§ 7. Ескерту және қайталау бағдаршамдары
32. Автобұғаттаумен жабдықталмаған кіру, өту және бүркемелеу бағдаршамдарының алдындағы ескерту бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:
1) бір жасыл от - «Белгіленген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат беріледі, негізгі бағдаршам ашық» осы нұсқаулықтың 33-қосымшасына сәйкес;
2) бір сары от - «тоқтау дайындығымен қозғалуға рұқсат беріледі, негізгі бағдаршам жабық»» осы нұсқаулықтың 33-қосымшасына сәйкес;
3) бір сары жыпықтайтын от - «Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етеді; кіру бағдаршамы ашық және оны кемітілген жылдамдықпен жүріп өтуді талап етеді, поезд станцияның бүйірлік жолына қабылданады».
33. Бір жасыл отты қайталағыш бағдаршам шығу немесе маршруттық бағдаршамның ашық екендігін көрсетеді осы нұсқаулықтың 33-қосымшасына сәйкес.
Қайталағыш бағдаршамдардың сигнал оттары бір қалыпты жанбайды, және бұл жағдайда бағдаршамдардың сигнальдық мәні болмайды.
Станцияда тоқтайтын жолаушылар поездары қайталағыш бағдаршамда жасыл от жанып тұрған жағдайда, қозғалысқа түсуі мүмкін. Егер қайталағыш (немесе шығу) бағдаршамның ақаулығынан жасыл отты жағу мүмкін болмаса, онда поездың жүріп өту тәртібі Қазақстан Республикасындағы Поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен белгіленеді.
§ 8. Локомотивтік бағдаршамдар
34. Автобұғаттаумен және автоматты локомотивтік сигнализациямен жабдықталған учаскелерде локомотивтік бағдаршамдармен мынадай сигналдар беріледі:
1) жасыл от - «қозғалуға рұқсат етеді, поезд жақындап келе жатқан жол бағдаршамында жасыл от жанып тұр» осы нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес;
2) сары от - «қозғалуға рұқсат етеді, поезд жақындап келе жатқан жол бағдаршамында бір не екі сары от жанып тұр» осы нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес;
3) сары от қызыл отпен бірге - «Тоқтау дайындығымен қозғалысқа рұқсат етеді: поезд жақындап келе жатқан жол бағдаршамында қызыл от жанып тұр» осы нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес;
Жол бағдаршамының қызыл отына жүріп кеткен жағдайда, локомотивтік бағдаршамда қызыл от жанады осы нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес;
Ақ от осы нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес локомотив құрылғылары іске қосылғанын көрсетеді, бірақ жол бағдаршамдарының көрсеткіштері локомотивтік бағдаршамға берілмейді және машинист жол бағдаршамдарының көрсеткіштерін басшылыққа алуы тиіс.
Локомотивтік бағдаршам мынадай да сигнал береді:
жасыл отпен - поездың бір сары жыпықтайтын оты бар, бір жасыл жыпықтайтын оты бар немесе бір сары және бір жасыл оттары бар жол бағдаршамына жақындап келе жатқаны туралы сары отпен - екі сары оты бар, оның жоғарғысы жыпықтайтын, сондай-ақ бағыттамалы бұрма бойынша ауытқумен жүріп келе жатқанын көрсететін басқа оттары бар жол бағдаршамына поездың жақындап келе жатқаны туралы.
35. Сигнализация мен байланыстың дербес құралы ретінде автоматты локомотивтік сигнализация пайдаланылатын учаскелерде поездардың қозғалысы кезінде локомотив бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:
1) жасыл от - «Белгіленген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етеді, алда екі немесе одан көп блок-учаске бос»;
2) сары от - «Кемітілген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етеді, алда бір блок - учаске бос»;
3) сары от қызыл отпен бірге - «Блок - учаскеде тоқтау дайындығымен қозғалысқа рұқсат етеді; келесі блок-учаске бос емес».
Поезд бос емес блок - учаскеге кірген жағдайда, локомотивтік бағдаршамда қызыл от жанады.
Ақ от локомотив құрылғыларының іске қосылғанын көрсетеді, жолдан берілетін сигналдар локомотивке берілмейді.
Жол бағдаршамдарына жақындағанда локомотивтік бағдаршамдар осы нұсқаулықтың 34-қосымшасына көрсетілген сигналдарды береді.
§ 9. Бағдаршамның рұқсат ететін шартты сигналы
36. «Т» әрпі түріндегі мөлдір ақ түсті шағылдырғыш белгісі бар қалқанмен берілетін, созылған өрде орналасқан, автобұғаттауы бар учаскелердегі өту бағдаршамының рұқсат ететін шартты сигналы жүк поезына ерекше қырағылықпен осы нұсқаулықтың 35-қосымшасына сәйкес, 20 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен, қызыл от жанып тұрған бағдаршам арқылы, егер ары қарай жүруге кедергі кездессе дереу тоқтау дайындығымен жүріп өтуге рұқсат береді.
37. Жұмыс істемейтін бағдаршамдар екі планкамен айқаспа түрінде жабылуы, ал олардағы сигналдық оттар сөндірілген болуы тиіс осы нұсқаулықтың 35-қосымшасына сәйкес.
3. Қоршау сигналдары
§ 1. Жылдамдық кемуінің тұрақты дискілері
38. 36-қосымшасына сәйкес сары түсті дискімен мынадай сигнал беріледі: «Жылдамдықты кеміте отырып және «Қауіпті жердің басталуы» және «Қауіпті жердің аяқталуы» осы нұсқаулықтың 37-қосымшасына сәйкес сигналдық белгілері бар қауіпті жер арқылы теміржол көлігі кәсіпорны бастығының бұйрығында көрсетілген жылдамдықпен өтуге дайындала отырып, қозғалуға рұқсат етіледі; жасыл түсті дискімен - «Поезд қауіпті жерден өтті» сигналы беріледі. Бір жолды учаскелерде машинист мұндай сигналды қозғалыс бағыты бойынша сол жақтан көреді.
39. Теміржол көлігі кәсіпорны бастығының бұйрығына сәйкес жылдамдықты тұрақты кемітуді талап ететін жерлер қауіпті жер шекарасынан 50 м қашықтықта екі жағынан «Қауіпті жердің басталуы» және «Қауіпті жердің аяқталуы» тұрақты сигнальдық белгілерімен қоршалады. Бұл сигнальдық белгілерден осы нұсқаулықтың 38-қосымшасында берілген А қашықтықта басшылыққа алынған төмен түсуге және поездар қозғалысының аралықтағы рұқсат етілген максимум жылдамдығына байланысты жылдамдық кемуінің тұрақты сигналдары белгіленеді.
40. Жылдамдық кемуінің тұрақты дискілері мен «Қауіпті жердің басталуы» және «Қауіпті жердің аяқталуы» сигнальдық белгілерін бір жолдық учаскеде орнату схемалары, екі жолды учаске жолдарының біреуінде, екі жолды учаскенің екі жолында» осы нұсқаулықтың 39-қосымшасына сәйкес.
Көп жолды перегондарда тұрақты дискілердің орнатылу сызбасы жылдамдықтың азаюы мен «Қауіпті жердің басталуы» және «Қауіпті жердің аяқталуы» сигнальдық белгілерін екі жолды учаске жолдарына сәйкес жасалады.
41. Басшылыққа алынған ылдиға және поездар қозғалысының рұқсат етілген максимум жылдамдығына байланысты тиісінше петардалар төселуге және жылдамдықтың кему сигналдары белгіленуге тиіс қашықтық көрсетілген аралықтар тізбесі теміржол көлігі кәсіпорны басшылығымен белгіленеді.
§ 2. Тасымалданатын сигналдар
42. Тасымалданатын сигналдарға мыналар жатады: екі жағы да қызыл түсті немесе бір жағы қызыл түсті, ал екінші жағы ақ түсті тік төрт бұрышты қалқаншалар, сары түсті (сырт жағы жасыл түсті) квадрат қалқаншалар, сырыққа байланған қызыл түсті фонарлар, сырыққа байланған қызыл жалаушалар.
43. Тасымалданатын сигналдармен мынадай талаптар қойылады: күндіз - қызыл түсті тік төрт бұрышты қалқаншалар (сырыққа байланған қызыл жалауша) арқылы және түнде - сырыққа байланған қызыл түсті фонарь арқылы - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады» талабы;
1) қауіпті орын орналасқан болса, күндіз және түнде - сары түсті квадрат қалқанша » осы нұсқаулықтың 40-қосымшасына сәйкес;
2) аралықта - «жылдамдықты кеміте отырып, қозғалуға рұқсат етіледі, алда тоқтатуды немесе кеміген жылдамдықпен жүріп өтуді талап ететін қауіпті жер бар» » осы нұсқаулықтың 41-қосымшасына сәйкес станцияның басты жолында - «жылдамдықты кеміте отырып, қозғалуға рұқсат етіледі, алда кеміген жылдамдықпен жүріп өтуді талап ететін қауіпті жер бар»;
басқа станциялық жолдарда - «сигнал болған жағдайда, ескертпеде көрсетілген жылдамдықпен, ал ол болмаған жағдайда, 25 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықта жүріп өтуге рұқсат етіледі»
Аралықта және станцияның басты жолында күндіз де, түнде де квадрат қалқаншаның» осы нұсқаулықтың 41-қосымшасына сәйкес сырт жағы (жасыл түс) бүкіл құраммен қауіпті жерді жүріп өткеннен кейін жылдамдықты белгіленгенге дейін өсіруге машинистке құқық береді
§ 3. Поездар қозғалысы үшін кедергі болатын жерлерді және аралықтардағы жұмыс жүргізілетін орындарды қоршау
44. Поездар қозғалысы үшін аралықтағы барлық кедергі поезд күтіліп отыр ма, әлде жоқ па, оған байланыссыз тоқтату сигналдарымен қоршалуы тиіс.
Поездардың тоқтауын талап ететін аралықтағы жұмыс жүргізу орындары кедергі тәрізді қоршалады.
Аралықтағы кедергі қоршалатын учаске шекараларынан 50 м. қашықтықта екі жағынан тасымалданатын қызыл сигналдармен қоршалады. Басшылыққа алынған ылдиға және поездар қозғалысының рұқсат етілген максимум жылдамдығына байланысты бұл сигналдардан осы нұсқаулықтың 38-қосымшасына сәйкес Б қашықтықтағы аралықта үш петардадан төселеді және петардаға ең жақын бірінші жұмыс орнынан 200 м қашықтықта, жұмыс орнынан бастап алған бағытта жылдамдықты кемітуді талап ететін тасымалданатын сигналдар орнатылады.
Кедергілер мен жұмыс жүргізу орындарын қоршау схемалары: бір жолды учаскеде осы нұсқаулықтың 42-қосымшасына сәйкес, екі жолды учаске жолдарының біреуінде осы нұсқаулықтың 43-қосымшасына сәйкес, екі жолды учаскенің екі жолында осы нұсқаулықтың 39-қосымшасына сәйкес келтірілген.
Жылдамдық кемуінің тасымалданатын сигналдары мен петардалар бірінші петардадан жұмыс орнына қарай 20 м қашықтықта қызыл қол сигналдарымен тұрған сигналшылардың күзетінде болуы тиіс. Тасымалданатын қызыл сигналдар жұмыс басшысының бақылауында болуы тиіс.
Жайылған шеппен (200 м-ден аса) жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыс орындары осы нұсқаулықтың 43-қосымшасына сәйкес тәртіппен қоршалады.
Қоршауды талап ететін учаске шекарасынан 50 м қашықтықта орнатылған тасымалданатын қызыл сигналдар қызыл қол сигналдарымен тұрған сигналшылардың күзетінде болуы тиіс.
Егер аралықтағы кедергі орны немесе жұмысты жүргізу орны станцияға жақын жерде болса, онда бұл орынды белгіленген осы Нұсқаулықтың 38-қосымшасына сәйкес тәртіппен қоршау мүмкін емес, аралық тарапынан ол жоғарыда көрсетілгендей осы Нұсқаулықтың 39, 42, 43 қосымшаларына сәйкес қоршалады, ал станция тарапынан тасымалданатын қызыл сигнал кіру сигналына (немесе «Станция шекарасы» сигнал белгісіне) қарсы жол осіне сигналшымен күзетілетін үш петарданы төсеу арқылы орнатылады осы нұсқаулықтың 44-қосымшасына сәйкес.
Егер кедергі орны немесе жұмысты жүргізу орны кіру сигналынан (немесе «Станция шекарасы» сигнал белгісінен) 60 м-ден кем қашықтықта орналасса, онда станция тарапынан петардалар төселмейді. Кіру сигналы алдындағы кедергіні қоршау схемасы осы нұсқаулықтың 44-қосымшасына сәйкес келтірілген.
Поезд тасымалданатын сары сигналға жақындағанда, машинист локомотивтің (моторвагонды поездың), арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның бір ұзақ ысқырығын беруге міндетті, поезд қызыл қол сигналдары бар сигналшыға жақындағанда, тоқтау сигналын беруі тиіс және тасымалданатын қызыл сигналға жүріп кетпей тоқтау үшін поезды дереу тоқтатуға шаралар қабылдауы тиіс.
Сигналшылардың темір жол көлігінің басқа қызметкерлерінен ерекшеленуі үшін үстіңгі жағы сары түсті бас киімі және сигнальдық жилеті болуы тиіс.
45. Кедергі кенет пайда болған кезде және қажетті тасымалданатын сигналдар болмаған кезде, кедергі орнында тоқтату сигналын дереу орнату керек осы нұсқаулықтың 45-қосымшасына сәйкес, күндіз - қызыл жалау, түнде - қызыл оты бар фонарь және басшылыққа алынған ылдиға және поездар қозғалысының аралықта рұқсат етілген максимум жылдамдығына байланысты осы нұсқаулықтың 38-қосымшасына сәйкес 4-бағанында көрсетілген Б қашықтықта екі жағынан үш петардадан төселуі керек.
Петардалар теміржол қызметкерлерімен күзетілуі тиіс, олар қызыл қол сигналдарымен бірінші петардадан 20 м қашықтықта, кедергі орнына қарай тұруы тиіс.
Бірінші кезекте күтіліп отырған поезд тарапынан сигналдар анықталады. Бір жолды учаскелерде, егер қай жақтан поезд күтіліп отырғаны белгісіз болса, онда сигналдар ең бірінші кезекте қоршалатын орынға ылди тарапынан, ал алаңшада - қисық немесе ойпаң тарапынан белгіленеді.
Кенет пайда болған кедергілерді қоршау кезіндегі қызметкерлердің егжей-тегжейлі әрекет тәртібі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың тиісті нұсқаулығымен белгіленеді.
46. Поездар тек жолсерікпен ғана өте алатын орындар (15 км/сағ-тан аз жылдамдықпен), сондай-ақ екі жолды учаскелердегі бір деңгейдегі жолдардың қиылысуы қозғалыс үшін кедергі орны ретінде, бірақ петарда төселмей қоршалады. Бұл сигналдардың орнатылғаны туралы поездарға жазбаша ескертулер беріледі.
Ескерту берілмеген поезды жолсерікпен өткізу қажеттілігі туғанда, петарда төсеу міндетті болып табылады.
Егер поездарды жолсерікпен өткізу ұзақ уақытқа белгіленетін болса, онда тасымалданатын қызыл сигналдарды жабық күйде қалдырылған, бүркемеленетін бағдаршамдармен ауыстыруға рұқсат етіледі, олардың алдына ескерту бағдаршамдары орнатылуы керек осы нұсқаулықтың 46-қосымшасына сәйкес.
Бұл бүркемелеу бағдаршамдарын орнату туралы темір жол көлігі кәсіпорны басшылығының бұйрығы жарияланады және бұл жағдайда, поездарға ескерту берілмейді.
Қоршалатын орынның екі жағынан жол қосындары ашылған жағдайда, бұл қосындар арқылы поездардың қозғалысы қолданылатын сигнализацияның және байланыс құралдарының біреуімен жолсеріксіз жүргізіледі. Бұл ретте жекелеген жағдайларда, қоршалған орын арқылы белгіленген жылдамдықпен поездың жүруіне бақылау жасау үшін жолсерік тағайындалуы мүмкін.
47. Барлық жағдайларда петардалар үш дана мөлшерінде төселеді: екеуі поездың жүрісі бойынша жолдың оң жақ рельсіне және біреуі сол жаққа осы нұсқаулықтың 45-қосымшасына сәйкес. Петардалар арасындағы қашықтық 20 м-ден болуы тиіс.
48. Жылдамдық кемуінің тасымалданатын сигналдары мен «Қауіпті жердің басталуы» және «Қауіпті жердің аяқталуы» сигналдық белгілері осы нұсқаулықтың 39-қосымшасына сәйкес көрсетілген схемалар бойынша орнатылады.
Аралықта жылдамдықтың кемуін талап ететін орын станцияға жақын орналасқан болса және оны белгіленген тәртіппен қоршау осы Нұсқаулықтың 38-қосымшасына мүмкін болмаса, онда ол аралық тарапынан осы Нұсқаулықтың 39, 42, 43 қосымшаларына сәйкес қоршалады, ал станция тарапынан осы нұсқаулықтың 47-қосымшасына сәйкес көрсетілгендей тәртіппен қоршалады.
Машинист тасымалданатын сары сигналға жақындағанда, локомотивтің (моторвагонды поездың), өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның бір ұзын ысқырығын беруі тиіс және поезды ескертуде көрсетілген жылдамдықпен, ескерту болмаған жағдайда - 25 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен «Қауіпті жердің басталуы» осы нұсқаулықтың 48-қосымшасына сәйкес және «Қауіпті жердің аяқталуы» осы нұсқаулықтың 48-қосымшасына сәйкес сигналдық белгілерімен қоршалған орын арқылы алып өтетіндей болып жүргізуі керек.
«Қауіпті жердің аяқталуы» сигналдық белгісі «Қауіпті жердің басталуы» сигналдық белгісінің сырт жағына орналастырылады.
Станциялық жолдар мен көп жолды аралықтарда жылдамдық кемуінің тасымалданатын сигналдары мен «Қауіпті жердің басталуы» және «Қауіпті жердің аяқталуы» сигналдық белгілері қысқарған сырықтармен қолданылуы мүмкін.
49. Тоқтату сигналдарымен қоршауды немесе жылдамдықты кемітуді талап етпейтін, бірақ поездың жақындап келе жатқаны туралы жұмысшыларға ескертуді талап ететін жұмысты жүргізу орындары ысқырық беру туралы «С» тасымалданатын сигналдық белгісімен қоршалады, олар жұмыс жүргізіліп жатқан жол бойына, сондай-ақ әрбір көршілес басты жол бойына орнатылады осы нұсқаулықтың 49-қосымшасына сәйкес.
«С» тасымалданатын сигналдық белгілері тоқтату сигналдарымен немесе жылдамдықты кеміту сигналдарымен осы нұсқаулықтың 42 және 44-қосымшасына сәйкес қоршалған жұмысты жүргізу кезіндегідей тәртіппен көршілес басты орындарға орнатылады.
Поездар 120 км/сағ-тан асатын жылдамдықпен қозғалатын аралықтарда «С» тасымалданатын сигналдық белгілері жұмыс учаскесінің шекарасынан 800-1500 м қашықтықта орнатылады.
§ 4. Поездар қозғалысы үшін кедергілер орындарын және станциялардағы жұмыс жүргізу орындарын қоршау
50. Станциялық жолдар мен бағыттамалы бұрмалар бойынша қозғалысқа қарсы барлық кедергілер поезд (маневрлік құрам) күтіле ме, жоқ па оған байланыссыз тоқтату сигналдарымен қоршалуы тиіс.
Станциялық жолда кедергі орындары немесе жұмыс жүргізу орындары тоқтату сигналдарымен қоршалғанда, осы орынға апаратын барлық бағыттауыштар оларды жылжымалы құрам басып кетпейтіндей болып орналастырылады және жабылады немесе балдақшегелермен тігіледі. Кедергі орнында немесе жұмыс жүргізу орнында жол осінің бойымен тасымалданатын қызыл сигнал орнатылады осы нұсқаулықтың 50-қосымшасына сәйкес.
Егер бұл бағыттауыштардың қайсыбірі үшкірімен кедергі орнына немесе жұмыс жүргізу орнына қарай бағытталса және жолды оқшаулауға мүмкіндік бермесе, онда бұл орын екі жағынан, кедергі орнының немесе жұмыс жүргізу орнының шекарасынан 50 м қашықтықта орнатылатын тасымалданатын қызыл сигналдармен қоршалады осы нұсқаулықтың 50-қосымшасына сәйкес, Бағыттауыштардың үшкірлері кедергі орнынан немесе жұмыс жүргізу орнынан 50 м-ден жақын орналасқан болса, онда мұндай бағыттауыштың үшкірлері арасында тасымалданатын қызыл сигнал орнатылады осы нұсқаулықтың 50-қосымшасына сәйкес.
Кедергі орны немесе жұмыс жүргізу орны тасымалданатын қызыл сигналдармен қоршалғанда, бағыттамалы бұрмада сигналдар былай орнатылады: айқастырма тарапынан - шектік бағаншаға қарсы, әрбір қиылысатын жолдардың осінде; қарама-қарсы жақтан - бағыттауыштың үшкірінен 50 м қашықтықта осы нұсқаулықтың 51-қосымшасына сәйкес.
Егер қоршалуға тиіс бағыттамалы бұрманың жанында басқа бағыттауыш орналасқан болса, онда оны кедергісі бар бағыттамалы бұрмаға жылжымалы құрам шыға алмайтындай етіп орнатуға болатын болса, онда бағыттауыш бұл жағдайда жабылады немесе тігіледі. Бұл жағдайда, тасымалданатын қызыл сигнал мұндай оқшаулайтын бағыттауыш тарапынан осы нұсқаулықтың 52-қосымшасына сәйкес қойылмайды.
Бағыттауышты көрсетілген жағдайға қою мүмкін болмаған жағдайда, онда осы бағыттауыш бағытында кедергі орнынан немесе жұмыс жүргізу орнынан 50 м қашықтықта тасымалданатын қызыл сигнал орнатылады осы нұсқаулықтың 51-қосымшасына сәйкес.
Егер кедергі орны немесе жұмыс жүргізу орны кіру бағыттауышында болса, онда аралық тарапынан ол жабық кіру сигналымен қоршалады, ал станция тарапынан - шектік бағаншаға қарсы, қиылысатын әрбір жолдың осіне орнатылатын тасымалданатын қызыл сигналдармен қоршалады осы нұсқаулықтың 53-қосымшасына сәйкес.
Кедергі орны немесе жұмыс жүргізу орны кіру бағыттауышы мен кіру сигналы арасында орналасқан болса, онда аралық тарапынан ол жабық кіру сигналымен қоршалады, ал станция тарапынан - кіру бағыттауышы үшкірлемелері арасына орнатылған тасымалданатын қызыл сигналмен қоршалады осы нұсқаулықтың 54-қосымшасына сәйкес.
Бағыттамалы бұрмада кедергіні байқаған бағыттама қосынының кезекшісі кедергі орнында дереу тасымалданатын бір қызыл сигнал орнатуы тиіс (жөндеу жұмыстары басталғанға дейін) және бұл жайында станция бойынша кезекшіге хабарлауы тиіс.
51. Станцияның бас жолында орналасқан, жылдамдықтың кемуін талап ететін орын осы нұсқаулықтың 55 және 56-қосымшасына сәйкес көрсетілгендей жылдамдық кемуінің тасымалданатын қызыл сигналдарымен және «Қауіпті жердің басталуы» және «Қауіпті жердің аяқталуы» сигналдық белгілерімен қоршалады.
Егер жылдамдықтың кемуін талап ететін орын басқа станциялық жолдарда орналасқан болса, онда ол тек жылдамдық кемуінің тасымалданатын қызыл сигналдармен қоршалады. Бұл сигналдарды орнату тәртібі осы нұсқаулықтың 57-қосымшасына сәйкес көрсетілген.
§ 5. Станциялық жолдарда жылжымалы құрамды қоршау
52. Станциялық жолдарда жөнделетін вагондар және жеке жолдарда тұрған І сыныпты қауіпті жүк (жарылғыш материалдар) тиелген вагондар жол осінде, кемінде 50 м қашықтықта орнатылатын тасымалданатын қызыл сигналдармен (өтпе жолдарда - екі жағынан, ал тұйық жолдарда - бағыттамалы бұрма тарапынан) қоршалады.
Егер бұл жағдайда, ең шеткі вагон шектік бағаншадан 50 м-ден кем қашықтықта болса, онда бұл тараптан тасымалданатын қызыл сигнал жол осіне, шектік бағаншаға қарсы орнатылады.
53. Құрамдарға немесе вагондардың жеке топтарына техникалық қызмет көрсету кезінде жергілікті жағдайларға байланысты құрамдарды немесе вагондардың жеке топтарын қоршау тәртібін темір жол көлігі кәсіпорнының басшылығы белгілейді.
54. Вагондарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та орнатылған тәртіпке сәйкес құрамдарды орталықтандырылған қоршау құрылғылары қолданылуы мүмкін.
§ 6. Аралықта тоқтауға мәжбүр болғанда поезды қоршау
55. Аралықта тоқтауға мәжбүр болғанда жолаушылар поезын қоршауды машинистің нұсқауы бойынша соңғы жолаушылар вагонының жолсерігі мына жағдайларда жүргізеді:
1) қалпына келтіру немесе өрт сөндіру поезын, сондай-ақ қосалқы локомотивті талап ету арқылы, егер көмек соңғы жағынан көрсетілсе;
2) егер поезд барлық сигнализация және байланыс құралдарының әрекеті үзілген кезде, оның артынан басқа поезд жөнелтілгені туралы хабарлана отырып, екі жолды аралыққа дұрыс жол бойынша жөнелтілген болса.
Тоқтаған поезды қоршайтын соңғы жолаушылар вагонының жолсерігі қол тежегішті іске қосуы керек, поездың соңынан 800 м қашықтықта петарда төсеуі керек, одан кейін петарда төселген орыннан кері, поезға қарай 20 м қашықтыққа алыстауы керек және аралық жағына қарай қызыл қол сигналын көрсетуі керек осы нұсқаулықтың 58-қосымшасына сәйкес.
Басқа поездар аралықта тоқтауға мәжбүр болғанда, олар тек барлық сигнализация және байланыс құралдарының әрекеті үзілген кезде, оның артынан басқа поезд жөнелтілгені туралы хабарлана отырып, екі жолды аралыққа немесе бір жолды аралыққа дұрыс жол бойынша жөнелтілген кезде ғана қоршалады. Бұл ретте қоршау машинист көмекшісімен жүргізіледі, тоқтағаннан кейін ол дереу поезд соңына өтуі керек, поездық сигналдың болуын тексеруі керек, аралыққа мұқият бақылау жасауы және ізімен келе жатқан поезды байқаған жағдайда, оны тоқтатуға шаралар қабылдауы керек.
Егер тоқтаған поезға көмек бас жағынан көрсетілсе, жетекші локомотивтің машинисі қалпына келтіру (өрт сөндіру) поезы немесе қосалқы локомотив жақындағанда, жалпы қауіп сигналын беруі керек; күндіз көріну нашар болғанда, прожекторды қосу керек.
56. Аралықта тоқтаған жолаушылар поезының соңын бөгейтін вагон жолсерігі қалпына келтіру (өрт сөндіру) поезы немесе қосалқы локомотив келіп тоқтағаннан кейін, жолаушылар поезы тоқтаған орынға келген басқа қызметкерге қоршауды тапсырғаннан кейін ғана кері қайтады.
Барлық сигнализация және байланыс құралдарының әрекеті үзілген кезде жөнелтілген поездың соңында тұрған машинист көмекшісі ізімен келе жатқан поезд тоқтағаннан кейін ғана немесе қоршау қажеттілігі тоқтаған жағдайда, локомотив ысқырығымен берілетін машинист сигналы бойынша локомотивке қайта алады.
57. Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі аралықта жолаушылар поезы тоқтағанда соңғы жолаушылар вагонының жолсерігі поезд сигналдарының көрінуін мұқият тексеруі керек, аралыққа мұқият бақылау жасауы керек және ізімен келе жатқан поезд байқалған жағдайда, оны тоқтатуға шаралар қолдануы тиіс.
58. Рельстен шығып кету, соқтығысу, жүктің құлауы және т.б. салдарынан көрші жолда пайда болған кедергі орны арқылы поездар қозғалысын болдырмау талап етілген жағдайда, екі жолды немесе көп жолды аралықта поезд тоқтауға мәжбүр болғанда, машинист жалпы қауіп сигналын беруі тиіс. Бұл ретте жолаушылар поезы тоқтаған жағдайда, поездың бас жағынан және соңғы жағынан 1000 метр қашықтықта осы нұсқаулықтың 59-қосымшасына сәйкес суретте көрсетілгендей етіп петарда төсей отырып, қоршауды машинист көмекшісі поездың бас жағынан жүргізсе, поездың соңғы жағынан соңғы жолаушылар вагонының жолсерігі жүргізеді осы нұсқаулықтың 59-қосымшасына сәйкес.
Басқа поездар тоқтаған жағдайда, көршілес жолға, поезд күтіліп отырған жаққа қарай, кедергі орнынан 1000 м қашықтықта петарда төсей отырып, қоршауды машинист көмекшісі жүргізеді осы нұсқаулықтың 60-қосымшасына сәйкес, егер поездың бас жағы кедергі орнынан 1000 м қашықтықта орналасқан болса, петардалар көршілес жолға, локомотивке қарсы төселеді.
Егер поезд машинисімен дұрыс емес бағытта көрші жолмен поезд жөнелтілгені туралы хабар алынса, ол қарама-қарсы жақтан кедергі орнынан сондай қашықтықта петарда төсеу үшін радиобайланыс бойынша машинст көмекшісін шақыруы керек.
Жолаушылар поезы 120 км-сағ-тан асатын жылдамдықпен қозғалатын учаскелерде петардалар төселуі тиіс қашықтықты темір жол көлігі кәсіпорнының басшылығы белгілейді.
Петардалар төселгеннен кейін машинист көмекшісі мен вагонның жолсерігі петарда төселген орыннан кері поезға қарай 20 м жүруі керек және поездың жақындауы мүмкін жаққа қарай қызыл сигнал көрсетуі керек.
59. Аралықта тоқтауға мәжбүр болған поездың бас жағы мен соңғы жағын, сондай-ақ екі жолды немесе көп жолды аралықтағы көрші жолда поездар қозғалысын болдырмау үшін кедергілер орнын қоршауға жетекші локомотив машинисінің өкімі бойынша локомотив бригадасының қызметкерлері, жолаушылар вагондарының жолсеріктері, кондукторлар, сондай-ақ басқа қызметтердің қызметкерлері тартылуы мүмкін.
Жолаушылар поездарының локомотивтеріне бір машинист қызмет көрсеткен жағдайда, поезд аралықта тоқтауға мәжбүр болғанда, қоршауды жолаушылар поезының бастығы (механик-бригадирі) және вагондардың жолсеріктері радиобайланыс бойынша берілетін машинист нұсқауы бойынша жүргізеді.
4. Қол сигналдары
Достарыңызбен бөлісу: |