Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


Гомо және гетерогаметалы жыныс



Pdf көрінісі
бет30/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

3.1. Гомо және гетерогаметалы жыныс. 
Ағзаның жыныстық айырмашылығын көрсететін құрылысы, атқаратын 
қызметі жөнінен басқа хромосомалардан айырмасы бар хромосомалар жұбы 
не тобы жыныс хромосомалары деп аталады. Жыныс хромосомалары Х және 
У хромосома түрінде бөлінеді. Әйелдің жыныс жасушасында кәдімгі 
хромосомалардан өзге екі Х, ер адам спермилерінің біреуінде басқа 
хромосомалармен қоса бір Х, екінші біреуінде У хромосома болады. Аталық 
және аналық жыныстардың айырмашылығын көрсетпейтін хромосомалар 
аутосомалар деп аталады. Жыныстық хромосомалар бірдей гаметалардан 
түзілсе оны гомогаметалы жыныс деп атайды. Еркекте спермилердің екі түрі 
- Х немесе У хромосомалары мейоз механизміне сәйкес тең шамада түзіледі, 
сондықтан дрозофиланың аталық жыныстысының гетерогаметалы деп 
атайды. 
Жыныс айырудың балансты теориясы. 1922 жылы К. Бриджес 
дрозофиланың үш еселенген хромосомалар жиынтығы бар үш плоидты 
3Х+3А ұрғашыларын тапты. Кейбір мұндай ұрғашы шыбындар кәдімгідей 
өсімтал болып шықты. Оларды диплоидты ХУ+2А еркек шыбындармен 
будандастырғанда ұрпақтарының ішінде жынысаралық белгілердің - 
интерсекстердің пайда болатыны байқалды. Морфологиялық, цитологиялық 
және генетикалық зерттеулер мұндай ұрпақтардың әр түрлі қатынастағы 
аутосомалар мен жыныстық хромосомалары бар сегіз түрін айқындайды: 
1. 3Х:3А 
2. 2Х:2А 
3. 2Х+У:2А 
4. 2Х:3А 
5. 2Х+V:3А 
6. ХУ:2А 
7. 3Х:2А 
8. ХУ:2А.
Әр түрлі хромосома жиынтығы бар шыбындардың шығу себебі, үш 
плоидты ұрғашы дрозофилалардың хромосомаларының мейозда дұрыс 
ажыраспауынан болған. 
Әр түрлі хромосомалар жиынтығы бар шыбындар түрлері: 
1. Қалыпты еркек және ұрғашы 
2. Аралық белгілері бар - интерсекстер 
3. Шамадан тыс дамыған белгілері бар еркек шыбындар 
4. Шамадан тыс белгілері дамыған ұрғашы ұрпақтар береді.
Соның арқасында тұқымның жынысы Х - хромосома мен аутосомалар 
жиынтығының балансына байланысты. Мысалы, 2Х:3А аутосомалар құрамы 
көп болса еркек интерсекс шыбындар шығады. 


45 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет