Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет71/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
58
Бұл жұмыс – мамандық қана емес, сонымен қатар, бұл қол ұшын беретін, адами проблемаларын 
бірге шешетін, проблемаларды тиімді, дұрыс шешілу жолдарын табатын адамдар тағдыры. 
Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, оның табысына барлық қоғам мүдделі екенін есте 
ұстау керек. Болашақта әлеуметтік педагог мамандығы мұғалім мен медицина қызметкер лері 
секілді бұқаралық сипатқа ие болады. Себебі қоғам үшін «әлеуметтік эпидемиямен» күрескеннен, 
«әлеуметтік аурулардың» алдын-алу әлдеқайда тиімді екендігі белгілі.
Сонымен қатар әлеуметтік педагог жұмысындағы диагностикалық жұмыстарға, түрлі балалар 
категориясымен жұмысының негізгі бағыттарына, әлеуметтік педагогтың педагог-психологпен 
бірлескен жұмыстарына, девиант тық мінез-құлықты оқушылармен жүргізілетін әлеуметтік 
педагогтардың жұмыстарына әрқашанда мән беріледі.
Қазіргі заман жастарының қоғамдағы жағдайын әлеуметтік жағдай ретінде, яғни олардың 
өмір сүруі мен тұлғалық дамуына жағдайдың жеткіліксіз болуы, шектеулік, материалдық және 
рухани ресурстардың жеткіліксіз болуын айтуға болады. Күнделікті өмірде жастар ішімдікпен, 
нашақорлықпен, ассоциалдық мінез-құлықпен, қылмыспен кездесуде. Баланың жаны мен
психикасына жағымсыз әсер ететін толық емес, кикілжіңді, қолайсыз, бейморалды отбасылар 
көбеюде. Балалар мен жастар үнемі білім беру мен тәрбие саласында да әлеуметтік қарым-қатынасқа 
түсуде. 
Қазақстан қоғамының жоспарлы экономикадан нарықтық, тоталитарлық жүйеден 
демократиялық жүйеге ауысуы ескі проблемалардың шиеленісуіне, жаңа проблемалардың, соның 
ішінде жастар ортасында да пайда болуына әкеліп соғуда. Балалар мен жастардың әлеуметтік 
проблемалары - халық арасындағы ерекше әлеуметтік-демографиялық тобының өздері және қоғам 
үшін маңызды салаларындағы проблемалары. Бұл проблеманы шешу үшін өскелең ұрпақтың және 
оны әлеуметтендіру институтының белсенділігі ғана емес, мемлекет пен қоғам тарапынан арнайы 
саясат қажет болады.
Мәліметтерді талдай келе бүгінгі таңдағы жастардың әлеуметтенуі, әлеуметтік ортаға бейімделуі 
күрделі процесс екендігін байқауға болады. Бұл қиындық алдымен өз болашағы үшін тұлғалық 
жауапкершілігін сезінуі мен тұлға ретінде өзін-өзі іске асыруы болып табылады
Өскелең ұрпақтың табысты әлеуметтенуі үшін олардың тұлғалық дамуы үшін, қоғам мүддесі 
үшін инновациялық қызметі үшін жағдай жасалынуы тиіс. Соған байланысты тұлғаны әлеуметтік 
қорғаудың өзектілігі артып отыр.
Әлеуметтік қорғау – жас ұрпақтың тұлғалық дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік факторлардың 
жағымсыз әсерлерін ескере отырып, ол әсерлерді жоюдың жолын іздеуге, олардың өзін-өзі 
анықтауына, өмірде өз орнын таба білуге бағытталған мемлекеттің мақсатты қызметі. 
Бүгінгі таңдағы оқушылардың қоғамға, әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенудегі 
қиыншылықтар оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге, зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын 
жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал ету қажеттігінен туындап отыр. Әлеуметтік 
педагог - балалардың әлеуметтік тәрбиесін ұйымдастырушы және әлеуметтену процесінің жоспарлы 
және мақсатты түрде өтуіне жағдай жасайтын маман.
Әлеуметтік педагог жұмысының негізгі қызметінің бірі – оқушының ұтымды әлеуметтенуіне 
әсер ететін баланың кіші ортасын ұйымдастыруға, қалыптастыруға әсер ету. 
Жалпы білім беретін мектептердегі әлеуметтік педагогтар білім беру мекемелерінде қолайлы 
орта құруға, оқушының, педагогтардың тұлғалық мәселесін шешуге, әлеуметтік орта мен бала 
арасында кең байланыс жасауға мамандалады.
Балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау – баламен бірге оның өзіндік көзқарасын, мақсатын, 
мүмкіндігін анықтау үшін және қоғамда қалыпты өмір сүруге кері ықпал, кедергілерді жоюдың 
жолын анықтау, өмір сүруіне, қарым-қатынасына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, алдына қойған мақсатына 
жету және адамгершілік қасиетін сақтап қалуына көмектесу.
Әлеуметтік педагог біріншіден, мүмкіндігінше проблеманың алдын-алуға тырысады
проблеманы тудыратын себептерді анықтай және уақытында оны жойып отыру, адам бойындағы
олардың қарым-қатынасындағы әртүрлі ауытқушылықтардың алдын-алып отыру, осы арқылы 
қоршаған әлеуметтік ортаны сауықтырып отырады. Әлеуметтік қызметкер проблеманың алдын-
алумен емес, проблеманың өзімен жұмыс жасайды: маскүнемдік, нашақорлық, әлеуметтік 
депрессия, қаңғыбастық, ауру, өзіне-өзі қызмет ете алмаушылық, мүгедектермен жұмыс, 
стихиялық зіл-зала, көші-қон мәселесі, күйзелушілік, әлеуметтік бейімделу, қарт адаммен жұмыс, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет