Қазақстан республикасы білім және ғылым


 Топырақты бағалау зертханасы



Pdf көрінісі
бет7/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

2. Топырақты бағалау зертханасы жоғарғы сипатталған 
зертханадан 1981 жылы бөлінген. Зертханада әзірше 8-10 қыз-
меткер істейді, онда 2 аға ғылыми қызметкер, 3 кіші ғылыми 
қызметкер бар, қалғандары инженерлік-техникалық жұмыстар 
атқарады. 
Зертхананы биология ғылымының докторы І.Д.Дәулетшин
басқарады. 
Зертхананың бағыты – республикамыздың ауылшаруа-
шылығына пайдаланып жүрген топырақтарды қасиеттеріне
сапасына қарап бағалау. Зертхана қызметкерлері бұл бағытта 
біршама жұмыстар атқарды. Қарашірік (гумус) мөлшері, азот 
пен фосфордың жалпы және жылжымалы түрлері, сіңіру кешені 
топырақты бағалауда негіз болды. Бұл қасиеттердің жерден 
алынған өніммен байланысы зерттелді. Осылардың нәтижесінде 
топырақты бағалаудың 100 балдық шкаласы жасалып, сол 
арқылы топыраққа баға беру ісі қолға алынды. Оңтүстік 
Қазақстан облысының суармалы топырақтары, Ақтөбе облысы-
ның суармайтын топырақтары, Жамбыл, Карағанды облыстары-
ның жайылымдары мен шабындықтары өз бағаларын алды. Бұл 
бастамалар басқа аймақтарда да жалғастырылуда. 


3. Топырақтың агроэкология зертханасы 1972 жылдан 
жұмыс icтeп келе жатқан топырақтағы кұбылыстарды мате-
матикалық модельдеу және топырақ физикасы зертханасы база-
сында 1990 жылы кайта ұйымдастырылды. Зертханада 5-6 қыз-
меткер бар. Оның 2-i ғылым кандидаты, 2-i – кіші ғылыми қыз-
меткер. Жұмыс бағыты — топырақтың ылғал, тұз, жылу және 
ауа режимін басқарудың тиімді әдістерін іздестіру. Зертхананы 
ауылшаруашылығының 
кандидаты, 
тәжірибелі 
ғалым
Э.А.Соколенко басқарады. 
Зертхана қызметкерлері 1972-1975 жылдары топырақ 
астындағы ыза су мен топырақ арасындағы тұз алмасудың 
теориялық-математикалық моделін жасады. Бұл модель бойын-
ша, топырақты тұздан шаюдың, мезгілі мен мөлшерін, жер ас-
тындағы ыза суының, топырақты тұздандырмайтын тереңдігін, 
кәріз қазудың көлемі мен оның жұмыс істеу тәртібін есептеп 
шығаруға болады. Демек, бұл болжау мен есептеу жұмысына 
электронды есептеу машиналарын (ЭВМ) кең, пайдалануға 
мүмкіншілік береді. 
Зертхананың модельдеу және топырақтың ылғалды тұзды 
тәртібін басқару саласындағы байыпты теориялық зерттеулер 
кезінде Венгрия Ғылым академиясы топырақтану және агро-
химия институтының ғалымдарымен бipгe жүpгiзiлдi. 
Соңғы жылдары зертхана бүкіл Қазақстанның, ең алды-
мен, астықты алқаптарымыз — солтүстік облыстар топырақта-
рының агроэкологиялық мүмкіндіктерін зерттеудің терең тео-
риялық мәселелерімен шұғылдануда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет