Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1116 Қаулысы


Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара



бет2/4
Дата23.02.2016
өлшемі0.53 Mb.
#4022
1   2   3   4
Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын өз пайдасына және өз қызметкерлерінің табыстарынан ұсталған сомаларды аудара отырып (банкке қолма-қол енгізе отырып), төлем құжаттарында Орталықтың деректемелерін, ал оларға қоса берілетін тізімдерде өзі және қызметкерлер туралы мәліметтерді (жеке сәйкестендіру нөмірлерін, тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), туған күнін, жарналардың сомалары мен міндетті зейнетақы жарналары төленіп отыратын кезеңді (айын/айларын, жылын) көрсетуге тиiс.

14. Банктер міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомалар агенттердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні Орталыққа аударады.



Банктердің кассаларына міндетті зейнетақы жарналарын енгізу кезінде аудару қолма-қол ақшалар енгізілген күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей жүргізіледі.

Банктердің Орталыққа ақша аударуы Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінде қолданылатын форматтарға сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерімен бірге электрондық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.

Саны елу адамнан асатын қызметкерлері бар агент Қағидалардың 13-тармағындағы талаптарды орындаудан басқа, банкке жоғарыда көрсетілген форматта электрондық жеткізгіштегі жеке тұлғалардың тізімімен бірге төлем тапсырмасын ұсынады.



 

 

Міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде қателер анықталған жағдайда салымшылардың



(алушылардың), агенттердің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының іс-әрекеттері

 

15. Салымшы (алушы) төленген мiндеттi зейнетақы жарналарының жекелеген сомаларының болмауын байқаса, зейнетақы төлемдерiн немесе жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомалары туралы деректерді алу және жол берілген қателерді түзету шараларын қабылдау үшін қателерді анықтағаны және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе орталыққа кез келген уақыттағы аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) өсiмпұл туралы төлем құжаттарының көшірмесін және төлем құжаттарына қоса берілген, өзінің жеке басына қатысты жеке тұлғалар тізімінің көшірмелерін өзіне беруі жөнінде агентке жазбаша өтініш береді.

16. Агент заңнамада белгіленген тәртіппен таратылған және тарату процесі аяқталған жағдайда, салымшы (алушы) агенттің орналасқан жері бойынша мұрағат мекемелеріне, ал тарату өндірісі барысында тарату комиссиясына өтініш жасайды, олар оған құжаттардың расталған төлем көшірмелерін береді. Салымшы (алушы) алған төлем құжаттарының көшірмелерін өтінішпен қоса Орталыққа жібереді.

17. Салымшының (алушының) деректемелерінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсiмпұлды аудару кезінде жіберілген қателер анықталған жағдайда салымшы (алушы) қатені түзеу туралы Орталыққа қатені түзеу туралы нотариатта куәландырылған өтініш береді. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшы (алушы) өтініш жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде агент беретін анықтама-растама немесе салымшының (алушының) деректемелерінде орын алған өзгерістерді растайтын жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса берiледi.



Міндетті зейнетақы жарналарын банк шотын пайдаланбай аудару кезінде анықтама-растаманың орнына қолма-қол ақшаның міндетті зейнетақы жарналарын төлеу есебіне енгізілгенін растайтын түбіртек-хабарламалардың көшірмелері қоса беріледі.

Орталық ұсынылған құжаттардың негізінде салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттағы және салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшының (алушының) нотариатта куәландырылған өтінішінің электронды көшірмесін қоса отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына электронды өтінім ресімдейді.

18. Агент мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды есептеу, аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған немесе салымшының (алушының) қателерді анықтағаны туралы жазбаша өтінішін алған жағдайда қателерді міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың бұдан кейінгі аударымдарын реттеу жолымен түзетеді.

Мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың кейінгі аударымдарын реттеу жолымен қателерді түзету мүмкін болмаған кезде агент қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсiмпұлды қайтару туралы өтінішпен Орталыққа жүгінеді. Қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтару туралы өтінішке салымшының (алушының) өзінің жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысандағы салымшының (алушының) нотариатта куәландырылған өтініші қоса беріледі.

19. Қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға берілген өтініште: агенттің атауы мен деректемелері, (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), (жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - ЖСН), банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі - БСК), жеке сәйкестендiру коды (бұдан әрі - ЖСК), қайтару себебі, қате жіберілген төлем құжаттарының деректемелері (нөмірі, күні мен сомасы), сондай-ақ жеке зейнетақы шотынан қайтару жүргізілетін салымшының (алушының) деректемелері мен қайтаруға жататын жеке сомалар көрсетіледі. Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиiс. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, қайтаруға берілген өтінішке тиісті белгі қойылады.

20. Орталық қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға агенттер мен банктерден және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алған құжаттардың негізінде зейнетақы төлемдерінің түсу фактісін және олар бойынша бұрын жүзеге асырылған қайтарулардың жоқ екенін тексергеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға арналған өтінімді электронды түрде қалыптастырады.



Электронды түрдегі өтінімде: салымшының (алушының) деректемелері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, ЖСН, міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) қайтаруға жататын өсімпұлдың сомалары мен қайтару себебі көрсетіледі.

Салымшының өзінің жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды шығаруға келісетіні туралы нотариатта куәландырылған өтінішінің электронды көшірмесімен электронды түрдегі өтінімі ақпаратты тасымалдаудың автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.

ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 20-1-тармақпен толықтырылды



20-1. Жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайға әлеуметтік төлем тағайындалған кезде алушылардың орташа айлық табысын айқындау үшін қабылданған аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары қайтарылмайды.

21. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Орталықтан қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға арналған өтінімді электронды түрде алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Орталық өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын және (немесе) өсiмпұлды Орталыққа қайтаруды жүзеге асырады.

22. Банктің кінәсі бойынша қате жіберілген жағдайда банк Орталыққа қате аударылған сомаларды қайтару туралы өтінішпен хатты жібереді.

Қызмет көрсететін банктің кінәсінен қате есептелген сомаларды қайтаруға арналған өтініште: БСН, ЖСК, БСК, қате жіберілген төлем құжаттарының референстері мен қайтару себебі көрсетіледі. Хат пен өтінішке хатқа және қате нұсқаманы қайтаруға арналған өтініштерге қол қоюға аталған адамдардың өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмелерімен қоса, банктің уәкілетті адамдарының қолымен ұсынылады.

23. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Орталық филиалдары (бұдан әрі - Орталық филиалы) және Орталық Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары сомаларын есептеу, аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған жағдайда, Орталық филиалы қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын қайтаруға арналған электронды түрдегі өтінішті Орталыққа жібереді.

ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

24. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұл сомаларын электронды түрде Орталықтың өтінімінде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына нақты енгізілген номиналды сомасы бойынша Орталықтың банк шотына жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен қайтаруды жүргізеді.

25. Инфляция деңгейі ескеріле отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы өтеу сомасын есептеу кезінде ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы қайтарылуға жатпайды.

26. Орталық қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары және (немесе) өсiмпұлдың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды агенттің өтінішінде көрсетілген деректемелерге сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерімен қоса төлем тапсырмасымен аударуды жүргізеді.

27. Банк қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұл сомалары Орталықтан келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналарының қайтарылғаны туралы агентті хабардар етеді.



 

 

Мiндеттi зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына

уақытылы аудармағаны үшін өсімпұлды төлеу және берешекті өндіру

 

28. Табыс іс жүзінде төленген және салымшы оны алған кезде агенттің уақытында ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын салық органдары өндіріп алады немесе агенттер кешіктірілген күн үшін (Орталыққа төлем жасау күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен мiндеттi зейнетақы жарналарын салымшылардың пайдасына аударуға тиіс.



Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есебіне жазуға) және төлеуге міндетті.

29. Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы ұстамағаны (есебіне жазбағаны) және аудармағаны үшін өсімпұлды агенттер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның актілерімен бекітілген экономика секторларының кодтарын қолдану және төлемдерді тағайындау және оларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібіне сәйкес айқындалатын төлем тағайындау кодтарын көрсете отырып, кейіннен Орталықтың салымшының (алушының) шарты қолданылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуы үшін Орталықтың банк шотына төлейді.

30. Агенттер мiндеттi зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уақтылы аудармағаны үшін өсiмпұл төлеуді Қағидалардың 8-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

Әрбір төлем құжаты, оған қоса берілетін жеке тұлғалар тізімі даналарының саны, сондай-ақ оларды беру мен сақтаудың тәртібі мен мерзімдері Қағидалардың 13-тармағында міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін белгіленген шарттарға ұқсас.

Агенттер өсiмпұлды уақытында аудармаған жағдайда, аудару жеке тұлғалардың тізімін қоса, әрбір ай үшін жеке-жеке МТ-102 форматындағы қалыптастыру арқылы әрбір ай үшін жеке-жеке жүргізеді.

31. Саны елу адамнан асатын қызметкерлерi бар агент өсiмпұл төлеу кезінде Қағидалардың 13-тармағында айқындалған тәртіпте банкке қағаздағы және электрондық жеткізгіштегі жеке тұлғалардың тізімін қоса беру арқылы төлем құжатын ұсынады.

32. Төлем құжатына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша «жарна сомасы» бағанын қоспағанда, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезіндегі жеке тұлғалардың тізімі үшін Қағидалардың 13-тармағында көзделген деректемелерді қамтиды. Жарна сомасының орнына өсiмпұлдың тиісті сомасы көрсетіледі.

Жеке тұлғалардың тізімдерінде агент олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған салымшылар (алушылар) ғана көрсетіледі.

33. Банктер агенттер төлем құжаттарын көрсеткен кезде агенттер жеке тұлғалардың тізімдерін қоса беріп, МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен Орталықтың банктік шотына өсiмпұл аударуды жүргізеді.

34. Орталық ақшаны бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уақтылы аудармағаны үшін Заңда белгіленген мөлшерде өсiмпұл төлейді.

Орталық өсiмпұл төлеу үшін агенттің төлем тапсырмасы негізінде әрбір жеке тұлға бойынша мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезінде жеке тұлғалардың тізімдері үшін осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген деректемелері бар «жарна сомасы» бағанын алып тастай отырып, жеке тұлғалардың тiзiмiн қосып, MT-102 форматындағы электронды төлем тапсырмасын қалыптастырады. Жарна сомасының орнына тізімге сәйкес әрбір жеке тұлға бойынша бөлінген өсімпұл сомасы көрсетіледі.

35. Келіп түскен өсiмпұл сомаларынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақы алуы мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

36. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алынған өсiмпұл жеке тұлғалардың тізімдеріне сәйкес салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына аударады.

37. Жеке тұлғалардың тізімі қоса берілмей аударылған өсiмпұл агентке қайтаруға жатады, келесі аударым кезінде өсiмпұлдың сомасы көрсетілген тізімді ұсынудың кешіктірілген күндерінің санына өседі.

38. Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек қалыптасқан кезде, салық органдары агенттерге кейіннен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару үшін Орталыққа аударылуға тиіс мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарламаны (бұдан әрі - хабарлама):

1) 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

39. Хабарлама агентке жеке өзіне қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуға тиіс. Бұл ретте төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда:



1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен - пошталық немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында агентінің белгісі қойылған күннен бастап;

2) электрондық тәсілмен - веб-қосымшада салық қызметі органының хабарламаны жеткізген күннен бастап салық төлеушіге (салық агентіне) берілген болып есептеледі. Аталған тәсіл Салық кодексінің 572-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген агентке қолданылады.



Егер міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш сомадан аспайтын болса, хабарлама жіберілмейді.

40. Агенттер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына Қағидалардың 13-тармағында белгіленген тәртіппен пайдасына берешек өндірілетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін ұсынады.

41. Агенттердің банк шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдері қоса берілген, салық органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.

42. Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндірілетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін агенттерден алған кезде салық органы - Орталықтың бенефициарын көрсете отырып, агенттің банктік шотына (шоттарына) инкассолық өкімдерді ұсынады.



Агенттің банктік шотында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу салық органдары ұлттық валютада ұсынған инкассолық өкімдер негізінде агенттің банктік шоттарынан шетелдік валютада жүргізіледі.

43-тармағының қолданысы 2014 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды



43. Агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды салық органдары мынадай жағдайларда жүргізеді:

1) агенттің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімін ұсынбауы және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болуы - хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткенге дейін. Бұл ретте агенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы шамасында жүргізіледі.

2) міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өтемеу - хабарлама берілген күннен бастап он бес жұмыс күні өткенге дейін. Бұл ретте агенттің банктік шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізіледі.

44. Салық органының агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп бекіткен нысан бойынша ұсынылады және банк алған күнінен бастап күшіне енеді.

ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 45-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

45. Осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген хабарламаны берген күннен бастап он бес жұмыс күні өткеннен кейін салық органы агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларды тоқтата тұрады.



Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтату, кейіннен оларды салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу есебіне аудару үшін банкке ақша тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.

Агенттің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы салық органының өкімі Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

46. Міндетті зейнетақы жарналарын банктік шотын ашпай төлеген кезде банктердің қызметтеріне ақы төлеуге байланысты шығыстар агенттің қаражаты есебінен жүргізіледі.

47. Агенттердің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсiмпұл төлеуін, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүргізетін міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомасын қайтаруын бақылауды қамтамасыз ету үшін, Орталық күн сайын өткен күн үшін салық органдарына қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен, сондай-ақ қайтарылған тізілімдерін және электрондық төлем тапсырмаларын Салық органдарына ұсынады.



Мыналар жеке ұсынылады:

адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер банкке қолма-қол ақшамен енгізген міндетті зейнетақы жарналары сомаларының қате келіп түскен және қайтарылған тізілімдері:

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айрылу және (немесе) жұмысынан айрылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған, аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдері.

Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының келіп түскен тізілімдері мен қайтарылған тізілімдері бойынша ай сайынғы есепті Орталық салық органдарына ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күнiнен кешіктірмей ұсынады.

 

 

4-бөлім 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет