Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi
Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi
|
Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi
|
Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi
|
Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылылығы
|
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының % (үлесi)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)
|
|
|
|
3. Қолжетiмдiлiгi
|
3.1. Қызметтi ұсыну тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)
|
|
|
|
3.2. Электрондық форматта қол жеткiзуге болатын ақпарат қызметтерiнiң % (үлесi)
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерiсi
|
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 17 тамыздағы
№ 1059 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 7 сәуiрдегi
№ 393 қаулысымен
бекiтiлген
«Мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызметтi мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң аумақтық органдары, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет алушыда электронды цифрлық қолтаңба (бұдан әрi – ЭЦҚ) болған жағдайда тағайындалған мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар туралы ақпарат алу бөлiгiнде «электрондық үкiметтiң» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетедi.
Өтiнiштердi қабылдау және рәсiмделген құжаттарды берудi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың қалалық, аудандық бөлiмшелерi (бұдан әрi – уәкiлеттi ұйым бөлiмшелерi) және мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрi – орталық) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызметтiң қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында шалғайдағы елдi мекендердiң тұрғындарына мобильдiк орталықтар арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге жол берiледi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңының 5-бабы 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысымен бекiтiлген Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiнiң негiзiнде көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында;
2) уәкiлеттi ұйымның www.gcvp.kz интернет-ресурсында;
3) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
4) орталықтардағы, уәкiлеттi ұйым бөлiмшелерiнiң стендiлерiнде;
5) порталда орналастырылады.
Сондай-ақ мемлекеттiк қызмет туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефоны және уәкiлеттi ұйымның call-орталығының (1411) телефоны бойынша алуға болады.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi:
1) уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнде немесе орталықта: уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң қолы қойылған қағаз жеткiзгiште куәлiк беру не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы немесе қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап;
2) порталда: мемлекеттiк арнайы жәрдемақыны тағайындау туралы ақпарат алу не қызмет көрсетуден бас тарту туралы мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы дәлелдi жауап болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк арнайы жәрдемақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушылар) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
1) орталық уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнде мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген сәттен бастап (құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) бiр жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк қызмет алушыдан қабылданған осы стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттармен қоса хабарлама бередi.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiнде мемлекеттiк қызмет алушының өтiнiшi немесе мемлекеттiк қызмет алушыдан қабылданған құжаттармен қоса хабарлама тiркелген сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде.
Уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесi мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешiм қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде алушыны немесе орталықты хабардар етедi.
порталда – мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар тағайындау туралы ақпарат алу – уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң ақпараттық жүйесiне сауал түскен сәттен бастап – 30 минуттан аспайды.
2) мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн (тiркеу, талон алу кезiнде) мемлекеттiк қызмет алғанға дейiн күтудiң ең ұзақ шектi уақыты - 20 минуттан аспайды;
3) мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген күнi мемлекеттiк қызмет алушыға қызмет көрсетудiң ең ұзақ шектi уақыты – 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Жұмыс кестесi:
1) уәкiлеттi ұйым бөлiмшелерiнде: демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
Мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау: сағат 9.00-ден 14.00-ге дейiн, бұл ретте сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн азаматтарды қабылдауды кезекшi мамандар жүргiзедi.
Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.
2) орталықта – мемлекеттiк қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
Қабылдау жеделдетiп қызмет көрсетусiз «электронды кезек» тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Мобильдi орталықтар орталық бекiткен кестеге сәйкес, бiрақ бiр елдi мекенде кемiнде алты жұмыс сағаты құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады;
3) порталда – тәулiк бойы.
10. Мемлекеттiк қызмет мыналарда көрсетiледi:
1) тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң жеке кiреберiс, күту залы бар, мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн қолайлы жағдайлар көзделген, қажеттi құжаттарды дайындау үшiн орындықтармен (отырғыштармен) және үстелдермен, ақпараттық стендiлермен жабдықталған ғимаратында.
Уәкiлеттi ұйым бөлiмшелерiнiң үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiк талаптарына сай, күзет және өртке қарсы сигнализациямен жарақталған.
2) мемлекеттiк қызмет алушының таңдауы бойынша орталықтың физикалық мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн қолайлы жағдайлар көзделген ғимаратында. Аумақтық органдардың үй-жайларында және орталықтың ғимаратында күту залы, ақпараттың стендiлер бар.
3) порталда – жеке кабинетте.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi
11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы мынадай құжаттарды тапсырады:
1) өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi (жеке куәлiгiнiң, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты) көшiрмелерi;
3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);
4) зейнетақы және жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның банк шотының не түзеу мекемелерiнiң арнайы шотының нөмiрi туралы мәлiметтер;
5) еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
6) ұйымның жұмыс сипаттамасын немесе еңбек жағдайларын растайтын анықтамасы.
Ұйым таратылған жағдайда, жұмыс орны, атқарған лауазымы, кәсiбi, жұмыс кезеңдерi, мұрағаттық iс-қағазының нөмiрi, оның парақтары көрсетiлген, мөрмен және мұрағат директоры мен мұрағатшының қолдарымен расталған мұрағат анықтамасы ұсынылады.
Мұрағат құжаттары болмаған кезде жұмысының сипаттамасы немесе жұмыс жағдайлары және олардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдар мен көрсеткiштердiң № 1 тiзiмiне немесе Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдар мен көрсеткiштердiң № 2 тiзiмiне сәйкестiгi сот органдары арқылы анықталады.
Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне өтiнiш бергенде салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттiк қызмет алушыға қайтарылады не нотариалды расталған көшiрмелерде ұсынылады.
Мемлекеттiк қызмет алу үшiн алушы орталық арқылы өтiнiш бергенде осы тармақтың 2) – 5) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерi «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен куәландырылады.
12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн:
1) уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнде өтiнiш нысанын мемлекеттiк қызмет үшiн өтiнiш берген мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiнде уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң маманы бередi;
2) орталықтарда бекiтiлген нысандағы өтiнiш бланкiлерi күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ орталықтың www.con.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылады;
3) портал арқылы мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау туралы ақпарат алу туралы электронды сұрау нысанын толтыру қажет.
13. Құжаттарды қабылдау тiкелей:
1) мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң ғимаратында жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын жауапты адамның деректерi www.gcvp.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi үй-жайларының көрнектi жерiнде мемлекеттiк және орыс тiлiнде орналастырылады.
2) орталықта «кедергiсiз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттiк қызмет алушыға мемлекеттiк қызмет алу үшiн қажеттi барлық құжаттарды тапсырған кезде:
1) уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiне, орталыққа жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет алушының мемлекеттiк қызметтi алатын күнi көрсетiлген құжаттардың қабылданғаны туралы белгiсi бар өтiнiштiң үзбелi талоны берiледi;
2) орталыққа өтiнiш бергенде:
сұраудың нөмiрi мен қабылдаған күнi;
сұратылған мемлекеттiк қызмет түрi;
қоса берiлiп отырған құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
орталықтың құжаттарды ресiмдеуге арналған өтiнiштi қабылдаған қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
мемлекеттiк қызмет алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
3) портал арқылы өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет алушыға порталдағы жеке кабинетiне мемлекеттiк қызмет алушының мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алатын күнi мен уақыты көрсетiлген мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар тағайындау туралы ақпарат алу туралы сұрауды қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жолданады.
15. Мемлекеттiк арнайы жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама беру тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне немесе орталыққа алушы жеке өзi келген кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызмет алушы қызметтiң нәтижесiн алу үшiн белгiленген мерзiмде келмеген жағдайда, орталық оларды бiр ай мерзiмде сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды уәкiлеттi органға тапсырады.
Алушы портал арқылы өтiнiш берген кезде бала тууға және (немесе) мемлекеттiк арнайы жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат мемлекеттiк қызмет алушының жеке кабинетiне жiберiледi.
16. Егер осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту кезiнде орталықтың қызметкерi мемлекеттiк қызмет алушыға жетiспейтiн құжаттар көрсетiлген қолхат бередi.
Мемлекеттiк қызмет алушы көрсетiлген кемшiлiктердi жойған жағдайда өтiнiш жалпы негiздемелерде қаралады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң қызметi адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың сақталу қағидаттарына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелерi
18. Мемлекеттiк қызмет алушыға мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң және орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң тиiстi бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Осы стандартқа 1-қосымшада уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiретiн және шағым дайындауға жәрдемдесетiн лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетiлген.
Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны және осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда шағымдар мемлекеттiк қызмет алушының таңдауы бойынша тiкелей:
1) уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң басшысына. Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi басшысының азаматтарды қабылдау кестесi осы стандартқа 1-қосымшада келтiрiлген, сондай-ақ www.gcvp.kz интернет ресурсында орналастырылған;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмiрлерi бойынша «сенiм телефонына»;
3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында «сұрақ-жауап» бөлiмiне;
4) Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң блогы» парағы);
5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, 6-кiреберiс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшiк арқылы;
6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, 6-кiреберiс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кеңсесiне жүгiну арқылы жолданады.
22. Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайларда шағым мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетiлген уәкiлеттi ұйым не орталық басшысының атына, сондай-ақ мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетiлген «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны басшысының атына берiледi.
23. Мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда мемлекеттiк қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға мемлекеттiк қызмет алушы қол қоюға тиiс. Шағым бергенде әрекетiне шағым жасалатын органның атауы немесе лауазымды тұлға, өтiнiш беру себебi және талаптары көрсетiледi.
25. Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне жазбаша шағым жазған мемлекеттiк қызмет алушыға жауап алу күнi және шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
Шағымның қаралу нәтижесi жөнiнде мемлекеттiк қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
Орталық: пошта арқылы және қолма-қол қабылданған шағымды растау оны орталықтың кеңсесiнде немесе «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнында тiркеу болып табылады (мөр, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта қойылады).
Мемлекеттiк қызмет алушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi.
Шағымның қаралу нәтижесi жөнiнде мемлекеттiк қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
26. Уәкiлеттi ұйымның және оның бөлiмшелерiнiң қызметi туралы ақпарат www.enbek.gov.kz., www.gcvp.kz интернет-ресурстарында орналастырылады, телефоны 8 (7172) 75 37 10.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8-үй, «Министрлiктер үйi» Әкiмшiлiк ғимараты, 6-кiреберiс және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А-үй, телефоны: 8 (7172) 94 99 95; интернет-ресурсы: http://www.con.gov.kz.
«Мемлекеттiк арнайы
жәрдемақыларды тағайындау»
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша
Уәкiлеттi ұйымның құрылымдық бөлiмшелерi мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң аумақтық органдарының тiзбесi
Ақмола облысы бойынша уәкiлеттi ұйым
Р/с №
|
Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң атауы
|
Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №),электронды поштаның мекенжайы
|
Қала коды және телефон нөмiрi
|
Жұмыс кестесi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Ақмола облыстық филиалы
|
Көкшетау қаласы, М. Горький көшесi, 73 akmola@gcvp.kz
|
8-71622 5-26-49
|
Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелерi туралы» заңымен бекiтiлген мереке күндерiн қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн
|
2
|
Ақкөл аудандық бөлiмшесi
|
Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесi, 116 akmola4@gcvp.kz
|
8-71638 2-16-54
|
3
|
Астраханка аудандық бөлiмшесi
|
Астраханка ауданы, Астраханка ауылы, Әл-Фараби көшесi, 49 akmola7@gcvp.kz
|
8-71641 2-22-66
|
4
|
Атбасар аудандық бөлiмшесi
|
Атбасар ауданы, Сейфуллин көшесi, 2 а akmola1@gcvp.kz
|
8-71643 4-12-40
|
5
|
Аршалы аудандық бөлiмшесi
|
Аршалы ауданы, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесi, 31/12 akmola17@gcvp.kz
|
8-71644 2-12-36
|
6
|
Бұланды аудандық бөлiмшесi
|
Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Бөгенбай көшесi, 21 akmola16@gcvp.kz
|
8-71646 2-16-34
|
7
|
Бурабай аудандық бөлiмшесi
|
Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Толкунова көшесi, 72 akmola15@gcvp.kz
|
8-71636 4-42-58
|
8
|
Егiндiкөл аудандық бөлiмшесi
|
Егiндiкөл ауданы, Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 1/1 akmola5@gcvp.kz
|
8-71642 2-13-00
|
Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелерi туралы» заңымен бекiтiлген мереке күндерiн қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн
|
9
|
Ерейментау аудандық бөлiмшесi
|
Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Уәлиханов көшесi, 41 akmola12@gcvp.kz
|
8-71633 2-15-42
|
10
|
Есiл аудандық бөлiмшесi
|
Есiл ауданы, Есiл қаласы, Достық көшесi, 1 akmola8@gcvp.kz
|
8-71647 2-19-49
|
11
|
Еңбекшiлдер аудандық бөлiмшесi
|
Еңбекшiлдер ауданы, Степняк қаласы, Уәлиханов көшесi, 2 akmola14@gcvp.kz
|
8-71639 2-18-71
|
12
|
Жақсы аудандық бөлiмшесi
|
Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Достық көшесi, 14 akmola3@gcvp.kz
|
8-71635 2-17-02
|
13
|
Жарқайың аудандық бөлiмшесi
|
Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ғабдуллин көшесi, 102 akmola9@gcvp.kz
|
8-71648 9-15-53
|
14
|
Зерендi аудандық бөлiмшесi
|
Зерендi ауданы, Зерендi ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi, 48 akmola11@gcvp.kz
|
8-71632 2-13-79
|
15
|
Қорғалжын аудандық бөлiмшесi
|
Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Т. Әубәкiров көшесi, 4 akmola18@gcvp.kz
|
8-71637 2-14-75
|
16
|
Сандықтау аудандық бөлiмшесi
|
Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Ленин көшесi, 121 akmola10@gcvp.kz
|
8-71640 9-23-46
|
17
|
Степногор аудандық бөлiмшесi
|
Степногор қаласы, 3-шағын аудан, 1 akmola13@gcvp.kz
|
8-71645 6-14-74
|
18
|
Шортанды аудандық бөлiмшесi
|
Шортанды ауданы, Шортанды ауылы, Лермонтов көшесi, 16 а akmola2@gcvp.kz
|
8-71631 2-16-86
|
Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелерi туралы» заңымен бекiтiлген мереке күндерiн қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн
|
19
|
Целиноград аудандық бөлiмшесi
|
Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесi, 15 akmola6@gcvp.kz
|
8-71651 3-11-23
|
Достарыңызбен бөлісу: |