Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


-кесте – Магистратураға түсудегі мақсат туралы мәліметтер, гендерлік бөліністе және жалпы



Pdf көрінісі
бет566/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   562   563   564   565   566   567   568   569   ...   615
3-106-2015-2-chast

1-кесте – Магистратураға түсудегі мақсат туралы мәліметтер, гендерлік бөліністе және жалпы
Жауаптар
Жынысы
Барлығы
Ерлер
Әйелдер
Магистратураны бітіру ғылыммен ары қарай айналысуға мүмкіндік береді
13,0%
33,3%
23,4%
Магистратураны бітіру жұмысқа тұру мүмкіндігін арттырады
30,4%
29,2%
29,8%
Магистр дәрежесі табысты мансап жасауға көмектеседі
47,8%
16,7%
31,9%
Магистратураға түсу мәжбүрлі шара, себебі жұмыс жоқ
3,6%
11,6%
9,2%
Магистратураны бітіру жоо-да оқытушы болу мүмкіндігін береді (икемді 
жұмыс істеу кестесі, 56-күндік жазғы демалыс)
5,1%
9,2%
5,7%


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
472
Жауаптарды талдау барысында, магистранттардың басым көпшілігі жетекші мотив ретінде: 
өзін-өзі жетілдіру мен танымдық үрдісті қарастырған. Жауап бергеннің 3,9%үшін жоо мен 
мамандықтың беделі сол арқылы мансабын жоғарылату мүмкіндігі маңызды. Екінші орында 
әлеуметтік мотивтер(29,8%): магистратурадан кейін жұмысқа орналасу оңай және жалпы қоғамға 
пайда әкеледі. Ал, ғылым үшінші орында тұр. Жас ғалымдардың 23,4% ары қарайғы ғылыми 
қызметке, ақиқатты, шығармашылық жұмысты іздеуге бағытталған. 5,7% жоо-да оқыту қызметін 
таңдаған, басты мотив ретінде олар – ыңғайлы жұмыс кестесі, 56-күндік жазғы демалысты белгіледі. 
Қалғандары үшін (9,2%) магистратураға түсу мәжбүрлі шара болды, себебі, олар тығырыққа тіреліп, 
жұмысы болмағандықтан тайм аут алған.
Жоғары оқу орындарында еңбекақының төмен болуы мен кадрлық жетіспеушілік жағдайында, 
жас ғалымдар академиялық немесе зерттеушілік ұстанымдарын әкімшілік лауазымдарымен 
қатар алып жүруге бағытталған. Докторантураға түсу мақсаттарын зерттеу нәтижелері көрсетіп 
тұрғандай, докторанттардыңбасым көпшілігі жұмысқа тұру мен табысты мансапқа бағытталған: 
мысалға, 42,4%-ның пікірінше, PhD докторантура білім беру, ғылым, бизнес, мемлекеттік қызметтегі 
мансабын жоғарылатуда көп мүмкіндік береді, ал 36,4%-ның пікірінше, PhD докторантура жоо-
на жұмысқа тұру мүмкіндігін жақсартады. Деректер көрсетіп тұрғандай, ары қарай ғылыммен 
айналысу мақсаты жігіттерге қарағанда, қыздар арасында кең таралған. 
Зерттеу барысында барлық респондетке Қазақстандағы жоғары оқу орындарының қазіргі кездегі 
жағдайын бағалау ұсынылды. Респонденттердің жауаптары біртекті емес: магистранттардың теңдей 
үлесінің пікірінше, жоо ғылымы жүйе ретінде жоқ десе, сол уақытта, магистранттардың тура сондай 
үлесі жоо-ғы ғылыми соңғы уақытта өте қарқынды түрде дамып келе жатқанын айтады. ЖОО 
ғылымына қатысты берілген баға жыныстар, білім саласы және ары қарайғы жоспарлар бөлінісінде 
талданды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   562   563   564   565   566   567   568   569   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет