§ 3. Капитанның екінші көмекшісі
114. Капитанның екінші көмекшісі қажетті жағдайларда аға көмекшіні ауыстырады.
115. Екінші көмекші:
1) жүк операцияларын, әсіресе тез тұтанғыш және жарылғыш жүктермен жүзеге асырған кезде, өрт қауіпсіздігі ережелерін, сондай-ақ улы және басқа да қауіпті заттарды тасымалдау ережелерін орындауды қамтамасыз етеді;
2) трюмдердің санитарлық жай-күйін және трюмдер мен жүк қоймалары рефрижераторларында температура режимінің сақталуын бақылайды;
3) льялдардың, құдықтардың, қылталардың, қабылдау торларының, желдетпе жүйесінің және жүк үй-жайларының басқа да құрылғыларының жай-күйін жүк қабылдау алдында кеме журналына жазба жасап, міндетті түрде жүйелі тексереді;
4) кеме құралдарының тиеу-түсіру жұмыстары механизацияларының және трюм ішіндегі механизацияның техникалық жарамды жай-күйін қамтамасыз етуді бақылайды;
5) трюмдердің, танкілердің және басқа да жүк үй-жайларының дұрыс ашылуы мен жабылуын бақылайды. Оларды жабу алдында ішінде адамдардың жоқ екендігіне көз жеткізеді, жүк үй-жайларына пломба салуға қатысады және пломбылардың сақталуын тексереді;
6) құю кемелерінде кемені балласттауды тікелей басқарады;
7) жүк үй-жайларындағы температура және газ режимдерін бақылайды;
8) трюмдердің өртке қарсы жабдықтарының жай-күйін бақылайды.
116. Екінші көмекші сағат 00.00-ден 04.00-ге дейін вахтаны жүріп және сағат 12.00-ден 16.00-ге дейін тұрақтау вахтасын атқарады (капитанның шешімімен жүк операциялары кезінде тұрақтау вахтасынан босатылуы мүмкін). Арқандап байлау операциялары кезінде капитанның нұсқауы бойынша кеменің артқы жағындағы немесе өзге жеріндегі жұмыстарды басқарады.
§ 4. Капитанның үшінші көмекшісі
117. Капитанның үшінші көмекшісі қажетті жағдайларда екінші көмекшіні ауыстырады.
118. Үшінші көмекші навигациялық карталардан және жүзуге арналған оқулықтардан, навигациялық және гидрометеорологиялық жабдықтар мен - аспаптардан, көретін және сигналдық мақсаттағы штурмандық кеме құралдарынан, дозиметрлік және химиялық аспаптардан, кеменің және шлюпка пиротехникасы жай-күйінен хабардар болады.
119. Үшінші көмекші:
1) навигациялық және кәсіпшілік карталарды, жүзуге арналған оқулықты және түзету құжаттамаларын уақтылы алады, сақтайды және олардың есебін жүргізеді, түзетуді жедел жүргізеді;
2) кемеге келіп түсетін навигациялық, гидрометеорологиялық және кәсіпшілік ақпараттарға есеп жүргізеді;
3) барлық рульдік радионавигациялық жабдығының және штурмандық рубкалардың өз меңгерімінің жабдықтары мен аспаптарының жарамды жағдайын, дұрыс пайдалануын және мезгілінде жөнделуін қамтамасыз етеді, техникалық құжаттама жүргізеді;
4) күн сайын хронометр түзетулерін анықтайды, кеме сағаттары көрсеткіштерін салыстырады;
5) кемедегі девиациондық жұмыстардың уақтылы жүргізілуін бақылайды;
6) пиротехникалық құралдарды тиісті түрде уақтылы алады, ауыстырады және сақтайды;
7) өз меңгерімінің жабдықтары мен аспаптарын пайдалану жөнінде теңізшілерге сабақтар мен жаттығулар өткізеді;
8) кеме штатында капитанның төртінші көмекшісі лауазымы болмаған кезде жағдайда оның міндеттерін орындайды.
120. Үшінші көмекші сағат 08.00-ден 12.00-ге дейін және сағат 20.00-ден 24.00-ге дейін вахтаны жүріп атқарады. Арқандап байлау операциялары кезінде капитанның нұсқауы бойынша бактағы (жарты бакте) немесе өзге жердегі жұмыстарды басқарады.
§ 5. Капитанның төртінші көмекшісі
121. Капитанның төртінші көмекшісі қажетті жағдайларда үшінші көмекшіні ауыстырады. Төртінші көмекші капитанның аға көмекшісінің нұсқауы бойынша міндеттерді атқарады және кеме кеңсесін жүргізеді.
122. Төртінші көмекші:
1) кеме рөльдерін, кедендік декларацияларды, жолаушылар тізімін және басқа да жедел құжаттарды жасайды;
2) кеменің келгенін және кеткенін ресімдейді;
3) кеме, машина және басқа да журналдарды алады және тіркейді;
4) экипаждың тізімдік құрамының, жұмыс уақытының, қызметтік үй- жайлардың есебін жүргізеді және демалыс кестесін жасайды.
123. Төртінші көмекші аға көмекшінің басшылығымен сағат 16.00-ден 20.00-ге дейін бір вахтаны жүріп атқарады, сондай-ақ кестесін және ұзақтығын капитан анықтайтын тұрақтау вахтасын атқарады, арқандап байлау операциялары кезінде ол капитанның нұсқауы бойынша іс-қимыл жасайды.
§ 6. Боцман
124. Боцман капитанның аға көмекшісіне бағынады және палуба командасының тікелей бастығы болып табылады.
125. Боцман:
1) антенна шаруашылығын қоса алғанда, басқыш конструкцияларын, кранцтық қорғанысын, клинкетті есіктерді және олардың жетектерін корпусқа, палубаға, жүк және кеме үй-жайларына, қондырмаларға, тұщы су танкілеріне, өлшеу, қабылдау және әуе құбырларына, рангоутқа, такелажға;
2) рульге, жүкке, зәкірге, арқандап байлау және тіркеп сүйреу құрылғыларына олардың техникалық құралдарымен бірге (механикасыз, гидравликасыз және электрсіз);
3) өз меңгеріміндегі құтқару құралдарына, өртке қарсы, авариялық-құтқару жабдықтарына, мүлік пен құрал-саймандарына және басқа да техникалық құралдарына, жабдықтар мен құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
126. Ауыстырылым-қосалқы бөлшектерден, материалды техникалық жабдықтардан, өз меңгерімінің қоймаларынан хабардар болады және кеме жұмыстарының тікелей басшысы болып табылады.
127. Боцман:
1) өз меңгерімінің техникалық құралдарын техникалық пайдалану және қызмет көрсету қағидаларын сақтайды, оларды басқара біледі;
2) кеме құрылғыларын және олардың бөлшектерін уақтылы тексеруді және сынауды қамтамасыз етеді, профилактика мен жөндеуді жүзеге асырады;
3) кеме жұмыстарының жоспарын құрады, қол астындағыларды орналастырады және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
4) құтқару құралдарының, жеке және ұжымдық пайдаланатын авариялық- құтқару және өртке қарсы құралдардың іс-қимылға дайындығын қамтамасыз етеді;
5) құтқару салдарының және шлюпкалардың үнемі дайын болуын, олардың жабдықталғанын, түсірмелі жабдықтың тиісті техникалық жай-күйін бақылайды;
6) жөндеу тізімдемелерін жасауға арналған материалдарды дайындайды, жөндеу жұмыстарының мерзімін және сапасын бақылайды;
7) авариялық-құтқару және өртке қарсы мүлікті, лак-бояу материалдары мен улы химикаттарды, құрал-сайманды, материалдық техникалық жабдықтауды алуды, сақтауды және есепке алуды қамтамасыз етеді, белгіленген құжаттаманы жүргізеді;
8) трюмдер мен жүк кешенін жүк операцияларына дайындауды қамтамасыз етеді, ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді бекіту, тиеу және түсіру жұмыстарына жеке өзі қатысады;
9) тұрғын үй-жайлардың және асхана командасының тазалығы мен тәртібін бақылайды, кемені күнделікті тексеріп шығуды жүргізеді;
10) ағаштардың, күркелердің және биікте және борттың сыртындағы жұмыстарға арналған құралдардың дайын болуын, аса қауіпті жұмыстар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
11) кеменің кранцтық қорғанысын дайындайды және бекітеді;
12) су палуба магистралінің, дауыл портиктерінің, шпигаттардың, льялды трюм құдықтарының, су ағу саңылауларының жарамды жай-күйін бақылайды;
13) кеменің тұрмыстық қалдықтарының арнайы бөлінген жерлерде жинауын, жинақталуын, сақтауы мен тартуын бақылайды және қоқысты қабылдаушы жағалау станцияларына тапсыру қажеттілігі туралы аға көмекшіге алдын ала баяндайды;
14) өз меңгерімінің теңізге шығуға дайын болуын, ашық палубалардың тиісті дайындығын, жабдықтың қорғалуын, жүк және өзге де люктер мен қылталардың жабық болуын, палуба құрылғыларының, жүктердің және тағы басқалардың бекітілгенін тексереді;
15) кеменің палубалық тетіктері мен құрылғыларының, барлық рангоуты мен такелажының, жарық берушінің теңіз дауылына, мұзданумен күресуге дайындығын тексереді;
16) кеме тұрақта тұрған кезде арқандап байлау тростарынының, кранцтық қорғанысының бекітілуін, басқыштарды орнатуы мен құралдандыруды, баспалдақтар мен өтпелерді, ағызу және шпигат саңылауларында қалқандардың, егеуқұйрық қалқандарының бар болуын және тиісінше жарықтандыруды бақылайды;
17) кемелер тар жерлерден өткен кезде, портқа кірер және шығар кезде, зәкір тұрағынының орнына жақындағанда күрделі жүзу жағдайларында және арқандап байлау операциялары кезінде зәкірді қайтаруға дайындайды және бакта немесе аға (вахталық) көмекшінің нұсқауы бойынша басқа орында болады.
§ 7. Аға матрос
128. Аға матрос боцманға бағынады.
129. Аға матрос:
1) барлық палубалық техникалық құралдарды басқарады, зәкірлік құрылғылармен дербес жұмыс істейді, аса қауіпті кеме жұмыстарын орындайды;
2) ағаш шебері жұмыстарын және кеменің кранцтық қорғанысын орнату бойынша жұмыстар орындайды;
3) қажет болған жағдайда бакта немесе кеменің артқы жағында кемені арқандап байлауды басқарады;
4) барлық өрт сөндіру құралдарын пайдалана біледі;
5) ескекті, моторлы және желкенді қайықтарды басқарады және қайықтағы басшы міндеттерін орындайды;
6) жұмыстарды қауіпсіз орындауды қамтамасыз етеді;
7) ағаш шеберінің міндеттерін орындайды;
8) рульде және трапта кеме кестесі бойынша вахта жұмысын атқарады;
9) руль командаларын ағылшын тілінде біледі және түсінеді.
§ 8. l-кластағы матрос
130. 1-кластағы матрос боцманға бағынады.
131. 1-кластағы матрос:
1) магниттік компас пен гидрокомпас бойынша рульде тұрады және кемені автоматты басқарудан қолмен басқаруға және керісінше ауыстыруды біледі;
2) жүк үй-жайларының, балластты және тұщы су танкілердің, олардың өлшеу және әуе құбырларының орналасуы туралы біледі;
3) жүктерді салуды және есептеуді жүргізеді;
4) қауіпті жүктерді тиеу ерекшелігі туралы біледі;
5) мыналарды:
барлық ішкі байланыс және авариялық сигнализация құралдарын пайдалануды;
көзбен шолу және есту бойынша бақылау жүргізуді;
жүк, қайық, зәкір, арқандап байлау және палуба құрылғыларымен жұмыс істеуді;
жеке құтқару және кеме құралдарын пайдалануды;
кеменің кранцтық қорғанысын орналастыруды;
палубалық техникалық құралдарды басқаруды (жүкшығар, крандар және басқа да көтергіш құралдарды);
льялдар және құдықтарды өлшеуді жүргізуді;
сырлау, текелажды, желкенді және өзге кеме сыртындағы жұмыстарды қоса алғанда биіктікте және борт жұмыстарын жүргізуді біледі;
6) жүзгенде және тұрғанда вахта жұмысын атқарады, құю кемелерінде жүк және тазарту магистраль қондырғыларын және орналасуын біледі;
7) рульге ағылшын тіліндегі команданы біледі және түсінеді.
§ 9. 2-кластағы матрос
132. 2-кластағы матрос боцманға бағынады.
133. 2-кластағы матрос:
1) жүк үй-жайларының, балластты және тұщы су танкелерінің, олардың өлшеу және әуе құбырларының орналасуын біледі;
2) мыналарды:
барлық ішкі байланыс және авариялық сигнализация, жеке құтқару және кеме құралдарын пайдалануды;
көзбен шолу және есту бойынша бақылау жүргізуді;
палуба қондырғыларын, рангоут пен такелажды, палуба мен кеме үй-жайларын күтіп ұстауды жүзеге асыруды;
рульдегінің және алға қараушының міндеттерін орындауды;
жүк, қайық, зәкір, арқандап байлау және палуба құрылғылармен жұмыс істеуді;
кеменің кранцтық қорғанысын дайындауды;
текелажды, сырлау, желкенді және басқа да кеме жұмыстарын жүргізуді;
3) тұрақта және басқарумен жүзгенде вахта жұмысын атқарады;
4) құю кемелерінде жүк және тазарту магистраль құрылғысын және орналасуын біледі және басқарумен жетектермен жұмыс істеуді біледі.
§ 10. Матрос
134. Матрос боцманға бағынады. Ол өзінің меңгеріміндегі үй-жайларды жинауды жүргізеді және боцманның нұсқауы бойынша кеменің қосалқы жұмыстарына қатысады.
135. Бірнеше матросы бар кемелерде олардың әр қайсысының міндеттерін капитанның аға көмекшісі белгілейді.
§ 11. Сүңгуір
136. Сүңгуір капитанның аға көмекшісіне бағынады.
137. Сүңгуір:
1) сүңгуір жарақтары мен жабдықтарын жарамды техникалық жай-күйде күтіп ұстайды, оны тексеруді және сынауды уақтылы жүргізеді;
2) авариялық пластерлерді қою, кеменің тоттануға қарсы (анодтық) қорғанысын ауыстыру, бұранда рульдік кешендегі орамдарды жою, корпустың су астындағы бөлігін өсінділерден тазалау бойынша жұмыстарды орындайды;
3) корпустың су астындағы бөлігіне акті жасаумен білікті техникалық тексеру жүргізеді;
4) кеменің су астындағы арматурасына, қолданыстағы кеме корпусының су астындағы бөлігіндегі ақауларды жоюға байланысты жұмыстарды орындайды;
5) сүңгуір қобдишасын уақтылы ауыстырады, сүңгуір жарағын залалсыздандырады;
6) өз меңгерімінің есеп құжаттамасын жүргізеді.
138. Сүңгуір жұмыстары жоқ болған кезде аға матростың (1-класты) міндеттерін орындайды.
§ 12. Аспазшы
139. Аспазшы кеме экипажының мүшелеріне тамақ дайындауды қамтамасыз етеді, тікелей капитанның аға көмекшісіне бағынады.
140. Аспазшы:
1) мәзір жасайды және тамақ өнімдеріне тапсырыс жасауға қатысады;
2) тамақты сапалы дайындайды және оларды таратуды белгіленген тамақ қабылдау уақытында жүргізеді;
3) нанды жүзбелі дүкендерден немесе жағалаудан алу мүмкіндігі болмаған кезде пісіреді;
4) камбуздық ыдыстың сақталуын және үнемі таза болуын қамтамасыз етеді;
5) камбуздық жабдықтарды пайдалану қағидаларын сақтайды және оны тазалықта ұстайды;
6) камбуздық үй-жайлар мен тоңазытқыштарды, сондай-ақ өзінің арнайы киімін тазалықта ұстайды;
7) санитарлық қағиданы сақтайды.
§ 13. Буфетші (стюард)
141. Буфетші (стюард) асхана және буфет ыдыстарын, төсек орын және өзінің меңгерімі бойынша үй-жайлардың шаруашылық құрал-сайманын: кір жуатын орынды, асхана мен каюта-компанияларды сақтауды, толығымен күтіп ұстауды қамтамасыз етеді.
142. Буфетші (стюард):
1) кеме кестесіне сәйкес тағам қабылдау алдында экипаж үшін столдарды дайындайды;
2) асхана және буфет ыдыстарын тазалықта ұстайды;
3) аспазшыға тағам таратуға және салқын кесінділер жасауға көмектеседі;
4) өз меңгерімінің үй-жайларында күнделікті дымқыл тазалап жинауды жүргізеді және тиісті санитарлық жай-күйді сақтайды;
5) мәзір жасауға және тағам өнімдеріне тапсырыс жасауға қатысады;
6) экипаж үшін санитарлық қағидаларда анықталған мерзімде төсек орын жаймасын жуу мен оны ауыстыруды жүргізеді.
143. Буфетші (стюард) лазаретпен немесе осы мақсатқа арналған басқа санитарлық блокпен жабдықталған кемелерде күнде дымқыл тазалап жинауды жүргізеді.
7. Радиотехникалық қызметі
§ 1. Жалпы ережелер
144. 1974 жылғы Радиотехникалық қызмет Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенция (бұдан әрі - СОЛАС-74) талаптарына сәйкес ДТБАЖ аппаратурасынық үздіксіз жұмыс істеуін, кеменің теңізде қауіпсіз жүзуін, теңіз көлігі бойынша операторлық-диспетчерлік радиобайланысты қамтамасыз етеді. Радиотехникалық қызметке ДТБАЖ операторы ретінде кеменің барлық штурмандық құрамы кіреді.
Радиотехникалық қызметке ДТБАЖ операторы дипломы бар экипаждың басқа да мүшелері кіреді.
Радиотехникалық қызметті кеме капитаны басқарады.
§ 2. ДТБАЖ операторы
145. ДТБАЖ операторы кеме капитанына бағынады. Оған кемені барлық радиобайланыспен және радиобайланыс аппаратурасының, оның ішінде вахта атқару кезінде спутниктік, электррадионавигациялық, радиотехникалық құрылғылардың техникалық қызметін қамтамасыз ету жүктеледі.
146. Капитанның радиожабдық техникалық құралдарын пайдалану мәселелері жөніндегі-тапсырмалары ДТБАЖ әрбір операторы үшін міндетті болады. ДТБАЖ операторлары арасындағы радиотехникалық құралдарға қызмет көрсету (жөндеулер, өндірушінің регламентіне сәйкес профилактикалық шаралары, формулярларды жүргізу, тапсырыстар және қызмет көрсетудің басқа түрлері) бойынша міндеттерді бөлуді капитан белгілейді және кеме бойынша бұйрықпен жарияланады.
147. ДТБАЖ операторы:
1) радиобайланыс тәртібін регламенттейтін халықаралық, ұлттық және ведомстволық құжаттар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
2) ұйымдастырушылық және техникалық қағидаттары мен ДТБАЖ туралы білімі бар құралдары, құтқару-үйлестіру орталықтарының және СВ-, ПВ-, KB- жағалаулық және УКВ-радиостанцияларының орналасуын, жүзу ауданында цифрлы таңдау шақыру жүйесіндегі жүргізуші дыбыстық бақылауды біледі;
3) қызметтердің барлық құралдарының сенімді жұмысын қамтамасыз етеді және оларды тиісті техникалық жай-күйде күтіп ұстайды, оларды қадағалау органдарына уақтылы куәландыруға ұсынады;
4) кіріс және шығыс хат-хабарды бақылайды, кеме радиостанциясының журналын жүргізеді;
5) авариялық радиобайланыс, радиобуй және радиолокациялық транспондерлердің тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді;
6) метео- және навигациялық ақпараттарды қабылдауды қамтамасыз етеді;
7) ДТБАЖ жүйесінде цифрлы таңдау шақыруды халықаралық және ұлттық жиіліктерде бақылауды қамтамасыз етеді;
8) шақыру, жедел, қауіпсіздік және апаттар сигналдарының дыбыстық бақылауын қамтамасыз етеді;
9) апат сигналдары бойынша көпіршеге капитан келгенше радиоалмасуды жүзеге асырады және қамтамасыз етеді;
10) жеделдік санатына қарай дауыс құралдары бойынша кемеге келіп түскен хат-хабарлар мен ақпараттарды капитанға мерзімінде береді.
148. Кез келген шығыс хат-хабарлар әрдайым капитан атынан кетеді.
8. Кеменің механика қызметі
Достарыңызбен бөлісу: |