Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет77/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   115
акушерство китап

Операция орнын дайындау. Малдарды туу бөлмесіне ауыстырсымен оларды дайындауға кіріседі. Бұнда малды күнделікті тазалайды, ал сыртқы жыныс органдарын және құйрығын жуып отырады.
Туу кезінде көмек көрсету алдында жыныс еріндерін, сауырды, екі аралықты және құйрық тамырын, жылы сабынды сумен және дезинфицрлеуші ерітінділердің бірімен мұқият жуады.
Құйрықты заласызданған бинтпен таңып, бір жаққа бұрып мойынына бекітеді. Сауырды таза, жақсы өтектелген ақ жамылғымен жабады. Қынаптың шырыш қабығына көп мөлшерде бор вазелинін Студенцов бойынша жағу қынапты өңдейтін жалғыз радикалды әдіс болып саналады. Ол жатырда манипуляция жасау кезінде қынапты кеуіп қалудан және жарақаттануынан сақтайды.

7.1. Акушерлік аспаптар
Акушерлік көмек көрсету кезінде қолданылатын барлық аспаптар мен құралдарды үш топқа бөлуге болады: 1) көмек беретін аспаптар, 2) төлді алып шығуға және кері итеруге қолданылатын аспаптар, 3) фетотомия жасаған кезде пайдаланатын аспаптар

  1. Бірініші топқа – Лингорстың, Цвиктің, Афанасьевтың тұзақ

өткізгіштері жатады.

  1. Ұрықты кері итеруге қолданылатын аспаптарға - акушерлік балдақ. Кайзер, Беккер және Кюн имек таяқтары (клюкалары) кіреді.

  2. Төлді алып шығуға және кері итеруге арналған аспаптарға - акушерлік жіптер, тоқыма бау (таспа), акушерлік экстрактор (А.И.Варганова А.Д. Юмакина конструкциясы бойынша) акушерлік қармақтар және қышқыштар жатады.

  3. Фетотомия жасаған кезде пайдаланатын аспаптарға, жүзіктік және жасырын пышақтар, акушерлік қашау, ара. Пфлянц, Афанасьев және Тигезен фетотомдары жатады.





6-Сурет. Акушерлік аспаптар.
А- акушерлік жіптер; Б- ілмек өткізгіштер (1-Цвик, 2-Лингорст); В- клюкалар (1-Гюнтер, 2-Кюн, 3-Беккер); Г- акушерлік ілмектер (Крей-Шоттлер, 2-көз); Д- қысқаштар (1-тісті;2-Вит).
Көмек көрсетудің принциптері және негізгі мақсаттары. Көмек көрсету кезінде белгілі бір тәртіппен, ретімен жұмыс істеп, бір принциптерге сүйенбесе ешқандай нәтиже болмайды. Акушерлік көмек көрсету кезінде, төмендегі жағдайларды ескеру қажет:
1. Мүмкіндігі болғанша анасының да, төлдің да тірі қалуына ықпал жасау
2. Акушерлік көмек көрсету кезінде анасының жамбас куысы мен төлдің дене мүшелерінің анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін, өзара орналасу қатынастарын ескеру керек
3. Төлді кері итермей тұрып оның барлық қол жететің дене мүшелеріне тұзақ салып бекіту қажет
4. Төлдің қайырылып қалған дене мүшелерін жатыр ішінде ғана түзету керек.
5. Төлді жатыр ішіне мал тыныштанып толғағы әлсіреген кезде итеріп түсіреді де, күшенген кезде ғана тартып шығаруға әрекет жасайды
6. Төлдің қайырылып қалған дене мүшелерін түзету үшін және оны тартып шығару оңай болу үшін жатыр ішіне 2-3 литр майлы сұйық (қайнатылған сабынды су) құйып, туу жолдарын ихтиол майымен майлайды.
7. Операцияның сәтті аяқталуына күмән туса, союға тура келетін болса иісі жаман дәрілерді, дезинфекциялық ерітінділерді креолин, лизол, карбол қышқылы, йодоформ, камфора қолдануға болмайды
8. Егіз төлді тартып шығарған кезде алдымен үстінде жатқан төлді шығару керек.
9. Егер консервативті әдістер тиісті нәтиже бермейтін болса көп кешіктірмей, кесарь тілігін жасау операциясына, немесе фетотомияға кірісу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет