың
жасын, асырап алғысы келетін баланың жынысын көрсетіп тиісті орындарға арыз береді. Бұл
кезеңде әлеуметтік педагог ақпараттық қызметті атқарып, басқа да мамандармен бірге сұрақ-жауап
жүргізудің анкеталық жұмыстарына дайындалады.
2-кезең. Бала асырап алушыға анкета толтыру ұсынылады. Онда ата-аналар өз отбасылары-
на смипаттама береді, өз өмір сүру дәстүрлерін сипаттайды. Отбасы мүшелерінің діни сенімдері
мен ерлі-зайыптылардың денсаулық жағдайлары, отбасының материалдық жағдайы, бала асырап
алудағы себептері және басқа да қосымша мәліметтер көрсетіледі. Бұл анкетаны немесе басқа да
мәлімет беретін қүжатты әлеуметтік педагог басқа да мамандармен бірге талқылай отырып, баланы
асырап алуға сеніп тапсыратын отбасын іріктеуге алдын ала диагностика жасайды.
3-кезең. Мұнда бала өмір сүріп жатқан балалар үйіне немесе отбасына бару қарастырылады.
Бұл кезеңде әлеуметтік педагог бала мен болашақ асырап алушы отбасы арасында делдалдық
қызметті атқарады. Ол баланы бақылауға алады, оның тәрбиесімен кім айналысатындығы туралы
сұхбаттасады,
4-кезең. Мұнда отбасына тереңдетілген зерттеу жүргізу қарастырылады.
Әлеуметтік педа-
гог арызбен және анкетамен танысып болған соң бала асырап алатын отбасымен, ата-аналармен,
отбасындағы басқа да мүшелерімен танысады. Ондағы мақсат -отбасындағы психологаялық климат-
ты анықтау, отбасы мүшелерінің бойындағы жағымсыз әрекеттерді айқындау. Кейіннен әлеуметтік
педагог басқа мамандармен бірге отбасын қоршаған ортаны (көршіні, әріптестерді, достарды және
т.б.) зерттеп, бақылауға алады. Ол әңгіме, сұхбат, анкета және т.б. әдістері арқылы жүзеге асыры-
лады.
5-кезең. Бұл кезеңде болашақ ата-аналар арнайы курстан өтіп, оқытылады. Оңда бала орналасқан
мекемеде 2-3 күндік лекциялар ұйымдастырылып, теориялық білімдер мен практикалық дағдылар
қалыптастырылады. Мұнда әлеуметтік педагог оқытушылық кызметті атқарады.
6-кезең. Баланы асырап алған отбасына тапсырумен байланысты болады.
Әлеуметтік педагог баланы қамқорлыққа алуда өзінің қызметтік функцияларын сәтті жүзеге
асыру үшін балалықты қорғау бойынша заңдар мен нормативтік-құқықтық құжаттарды,
әлеуметтік педагогиканың негіздерін, әдістері мен формаларын; балалар мен жасөспірімдердің
тұлғалық дамуының негізгі заңдылықтарын, олардығ сұраныстарының,
қызығушылықтары мен
мотивтерінің ерекшеліктерін және оларды қанағаттандырудың дәрежесін; әлеуметтік саладағы
жұмыстың ерекшелігін; отбасыларымен жүргізілетін жұмыстардың мазмұнын, формалары мен
әдістерін; әлеуметтік педагог қызметі мен аталмыш мекеменің функциялары мен кұқықтарын
және
нормативтік құжаттарын; енбекті қорғау ережелерін, қауіпсіздік техникасын, отбасын
диагностикалық зерттеу жүргізудің әдістемелерін, тұлғаның дамуын, өз жұмысын бағдарламалау
мен талдау жасаудың әдістерін білуі тиіс [3, 233].
Ережеге сәйкес әлеуметтік педагог баланың және оның отбасының барлық проблемаларын тек
өзі ғана шешуі мүмкін емес. Сондықтан, баламен немесе отбасымен жұмыс жүргізуді жоспарлаудың
кезеңдерінде қойылған міндеттерді шешуде қандай педагогпен, психологпен, мекемемен және
ұйыммен өзара әрекет ету қажет болатындығын айқындап алуы қажет.
Әлеуметтік педагогтың
қызмет барысында қолданатын шараларының кешені әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, баланы
биологиялық отбасында тәрбиелеудің жолдарын қарастыру, клиенттердің өз проблемаларын өз
беттерінше және ақылмен шешуге бағдар беру идеясынан туындайды.
Әлеуметтік педагогтың отбасыларымен жүргізетін жұмысының жоспары нақтылы жағдайға
және ондағы проблеманың қиындығына байланысты жеке өзінің көзқарасы тарапынан жасалады.
Жоспар белгілі бір уақыт мерзімін қамтитын бір немесе бірнеше айға арналып жасалуы да
мүмкін. Күрделі әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешу үшін
әлеуметтік, медициналық,
психологиялық немесе педагогикалық көмек көрсетудегі бағыттар қарастырылатын бірнеше
жоспарды пайдалануға болады [4, 151].
Әлеуметтік педагогтардың тәрбиеленушілерімен жүргізетін жұмыстарын ұйымдастырудың
формалары әртүрлі. Шартты түрде оларды мынадай үш түрге бөліп көрсетуге болады:
1. Әлеуметтік педагогтың келушілермен жеке жара жұмыс жүргізу формасы (сұхбат, кеңес беру,
бақылау, қарым- қатынасты реттеу, коррекциялық жұмыстар жүргізу және т.б.);