27
Бірінші рет бөлінгенде 2 қатарлы ооцит және бірінші бағыттаушы дене,
ал екінші рет бөлінгенде хромосома жиынтығы гаплоидты өсуге қабілетті,
жетілген жұмыртқа жасушасы мен екінші бағыттаушы дене жетіледі. Демек,
ооциттерде сперматоциттермен салыстырғанда
мейоздық бөлінуде жасуша
денесі тең бөлінбейді, бұл жағдайда мейоздық
екі бөлінуден кейін төрт
жасушаның біреуі ғана жұмыртқа жасушасына айналады (7-сурет).
Жоғарғы сатылы жануарларда жаңа ағза дамитын бірден
-бір жасуша
жұмыртқа жасушасы. Осы сипатталған үдерістердің белгілі бір сатысында әр
түрдің аналық ұрық безінен жұмыртқа жасушасы бөлініп шығады (овуляция -
дамуы жетілген жұмыртқаның аналық безден дене қуысына шығуы
басталады).
Жұмыртқа
жасушасы
мен
спермияның
ядролары
(пронуклеустар) бірінші
жарты сағаттың ішінде қосылып, диплоидты ядро
құрайды. Міне, осылайша ұрықтанған жұмыртқа
жасушасын зигота деп
атайды.
Спермий өз ДНК-сын әкеліп қосумен қатар, жұмыртқа жасушасындағы
даму бағдарламасын жандандырып, іске қосады.
Зат алмасу жағынан
жұмыртқа жасушасы ұрықтанар алдында енжар, онда ДНК түзілмейді
(синтезделмейді), ал РНК және ақуыздар өте баяу түзіледі.
Егерде
спермиялар құтқармаса, аналық безден дене
қуысына шыққан жұмыртқа
жасушасы, қоршаған жасушаларының көмегінсіз тез арада тіршілік қабілетін
жоғалтады.
Овогонии Овоцит (І) Полярлы денешіктер (І),(ІІ)
Достарыңызбен бөлісу: