Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 31 желтоқсан №1595 Астана, Үкімет Үйі



бет1/14
Дата24.02.2016
өлшемі1.63 Mb.
#14681
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2013 жылғы 31 желтоқсан №1595 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсан №1595 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң

2014 – 2018 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары
1. Миссиясы және пайымы
Миссиясы: Еңбек құқықтарын қорғау, жұмыспен нәтижелі қамтуға және халықтың әл-ауқатының артуына жәрдемдесу.
Пайымы: Өмiр сүру деңгейi мен сапасын лайықты жұмыспен қамтудың қолжетiмдiлiгiн кеңейту, әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейiн арттыру, халықты әлеуметтiк қолдау жүйесiн дамыту және оңтайландыру негiзiнде арттыру.
2. Ағымдағы ахуалды және қызметтiң тиiстi салаларының (аяларының) даму үрдiстерiн талдау
1-стратегиялық бағыт. Еңбек ресурстарының өсуіне жәрдемдесу
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес экономиканың сапалы өсуі елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуына ықпал ететін физикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, адами ресурстарды дамытуға және институционалдық базаны нығайтуға негізделеді.

Бұл проблеманы шешу демографиялық ахуалдың жақсаруына және халық санының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге байланысты. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында көзделген халық санының 10 % өсіміне қол жеткізу үшін туу санының одан әрі өсуін, өмір сүрудің жалпы ұзақтығын арттыруды және көші-қонның оң сальдосын қамтамасыз ету қажет.

Осы проблемалардың шешімі Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті органдарының қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимылын ұйымдастыруды қажет етеді.

Демографиялық процесті басқару жүйесіндегі буындардың бірі ретінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бала туудың өсуіне, балалы отбасылардың жағдайының жақсаруына қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесуге арналған.

Министрліктің бала туудың өсуіне жәрдемдесу жөніндегі қызметінің негізгі бағыттары оның қазіргі жағдайын ескере отырып айқындалған.
Реттелетін қызмет саласының негізгі даму өлшемдері
Өткен кезеңде халық санының өскені байқалады: 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 16,9 млн. адам болды, бұл 1999 жылғы деңгейден 1,9 млн. адамға көп.

Халық санының артуы, негізінен бала туудың өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Соңғы бес жыл ішінде туылған балалардың орташа жылдық саны 367,1 мыңнан асты; бала туу коэффициенті 2008 – 2012 жылдары орта есеппен 22,5 құрады.

1-сурет

Бала туу серпіні

(жалпы бала туу коэффициенті, 1000 адамға шаққанда)



Халықтың жас құрылымы оң тұрғыдан өзгерді. 2013 жылдың басына:

1) еңбек етуге қабілетті азаматтардың үлесі 49,6 %-дан (2003 ж.) 62,7 %-ға дейін көбейді;

2) 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі ел халқының үштен біріне жақындады.

Демографиялық ахуалды жақсартуға балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау жүйесі айтарлықтай ықпал етті. 2003 жылдан бастап халықаралық тәжірибеде кеңінен таралған мынадай қолдау түрлері кезең-кезеңімен енгізілді:

1) отбасыларға табысына қарамастан 30 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) (бірінші, екінші және үшінші баланың туылуына) бастап 50 АЕК (төртінші және одан кейінгі балалардың туылуына) дейінгі мөлшерде республикалық бюджеттен төленетін баланың туылуына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;

2) бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақы. Жұмыс істемейтін аналарға ол табысына қарамастан республикалық бюджеттен 5,5 АЕК-тен 8,5 АЕК-ке дейінгі (отбасында туылған және тәрбиеленіп жатқан балалардың санына байланысты) мөлшерде төленеді. Жұмыс істейтін аналар бала туған күнге дейін соңғы 24 айдағы сақтандырылған табысының 40 % мөлшерінде «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-дан әлеуметтік төлемдер алады;

3) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға арналған ең төмен жалақы мөлшеріндегі жәрдемақы (2010 жылдан бастап енгізілді);

4) табысы азық-түлік себетінің құнынан аз күнкөрісі төмен отбасыларға жергілікті бюджеттен бір АЕК мөлшерінде тағайындалатын және төленетін 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы.

2010 жылдан бастап көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапаттау шарттары өзгертілді және оларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері арттырылды (3,9 АЕК-тен 6 АЕК-ке дейін).

Ана мен баланы қорғаудың жаңа жүйесі қызмет еткен кезеңде:

1) баланың тууына байланысты жәрдемақы алатын отбасылардың саны 157,5 мыңнан ( 2003 жылы) 381,2 мыңға дейін (2 еседен астам) артты;

2) төрт және одан көп баласы бар отбасылардың салыстырмалы үлесі 2003 жылғы 7 %-дан 2012 жылы 9,2 % артты.

2008 жылдан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдайға мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру енгізілді. Осы қатер басталған жағдайда, жұмыс істейтін әйел жүктiлiгі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген кезең үшін қатер басталғанға дейін соңғы 12 ай үшін сақтандырылған табыстың 100 % көлемінде әлеуметтік төлемді алады. Осы төлемдерді қаржыландыру көзі болып Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры белгіленген.

Сонымен қатар, егер бұл еңбек және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделген болса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүкті болу және босану жөніндегі әлеуметтік төлем сомаларын шегеріп, орташа жалақыны сақтай отырып, жұмыс беруші жүкті болу және босану жөніндегі демалыстың бір бөлігін, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлеріне демалысты төлейді.

Халықаралық тәжірибеде басқа елдерде де осыған ұқсас төлемдер жүзеге асырылады. Бұл ретте қаржыландыру көздері әртүрлі болады, Ресейде Әлеуметтiк сақтандыру қоры болса, мысалы Ұлыбританияда, бұл Үкімет пен жұмыс беруші, Германияда – Медициналық сақтандыру қоры мен жұмыс беруші болады.


Негізгі проблемаларды талдау
Алайда соңғы жылдары байқалған оң өзгерістердің аясында демографиялық салада жекелеген проблемалар да кездеседі.

1. Халық тығыздығының салыстырмалы түрде төмендігі (бір шаршы километрге 5,7 адам) өңірлік даму мүмкіндіктерін шектейді және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа әсер ететін факторлардың бірі болып табылады.

2. Халықтың қартаю үрдісінің дамуы. Болашақта (2020 жылға дейін) соғыстан кейінгі кезеңде туған адамдардың есебінен (бала туудың «қарқынды» кезеңінде) еңбекке жарамды жастан асқан адамдар үлесінің артуы болжанып отыр. Халықтың қартаю үрдісі кейінгі жылдары да сақталатын болады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің есебі бойынша 2030 жылға қарай қарт адамдардың үлесі 11,1 – 11,3 %, 2050 жылға қарай – 14,7 – 15 % дейін артады.

Халықтың қартаюы экономиканың өсуіне, жинақтар мен инвестицияларға, жұмыс күшінің ұсыныстары мен жұмыспен қамтуға, зейнетақымен қамсыздандыру бағдарламаларына, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетуге, салық салуға, отбасының құрамына және тұрмыс тәртібіне әртүрлі әсер ететін болады.

3. Ұлттық еңбек нарығындағы еңбек ресурстарының тапшылығы.

4. Балалар мен отбасылық жәрдемақылардың мөлшері салыстырмалы түрде көп емес, бұл балалардың теңдей бастапқы дамуына мүмкіндік жасауға кедергі болады.


Реттелетін қызмет саласының негізгі сыртқы және ішкі даму факторларын бағалау
Осылайша, қалыптасқан жағдайда еңбек ресурстарының өсуін қамтамасыз ету үшін балалы отбасыларды мемлекеттік қолдауды күшейтуге бағытталған шараларды іске асыру жалғастырылатын болады.

Мыналар:

1) баланың тууына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақылардың және көп балалы аналарға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың (индексация) мөлшерін арттыру;

2) «келісілген әлеуметтік көмек» және отбасылардың әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету механизмдерін пилоттық режимде енгізу;

3) қиын өмірлік жағдайда жүрген отбасылар мен балаларды жеке әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету жүйесін дамыту көзделеді.

Өз кезегінде еңбек ресурстарының өсу қарқынының өзгеруіне көші-қон ағындары да әсер етеді. Еңбек нарығындағы орнықты ахуал, халықтың әл-ауқатының өсуі еліміздегі көші-қонның оң сальдосына алғышарттар жасайды.

Ұзақ мерзімді перспективаға экономикалық белсенді халық санының азаюы ғаламдық дамудың әлемдік үрдістері де ықпал етеді. Әлемнің көптеген елдерінде еңбекке қабілетті жастағы халықтың санының қысқаруы және соның салдары ретінде, экономикалық белсенді тұрғындардың санының азаюы болжанады, бұл еңбек ресурстары ұсынысының қысқаруына алып келіп, еңбек нарығындағы ахуалды ушықтырады.

Келешекте бала туу санын арттыру және балалы отбасылардың жағдайын жақсарту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ана мен баланы қолдау жүйесін жетілдіруді жалғастыру көзделеді.



2-стратегиялық бағыт. Жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу

Жұмыспен қамту саясатында әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыра отырып, Министрліктің қызметі бір жағынан, еңбекке ынталылықты арттыруға және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге және екінші жағынан экономиканың жоғары білікті жұмыс күшіне қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталатын болады.

Жоспарланып отырған жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік қатерлерді басқару жүйесін дамыту бүгінгі таңда аталған салада қалыптасқан болмыстың, проблемалары мен үрдістерінің көрінісі болып табылады.
Саланы дамытудың негiзгi өлшемдері
Еңбек нарығы және жұмыспен қамту

Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысында елімізде қарқынды дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, экономикалық белсенділік және халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі тұрақты дамуда. Халықтың экономикалық белсенділік деңгейі 1991 жылғы 68,6%-дан 2012 жылы 71,7 %-ға, экономикалық белсенді халықтың саны 7,7 млн. адамнан 9,0 млн. адамға, жұмыс істейтін тұрғындардың саны 7,7 млн. адамнан 8,5 млн. адамға дейін көбейді. Бұл ретте жеке меншік нысандағы кәсіпорындарда жұмыспен қамтылу көп орын алады.

Жұмыссыздық деңгейі 2 еседен астам – 2000 жылғы 12,8%-дан, 2012 жылы 5,3 %-ға дейін азайды (Ресейде – 5,3 %, Ұлыбританияда – 7,7 %, АҚШ – 7,8 %, Италияда – 11,1 %, Испанияда – 26% – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2012 жылғы 9 айдағы деректері бойынша).

Жұмыссыз тұрғындардың саны 474,8 мың адамды құрады, бұл 2000 жылғымен салыстырғанда 2 есеге аз.


Еңбек нарығының серпіні


Соңғы жылдары қалыптасқан еңбек нарығындағы тұрақты оң ахуал уақтылы дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруды

да қамтамасыз етеді. Бұл, ең алдымен – Жұмыспен қамтудың жол карталарын (2009, 2010 жылдар) іске асыру. 2011 жылы Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы дамытылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2011 жылғы 1 шілдеде басталған және тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға ықпал ету жолымен халықтың табысын арттыруға бағдарланған Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленді және Жұмыспен қамту 2020 жол картасы болып өзгертілді.

2011– 2013 жылдары Бағдарламаны іске асыруға 200 млрд.теңге бөлінді. Бұл Бағдарламамен екі жүз елу мыңға жуық адамды қамтуға мүмкіндік берді, оның ішінде жартысынан астамы жұмыссыздар, 30 % өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Келісімшарт жасағандардың қалған бөлігі табысы аз адамдар (5,8 %) мен жалдамалы қызметкерлер (0,7 %).

233,8 мың адам жұмысқа орналастырылды. Бағдарламаға қатысушылардың 108 мыңынан астамы оқуға жіберіліп, оқуын аяқтағаннан кейін шамамен 80 % жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың нысаналы топтары өкілдерінің 66,9 мыңы жұмысқа орналастырылды, жастар практикасы шеңберінде уақытша жұмыспен 46,8 мың оқу бітірушілер қамтамасыз етілді.

Бағдарлама шеңберінде алынған микрокредиттердің есебінен 11 мыңнан астам адам ауылда жеке ісін ашты және 5 мыңнан астам адам бизнесін кеңейтті, нәтижесінде қосымша құрылған жұмыс орындарына тағы да 12 217 адам жұмысқа орналастырылды.

Экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге 11,3 мың адамға жуық көшірілді. Көшірілген еңбекке қабілетті азаматтардың қатарынан 80 %-ы тұрақты жұмысқа тұрды.

1485 жобаны іске асыру шеңберінде 26,4 мың жұмыс орны құрылып, оларға 15 мыңдай Бағдарламаға қатысушы тартылды.


Негiзгi проблемаларды талдау

Сонымен қатар, ұлттық еңбек нарығын дамыту белгілі бір проблемалар және қиындықтарға тап болып жатады.

1. Ұлттық еңбек нарығы теңгерілмеген. Жұмыссыздық сақталуда, оның деңгейі әсіресе жастар арасында жоғары. Жұмыссыздықтың орын алуына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарда орналастырылмаған жұмыс орындары (бос жұмыс орындары) сақталуда. Жаппай жұмысшы кәсіптері қызметкерлеріне, сондай-ақ жоғары білікті қызметкерлерге де сұраныс қанағаттандырылған жоқ.

2. Экономиканың формальды емес секторы әлеуметтік қорғаудан шет қалған экономикалық белсенді халықтың елеулі бөлігін құрап тұр. Жұмыс істейтін халықтың 37 % астамы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар болып табылады.

3. Еңбек ресурстарының сапасы инновациялық экономиканың қажеттілігіне жауап бермейді (шамамен жұмыс істейтін тұрғындардың үштен бірінің кәсіптік білімі жоқ).
Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау
Ұзақ мерзімді перспективада ұлттық еңбек нарығының жай-күйіне урбандалу және ғылыми-техникалық прогресс тәрізді ғаламдық дамудың әлемдік үрдістері маңызды ықпал етеді.

Тез урбандалу процесінде интеграциялық және ғаламдану процестері, халықтың еңбек көші-қоны күшейеді. Жалпы, әлеуметтік-экономикалық дамудағы инновациялардың рөлін нығайтатын технологиялық өзгерістердің жаңа толқыны күтілуде. Қызмет көрсету және ғылымды қажет ететін салалардағы жұмыстан өндіруші және дәстүрлі өңдеу өнеркәсібіне ауысу жүргізілуде, бұл орта біліктілікті талап ететін жұмыс орындары санының қысқаруына алып келеді.

Сыртқы факторлардың әсерімен қолдағы стратегиялардың әлеуеті қолданылатын болады. Жұмыспен қамту 2020 жол картасын одан әрі жетілдіру: жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының арасында да, Бағдарламаға қатысуға үміткерлер арасында да кәсіптік бағдарлау институтын енгізуді; тірек ауылдарды кешенді дамыту, рекрутингілік компаниялардың қызметі үлгісінде жұмыспен қамту орталықтарын кезең-кезеңімен жаңарту және азаматтарды оқыту және жұмысқа орналастыруға үкіметтік емес ұйымдар және жеке жұмыспен қамту агенттіктерін кеңінен тартуды; еңбек нарығында болжау жүйесін енгізу; сондай-ақ бағдарламаның іске асырылуы мониторингі жүйесін жетілдіруді және т.б. көздейді.

Экономиканың тұрақты дамуы, тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамту халықтың әл-ауқатының өсуіне берік негіз бола алады.


3-стратегиялық бағыт. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру
Халықаралық көші-қон ұйымының бағалауы бойынша Қазақстан көші-кон процестері ерекше күшті байқалатын елдердің қатарына жатады. Қазақстанда көші-қон процестерінің ауқымы, олардың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсері өсетін болады.

Халық саны және атап айтқанда, көші-қонның әлеуметтік-экономикалық проблемалары барлық жоғары дамыған мемлекеттердің негізгі мәселелерінің қатарында тұр. Қазіргі кезеңде АҚШ, Канада, Австралия сияқты елдері мен бірқатар Еуропа мемлекеттері келіп жатқан шетел азаматтарына қатысты ерекше селективті көші-қон саясатын жүргізеді. Сонымен қатар, бірқатар елдер, бірінші кезекте, Германия, Израиль және Польша ұлттық ұқсастықтары мен өз мемлекеттерінің ерекшелігін сақтау мақсатында өзгеше этнотарихи көші-қон саясатын жүргізеді.


Саланы дамытудың негізгі өлшемдері
Қазіргі кезде республикада көші-қон жағдайы былайша сипатталады:

1) ішкі қарқынды көші-қон. Қазақстанда соңғы жылдар ішінде өңіраралық көші-қон және көші-қон ағындары бағыттарының жоғары көрсеткіштері сақталуда. 2006 жылдан бастап 2012 жылға дейін өңіраралық көші-қон процестеріне 1,5 млн. астам адам тартылды. Халықты ауылдық елді мекендерден өмір сүру деңгейі неғұрлым жоғары және инфрақұрылымы дамыған өңірлерге, экологиялық қолайсыз өңірлерден экологиялық ортасы жақсы өңірлерге көшіру оның құрамдас бөлігі болып табылады.

2012 жылы басымды түрде еңбекке қабілетті жастағы халықтың ең көп кету ағыны Оңтүстік Қазақстан облысына, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында байқалады. Астана, Алматы қалалары, Алматы облысы және Маңғыстау облысы халықтың келу ағынының негізгі өңірлері болып табылады.

2) шетелдік жұмыс күші (бұдан әрі – ШЖК ) санының азаюы. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында 2013 жылға – республиканың экономикалық белсенді тұрғындарының 1,2 %, оларға 25,2 мың шетелдік жұмыс күші немесе жалдамалы қызметкерлердің қатарынан 5,9 % шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгіленді (2008 жылғымен салыстырғанда тартылатын шетелдік қызметкерлердің саны 54204 адамнан 25235 адамға азайды).

Бұл ретте 2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жоғары білікті ШЖК үлесі 74,4 % дейін ұлғайды (салыстыру үшін: 2008 жылы – 47,9 %).

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген кезде жүктелген ерекше шарттарды орындау шеңберінде 2013 жылдың 11 айында жұмыс берушілер қазақстандық азаматтар үшін 18 437 қосымша жұмыс орнын ашты, 22 мыңнан астам адам оқытылды. 287 шетел маманы қазақстандық кадрмен ауыстырылды.

3) жыл сайын келетін этникалық қазақтардың өсу қарқыны тұрақты. Тәуелсіздік жылдары 250 мыңнан астам отбасы немесе 930 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанына келді.
Негізгі проблемаларды талдау
Көші-қон процестерінде бірқатар проблемалар бар, оларды шешу үшін көші-қон саясатын басқаруды күшейту қажет болады.

1. Халықтың көші-қонының өсуін төмендету: көші-қон сальдосы 2012 жылы (-1428) құрады.

2. Ішкі көші-қон процестерінің стихиялық дамуы, ауылдық өңірлерден қалаларға көшу облысаралық аумақтық орналасудың басым нысаны болып қалып отыр.

3. Еліміздің аумақтары бойынша көшіп-қонушыларды бір қалыпты орналастырмау, этникалық қазақтардың тарихи отанына баяу кірігуі салдарынан шиеленістің артуы.

4. Заңсыз көші-қон, көші-қон әлеуеті шиеленіскен елдерден көшіп келудің ұлғаюы.
Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау.

Көші-қон процестеріне әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды үш топқа бөлуге болады:

1) басқарылмайтын, тұрақты қолданылатын факторлар – көбінесе климаттық, географиялық, геологиялық және экологиялық факторлар,

2) жанама ықпалмен реттелуі мүмкін уақытша факторлар – кезең-кезеңімен өзгеруі мүмкін факторлар. Бұл деңгей аумақтардың игерілу деңгейі, атап айтқанда, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым құру, халықтың жыныстық, жасына қарай, этникалық құрамы. Көші-қон процестеріне барынша әсер ететін уақытша факторлардың бірі болып тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы бойынша құрамы болып саналады.

3) реттелетін ауыспалы факторлар – жалақыны ұлғайту, белгілі бір жеңілдіктер белгілеу немесе алып тастау, кадр саясаты, ұлттық саясаттағы өзгерістер және тағы басқалар.

Осыған байланысты, Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде көші-қонның барлық ішкі және сыртқы факторларын ескере отырып, көші-қон ағынын реттеудің кешенді жүйесін құру қажет.

Еліміздің барлық өңірлерінде, әсіресе ауылды жерлерде өмір сүрудің теңдей жағдайын жасау, тұрғындарды нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету, жеткілікті жұмыс орындарын құру қажет.

Сонымен қатар, экономиканың жаһандануы, шекаралас елдердегі саяси тұрақсыздық және күрделі әлеуметтік-экономикалық ахуал, көші-қон процестерін реттеу және бақылаудың тиімсіз тетіктері басқарылмайтын көші-қонның өсуіне, ішкі еңбек нарығындағы қысымға алып келуі мүмкін. Бұл қысым жақын келешекте бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі аясында жұмыс күшінің еркін араласқан кезінде сезілетін болады.

Осыған орай тартылатын білікті шетелдік жұмыс күшінің үлесін ұлғайту шараларын күшейту көзделуде.

4-стратегиялық бағыт. Азаматтардың еңбек құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету.
Еңбек қатынастарын реттеу саясатында әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыра отырып – Министрліктің қызмет еңбек жағдайларын жақсартуға, экономикалық тиімділікпен әлеуметтік қорғалуды үйлестіруге, келіссөздер әлеуетін арттыру мен еңбек дауларының алдын алу негізінде тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Саланы дамытудың негiзгi өлшемдері
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін 2013 жылы еңбек заңнамасын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, бірқатар заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілді:

1) әлеуметтік диалогты дамыту және оның тиімділігін арттыру үшін «Кәсіптік одақтар туралы» жаңа Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді, ол қызметкерлердің мүддесін білдіру және қорғауда, еңбек даулары мен қақтығыстарының алдын алу және шешуде кәсіптік ұйымдардың рөлін арттыруға бағытталған (жоба республика деңгейінде және өңірлерде әлеуметтік әріптестермен талқыланды);

2) еңбек құқықтарын бұзушылық қатерлерінің алдын алу мақсатында депутаттардың қарауына Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасы енгізілді. Заң жобасына сәйкес тиісті органдарда алдын ала тіркелусіз мемлекеттік еңбек инспекциясына қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қатер туындаған жағдайда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы талаптарды сақтау жөнінде жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру құқығын беру түрінде мемлекеттік бақылаудың жаңа түрі енгізіледі;

3) адамдардың әлеуметтік өштесуді қоздырғандығы, ереуілге мәжбүрлегендігі, еңбекақыны дер кезінде төлемегендігі, ұжымдық шартты орындамағандығы және басқа да құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті белгілеу нормалары жаңа Қылмыстық, Әкімшілік кодекстерінің жобаларына енді.

2012 жылдың желтоқсанында Үкімет Қазақстан Республикасында азаматтарды еңбек заңнамасының негіздеріне жаппай құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2013 – 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қабылдады. Оны іске асыру нәтижесінде 2013 жылында құқықтық жалпы оқытумен 1895 ұйымның 80 мыңнан астам қызметкері қамтылды.

Шамамен 105 мың дана арнайы әзірленген анықтамалықтар еңбек ұжымдарында тарату және оқу жүргізу үшін өңірлерге жіберілді.

Соңғы үш жылда (4 есе) жалақы бойынша мерзімі өткен берешекті азайтудың оң қарқыны байқалады.

Еліміздің кәсіпорындарында 1266 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық және ұлттық стандарт енгізілді. Соның арқасында, 2013 жылы өндірістік жарақаттану деңгейі төмендеді (2014 жылғы 1 қаңтарға өндірісте 1 997 адам, 2012 жылдың осы кезеңінде 2 189 адам зардап шекті).

Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда 1000 қызметкерге шаққанда адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті шамамен 0,09 құрайды, ол Ресей Федерациясындағы (0,124) ұқсас көрсеткіштерден төмен, сонымен бірге Еуроодақтың Дания (0,03), Швеция (0,03) немесе Норвегия (0,06) сияқты елдеріндегі тиісті көрсеткіштен көп екенін көрсетеді.

2012 жылы 1000 қызметкерге адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті 0,45 (оның ішінде өліммен аяқталған 0,06), Қырғызстанда (0,5), Тәжікстанда (0,3) осыған ұқсас көрсеткіш деңгейінде, ал Ресей Федерациясындағы көрсеткіш одан да асады (3,92).


Негiзгi проблемаларды талдау
Еңбек қатынастарын дамытуда белгілі бір проблемалар мен қиындықтар кездеседі. Еңбек заңнамасының бұзылуы сақталып отыр.

Еңбек қатынастары саласы үшін салыстырмалы түрде келіссөздер әлеуеті төмен сипатқа ие, бұл еңбек қақтығыстарының қатерін туындатады. 2013 жылы республика бойынша басымды түрде жалақының уақытында төленбеуі және оның мөлшерін арттыру талаптарынан туындаған 28 наразылық акциясы тіркелген. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада жалақы бойынша берешек сомасы 738 млн. теңгені құрады. Халықаралық өлшемдер бойынша өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың деңгейі жоғары күйінде қалып отыр.


Ішкi және сыртқы негізгі факторларды бағалау
Келешекте еңбек қатынастарын дамытуды басқару Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес еңбек қатынастарының негізгі субъектілерінің мүдделерін үйлестіру және олардың конституциялық құқықтары жүзеге асырылатын болады. Әлеуметтік диалогтың рөлін ұлғайту және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру көзделеді.

Мемлекеттік еңбек жөніндегі инспекцияларының жұмысы бизнес үшін кедергілерді қажетті деңгейге дейін төмендету жағдайында жүзеге асырылады. Қатерлерді бағалау жүйесінде құқық бұзушылықтардың, өндірістегі жазатайым оқиғалардың профилактикасына, орын алған заң бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға ерекше назар аудару керек.

Еңбекті қорғауды басқарудың өтемақылық, шығынды моделінен кәсіптік қатерлерді басқарудың заманауи жүйесіне өтуді қамтитын еңбекті қорғауды басқару жүйесінің идеологиясын түбегейлі өзгертуге бағытталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жаңа стратегиясын әзірлеу көзделеді.

Жұмыс берушінің еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатумен бір мезгілде еңбек жағдайларына сәйкестігін ерікті түрде ресмилендіру енгізілетін болады.

Еңбек қатынастарын басқарудың мемлекеттік саясатын әзірлеу және іске асырудың сыртқы ортасы экономиканың жаһандануы, ТМД, ЕурАзЭҚ шеңберінде интеграциялық процестерді дамыту, бірыңғай кедендік кеңістікті қалыптастыру болып тұр.

Халықаралық әлеуметтік институттардың ұсынымдарын ескере отырып, салыстыру мақсатында еңбек қатынастарының ұлттық стандарттарын дамыған елдердің стандартарына жақындату жұмыстары жалғастырылатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет