Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2013 жылғы 21 маусым №641 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қоса беріліп отырған өзгерістердің 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының үшінші, төртінші, жетінші, сегізінші, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын және 3-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-МинистріС.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы «21» маусымдағы
№641 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №49, 600-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесiнде:
7-1-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жылдар бойынша үш жылдық кезеңге қосылған құн салығын және акциздерді есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын. Жұмыстардың номенклатурасы осы жұмыстарды орындау шеңберінде сатып алынатын тауарлардың көлемі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. Тиісті бюджетте бекітілген сома болмаған жағдайда, болжамдық сома көрсетіледі;»;
115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«115. Әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған конкурстық өтiнiмiнiң бағасы, егер ол техникалық-экономикалық негіздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау үшін) және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiлген мемлекеттік сараптамадан өткен және белгiленген тәртiппен бекiтiлген немесе Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген және белгіленген тәртіппен бекітілген ведомстволық сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада көрсетiлген бағадан бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтiк деп танылады.»;
мынадай мазмұндағы 164-2-тармақпен толықтырылсын:
«164-2. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу шарттарын қамтуы тиіс.»;
көрсетілген Ережеге 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Ережеге 4-қосымша мынадай мазмұндағы 53-2-тармақпен толықтырылсын:
«53-2. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу шарттарын қамтуы тиіс.»;
көрсетілген Ережеге 5-қосымша мынадай мазмұндағы 8-2-тармақпен толықтырылсын:
«8-2. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу шарттарын қамтуы тиіс.».
2. «Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы №787 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №27-28, 245-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:
көрсетілген Үлгі ережеге 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы №623 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №50, 678-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларында:
71-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«71. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмiнiң бағасы техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшiн) және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк сараптамадан немесе Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасына сәйкес ведомстволық сараптамадан өткен және белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетiлген бағадан бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.»;
мынадай мазмұндағы 166-2-тармақпен толықтырылсын:
«166-2. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу шарттарын қамтуы тиіс.»;
аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына 3-қосымшадағы тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Біздің аукциондық өтініміміз жеңді деп танылған жағдайда біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансқа тең мөлшерде енгіземіз (егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызына тең болуы тиіс авансқа тең мөлшерде көзделген болса көрсетіледі).»:
аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына 7-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы «21» маусымдағы
№641 қаулысына
1-қосымша
Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру ережесіне
2-қосымша
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары
Жалпы мәліметтер
Тапсырыс берушінің БСН
|
Тапсырыс берушінің СТН
|
Мемлекеттік мекемелер үшін
|
Тапсырыс берушінің атауы (мемлекеттік тілде)
|
Тапсырыс берушінің атауы (орыс тілінде)
|
Қаржы жылы
|
|
|
ММ коды
|
Қор
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Мемлекеттік сатып алу жоспары
р/с№
|
Жоспар тармағының түрі
|
Мемлекеттік мекемелер үшін
|
Сатып алу мәнінің түрі
|
Тауардың, жұмыс-тың, көрсетіле-тін қызметтің коды (ТЖҚС сәйкес*)
|
Сатып алынатын тауарлар-дың, жұмыстар-дың, көрсетілетін қызметтер-дің мемлекеттік тілдегі атауы (ТЖҚС сәйкес*)
|
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің орыс тіліндегі атауы (ТЖҚС сәйкес*)
|
Тауарлар-дың, жұмыстар-дың, көрсетілетін қызметтер-дің мемлекеттік тілде қысқаша сипаттамасы
(сипаттауы) (ТЖҚС сәйкес*)
|
Тауарлар-дың, жұмыстар-дың, көрсетілетін қызметтер-дің орыс тілінде қысқаша сипаттамасы (сипаттауы) (ТЖҚС сәйкес*)
|
|
|
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
|
Бағдарлама
|
Кіші бағдарлама
|
Ерекшелік
|
Қаржыландыру көзі
|
|
|
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
кестенің жалғасы
Қосым-ша сипаттамасы (сипаттауы) (мемлекеттік тілде)**
|
Қосым-ша сипаттамасы (орыс тілінде)**
|
Сатып алу тәсілі
|
Өлшем бірлігі (ТЖҚС сәйкес *)
|
Саны, көлемі
|
Бір бірлігі үшін баға***, теңге
|
Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома ***, теңге
|
Үш жылғы кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома
|
Үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома ***, теңге
|
Үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома ***, теңге
|
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жоспарланған мерзімі (ай)
|
Тауар-ды жет-кізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсе-ту мерзімі
|
Тауарлар-ды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету (ӘАОС сәйкес елді мекеннің коды)
|
Аванстық төлемнің мөлшері, %
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
26
|
27
|
* ТЖҚС –тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышы
**толтыру міндетті емес
*** 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер соманы ҚҚС есепке алусыз көрсетеді. Аталған талап 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушілері болып табылатын дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады. Бұл ретте аталған дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалар 2013 жылға арналған жылдық жоспарда ҚҚС есепке алусыз тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағаны көрсетуге құқылы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы «21» маусымдағы
№641 қаулысына
2-қосымша
Үлгі ережеге
1-қосымша
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпарат
Жалпы мәліметтер
Тапсырыс берушінің БСН
|
Тапсырыс берушінің СТН
|
Тапсырыс берушінің атауы (мемлекеттік тілде)
|
Тапсырыс берушінің атауы (орыс тілінде)
|
Сатып алу жылы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Сатып алу жоспары
р/с№
|
Жоспар тармағының түрі
|
Сатып алу нысанының түрі
|
Тауар дың, жұмыс тың, қызметтің коды (ТЖҚЖ сәйкес)
|
Мемлекеттік тілдегі сатып алына тын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы (ТЖҚЖ сәйкес)
|
Орыс тіліндегі сатып алынатын тауарлар дың, жұмыстар дың, қызметтер дің атауы (ТЖҚЖ сәйкес)
|
Мемлекеттік тілдегі сатып алынатын тауарлар дың, жұмыстар дың, қызметтер дің қысқаша сипаттама лары (сипаты) (ТЖҚЖ сәйкес)
|
Орыс тіліндегі тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаты) (ТЖҚЖ сәйкес)
|
Қосым ша сипат тама (мемлекеттік тілде)
|
Қосым ша сипат тама (орыс тілінде)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Сатып алу тәсілі
|
Өлшем бірлігі (ТЖҚЖ сәйкес)
|
Саны, көлемі
|
Бірлік құны, теңге
|
Сатып алу үшін бекітілген сома, теңге
|
Сатып алуды жүзеге асырудың жоспарлы мерзімі (ай)
|
Тауарды жеткізу, жұмысты орындау, қызмет көрсету мерзімі
|
Елді мекен коды (ӘАОЖ сәйкес)
|
Алдынала төлем мөлшері, %
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
*ТЖҚС – тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышы
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпаратта ақпаратты толтыру жолдар бойынша, мынадай тәртіппен әрбір тауар, жұмыс және көрсетілетін қызмет бойынша жеке жүзеге асырылады.
Жалпы мәліметтер
1-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (болған жағдайда толтырылады).
2-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
3-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің қазақ тіліндегі атауы көрсетіледі.
4-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің орыс тіліндегі атауы көрсетіледі.
5-баған. Сатып алу жоспарының жылы көрсетіледі (мысалы: 2012).
Сатып алу жоспары
1-баған. Жылдық сатып алу жоспары жазбасының (позициясының) реттік нөмірі көрсетіледі (реттік нөмірі нүктесіз бүтін сандармен жазылады).
2-баған. Жоспар тармағының түрі көрсетіледі.
3-баған. Сатып алу мәнінің түрі (тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет) көрсетіледі.
4-баған. «Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сыныптауышы» анықтамалығына сәйкес 17 белгі деңгейінде тауар коды не 14 белгі деңгейінде жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі (мысалы: 01.11.11.00.00.00.01.10.1).
5-баған. ТЖҚЖ анықтамалығына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қазақ тіліндегі атауы көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
6-баған. ТЖҚЖ анықтамалығына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің орыс тіліндегі атауы көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
7-баған. ТЖҚЖ анықтамалығына сәйкес қазақ тілінде сатып алу мәнінің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
8-баған. ТЖҚЖ анықтамалығына сәйкес қазақ тілінде сатып алу мәнінің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
9-баған. Қазақ тілінде сатып алу мәнінің қосымша сипаттамасы көрсетіледі.
10-баған. Орыс тілінде сатып алу мәнінің қосымша сипаттамасы көрсетіледі (аталған баған толтыру үшін міндетті болып табылмайды).
11-баған. Сатып алу тәсілі көрсетіледі.
12-баған. ТЖҚЖ анықтамалығына сәйкес өлшем бірлігі көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
13-баған. 11-бағанның көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің саны немесе көлемі көрсетіледі.
14-баған. Теңгемен сатып алу мәнінің бірлігі үшін бағасы көрсетіледі.
15-баған. Теңгемен жоспарланатын сатып алу сомасы көрсетіледі.
16-баған. Сатып алу рәсімдерін өткізудің жоспарланатын айы көрсетіледі.
17-баған. Жоспарланатын жеткізу мерзімі көрсетіледі (ерікті жолақ).
18-баған. Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес елді мекен коды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу орны көрсетіледі.
19-баған. Жоспарлы аванстық төлем мөлшері көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы «21» маусымдағы
№641 қаулысына
3-қосымша
Үлгі ережеге
2-қосымша
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы ақпарат
Шарттар
тізіліміндегі
жазбаның нөмірі
|
Жазбаның
соңғы
өзгертілген
күні
|
Тапсырыс
беруші
|
Сатып
алуды
жүзеге
асыру тәсілі
|
Сатып
алуды
өткізу
туралы
хабарламаның
нөмірі
|
Сатып
алудың
қорытындысы
шыққан
күн
|
Шартты
жасасудың
негізін
растайтын
құжаттың
деректемелері
|
Шарт
|
атауы
|
СТН
|
БСН
|
күні
|
нөмірі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кестенің жалғасы
Шарт валютасының коды
|
Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің
(ТЖҚС-ке сәйкес) коды
|
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің
(ТЖҚС-ке сәйкес) атауы
|
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің
қысқаша сипаттамасы (сипаты)
|
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің
қосымша сипаты
|
Тауар туралы ақпарат
|
Бірлік үшін бағасы, теңгемен
|
саны
|
сомасы, теңге
|
тауар өндірілген ел
|
тауардың
мәртебесі
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кестенің жалғасы
Шарт бойынша өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат
|
Шарт орындалған күн
|
Шарттың қолданылуы тоқтатылған күн
|
Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
|
Орналасқан жері (мекенжайы)
|
СТН
|
БСН, ЖСН
|
Өнім берушінің
елі
|
телефон және факс
|
шарт бойынша
|
іс жүзінде
|
Іс жүзінде тапсырыс берушінің төлегені, теңгемен
|
күні
|
Негізі және себебі
|
22
|
23
|
24
|
25
|
26
|
27
|
28
|
29
|
30
|
31
|
32
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы ақпаратта ақпаратты толтыру есепті кезең үшін әрбір жасалған шарт туралы жеке жолға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады.
1-баған. Шарттар тізілімінде 20 мәнді нөмір жазбасын жүйе автоматты түрде толтырылады.
2-баған. Сатып алу шартына өзгеріс енгізілген жағдайда күні «күн, ай, жыл» (00.00. 0000. мысалы, 04.10.2013.) форматында көрсетіледі.
3-баған. Тауарларға, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге тапсырыс берушінің толық атауы көрсетіледі.
4-баған. Тауарларға, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге тапсырыс берушінің салық төлеуші ретіндегі тіркеу нөмірі көрсетіледі.
5-баған. Тауарларға, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге тапсырыс берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
6-баған. Сатып алу тәсілі мәтіндік бөлігі мен код аймағының мәнінің мынадай сәйкестігіне қарай көрсетіледі:
тендер – 1;
баға ұсыныстарын сұрату - 2;
бір көзден сатып алу – 3;
ұйымдастырылған электрондық сауда-саттық – 4;
тауар биржалары арқылы – 5;
кепілдендірілген тапсырыс – 6;
7-баған. Сатып алу өткізілетіні туралы хабарламаға берілген нөмір көрсетіледі.
8-баған. Сатып алу қорытындылары шыққан күн «күн, ай, жыл» (00.00. 0000. мысалы, 04.10.2013.) форматында көрсетіледі.
9-баған. Құжаттың «күн, ай, жыл» (00.00.0000.) форматында күні, нөмірі мен атауы (мысалы, № 54, сатып алу қорытындыларының хаттамасы) көрсетіледі.
10-баған. Шарт жасалған күн «күн, ай, жыл» (00.00. 0000.) форматында көрсетіледі.
11-баған. Шартқа берілген нөмір көрсетіледі.
12-баған. Шарт валютасының коды валюталардың сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.
13-баған. Тапсырыс беруші сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің коды Тауарлар, жұмыстар, қызметтер тізбесінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.
14-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы Тауарлар, жұмыстар, қызметтер тізбесінің сыныптауышына сәйкес сәйкес көрсетіледі.
15-баған. Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаты) Тауарлар, жұмыстар, қызметтер тізбесінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.
16-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қосымша сипаттамасы көрсетіледі.
17-баған. Тауар өндірілген ел елдердің анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.
18-баған. Тауардың мәртебесі, егер: толық өндірілген болса – 1, қайта өңдеуге ұшыраған болса – 2 деп көрсетіледі.
19-баған. Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бірлік бағасы (нүктеден кейінгі екінші ондық мәнге дейін дәл) теңгемен көрсетіледі.
20-баған. Тауарлардың саны 19-бағанда аталған тауарлардың өлшем бірлігіне сәйкес көрсетіледі.
21-баған. Шарттың сомасы теңгемен (нүктеден кейінгі екінші ондық мәнге дейін дәл) көрсетіледі.
22-баған. Заңды тұлғаның толық атауы немесе тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуші – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты шартқа сәйкес көрсетіледі.
23-баған. Заңды тұлғалар үшін - Қазақстан Республикасы субъектісінің, қаланың (елді мекеннің), көшенің почталық мекенжайы, атауы, үйінің, кеңсесінің (егер бар болса) нөмірі, жеке тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасы субъектісінің, қаланың (елді мекеннің), көшенің почталық мекенжайы, атауы, жеке тұлғаның тұрғылықты орны бойынша тіркелген үйінің, пәтерінің нөмірі көрсетіледі.
24-баған. Өнім беруші – салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.
25-баған. Заңды тұлғалар үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіледі.
26-баған. Елдердің анықтамалығына сәйкес өнім беруші резиденті болып табылатын ел көрсетіледі.
27-баған. Өнім берушінің телефоны және факсы (бар болса) көрсетіледі.
28-баған. Шарттың талаптарына сәйкес шарттың қолданылуы аяқталуының жоспарлы күні «айы, жылы» форматында (00.0000) көрсетіледі.
29-баған. Шарттың орындалған күні шарттың «күні, айы, жылы» форматында (00.00.0000.) көрсетіледі.
30-баған. Шарттың ақысын төлеу есебіне жүзеге асырылған төлемдер сомасы теңгемен не шартта көрсетілген валютада көрсетіледі.
31-баған. Өзге себептермен шарттың қолданылуының орындалуы немесе орындалмауы тоқтатылған күн «күні, айы, жылы» форматында (0000.00.00.) көрсетіледі.
32-баған. Шарт қолданысының тоқтатылу негіздемесі мен себебі оның бұзылуына байланысты немесе өзге себептері бойынша көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы «21» маусымдағы
№641 қаулысына
4-қосымша
Аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына
7-қосымша
Берешектің жоқтығы туралы анықтама
Банктiң атауы _______________________________________________________
Банк деректемелерi __________________________________________________
Кімге:
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы
____________________________________________________________________
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi
Банк (атауы) ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес осы Банкте қызмет көрсетілетін (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы көрсетiлciн) банк алдында анықтама берiлген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзiмi өткен берешегiнiң жоқ екенін растайды.
Осы анықтама № _____ аукционға қатысу үшiн берiлдi, аукционның атауы _______________________________________.
Күнi ____________
Қолы ____________
М.О.
Достарыңызбен бөлісу: |