Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


Генетикалық тұқым қуалаушылық пен сыртқы ортаға



Pdf көрінісі
бет74/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

7.1.1. Генетикалық тұқым қуалаушылық пен сыртқы ортаға 
байланысты экзогендік аномалиялар туралы түсінік. Көптеген зерттеулер 
кейбір аномалиялардың себебі генетикалық факторларға, екіншілерінікі- 
генетикалық факторлармен қосымша сыртқы ортаның жағдайына 
байланысты, үшіншісі - сыртқы орта немесе экзогендік (тұқым қумайтын) 
факторларға байланысты екенін көрсетті. Осыған орай аномалиялар үшке 
бөлінеді:
1. генетикалық;
2. тұқым қуалау-орталық;
3. экзогендік(гр «ексо-сыртқы)
Генетикалық аномалиялар мен ағзадағы морфо-функционалдық 
зақымданулар: гендік және хромосомалық мутациялардың нәтижесінде пайда 
болады. Гендік мутациялар мүшелердің, ұлпалардың морфологиялық 
құрылысын онтогенездің әр кезеңінде зақымдандырады, осыдан ДНҚ 
молекуласының өзгеруіне байланысты туа болатын кемістіктерн кең етек 
алған
Туа болған аурулардың этиологиясы (себебі) летальды және 
сублетальды гендермен байланысты. Мысалы, адамда 2000-ға жуық 
аномалиялар летальды немесе сублетальды мутанттық гендердің кеселінен 
болған.Осындай белгілердің көпшілігі малдарда да зерттеген. 


111 
Тұқым қуалау - ортаға байланысты аномалиялар. Туа болған 
аномалиялардың белгілі бір түрллері көріну үшін энтогендік (генотип) және 
экзогендік (сыртқы орта) факторлардың бірдей дәрежедегі әсері керек. Олар 
көп локусты гендер жүйесімен бақыланады деп есептелінеді
Кейбір жағдайларда фенотиптері ұқсас аномалиялар әр түрлі 
генотиптермен анықталады (генокопиялар). Бір жағынан бұл аномалияның 
генотиптік әр түрлілігінкөрсетеді. Екінші жағынан, алғаш Гольдшмит (1935) 
көрсеткендей, генетикалық аномалияның фенотипі сыртқы орта әсерлерімен 
белгілі бір генотипі бар өкілдерден «көшіріліп» алынуы мүмкін. Мұндай 
аномалияларды Гольдшмит фенокөшірмелер деп атады.
Туа болған аномалиялардың себебін анықтау үшін тератогендік және 
тұқым қуалау әсерлері бар-жоқтығына жан-жақты талдау жасау керек. Ондай 
талдауларға мысал дәрежесі жоғары екі асыл тұқымды шаруашылығына үш 
жыл бойы ұрғашы бұзаулардың, ал одан кейін еркек бұзаулардың ерекше 
кемтарлығы байқалған, бір жасқа жақындағанда олардың белдеме, жамбас 
сүйектерінің өсіп дамуы нашарлап, сырт пішіні қорқау қасқырға ұқсас 
болады. Олардың сан сүйектері өспей, гармондық жүйелерінің қызметі 
зақымданған, тағы басқа да өзгерістері болған. Олардың шыққан тегін 
талданғанда, барлық «қорқу синдромның бар 22 ұрғашы бұзаудың бір-
бірімен туыстығы жоқ әр түрлі бұқадан туғандығы анықталды. Бұл 
деректерге қарағанда аталған аномалияның малдың генотипінен тікелей 
байланысы жоқ екені анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет