Өздігінен жүрмейтін кемелердің және тігінен жүзетін құралдардың оттары
Жүрудегі және жол бойы тұрақтағы салдардың оттары
Техникалық флот кемелерінің оттары
Балық аулайтын кемелердің оттары мен белгілері
Кемелердің белгілері мен сигнал беру тулары (күндіз)
Шағын көлемді және желкенді кемелердің оттары мен белгілері
Сигнал беру тулары мен оттары
Ішкі су жолдарында
жүзу қағидасына
3-қосымша
Кемелерде оттар мен белгілердің өзара орналасуы
1. Сигналдық оттар мен дыбыстық-сигналдық құрылғылардың конструкциясы, олардың техникалық сипаттамасы және оларды кемелерде орнатуға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Өзен Тіркелімінің Қағидасына сәйкес болуға тиіс.
2. Жарықты-импульсті (жарықты) бұлғағыштар борттық оттардың үстінде кемінде 0,5 метрге жоғары орналасуға тиіс.
3. Өзі жүретін кемедегі топтық от (ал егер олар бір діңгекте екі немесе үшеу болса, онда олардың төменгісі) борттық оттардан кемінде 1 м жоғары және әдеттегідей олардың алдында орналасады.
4. Егер Жүзу қағидасына сәйкес өзі жүретін кеме:
(1) түрлі діңгектерде екі топтық от алып жүрсе, онда олардың арасындағы көлденең қашықтық кемінде 20 м, ал тігінен - кез келген пайдаланушылық дифферент кезінде алдыңғы от артқыдан кемінде 1 м төмен болуға тиіс, бұл ретте алдыңғы топтық от борттық оттардан төмен, ал артқы - арт жағында, бірақ олардан кемінде 1 м жоғары орналасады.
(2) үшбұрыш жасап орналасқан үш белгі от, үшбұрыш қабырғасы 1-ден 3 метрге дейін тең қабырғалы болып табылады және диаметральді перпендикуляр тік жазықтықта орналасқан; бұл ретте екі төменгі от көлденең орналасады;
(3) бір діңгекте екі немесе үш белгі от болса, онда олардың арақашықтығы бірдей және 1 метрден кем емес, ұзындығы 20 метрден кем кемелерде - 0,5 м.
5. Егер кеме көпірлердің астынан, ауа өтпелерінен және тағы басқа өту үшін діңгекті (діңгектерді) белгі оттармен толтырып тастауға мәжбүр болса, ол алдыңғы бөлігінде резервтік топтық от (оттар) алып жүреді; ұзындығы 50 м және одан артығырақ жеке кеме осы қосымшаның 4 (1) тармағының талаптарын орындаған жағдайда оны алдыңғы топтық от ретінде тұрақты пайдаланады.
6. Жүзу қағидасына сәйкес өзі жүрмейтін кемелер топтық оттар алып жүрген жағдайларда, олар әдеттегідей палуба үстінде 2 м биіктікте диаметральді жазықтықта, бірақ кез келген жағдайда - итерушінің топтық оттары үшбұрышынан кемінде 1 м төмен және мүмкіндігінше - бір счалдың кемелерінде бірдей биіктікте орналасады.
7. Борттық оттар диаметральді жазықтыққа перпендикуляр және оған қатысты симметриялы сызықта төмендегіше орналасады:
(1) палубасыз кемелерде - планширден кемінде 0,5 м жоғары (шағын көлемді кемелерде планшир деңгейінде рұқсат етіледі);
(2) бір қабатты қондырмалы (рубкалы) кемелерде - оның жоғарғы бөлігінде;
(3) екі және одан артығырақ қабатты қондырмалы кемелерде - жүргінші кішкене көпірінің палубасынан төмен емес.
8. Егер борттық оттар бір шамда құрамдастырылса, онда ол кеменің алдыңғы бөлігінде диаметральді жазықтықта орналасады.
9. Егер желкенді кемеде борттық және артқы оттар бір шамда құрамдастырылса, онда соңғысы діңгек ұшында немесе ұшының жанында орналасқан.
10. Егер кеме үш артқы от алып жүрсе, онда олардың жоғарғысы диаметральді жазықтықта, ал төменгі екеуі - тең қабырғалы үшбұрыш пайда болатындай, борттарға мүмкіндігінше жақын, көлденең орналасады.
11. Тіркеп сүйреу және артқы оттарының арақашықтығы кемінде 0,5 м құрайды.
12. Өзі жүрмейтін кемелер үшін жүргенде және тұрғанда Жүзу қағидасы ұйғаратын ақ айналма оттар палуба үстінде 2 метрден төмен емес диаметральді жазықтықта, ал палуба жүгі болған кезде - оның үстінде 1 метрден төмен емес биіктікте орналасады.
13. Жүзу қағидасы ұйғаратын ақ айналма оттар биіктігі бойынша төмендегіше орналасады:
(1) салдарда, орман орлары мен айлақтарының орман бағыттаушы және орман қорғаушы жүзбелі құрылыстарында - су бетінен кемінде 2 м биіктікте;
(2) паромдарда, жүзбелі айлақтарда-понтондарда, суға шомылатын орындарда және тағы басқа - жоғарғы тұтас палубалардан (төсемдерден) кемінде 2 м.
14. Қызыл айналма от оның барлық жақтан көрінуін қамтамасыз ететін неғұрлым көрінетін жерде орналастырылады, бұл ретте ол тұрақ оттарымен бір тік сызықта болмайды.
15. Жүзу қағидасында көзделген сары және көк айналма жалтылды оттар олардың барлық жақтан көрінуін қамтамасыз ететін неғұрлым көрінетін жерге орналастырылады, бұл ретте оларды топтық отпен бір тік сызықта, одан жоғары немесе төмен орнатуға рұқсат етіледі.
16. Жүзу қағидасына көзделген, барлық сигналдық айналма оттар олардың аралығы және жүріс немесе тұрақ оттарының арақашықтығы төмендегілерден кем болмайтындай етіп орналастырылады.
(1) ұзындығы 20 м және одан артығырақ кемелерде - 1 м;
(2) ұзындығы 20 метрден кемірек кемелерде - 0,5 м.
17. Жүзу қағидасын айтылған сигналдық тулар арнайы сигналдық діңгекте немесе алдыңғы не артқы бөлігіндегі діңгек реясының жартысында көтеріледі.
18. Шар кеме зәкірде тұрған кезінде алдыңғы діңгектен форштевня жағына кететін алдыңғы тутұғырда, алдыңғы штагта немесе сигналдық фалда көтеріледі.
19. Егер Жүзу қағидасында екі немесе одан көбірек сигналдық белгі немесе ту алып жүру көзделсе, олардың арақашықтығы төмендегілерден кем құрамайды:
(1) ұзындығы 20 м және одан артығырақ кемелерде - 1 м;
(2) ұзындығы 20 метрден кемірек кемелерде - 0,5 м.
Ішкі су жолдарында
жүзу қағидасына
4-қосымша
Толқу дәрежесін және жел күшін бағалау
Толқу дәрежесінің шкаласы
Ең үлкен толқу биіктігі, м
|
Толқу дәрежесінің баллы
|
Толқудың сөзбен сипаттамасы
|
бастап
|
дейін
|
-
|
-
|
0
|
Толқу жоқ
|
0,25 дейін
|
I
|
Әлсіз
|
0,25
|
0,75
|
II
|
Қалыпты
|
0,75
|
1,25
|
III
|
Елеулі
|
1,25
|
2,0
|
IV
|
2,0
|
3,5
|
V
|
Күшті
|
3,5
|
6,0
|
VI
|
6,0
|
8,5
|
VII
|
Өте күшті
|
8,5
|
11
|
VIII
|
11
|
және одан астам
|
IX
|
Ерекше
|
Достарыңызбен бөлісу: |