Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


Жауып-реттегіш арматуралар



бет13/48
Дата09.03.2023
өлшемі5.9 Mb.
#470527
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48
Шайдуллина УМКД ИССиО 2022 каз 130123

Жауып-реттегіш арматуралар - жылыту жүйесін толығымен немесе жеке бөліктерін, желілерді, жылыту аспаптарын жылудан ажыратуға және сонымен бірге реттеуге арналады. Жылыту жүйелерінің жауып-реттегіш арматуралары муфталық (dу≤40; 50 мм) және фланецті (dу≥ 50 мм) болып бөлінеді.
Жылыту техникасында жауып-реттегіш арматура ретінде көбінесе ысырмалар, вентильдер, крандар және үш жүрісті крандар қолданылады (21-сурет)



21-сурет. Жауып-реттегіш арматураларлар схемасы 
а) ысырма; б) вентиль; в) тығынды кран; г) үш жүрісті кран.

Жылыту жүйесінің барлық элементтерінің (құбыр, жылыту аспаптары, арматуралар, жабдықтар және тағы басқа) ішкі жағы сумен толтырылған. Жүйедегі толтырылған су оны пайдалану барысында біраз өзгерістерге ұшырайды: су температурасы жоғарылағанда көлемі ұлғаяды, ал төмендегенде көлемі азаяды. Сәйкесінше ішкі гидравликалық қысым өзгереді. Бірақ бұл өзгерістер жылыту жүйесінің жұмысына, әсіресе, ондағы элементтердің төзімділігіне зиянды әсерін тигізбеуі қажет. Сондықтан, жылыту жүйесіне тағы бір қосымша элемент – кеңейту ыдысы қосылады (22-сурет).



22-сурет. Жылыту жүйесінің кеңейту ыдысымен қосылған схемасы.
1- қазан; 2- бас желі; 3-беру магистралі; 4- беру желілері; 5-аспаптарға жеткізуші құбырлар; 6- жылыту аспаптары; 7- қайту желілері; 8-қайту магистралі; 9- кеңейту шанағы; 10- реттеу крандары; 11- магистральдардағы ысырмалар; 12- желілердегі вентильдер мен крандар; 13- тығынды үштарамдар (жоғарыдағылары ауа шығару үшін; төмендегілері – суды ағызу үшін); 14- жүйені сумен толтыру құбыры; 15- ағызу құбыры.

Кеңейту ыдысының негізгі қолданылу мақсаты - жүйедегі су қызған кезде көлемінің ұлғаюы нәтижесінде пайда болатын артық суды қабылдау. Бұл кезде жүйеде белгілі бір гидравликалық қысым болады. Сонымен қатар, ыдыс жүйеден шамалы мөлшерде су жоғалатын болса немесе су температурасы төмендегенде су көлемі азаятын болса, жеткіліксіз судың орнын толтыруға арналады. Ашық ыдыс арқылы артық су ағып кетеді. Кей жағдайларда ашық ыдыс ауа ажыратқыш және ауа әкеткіш құрылғы ретінде қолданылады. Жасанды айналымдағы сумен жылыту жүйесінің схемасы 23-суретте берілген.



23-сурет. Жасанды айналымдағы сумен жылыту жүйесінің схемасы
1- қазан; 2- бас желі; 3-беру магистралі; 4- беру желілері; 5-аспаптарға жеткізуші құбырлар; 6- жылыту аспаптары; 7- қайту магистралі; 8- кеңейту шанағы; 9- реттеу крандары; 10- ысырмалар; 11- сорғы; 12- желілердегі вентильдер мен крандар; 13- тығынды үштарамдар; 14- ауа жинағыш.

Жылыту жүйелері (бір құбырлы, қос құбырлы, жоғарыдан тартылған, төменнен тартылған, жылутасымалдағыш қозғалысы тұйықталған және бағыттас) сыртқы жылумен қамту жүйелеріне көп жағдайда элеваторлар арқылы жалғанады


Элеваторда сыртқы жылу тармағынан келетін ыстық су жылыту жүйесінің қайту магистралінен келетін суыған сумен араластырылып, жылыту жүйесіне қажетті есепті температурамен жіберіледі.
Бақылау сұрақтары:

  1. Жылыту аспатарының түрлері мен схемалары.

  2. Жылыту жүйелеріндегі құбырлардың түрлері мен арналулары.

  3. Жауып-реттеу арматураларының түрлері мен арналулары.

  4. Сумен жылыту жүйелерінің схемалары.

  5. Орталықтан жылыту жүйелерінің элементтері.

  6. Бөлмелерге орнатылатын жылыту аспаптарына қойылатын талаптар.

  7. Жылыту жүйесінің кеңейту ыдысымен қосылған схемасы.

  8. Жасанды айналымдағы сумен жылыту жүйесінің схемасы

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 1,5, ҚӘ 2,3


6 Дәріс


Тақырыбы: «Ыстық сумен қамту жүйелері»

Ыстық сумен қамту жүйелерінің құрылғылары. Орналасу орны бойынша ыстық сумен қамту жүйелері. Тұтынушыларына қарай ыстық сумен қамту жүйелерінің бөлінуі. Ыстық сумен қамтудың орталықтандырылмаған қондырғылары. Газды су қыздырғыштар. Электрлі су қыздырғыштар. Орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері. Табиғи айналым. Ыстық су қорын сақтау. ОЖП ыстық су дайындаудың артықшылықтары.


Дәрістің мақсаты: ыстық сумен қамту жүйелері құрылғылары, газды су қыздырғыштар, ыстық су қорын сақтау инженерлік желілері туралы жалпы мәліметтермен танысу.


Алдыңғы дәрістерде айтып өткеніміздей, ыстық сумен қамту жүйелері – жыл бойы жылу жүктемесін тұтынады. Елді мекендер мен өнеркәсіптік мекемелерге ыстық су беру – ыстық сумен қамту жүйелері көмегімен іске асырылады.


Ыстық сумен қамту жүйелері ыстық су дайындау көзінен, суды аспаптарға дейін жеткізетін құбырлардан және жылутасымалдағыш шығынын реттеу құрылғыларынан тұрады.
Орналасу орны бойынша ыстық сумен қамту жүйелері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.
Орталықтандырылмаған ыстық сумен қамту жүйелері су алу орнына жақын орналасқан жергілікті көздерден қамтамасыз етілді.
Орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелерінде тұтынушылар тобына сыртқы жылу тармақтары арқылы ЖЭО, аудандық, кварталдық немесе басқа қазандардан, немесе өнеркәсіптік мекемелердің жылу сақтау құрылғыларынан келеді.
Тұтынушыларына қарай ыстық сумен қамту жүйелерін тұрғын, қоғамдық және өндірістік деп бөледі.
Құбырларды жергілікті жылу пунктінен су алу орындарына дейін тартылу схемасына қарай жоғарыдан, төменнен тартылған, тұйықталған және айналымды деп бөледі.
Жүйедегі ыстық судың айналу түріне қарай табиғи айналымды және еріксіз айналымды ыстық сумен қамту жүйелері деп бөледі.
Ыстық суды жинақтау орнына қарай жергілікті жылу пункттерінде жеке жинақтау және орталық жылу пункттерінде орталық жинаутау деп бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет