Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы



бет8/13
Дата03.07.2016
өлшемі0.76 Mb.
#174222
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», заңдарын және басқа да білім беруге байланысты құқықтық нормативтік актілерді; педагогика, психология теориясын, жас физиологиясын, мектеп гигиенасын, тәрбие жұмысының әдістерін; оқыту құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; үйірме, секция, студия, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламаларын; балалар ұжымы, ұйымдары және қауымдастығы әрекетінің негіздерін; еңбек туралы заңнама негіздерін; еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін білу.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары білім.

біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ педагог-ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдермен диагностикалық жұмысты ұйымдастыру нысандарын білуі; тәрбие үрдісінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі; әдістемелік бірлестік, озық іс-тәжірибе мектептерінің жұмыстарына қатысуы тиіс.



Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе бейін бойынша жоғары кәсіби білім және мұғалім-ұйымдастырушы қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.

біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты педагог-ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар тәрбие жұмысына талдау жасау әдістерін білуі, сараланған тұрғыдан балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу әдістемесін өздігінен әзірлей білуі, жұмысында озық тәжірибені қолдана білуі тиіс.



Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес немесе бейін бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты педагог-ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар, ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстардың әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлей білуі, оны апробациядан өткізу бойынша жұмыстар жүргізе алуы; әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелері бойынша шығармашылық топқа жетекшілік жасай білуі тиіс.



Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес немесе бейін бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 6 жылдан кем емес.

біліктілігі орта деңгейлі санатсыз маман: еңбек өтіліне талап қойылмайтын техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта).

біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ педагог-ұйымдастырушыларға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар жасөспірімдермен және балалармен жүргізілетін диагностикалық жұмыстардың ұйымдастыру нысандарын білуі; тәрбие үрдісінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз ету; әдістемелік бірлестіктердің, озат тәжірибе мектебінің жұмыстарына қатысуы тиіс.



Біліктілікке қойылатын талаптар:

техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.



біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты педагог-ұйымдастырушыларға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде сараланған тұрғыдан қарым-қатынас жасауды ескере отырып, өздігінен тәрбие әдістемесін әзірлей білуі, жұмысында озық іс-тәжірибені қолдана білуі тиіс.



Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (кәсіптік орта, арнаулы орта) және педагог лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.

біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғарғы деңгейлі бірінші санатты педагог-ұйымдастырушыларға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар жаңа педагогигалық технологияларды, нысаналы бағдарламаларды әзірлей білуі, оларды апробациядан өткізу жұмыстарын жүргізуі, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі шығармашылық топтарды басқаруы, озат педагогикалық тәжірибені және оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық техналогияларын өз жұмыстарында пайдалануы тиіс.



Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және педагог лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
Дарынды балалармен жүмыс бойынша ғылыми-практикалық орталықтардың (ҒПО) педагог-ұйымдастырушысы
Лауазымдық міндеттері: Дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша бағдарламалар, оқу-әдісітемелік құралдар, әдістемелік-нұсқаулық құжаттар әзірлейді. Оқушылардың ғылыми қоғамдарының, мүдделері бойынша клубтардың, ғылыми мектептердің, олимпиадалық резервтегі кәсіптік мектептердің дарынды балаларға арналған сырттай мектептердің жұмысын ұйымдастырады. Дарынды, жеке, талантты, ақылды және физиологиялық қабілетті оқушылардың, жастардың дамуына көмектеседі, жеке жалпы мәдениетті қалыптастырады. Жаңа технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлеуді жүзеге асырады. Дарынды балаларды дамыту және іріктеу бойынша іс-шаралар ұйымдастырады. Әдістемелік және ғылыми конференцияларды, семинарларды ұйымдастыруға қатысады және өткізеді. Педагогикалық, ата-аналар қауымымен жұмысты ұйымдастырады. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер жұмыстарын ұйымдастырады, педагогикалық ұжымдарға әдістемелік көмек көрсетеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», заңдарды және басқа білім беру және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-басқару талаптарын шешуге қажетті пәндердің жалпы теориялық негіздерін; педагогика теориясын, психологияны, жас ерекшелік физиологияны, мектеп гигиенасын пәнді оқытудың әдістемесін; тәжірибелік жұмысты, тәрбие жұмысының әдістемесін, дарынды балалармен жұмыс жүргізуді; бағдарламалар мен оқулықтар, оқыту әдістері мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; педагогикалық ғылымның негізгі даму бағыттары мен қазіргі жетістіктерін, еңбек заңының негіздерін, еңбекті қорғау нормалары және техника қауіпсіздігі; санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман:

жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.



Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

жоғары педагогикалық білімі және педагог- ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.



Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

жоғары педагогикалық білімі және педагог-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.



Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

жоғары педагогикалық білімі және педагог-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.


Әлеуметтік педагог
Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке психолого-медико-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді мен мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.

Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтайды, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушылар, тәрбиешілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру ұйымдары арасында байланыс орнатады. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, әдістерін, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу жолдарын, анықтайды. Тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдем ақымен, зейнет ақымен қаматамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді. Балалар мен мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасында байланыс орнатады. Мұғалімдермен, ата-аналармен басқа заңды өкілдермен өзара қарым-қатынас жасайды. Білім беру ұйымындағы оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.



Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарды және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; әлеуметтік саясат негіздерін, жалпы және әлеуметтік педагогиканы; педагогикалық, әлеуметтік, жас ерекшелік және баланың психологиясын; валеология және әлеуметтік гигиена негіздерін; әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістерді; тәрбие жұмысы әдістерін, педагогикалық ғылымның негізгі бағыттарын; әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жоспарлау және талдау; еңбек туралы заңнамалар негізін; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын; санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілік талаптары:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман:

жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары білім.



Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

Жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: озық іс-тәжірибелерді зерттеп оны практикада қолдана білуі, оқу-тәрбие жұмысына талдау жасау дағдыларын, білім беру ұйымдарындағы әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы тиіс.



Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары педагогикалық білім, әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе бейіні бойынша жоғары білім және әлеуметтік педагог лауазымында еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.



біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

екінші санатты әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысына талдау жасау әдістемесін, шығармашылық семинарларды басқара білуі; озық тәжірбиелерді енгізуі тиіс.



біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес немесе бейіні бойынша жоғары білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.



біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғары санатты маман:

бірінші санатты әлеуметтік педагогқа қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды білуі; әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалардың, педагогикалық технологиялардың құрастыра білуі және олардың жұмысы бойыншаапробация жүргізуі, әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерімен айналысатын шығармашылық топтың жұмысын басқаруы тиіс.



біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес бейіні бойынша жоғары білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 6 жылдан кем емес.


Вожатый, аға вожатый
Лауазымдық міндеттері: Балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің қызметінің дамуына ықпал жасайды. Балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің бағдарламаларын жасауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен түрлерін жаңартуға ықпал етеді. Балалар мен жеткіншектердің бастамасын, жас ерекшеліктеріне сәйкес қызығушылықтарымен қажеттілігін ескере отырып, жұмысын жоспарлайды. Ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады. Балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп жатқан ұйымдар, бірлестіктер туралы кең көлемде ақпараттандыруға жағдай жасайды. Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын арттырады, өздерінің қызығушылықтары мен қажеттілігін іске асыру үшін қажетті жағдай жасайды. Білім беру ұйымдарында жалпы мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын ұйымдастыру, балалардың танымдық демалысын олардың бос уақыттарын қызықты да пайдалы өткізуге ұйымдастыруға ықпал етеді. Өзіне сеніп тапсырылған білім алушылармен тәрбиеленушілер, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқоршылық жасайды. Демалыс кезінде олардың демалуын ұйымдастырады. Балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибені зерделейді және қолданады.

Балалардың ұйымдары мен бірлестіктері алғашқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушын) дайындау және іріктеу бойынша жұмыстар жүргізеді.

Білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, оқушылардың ата-аналарымен немесе оларды ауыстырушылармен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы» заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілерді; педагогиканың, психологияның теориясын; жас ерекшелік физиологияны, мектеп гигиенасын, тәрбие беру жұмысының әдістемесін, педагогика ғылымының даму бағыттары; еңбек, туралы заңнамаларының негізін; санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман: жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары білім және балалар мен жеткіншектермен жұмыс істеу қызметіндегі еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.

біліктілігі орта деңгейдегі санатсыз маман: техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) мамандығына сәйкес техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) және балалармен, жасөспірімдермен еңбек тәжірибесінің 2 жылдан кем болмауы тиіс.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:



Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ұсынымдамаларына әзірлей білуі тиіс.



Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары педагогикалық білімі, вожатый мамандығы бойынша қызметтегі еңбек өтілі 2 жылдан кем емес немесе жоғары білімі, вожатый мамандығы бойынша қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес;



біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

екінші санатты вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуі, балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу жұмысының проблемалары бойынша зерделеу дағдыларын білуі, тәрбие бойынша жүргізілетін іс-шараларды талдау әдістерін білуі, өз жұмысында алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибесін қолданауы тиіс.



біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары педагогикалық білім, аға вожатый мамандығы бойынша қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе жоғары білім және вожатый лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.



біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

бірінші санатты вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ұйымдастыру-әдістемелік қызметінінің талдау әдістемесін білуі тиіс.



Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және вожатый лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес немесе жоғары білім және вожатый лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты аға маман:

біліктіліктігі орта деңгейдегі санатсыз вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ұсынымдарды өз алдына әзірлей білуі тиіс.



Біліктілікке қойылатын талаптар: мамандығына сәйкес техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және вожатый лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем.

Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты аға маман:

Вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар; балалармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру нысанын білуі, балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу ісіндегі проблемаларды зерттеу дағдыларының болуы, өткізілетін тәрбиелік іс-шараларды талдау әдістерін меңгеруі тиіс.



Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) мамандығына сәйкес және вожатый қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.

Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты аға маман:

Біліктілігі орта деңгейдегі жоғарғы санатты вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ұйымдастыру-әдістемелік қызметінің талдау әдістемелерін білуі, өз жұмысында алдыңғы қатарлы педагогикалық озық өткізілетін іс-тәжірбие жұмыстарын пайдалануы тиіс.



Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және вожатый лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
Тәрбиеші, аға тәрбиеші
Лауазымдық міндеттері: Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) отбасылық жай-күйін зерделейді және баспаналық-тұрмыстық жағдайын, жеке қабілеттілігін, балалардың қызығушылығы мен баланың жеке тұлға болып қалыптасуын психологтардың нұсқаулары бойынша (топтық және жекелей) дамыту-түзету жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады. Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімделу жағдайларын жасау үшін күнделікті жұмыстар жасайды.

Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) күн тәртібінің, үй тапсырмаларының орындалуын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады. Қосымша білім алуда және демалысты ұйымдастыруда, оқытуда көмек көрсетеді, оларды қызығушылықтары бойынша біріктіретін көркем және ғылыми-техникалық шығармашылыққа, спорт секцияларына, үйірмелерге тартады. Сабақтан тыс уақытта білім алушылармен (тәрбиеленушілермен) тәрбие жұмыстарын жүргізеді.

Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) жас ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады.

Медицина қызметкерлермен оқушылардың (тәрбиеленушілердің) денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық жетілуін қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады, балалардың оқу беру ұйымында сабақтан тыс уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауапкершілік артады. Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы медициналық көмекті көрсетеді. Ата-аналарымен және тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) басқа да заңды өкілдерімен қарым-қатынаста болады. Топтарға бөлінген мүліктердің, әдістемелік әдебиеттердің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, мүліктердің, оқу құрал-жабдықтары мен ойыншықтардың есебін жүргізеді. Тәрбиешінің көмекшісінің жұмысын басқарады.



Білім беру ұйымының аға тәрбиешісінің лауазымдық міндеттері: Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетеді, озық педагогикалық тәжірибелерді жалпылауға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға және олардың бастамаларын дамытуға ықпал етеді. Білім беру ұйымының кеңесімен және балалар ұйымдарымен тығыз байланыста бола отырып, тәрбиеленушілермен (білім алушылармен) жалпы-мәдени жұмыстар жүргізеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы» Заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім, бейіні бойынша жоғары білім және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 2 жылдан кем емес;

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта және кәсіптік орта) және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 2 жылдан кем емес.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: жеке оқыту мен тәрбие берудің технологиясын меңгеруі, балалардың тәрбиелі болуын қамтамасыз етуі, жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалану арқылы әдістемелік бірлестіктердің, алдыңғы қатарлы мектептердің жұмысына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәрбиеші лауазымындағы педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес немесе жоғары білім және тәрбиеші лауазымындағы педагогикалық жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс;

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) жас ерекшеліктеріне қарай тәрбие беру әдістемесін әзірлей білуі, тәрбие жұмысын талдаудың әдістерін және диагностикалық жұмыстың ұйымдастырылған формаларын меңгеруі; шығармашылық семинарларды басқара білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және тәрбиеші лауазымындағы педагогикалық жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс немесе жоғары білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалыық технологияларды, тәрбие беру әдістемесін әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі; педагогикалық озық тәжірибелерді әдістемелік немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы жалпылауы, тәрбие саласының өзекті проблемалары жөніндегі шығармашылық топты басқара білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес немесе жоғары білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес;

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: жеке оқыту мен тәрбие берудің технологиясын меңгеруі, балалардың тәрбиелі болуын қамтамасыз етуі, білім беру ұйымдары шеңберінде озық педагогикалық тәжірибені пайдалану арқылы әдістемелік бірлестіктердің, алдыңғы қатарлы мектептердің жұмысына қатысуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет