Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында номинациялар бойынша 2008 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау құқығы



Дата13.06.2016
өлшемі77.25 Kb.
#131840


Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2008 жылғы 1 ақпандағы № 119/251 қаулысымен БЕКІТІЛДІ

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында номинациялар бойынша 2008 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау құқығы, сайлау процесі және сайлау заңнамасы мәселелері жөніндегі

үздік жұмысқа Конкурс туралы

ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1 Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында номинациялар бойынша 2008 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау құқығы, сайлау процесі және сайлау заңнамасы мәселелері жөніндегі үздік жұмысқа Конкурс Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының «Халықтың электораттық мәдениетін дамыту» атты бірлескен жобасының шеңберінде өткізіледі.

1.2 Конкурстың мақсаты - жастардың кәсіби даярлығының, электораттық мәдениетінің, қоғамдық-саяси белсенділігінің деңгейін арттыру, студенттер мен магистранттардың шығармашылық әлеуетін іске асыру, оларды сайлау процесіне белсенді кірістіру.

1.3 Конкурс екі кезеңде 2008 жылғы 11 ақпаннан бастап 31 мамырға дейін өткізіледі:

бірінші кезең – облыстарда, Астана, Алматы қалаларында 11 ақпаннан бастап 18 сәуірге дейін;

екінші кезең – 21 сәуірден бастап 31 мамырға дейін.

1.4 Конкурсқа Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын студенттер мен магистранттар немесе құрамы үш студенттен және магистранттан аспауға тиіс авторлар ұжымы қатысады.

1.5 Конкурстың өткізілуін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Қазақстандағы БҰҰДБ жүзеге асырады.

1.6 Осы Ереже мен Конкурс туралы материалдар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.kz, Қазақстандағы БҰҰДБ-ның www.undp.kz веб-сайттарында орналасатын болады.


2. Номинациялар, конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар мен оларды бағалау өлшемдері
2.1 Конкурс бес номинация бойынша өткізіледі:

I. Үздік әдістемелік құрал (брошюра):

  1. Таңдаушылар-мәслихаттар депутаттары үшін;

  2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдары үшін;

  3. Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктерінен, саяси партияларынан, коммерциялық емес ұйымдарынан байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін;

  4. Шет мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан байқаушылар, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін;

  5. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау туралы ақпараттық брошюра;

  6. Сайлау құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау. Сайлау даулары мен оларды шешу тәсілдері.

II. Көрнекі құралдар (плакат, ақпараттық парақ, буклет).

III. Сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері жөніндегі ғылыми жұмыс мынадай тақырыптар бойынша:

  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау кезіндегі сайлау науқанының ерекшеліктері.

  2. Саяси партиялардың сайлау процесін жетілдірудегі рөлі.

  3. Бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау науқаны кезеңіндегі қызметінің құқықтық режимі.

  4. Сайлау процесіндегі байқаушылар институты.

  5. Сайлау науқанын қаржыландыру: құқықтық реттеу және тәжірибе.

  6. Сайлау процесіне қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру –Қазақстан Республикасындағы адамның және азаматтың сайлау құқықтары мен бостандықтарының бір тәсілі.

  7. Жастардың электораттық белсенділігін арттыру нысандары мен әдістері.

  8. Шет мемлекеттердегі жоғарғы өкілді билік органдарын сайлау кезінде жанама дауыс берудің қолданылуы.

  9. Сот тәжірибесінің сайлау құқығы мен заңнамасын дамытудағы және жетілдірудегі рөлі.

  10. Сайлау құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау. Сайлау даулары мен оларды шешу тәсілдері.

IV. Сайлау науқанының үздік слоганы.

V. Үздік бейнеролик.

2.2 Конкурстық жұмыстар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде немесе екі тілде бірдей ұсынылады. Конкурстық жұмыстар қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылған жағдайда, басқа тілге аударуды тиісті конкурстың қазылар алқасы қамтамасыз етеді.

2.3 Бірінші номинация брошюраның түпкілікті нұсқасын (атауы, мәтіні, дизайны, графикалық ресімделуі және т.б.) әзірлеуді көздейді. Әдістемелік құралдың (брошюраның) көлемі – екі тілде 50 бетке дейін, шрифт «Times New Roman», № 12, бір жарымдық интервалмен.

2.4 Екінші номинация бойынша көрнекі құралдар (плакат, ақпараттық парақ, буклет) авторлар ұсынатын форматта орындалады. Көрнекі құралдар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі ақпараттық-түсіндіру материалын қамтуға тиіс.

2.5 Ғылыми жұмыс конкурстың тақырыбы бойынша өзекті зерттеуді білдіруге, негізделген тұжырымдарды, сондай-ақ сайлау туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, пайдаланылған әдебиетке сілтемелерді және тізімі қоса берілуге тиіс басқа да көздерді қамтуға тиіс.

Жұмыстың көлемі бір жарым интервал арқылы басылған 24 бет мәтіннен (1 баспа табақ) аспауға тиіс.

Ғылыми жұмыстар мынадай өлшемдерді ескере отырып, ресімделеді:


  • сол жақтағы алаң - 2.5 см, оң жақтағы алаң - 1.5 см, жоғарғы алаң - 2.5 см, төменгі алаң - 2.5 см;

  • шрифт «Times New Roman», № 12, бір жарымдық интервалмен.

  • қосымшаларда кіші мөлшерлі шрифт, бірақ кемінде № 10 пайдаланылуы мүмкін.

Құжаттың беттері, қосымшаларын қоса, парақтың жоғарғы алаңының ортасынан тыныс белгілерсіз нөмірленуге тиіс. Бұл ретте құжаттың бірінші беті нөмірленбейді.

2.6 Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанының «Үздік слоганы» сайлаудың мәнін қысқа, өте нақты және аса бейнелі түрде көрсетуі керек. Осы турға қатысу үшін слоган мәтінін А 4 форматында түсіндіре отырып, беру қажет. Сайлау науқандарында бұрын пайдаланылған слогандарды конкурсқа жіберуге болмайды.

2.7 Бейнеролик графикалық, қойылымды, қойылымды-графикалық, мультипликациялық болуы мүмкін. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған бейнероликтерде роликтің жарнамалық идеясы, негізгі проблемалары, мақсаты нақты айқындалуға тиіс. Бейнероликтің хронометражы – 5-30 секунд.

2.8 Барлық бес номинация бойынша жұмыстардың титул парағында мынадай мәліметтер көрсетіледі:

конкурс номинациясының атауы;

конкурстық жұмыс тақырыбының атауы;

автордың тегі, аты, әкесінің аты;

тұрғылықты мекен-жайы (пошталық индексін көрсету);

байланыс телефондары;

курс, факультет, жоғары оқу орны.

Авторлар тобы дайындаған жұмыс ұсынылған жағдайда, міндетті түрде әрбір студент және магистрант туралы мәліметтер көрсетіледі.

2.9 Конкурсқа осы Ережені бұза отырып жіберілген жұмыстарды Конкурстық комиссия қарамайды.

Конкурсқа жіберілген жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды әрі сайлаушылар мен сайлау ұйымдастырушылардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жұмыста пайдаланылуы мүмкін.

Жұмыстың мәтіні қағазға басылған нұсқасында да, электрондық жеткізушіде де жіберіледі.

2.10 Конкурстық жұмыстарды бағалау өлшемдері:


  • конкурстың тақырыбына сәйкестігі;

  • өзектілігі;

  • жоғары ғылыми деңгейі;

  • қаралатын жұмыс тақырыбының тәжірибелік мәнділігі;

  • материалды баяндаудағы дербестігі.


3. Конкурсты өткізу тәртібі
3.1 Конкурсты өткізу мен қорытындыларын шығару үшін қазылар алқасының екі құрамы құрылады:

А) 2008 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау құқығы, сайлау процесі және сайлау заңнамасы мәселелері жөніндегі үздік жұмысқа студенттер мен магистранттар арасында номинациялар бойынша өткізілетін ____________________________________

(облыс атауы, Астана және Алматы ққ.)

конкурстың қорытындыларын шығару жөніндегі қазылар алқасы. Қазылар алқасының құрамын облыстық, Астана және Алматы ққ. Ішкі саясат департаментінің басшысы бекітеді.

Б) 2008 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау құқығы, сайлау процесі және сайлау заңнамасы мәселелері жөніндегі үздік жұмысқа Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында номинациялар бойынша өткізілетін Конкурстың қорытындыларын шығару жөніндегі Республикалық қазылар алқасы. Республикалық қазылар алқасының құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен келісім бойынша Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітіледі.

Қазылар алқасының құрамына жоғары оқу орындарының оқытушыларын, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін, мәслихаттар депутаттарын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілін, сайлау комиссияларының мүшелерін, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес және сайлау процесі субъектілеріне құқықтық білім беру мен оқыту жүйесін дамытуға қатысатын басқа да ұйымдардың өкілдерін енгізу ұсынылып отыр.

Қазылар алқасының құрамы, орналасқан орны, байланыс телефондары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

3.2 Қазылар алқасының отырысы, егер отырысқа оның мүшелерінің қарапайым көпшілігі қатысқан болса, құқықты болып саналады. Жеңімпаздар ашық дауыс беру арқылы айқындалады. Дауыстар тең болған кезде қазылар алқасы төрағасының даусы шешуші болып табылады. Қазылар алқасы конкурсқа ұсынылған жұмыстардың бірде-біреуі жүлдеге лайық емес деген шешім қабылдауы мүмкін. Конкурста жеңген жұмыстарға облыстық, Астана және Алматы ққ. қазылар алқалары ілеспе хатқа конкурстың қорытындыларын шығару жөніндегі қазылар алқасы отырысы хаттамасының көшірмесін тіркей отырып, Республикалық қазылар алқасына жібереді.

3.3 Облыстық, Астана және Алматы ққ. конкурстың қорытындыларын қазылар алқасы бес номинация бойынша әр санатта тағайындалатын жүлделерге сүйене отырып, 2008 жылғы 20 мамырға дейін шығарады.

Облыстық, Астана және Алматы ққ. қазылар алқасы бес номинация бойынша әр санатта жүлделі орын алған жұмыстарды 2008 жылғы 23 мамырға дейін Республикалық қазылар алқасына жібереді.

3.4 Республикалық қазылар алқасы 2008 жылғы 15 маусымға дейін Конкурстың қорытындыларын шығарады. Қазылар алқасының барлық конкурстық номинациялар бойынша шешімі түпкілікті болып табылады.
4. Конкурсқа қатысушыларды марапаттау және оларға

жүлделер тапсыру
4.1 Облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы Конкурсқа қатысушылар үшін 23 жүлделі орын тағайындалады:

бірінші номинация бойынша - үздік әдістемелік құралдарға (брошюраларға) алты тақырыптың әрқайсысы бойынша 1 жүлделі орын, барлығы 6 жүлделі орын;

екінші номинация бойынша - үздік плакат үшін 1 жүлделі орын, үздік ақпараттық парақ үшін 1 жүлделі орын, үздік буклет үшін үшін 1 жүлделі орын, барлығы үш жүлделі орын;

үшінші номинация бойынша - ғылыми жұмыстардың он тақырыбы ішінен әрқайсысы бойынша 10 жүлделі орын;

төртінші номинация бойынша: бірінші, екінші, үшінші жүлделі орын;

бесінші номинация бойынша: бірінші орын;

4.2 Республика бойынша Конкурс бес номинация бойынша әр санатта тек бір жеңімпазды айқындай отырып, 21 жүлделі орын белгілейді.

4.3 Конкурсты ұйымдастырушыларға Конкурстың жеңімпаздары үшін арнаулы жүлделер тағайындау құқығы беріледі.

4.4 Жеңімпаздарды көтермелеуге әрі Конкурсты әзірлеумен және өткізумен байланысты шығыстарға ақы төлеуге мемлекеттік, жергілікті атқарушы және өкілді органдар, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес және азаматтық білім беру мен сайлаушыларды ағарту мәселелерімен айналысатын басқа да ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары қатыса алады.

4.5 Конкурс жеңімпаздарына жүлделер тапсыра отырып, марапаттау рәсімі 2008 жылғы 1 шілдеге дейін өтеді.



4.6 Үздік жұмыстар қазылар алқасының ұсынысы бойынша республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет