8. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін өндіру
(шығару) процестерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
30. Жобалау сатысында әзірленген және келісілген ұйымдастыру, инженерлік және техникалық іс-шаралар технологияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар өндірісті (дайындауды) ұйымдастыру сатысында, сондай-ақ өндірістік циклдің барлық сатыларында: ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, өткізу кезінде, сондай-ақ астық пен картопты қайта өңдеудің жанама өнімдерін, түзілетін қалдықтар мен белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді пайдалану, қайта өңдеу немесе кәдеге жарату кезінде жүзеге асырылады және бақыланады.
31. Шикізат қабылдаудың, сақтаудың, дайындаудың және қайта өңдеудің әрі ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін сақтаудың барлық процестері, объектілердің қуатына қарамастан, тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың тазалығы және ластану мен бүлінуден, олардың арасына көлденең нәрселер мен заттардың түсіп кетуінен қорғалуы жағдайында жүргізілуге тиіс.
32. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде магниттік тосқауылдар сепараторлардың, тазартқыш, ысқышты, жуу машиналарының, триерлердің, үдемелі ылғалдандыру шнектерінің және дәнді сулап қауызынан айыруға арналған машиналардың, көлем мөлшерлегіштердің, білікті станоктардың, ұсатқыштардың, түйгіш, дән бастыру, жылтыратқыш, қауыздағыш машиналардың, энтолейторлардың және соққымен әрекет ететін басқа да машиналардың алдында, сондай-ақ дайын өнімдер мен жем-шөптік астық өнімдерінің бақылауында орнатылуға тиіс.
33. Үй-жайларды, жабдықтарды, мүкәммалды, ыдыстарды, көлік құралдарын жуу мен дезинфекциялау осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік жөніндегі талаптарға сәйкес келетін өнім өндіру (дайындау) мен оның айналымын қамтамасыз етуге және дайын өнімнің екінші қайтара ластану мүмкіндігін болдырмауға тиіс.
34. Жуу мен дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасында қолданылуға рұқсат етілген жуғыш және дезинфекциялаушы құралдар пайдаланылады.
35. Дезинсекциялау, газдандыру, дегазациялау, дератизациялау, улы еліктіргіш жемді дайындау, улы заттарды тасымалдау, қабылдау, сақтау және қолға беру, улы химикаттармен ластанған жеке қорғаныш құралдарын, дезинсекциялау машиналарын, көлік құралдарын, ыдыстарды, улы химикаттар төгілген жерлерді зарарсыздандыру, сондай-ақ жарамсыз болып қалған улы заттарды жою жөніндегі барлық жұмыстар бұл жұмыстарды жүргізуге берілетін тиісті лицензия бар болған кезде Қазақстан Республикасындағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен келісілген салада қолданыстағы арнаулы нұсқаулықтарға, әдістемелік нұсқаулар мен ережелерге қатаң сәйкестікте жүзеге асыруға тиіс.
9. Өндірістік үй-жайларға қойылатын талаптар
36. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін өндіруге (дайындау) арналған өндірістік және қойма үй-жайлары халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
37. Өндірістік үй-жайлар:
1) тамақ өнімдерінің ластану қатері жоғары деңгейдегі экологиялық ластанған аудандар мен өнеркәсіптік өндірістерден;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган талаптарына сәйкес қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілмеген болса, су тасқынына ұшырап отыратын аудандардан;
3) паразиттермен зақымдануға бейім аудандардан;
4) қатты және сұйық қалдықтарды тиімді кәдеге жарату мүмкіндігі жоқ аудандардан аулақ жерде орын тебуге тиіс.
38. Кәсіпорындарда өндірістік цехтардың, учаскелердің, бөлімшелердің, қосалқы, қойма үй-жайларының жоспары технологиялық процестердің бірізділігіне, шикізаттың, дайындалатын өнімнің қауіпсіздігіне, жинап-тазалаудың, жуу мен дезинфекциялаудың сапасына санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Өндірістік үй-жайларда технологиялық жабдықтарды орналастыру шикізат пен дайын өнімнің бір-бірімен қиғаш өтетін ағындарын болдырмауға тиіс.
39. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындардың өндірістік үй-жайларының жұмыс аймағындағы ауа ортасының санитарлық-эпидемиологиялық шарттары Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы талаптарына жауап беруге тиіс.
Жұмыс аймағындағы ауада зиянды заттардың құрамы осы Техникалық регламенттің 4-қосымшасында келтірілген белгіленген шекті рұқсат етілетін концентрациядан аспауға тиіс.
40. Барлық өндірістік және қосалқы үй-жайларда табиғи, мәжбүрлі және аралас желдеткіштер болуға тиіс.
41. Дайын өнімді қаптарға жөңкітуге және пакеттерге бөліп салуға арналған үй-жайлар басқа өндірістік және қойма үй-жайларынан оқшаулатылуға тиіс.
42. Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар мен крахмал өнімдерін сақтауға арналған қойма үй-жайлары мен ыдыстар атмосфералық және жерасты суларынан оқшаулатылуға тиіс.
10. Жабдыққа және метрологиялық қамтамасыз
етуге қойылатын талаптар
43. Ұн тарту-жарма және крахмал-сірне өнеркәсібіне арналған құрал-жабдық:
1) Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган тамақ өнімдерімен жанасуы үшін рұқсат еткен материалдардан жасалған;
2) қауіпсіз өнім өндіруді (дайындауды) қамтамасыз ету;
3) белгіленген талаптарға сәйкестігін қуаттау рәсімінен өткен болу керек.
44. Жабдықтардың конструкциясы:
1) құрал-жабдықты жөндеу, санитариялық өңдеу және оған қызмет көрсету үшін оларға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
2) жағар майлардың шикізат пен дайын өнімге түсіп кету мүмкіндігін болдырмауға;
3) құрастырушы бірліктердің, тараптардың, детальдардың өнімге түсіп кету мүмкіндігін болдырмайтын етіп сенімді бекітілуін қамтамасыз етуге тиіс.
Өнімдермен жанасу аймағында қолданылатын конструкциялық материалдар тотық шалуға төзімді болуға, өнімді ластайтын немесе оның дәміне, иісі мен түсіне әсер ететін қоспаларды түзбеуге, үстіңгі беттері жуғыш және дезинфекциялайтын ерітінділердің әсеріне төтеп беретіндей тегіс және түзу болуға тиіс.
45. Технологиялық процестердің параметрлерін өлшеу мен бақылауда қолданылатын құралдарды тексеру техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тізбе мен кезеңділікке, сондай-ақ өлшеу құралдарын тексеруді өткізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін дайындаушы барлық технологиялық процесс бойынша өлшеу құралдарының жарамдылығын бақылауды қамтамасыз етуге тиіс.
11. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне
өнімдерін сақтау жөніндегі талаптар
46. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін сақтау экологиялық, құрылыс, өрт қауіпсіздігі және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беретін қойма үй-жайларында, тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оның жолай ластану мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда жүзеге асырылады.
47. Дайын өнімді қоймада орналастыру мен сақтау олардың әрбір түрі, сорты және ұраланған күні бойынша жеке жүргізіледі.
Зиянкестермен (жәндіктер мен кеміргіштер) зақымданған және зақымданбаған өнімдерді бір қоймада сақтауға жол берілмейді.
Шикізат пен ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін сақтауға арналған үй-жайда ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін өндіруге қатысы жоқ тағамдық емес материалдарды, қалдықтарды, тамақ өнімдері мен шикізатты бірге сақтауға үзілді-кесілді жол берілмейді.
48. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін сақтау тамақ өнімінің нақты түріне арналған қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес олардың сапасы мен қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ететін белгіленген температуралық режимдер жағдайында жүзеге асырылуға тиіс.
49. Ұн тарту-жарма және крахмал-сірне өнеркәсібінің сусымалы өнімдерін белгіленген тәртіппен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды сақтай отырып, құрғақ, жақсы желдетілетін, зиянкестермен (жәндіктер мен кеміргіштер) зақымданбаған қоймаларда сақтайды.
Қоюлатылған крахмал өнімдерін (сірне, шырындар, жасыл сірне), сондай-ақ қоюлатылған жүгері сіріндісі ерекше сақтау шарттарын талап етпейді.
50. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерінің сақталу мерзімі мен жарамдылығын пайдаланылған шикізат пен тағамдық қоспалардың қауіпсіздігі мен сапалық көрсеткіштерін, өндірістің технологиялық режимдерін, буып-түю материалдарын ескере отырып, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүргізген зерттеулер негізінде дайындаушы белгілейді.
Өнімді дайындаушы өзі белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде өзі көрсеткен сақтау, тасымалдау, өткізу және қолдану шарттарын сақтаған жағдайда өнімнің қауіпсіздігі үшін жауап береді.
12. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін
буып-түюге қойылатын талаптар
51. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін қаптау буып-түю өнім айналысының барлық кезеңдерінде оның сапасының сақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
52. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін буып-түю «Буып-түюге, таңбалауға, этикеткалауға және оларды дұрыс жазуға қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес болуы тиіс.
13. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін
таңбалауға қойылатын талаптар
53. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін таңбалау «Буып-түюге, таңбалауға, этикеткалауға және оларды дұрыс жазуға қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес болуға тиіс, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуға, сенімді болуға, тұтынушыны адастырмауға әрі өнімнің құрамы мен қасиеттері туралы қате түсінік туғызбауға тиіс.
54. Өнімді экспорттау кезінде таңбалау шетелдік өнім алушының талаптарына сәйкес шет тілінде жазылады.
55. Таңбалау тікелей тұтынушылық, топтамалық немесе тасымалдау бумасына (ыдысқа) немесе оларға бекітілетін (ілінетін) заттаңбаға немесе этикеткаларға, олардың жоғалуын болдырмайтын тәсілдермен немесе тиісті ілеспе құжаттарға жасалады.
Ақпарат кез келген тәсілмен жазылады және анық әрі жеңіл оқылуға тиіс.
56. Өніммен жанасатын ақпаратты жазу құралдары оның сапасына әсер етпеуге тиіс, өнімді сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде таңбалаудың өшіп қалмауын қамтамасыз етуге тиіс.
14. Нарықтағы сәйкестік белгісі
57. Осы Техникалық регламентте көзделген тәртіппен сәйкестігі расталған ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдері нарықта сәйкестік белгісімен таңбаланады.
58. Нарықта өнімді сәйкестік белгісімен таңбалауды сәйкестік туралы сертификат немесе декларация негізінде дайындаушы (сатушы) жүргізеді.
59. Нарықта өнімді сәйкестік белгісімен таңбалауды оның анық бейнеленуін қамтамасыз ететін тәсілдермен жүзеге асырған жөн. Белгіні бейнелеуді тасқа басу, граверлеу, таңбалау арқылы немесе басқа тәсілмен орындауға болады.
15. Тасымалдауға қойылатын талаптар
60. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін дайындаушы (сатушы) оларды тасымалдауды тамақ өнімінің ластануы мен бүлінуі қаупін болдырмауды қамтамасыз ететін жағдайларда қамтамасыз етеді.
61. Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар мен крахмал өнімдерін тасымалдау және олардың айналымы Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Егер ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін тасымалдау, сақтау және өткізу кезінде қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарынан шегінуге жол беріліп, бұл олардың қауіпсіздігін төмендетуге әкелген жағдайда, онда мұндай өнімдер өткізілуге жатпайды, сараптамаға жіберіледі және оның нәтижелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Техникалық регламентте белгіленген тәртіппен кәдеге жаратылады.
62. Өнімдерді улы, сәулеленуге ұшыраған тамақ өнімдері, радиоактивтік заттар мен ащы иіс шығаратын жүктер тасымалданған көлік құралдарымен, сондай-ақ ерекше иістері бар өнімдермен бірге тасымалдауға жол берілмейді.
Өнімді тиеу, тасымалдау және түсіру кезінде оны атмосфералық жауын-шашыннан, ылғалдан сақтау қажет.
63. Тасымалданатын тамақ өнімдерінде олардың шығарылу тегін, қауіпсіздігін, сақталу шарттары мен сақталу мерзімін растайтын ілеспе құжаттар болуға тиіс.
16. Өнімді базарда сатуға және орналастыруға
қойылатын талаптар
64. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін базарда орналастыру мен өткізуді жүзеге асыратын субъектілер өнімнің нақты түрлеріне арналған нормативтік құжаттарға сәйкес өнімді қабылдау, бақылау, сәйкестендіру және сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін қажетті үй-жайлар мен жағдайларға ие болуға тиіс.
65. Өнімді өткізу заңнамаға және сауда саласындағы ережелерге сәйкес өнімнің адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ететін санитарлық-гигиеналық нормативтерді сақтай отырып жүзеге асырылуға тиіс.
Қауіпсіздік бойынша өткізілетін өнім осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес болуға тиіс, қосымша талаптар келісім-шартта (шартта) жазылуы мүмкін. Келісім-шартта (шартта) өнімнің осы тобына заңнамада белгіленген көрсеткіштермен салыстырғанда өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне неғұрлым жоғары талаптар көзделуі мүмкін.
66. Қауіпсіз, бірақ сапасы жағынан келісім-шартта (шарта) көрсетілгеннен төмен өнім берілген кезде сатып алушы өнімнің қайта таңбалануы шартымен оны сапасы, санаты, класы, сұрыбы бойынша тиісінше төмен өнім ретінде қабылдауға құқылы.
67. Өнімді өткізу кезінде дайындаушы белгілеген сақтау шарттары сақталуға тиіс.
68. Осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін, сақтау және жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен, сапасыздық белгілері бар, осы Техникалық регламенттің талаптарын бұза отырып таңбаланған, белгіленген нысандағы ілеспе құжаттары жоқ өнім өткізуге жіберілмейді.
69. Өнімді сатып алушылар мен тұтынушылар өз қауіпсіздігі мақсатында өнімді таңбалауда жазылған талаптарға сәйкес пайдалану мен тұтыну жөніндегі дайындаушының (сатушының) ұсынымдарын сақтауға тиіс.
Өнімнің бүлінгендігі байқалған кезде оны сатуды жүзеге асыратын субъектілер оны сатудан алып тастайды, тұтынушыдан кері қайтарып алады, сараптамаға жібереді, қажет болған жағдайда оны кәдеге асыруды немесе жоюды қамтамасыз етеді.
17. Сапасыз және адам өмірі мен денсаулығына қауіпті ұн-тарту, жарма және
крахмал-сірне өнімдерін кәдеге жарату мен жою жөніндегі талаптар
70. Мынадай сапасыз және адам өмірі мен денсаулығына:
1) осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін;
2) айқын сапасыздық белгілері бар;
3) өнімнің шығу тегін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын дайындаушы (берушінің) құжаттары жоқ;
4) жарамдылығы немесе сақталу мерзімі белгіленбеген немесе өтіп кеткен ұн-тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдері сапасыз және адам өмірі мен денсаулығына қауіпті болып танылады.
71. Сапасыз және қауіпті деп танылған ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдері аккредиттелген зертханада қосымша сараптама жүргізіле отырып, сатудан алынып тасталуға тиіс. Сараптаманың нәтижелері бойынша оларды пайдалануға, кәдеге жаратуға немесе жоюға жіберу туралы шешім қабылдануға тиіс.
72. Сапасыз әрі қауіпті ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдері сараптама жүргізу, оларды әрі қарай пайдалану немесе жою туралы шешім қабылдау және орындау үшін қажетті кезеңге оларға қол жеткізуді болдырмау шарттарын сақтай отырып жеке үй-жайларда сақталуға жатады.
73. Тасымалдауға, сақтауға, сараптама жасауға, кәдеге жаратуға немесе жоюға байланысты барлық шығыстарды дайындаушы (сатушы) төлейді.
74. Сапасыз және қауіпті ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін кәдеге жарату немесе жою кез келген техникалық қолжетімді тәсіл арқылы мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының бақылауымен, санитарлық-гигиеналық және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
75. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін кәдеге жарату немесе жою осы Техникалық регламентке сәйкес кәдеге жаратылуы немесе жойылуы фактісін растайтын құжат арқылы ресімделеді.
76. Мақсатқа сәйкес пайдалануға жарамсыз деп танылған ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін кәдеге жарату тәртібі:
1) сараптама жүргізу үшін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдардың өкілдері дайындаушының (сатушының) қатысуымен ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерінің сынамаларын (үлгілерін) іріктеп алады;
2) сынамалар (үлгілер) мөрленеді және зерттеулер жүргізу үшін аккредиттелген зертханаға жіберіледі;
3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдардың, сондай-ақ ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін дайындаушының (сатушының) өкілдерінен тұратын комиссия сынамаларды (үлгілерді) зерттеуден алынған нәтижелер негізінде өнімді мақсатты пайдалануға жарамсыз деп таниды және ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімін жемдік немесе техникалық мақсаттарға пайдалану туралы шешім қабылдайды. Комиссия шешімі осы Техникалық регламенттің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша актімен ресімделеді, оған комиссияның барлық мүшелері мен дайындаушы (сатушы) қол қояды.
77. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін жою тәртібі:
1) дайындаушы (сатушы) ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімінің осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігін анықтаған жағдайда немесе уәкілетті органның ұйғарымы негізінде дайындаушы (сатушы) жүргізілетін қызметіне сәйкес оны ішкі сауда объектілерінен кері қайтарып алуды қамтамасыз етеді және қауіпті тамақ өнімін өндірудің (дайындаудың), айналымы немесе кәдеге жаратудың бір немесе бірнеше процестерін тоқтатады;
2) сараптама нәтижелері бойынша халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдардың, сондай-ақ ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін дайындаушының (сатушының) өкілдерінен тұратын комиссия өнімді жоюға акт жасайды, онда мыналар көрсетіледі:
актінің жасалған күні мен орны, ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімі тиесілі кәсіпорынның - дайындаушының (сатушының) атауы;
жойылуға тиіс ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімінің түрі (сорты) мен мөлшері;
өнім адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған көрсеткіштер;
жою тәсілі, мерзімі мен орны;
комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты;
3) актінің негізінде комиссия қауіпті ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімін оқшаулау және сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар және оны жою немесе көміп тастау туралы шешім қабылдайды;
4) шешім қабылдау алдында комиссия дайындаушының (сатушының) өтініші бойынша жарамсыз деп танылған ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдеріне тіркеуден өткен аккредиттелген зертханада бақылау сынағын қайта өткізуі мүмкін;
5) адамдар мен мал жануарлары үшін қауіпті ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдері жоюдың алдында немесе жою процесінде (сатысын) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органының талаптарына сәйкес зарарсыздандырылады;
6) ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін жою процесін (сатысын) комиссия мүшелерінің міндетті түрде қатысуымен дайындаушы (сатушы) атқарады;
7) адам өмірі мен денсаулығына қауіпті ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерінің зарарсыздандырылуы мен жойылу фактісі осы Техникалық регламенттің
Достарыңызбен бөлісу: |