Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»


§ 2. Термиялық өңдеу және сынамаларды дайындау



бет36/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   129
§ 2. Термиялық өңдеу және сынамаларды дайындау

 

1580. Егер алюминий ерітінділерінен жасалған құймалар термиялық өңдеуге жатса, оның түрі дайындаушы - кәсіпорынмен белгіленеді және материал куәлігінде көрсетіледі.

1581. Сынамалар құймаларға немесе бөлек құйылуы мүмкін. Сынамалар қалыңдығы ең аз дегенде құйма қалыңдығынан кем боламуы тиіс. Сынамаларды мүмкіндігінше құймаларды салқындатуға ұқсас жағдайларда салқындатылуы қажет.



Егер құймалар үлкен жүктемелерге жататын бөліктерге арналса сынамалар қалыңдығы құйма бөлігінің аса жүктелген қалыңдығынан аса және сызбаларда көрсетілуі тиіс.

 

 

§ 3. Сынамалар көлемі. Байқау және таңбалау



 

1582. Алюминий ерітінділерінен жасалған құймалар олардан өнімдер тағайымына байланысты сынаулар тобына бөлінеді. Сынаулар көлемі осы Қағиданың 245-қосымшасына сәйкес болуы тиіс.



Сынамалар құйылуы тиіс құймаларды сынау көлемі Кеме қатынасының тіркелімімен келісуге жатады. Созылуға сынау кезінде ағымдылық шегі, уақытша қарсылаусы мен қатысты ұзартулары анықталуы тиіс, бірақ Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша негізделген жағдайда ағымдылық шегі анықталмауы мүмкін.

Кіші көлемді поршеньдер құймаларын сынау кезінде Кеме қатынасының тіркелімі бұл жағдайда созылуға сынау жүргізбей қаттылықты анықтаумен шектеледі.

1583. Құймаларды байқауға тазартылған, жаншылу, қылаулары жойылған күйде ұсыну қажет. Құймаларда тұрақтылығы мен тағайымы бойынша қолдануына кері әсер ететін ақаулары болмауы тиіс.



Рұқсаттама шегіндегі өлшемдер жазықтығындағы ақаулар назарсыз қалуы немесе механикалық өңдеуден шектетілуі мүмкін.

Бөлек құйма ақауын дәнекермен жою рұқсат етіледі, сонымен бірге дәнекердің технологиялық процесі Кеме қатынасының тіркелімімекн келісілуі қажет.

Егер құйма материалы гидравликалық сынау тығыздылығына тексерілсе, құйма сызбасында сыналатын қуыстың жұмыс қысымы және сынау кезіндегі байқау қысымы көрсетілуі тиіс.

Байқау қысымы мәні осы Қағиданың талабына сәйкес немесе Кеме қатынасы тіркелімімен келісім бойынша бекітіледі.

Үлкен жүктемелерде жұмыс істейтін бұйымдар үшін құйма Кеме қатынасы тіркелімі талабы бойынша ішкі ақауларды табу мақсатында қиратпайтын бақылауға ұшырауы мүмкін.

1584. Құймаларды таңбалау осы Қағиданың 91-тарауының талабын сәйкес болуы тиіс.



 

 

21-бөлім. Металл емес материалдар



 

113. Жалпы нұсқаулар

 

1585. Осы бөлімнің талаптары конструкция мен бөліктерін дайындау үшін кеме жасау мен кемелік машина жасауға қолданылатын металды емес материалдарға қолданылады.

1586. Егер басқасы айтылмаса барлық органикалық материалдар мен пластмассалар, сондай-ақ осы материалдары бар корпусты конструкция үлгілерінде болуы тиіс:



1) осы Қағиданың 121-125-қосымшасына сәйкес жанғыштығы, жалын таралуы, тұтануы және отқа төзімділігі бағаланады;

2) пластмасса мен материалдар температурасы олар сенімді жұмыс істейтін температурадан жоғары болған кезде де жарылуға қауіпті газдарды бөлмеуі;

3) егер пайдалану шарттары аса төмен немесе жоғары жұмыс температурасын алдын-ала қарастырмаса, ашық палубада - 40 до +70 С қа дейінгі температурада конструкция мен өнімдер, ал кеменің ішкі бөліктерінде - 10 до +70 С температурада жұмысын сенімді қамтамасыз етуі;

4) пайдалану процесінде осалды болмауы және механикалық қасиеттерін алғашқы мәндермен салыстырғанда 30 % аса төмендеуіне жол бермеуі;

5) шіру мен саңылаулармен зақымдануға қарсы тұрақтылы, сондай-ақ олар жанасатын материалдарға кері әсерін тигізбеуі тиіс.

 

 

114. Темір бетон



 

§ 1. Жалпы нұсқаулар

 

1587. Кеме жасауға қолданылатын барлық материалдар стандарттар, техникалық шарттар мен Қағиданың осы бөлім талаптарына сәйкес болуы тиіс.

1588. Мұнай өнімдерін сақтау үшін қолданылатын кеме бөліктері арнайы мұнай өткізбейтін бетоннан жасалуы қажет.



 

 

§ 2. Бетон



 

1589. Жүзбелі крандар мен тасымалдау кемелері үшін В40 төмен емес, ал басқа кемелер үшін - В30 сыныпты кеме жасау бетондарын қолданады.

Бетон сыныбы деп сығылу мықтылығы бойынша сынып түсініледі.

1590. Ылғалданатын корпус элементтері үшін суыққа төзімділік бойынша бетон таңбасы (түбі, борт, палубаның ашық жерлері, су өткізбейтін аралықтар, шектейтін балластты бөліктер) кеме пайдаланылатын ауданның климаттық жағдайларына байланысты осы Қағиданың 246-қосымшасы көмегімен белгіленуі қажет. Ылғалданбайтын корпус элементтері, сондай-ақ қондырмалар үшін суыққа төзімділік бойынша таңба F50 кем болмауы тиіс.

1591. Мықтылық параметрлерін анықтау мақсатымен кеме жасау бетон, сондай-ақ су өткізбейтіндігі, суыққа төзімділік сынаулары стандарттар мен Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген басқа басқару техникалық материалдар нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.

Ұзақ уақыт бойы жасалатын кемелер үшін бетон параметрлерін 60 және 90 күн «жасында» бетон мықтылығы анықталуы мүмкін.

1592. Егер бір және сол құрамды бетон табиғи шарттарда және буландыру кезінде жетілетін болса, су өткізбейтіндік пен суыққа тұрақтылықты тексеру үшін тек қана буландырылған бетонды сынаумен шектеледі.

1593. Құрамдары, жетілу режимдері және мықтылық параметрлері бірдей бетонды кемелерді сериямен жасау кезінде Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша бірнеше кемелерге бір суыққа төзімділік сынауларын жүргізу рұқсат етіледі.

1594. Егер жобамен бетон беріктілігін параметрлерін 28- күндіктен ерекшеленетін әр-түрлі мерзімдерде тексеру алдын-ала қарастырылса, онда әрбір мерзімге бетонның әрбір партиясынан таңдалып, сыналуы қажет.

1595. Ауыр және жеңіл бетондағы цемент құрамы 450 кг/м3 кем болмауы тиіс.

Бетонда жабық палуба мен аралықтар үшін цемент құрамы алынатын бетон осы Қағиданың 1589-4591-тармақтары талаптарын қанағаттандыру шарттарда көрсетілгенмен салыстырғанда 15 % азаюы мүмкін.

1596. Кеме жасаушы бетон форманы (қорама қорапты) жақсы толтыруы және таңдалған төсеу тәсілімен қатпарланбауы, сондай-ақ жетілудің белгіленген режимінде отырғызылған жарықтары болмауы тиіс.

1597. Кеме жасау бетонына агрессиялы ортаға және басқа шарттарына қарсы мұнай өткізбейтіндігі, жоғарғы өшіргіштік, тұрақтылығы ұсынылған жағдайда арнайы айтылып, әрбір жағдайда Кеме қатынасының тіркелімімен келісілуі тиіс.

1598. Құрамы мен тұрғызуы Кеме қатынасының тіркелімімен қосымша келісілуі тиіс секция аралық жалғануларды бетондау үшін ұсақ түйірлі (топырақты) бетон рұқсат етіледі.

 

 

§ 3. Бетонды қоспалардың құрамы



 

1599. Кеме жасауыш бетонды дайындау үшін 400 төмен емес таңбалы портландцементтер (қарапайым, тез қатаятын, сульфатқа төзімділік) қолданылуы керек.

Түйіскен жерлер бетондау мен тесіп өткен саңылауларды бітеуді гипстопырақты кеңейтетін 400 төмен емес маркалы цементті қолдануға рұқсат етіледі.

Теңіз суын пайдаланылуы мүмкін кемелер үшін бетонды тек қана сульфат төзімлділігін 400 кем емес маркалы портландцементте дайындануға рұқсат етіледі.

1600. Цементтер қасиеттері цементті осы Қағиданың 1571-тармағына сәйкес күтіп ұстау кезінде қажетті таңбаның кеме жасау бетонын алуды қамтамасыз етуі тиіс.

1601. Цементті стандарттармен сәйкес оның физико-механикалық қасиеттерін тексеруден кейін қолдану рұқсат етіледі. Көрсетілген тексеру мен цементті қолдану арасындағы уақыты қарапайым кемелер үшін 2 ай және тез қатаятын кемелер үшін 1 айдан аспауы тиіс.

1602. Цементті стандарттар талаптары бойынша сулануы, сондай-ақ бөлек партиялардың араласуы жойылған жабық қоймаларда сақталуы қажет.

1603. Кеме жасаушы ауыр бетонды ірілеп толтыру ретінде кесе жасауыш бетонды материал стандарттары талаптарын қанағаттандыратын ұсақталған қатты таужыныстан жасалған фракционды қиыршықтас немесе табиғи жасалған фракционды ірі құм қолданылуы қажет.

1604. Кеме жасаушы жеңіл бетонды (керамзитті) ірілеп толтыру ретінде тығыздығы 600-800 кг/м3 және 2 сағат бойы 15 % кем су сіңіруі тез себілетін күйдегі керамзитті ірі құм қолданылуы қажет.

1605. Толтырғыш түйірдің аса ірілігі бетондалатын элементтің 20 мм кем немесе 1/4 аса өлшемді, сондай-ақ арматура өзектері паралель орналасқан арасындағы ара-қашықтық ең аздан кем болмауы тиіс.

1606. Кеме жасаушы бетонды ұсақ толтыру ретінде кеме жасаушы бетон материалдарының талаптарын қанағатандыратын ірі және орташа табиғи кварцты немесе қиыршықтас пен ірі құм елендісі қолданылуы керек.

1607. Сақтау кезінде ірі және ұсақ толтырғыштарды ластауға және араластыруға болмайды. Керамзитті ірі тасты сақтау кезінде суланудан қорғау тиіс.

1608. Кеме жасауыш бетонды дайындау үшін сукеме жасаушы бетон материалдар стандарттарының талаптарына сай болуы тиіс.

1609. Суыққа төзімділік, су өткізбейтіндігін көбейту, бетон қоспаларының техникалық сапаларын жақсарту, цемент шығысын азайту, сондай-ақ қоршаған ортаның кері температурада бетон жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатымен Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген нормативті-техникалық құжаттамаларға сәйкес бетонды қоспаға арнайы қосымшаларды салынуы мүмкін.

1610. Кішкене ақауларды жою үшін эпоксидті шайыр негізінде шыны пластик пен пласт бетонды, сондай-ақ Кеме қатынасыың тіркелімімен келісілген нұсқаулыққа сәйкес цементті коллоидты желім қоданылуы мүмкін.



 

 

§ 4. Арматуралық болат



 

1611. Темір бетонды кемелер корпустарын дайындау үшін ыстықтай жайылған арматура қолданылуы қажет:

1) A-І (A240) сыныпты ВСтЗсп2 және ВСтЗпс2 таңбалы тегіс көміртекті болаттан;

2) А-П (А300) сыныпты Ст5сп2 және Ст5пс2 таңбалы көміртекті болаттан жасалған кезеңдік қапталды;

3) А-Ш (А400) сыныпты 25Г2С және 35ГС таңбалы аз қоспалы болаттан жасалған кезеңдік қаптал.

1612. Суық өңдеу жолымен нығайту мен қалыпқа келтіруге, сондай-ақ термонығайтуға жататын арматуралық болат кәдімгі (алдын-ала кернеусіз) темір бетонда қолдануға болмайды.

1613. Аса қатқыл климаттық жағдайларда пайдаланылатын кемелер үшін жартылай тынық болаттан жасалған арматураны қолдануға болмайды.

1614. 35ГС таңбалыы болаттан жасалған арматураны ауыспалы немесе белгісі ауыспалы жүктемеге (кемелік техникалық құралдар астындағы фундамент және басқалары) жататын конструкцияларды қолдануға тыйым салынады.

1615. Темір бетонды өнімнің бір қимасында арматуралық болаттың ағымдылық шегі 30 % кем ерекшелену шартымен түрлі таңбалы арматураларды қолдануға болмайды.

1616. Төсейтін бөліктерді кеме жасауға пісірілетін болат стандарттары талаптарын қанағаттандыратын тынық және жартылай тынық ерітінді болаттан, ал төсейтін бөліктердің танкерлері осы Қағиданың 1611-1614-тармақтары талаптарын қанағаттандыратын болаттан жасалады.



 

 

§ 5. Алдын-ала жүктелмеген темір бетон



 

1617. Алдын-ала жүктелмеген конструкцияны дайындау үшін В40 сыныбынан төмен емес ауыр бетон мен ВЗО сыныбынан төмен емес жеңіл бетон қолданылады.

Каналдарды толтыру үшін қолданылатын бетон ВЗО таңбадан төмен болмауы тиіс.

Сығу үлесін бетонға беру сәті соңғы беріктілік таңбаның 70% төмен болмауы тиіс.

1618. Кемелік конструкцияның алдын-ала жүктелген арматурасына қолданады:



1) В, Вр түрдегі аса мықты арматуралық сым мен К-7 арматуралық арқандар;

2) Ат-VI және At-V сыныпты термиялық нығайтылған арматулардан жасалған өзектер;

3) A-IV(600) сыныпты ыстықтай жайылған және термиялық нығайтылған арматуралық болаттан жасалған өзектер;

4) (А300) и (А400) сыныпты ыстықтай жайылған арматуралық болаттің өзектері.

1619. Алдын-ала жүктеуге жатпайтын арматураны осы Қағиданың 1611-1614-тармақтары талаптарына сәйкес тағайындалады.



 

 

115. Шыны пластиктер



 

§ 1. Жалпы нұсқаулар. Қасиеті

 

1620. Осы тараудың талаптары кемелік конструкция мен өнімдерді дайындауда қолданылатын шыны пластиктерге қолданылады.

Шыны пластикті жасау тәсілі Кеме қатынасының тіркелімімен келісілуі қажет.

1621. Жалғаушы материалдар ретінде шыны пластиктерді дайындау кезінде полиэфирлі шайыр қолданылуы қажет.



Эпоксидті және басқа шайырларды тек қана Кеме қатынасының тіркелімінің рұқсатымен қолдануға болады.

Дайындаушы-мекеме Кеме қатынасының тіркеліміне шайыр қасиеттері туралы мәліметтер ұсынылуы қажет: тығыздық, жабысқақтық, тиісті температурадаға гель пайда болатын уақыты мен қатаю дәрежесі, сондай-ақ басқа қажетті мәліметтер. Сонымен қатар, шайырды сақтау мен қайта өңдеу жайлы нұсқаулық ұсынылуы қажет.

Оның қасиетіне кері әсер ететін шайырға пигменттер мен басқа бояу құрылғыларын қосуғарұқсат етілмейді; пигментті қоспаларды тек қана жасанды қабатқа қосылуы қажет.

Шыны пластиктерді дайындау тәсілі мен оны қатаю (темпераратура, ылғалдылық, уақыт және т.б.) шарттары рұқсаттаманы дайындау кезіндегі тәсіл мен шарттарына сәйкес болуы тиіс.

1622. Арматуралау материалы ретінде Na2O қайта санағанда сілтілігі 1 % кем кенеп, мата, ровница немесе ровница кесінділері (ұзындығы 25 мм және одан аса) түрінде ұсақ сілтілі шыны қолданылуы тиіс.



Элементар бөлек талшықтардың диаметр 5-тен 15 мкм болуы тиіс.

Арматуралау материал шыны талшық пен шайыр арасындағы сенімді байланысын кепілдейтін гидрофобно-адгезионды құраммен өңделуі тиіс.

Желімделген кенептердегі желімденетін сұйықтық шайырда тез ерітіледі және оған кері әсерін тигізбейтін болуы тиіс.

Желімденетін сұйықтықтың шайырда тез сіңуі шыны пластик қалыптау процесі аяқталуы алдында кенептің бұзылуына әкелмеуі тиіс.

Арматуралау материалының әрбір партиясына дайындаушы-мекеме мынадай мәліметтерден тұратын куәлік берілуі тиіс: дайындаушы-мекеме, материал, сілтілігі, элементтер талшықтарының өлшемі, маталар түрлері, майлағыш және кенепті байланыстыратын сұйықтық аппрет.

1623. Шыны пластиктердің механикалық қасеиттері дайындау кезінде қабылданған арматуралау сызбасына байланысты Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша белгіленеді.



Теңіз су, мұнай өнімдері әрекеті мен тозуы олардың алғашқы мәндерімен салыстырғанда механикалықы қасиеті 25 % кем төмендетпеуі тиіс.

1624. Салмағы бойынша шыны пластиктердегі шынының пайыздық құрамы конструкция мен өнімнің тағайымы және жұмыс жағдайына байланысты Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша белгіленеді. Жүктелген конструкция мен өнімдерінің шыны құрамы 25 % кем болмауы тиіс.



Кенеппен арматуралау кезінде шыны талшықтардың ең көп құрамы 35 % аса болуы тиіс.

 

 

§ 3. Сынамаларды дайындау. Сынақтар көлемі



 

1625. Шыны пластиктердің физика-механикалық қасиеттерін анықтау кезінде үлгілер үшін сынамалар бір технологиямен, шыны талшықтар құрамы бірдей біртекті материалдардан жасалған жасалып жатқан өнімдері дайындалуы тиіс.

Созылу сынауларына үлгілер дайындалуы тиіс және салмағы бойынша шыны құрамын анықтау кезіндегі сынамалар ұзындығы 500 мм, ені шамамен 400 мм, ал сығылу сынаулары жүргізілуі тиіс сынамалар қалыңдығы 10-12 мм болуы тиіс.

Үлгілер пішіні мен өлшемдері стандарттар бойынша қабылдануы мүмкін.

Жасалып жатқан өнімге қатысты сынамалар күйі Кеме қатынасының тіркелімімен келісілуі қажет.

Формаланатын өнімдердің жіберуден жасалған сынамаларды, ал техникалық негізделген жағдайларда Кеме қатынасының тіркелімінің талаптары бойынша тікелей өнімнен таңдалуы мүмкін.

Сынамалар шыны пластиктермен қалыпты физика-механикалық қасиеттерін алудан кейін таңдалуы қажет.

Бұған қажетті уақыт байланысытыратын материалды дайындауцшы-мекемемен белгіленеді және шыны пластикке рұқсаттаманы әзірлеу кезінде көрсетіледі.

Иілімдік модулі мен беріктілік шегі Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша бұзылмайтын тәсілдермен анықталуы мүмкін.

1626. Шыны пластиктерді сынау кезінде созылу мен сығылу, созылу кезіндегі иілімділік модулі, сығылу мен майысу және көлемі бойынша шыны құрамына қатысты беріктілік шегін анықтайды.



Кеме қатынасының тіркелімі сондай-ақ, созылмалы модулі мен табақ жазықтығында жылжыту кезінде беріктілік шегі мен көлемі бойынша шыны құрамына қатынасын анықтауды талап етуі мүмкін.

Механикалық қасиеттерінің мәндері негіз бен утка бойынша бір сынамадан бес үлгілерді сынау нәтижесін орталау жолымен анықталады.

1627. Сынаудың қанағаттандырмайтын нәтижелерінде мынаны ескеру қажет.



1) егер қанағаттандырмайтын нәтижелер бір немесе екі үлгілерден алынса сынаулар екі еселенген үлгілер санымен қайталануы тиіс;

2) егер сынаулардың қанағаттандырмайтын нәтижелері үш немесе одан аса үлгілерден алынса, Кеме қатынасының тіркелімі тікелей өнімнен кесіп ойылған үлгілерде сынау қажет;

3) егер қайта сынау кезінде бірден-бір үлгіде қанағаттандырмайтын нәтижелер алынса, өнімдер бракталуы тиіс.

1628. Шыны пласстиктерге рұқсаттамаға сынау кезінде осы Қағиданың 1321 - 1323-тармағына сәйкес тозу дәрежесі, 1324 - 1327-тармағына сәйкес аз тұрақтылығы мен 1328 - 1331-тармағына сәйкес теңіз суының әрекетіне тұрақтылығы анықталуы тиіс. Айтылған әрбір сынаулар үш үлгілерде жүргізіледі.



Дайын шыны пластиктердің сапасын тексеру үшін Кеме қатынасының тіркелімінің өтінімі бойынша шыны пластикке тұщы суда үлгілердің 3 сағат бойы қайнап ылғалдану әрекетіне жеделдетілген сынаулары орындалуы қажет. Сонымен қатар, үлгі жиектерін сынау кезінде дайын өнімде олар бөлектенген болса, шайырмен қапталуы мүмкін.

 

 

§ 4. Байқау. Корпус материалдарына қойылатын талаптар



 

1629. Шыны пластиктерден жасалған өнімдер оларды тағайымы бойынша пайдалануына кедергі келтіретін қатпарлануы, бос болуы, бөтен ажыратқыштар мен басқа да ақаулар болмауы тиіс.

Қажет болған жағдайда Кеме қатынасының тіркелімінің өтінімі бойынша өнімді бұзу тәсілімен сынауды немесе бұзылмайтын бақылауды жүргізу қажет.

Ультрадыбысты бақылау Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген тәсілмен орындалады.

1630. Шыны пластиктерді дайындау мен корпус конструкциясын жалғау кезінде байланыстырушы ретінде суық қатаю шайырлары - полиэффирлі, эпокссидті немесе басқа, сондай-ақ олардың әрекеттегі стандарттар мен техникалық шарттар талаптарын қанағаттандыратын композициялары қолданылуы тиіс.

1631. Шайыр түрі мен байланыстырушының дайындау рецептурасы конструктивті дайындаудың технологиялық процесінде көрсетілуі тиіс.

1632. Шайырлар өзі өшетіндей етіп, яғни оларды алаудан шығару кезінде жануды үдететпейтін болуы тиіс.



Өзі өшетіндей шайырларды тек қана сыртқы қабаттарына қолдану, сондай-ақ бет қабаттарын жанбайтын бояулармен жабу рұқсат етіледі.

1633. Шайырға салу кезінде түрлі толықтырғыштар мен қоспаларды дайындау процесінде шыны пластик сапасы (жану дәрежесі, агрессивті құралдарға тұрақтылық) сақталуы, ал беріктілік және майысқақтық сипаттамасының төмендеуі жобада қабылданғанмен салыстырғанда 10% аспауы тиіс.

1634. Шыны пластиктерді арматуралау материалдар ретінде дайындау кезінде стандарттар мен техникалық шарттар талаптарын қанағаттандыратын түрлі типті шыны талшықты материалдар және олардың үйлестіктері - маталар, күңгірттері қолданылуы мүмкін.

1635. Шыны талшықты материалдар сілтілері жоқ шынылардан жасалуы және гидрофоб-агдезиялық құраммен өңделуі тиіс. Гидрофоб-агдезиялық құраммен өңделмеген шыны талшықты материалдарды қолдану негізделуі тиіс.



Ұзындығы 15 м кемелерге сілтілі шыныларды қолдануға болады, бірақ оларды міндетті түрде гидрофоб-агдезиялық құрамын сіңірілуі тиіс.

Әрбірі жағдайда шыны талшықты материалдарда майлағыштары (парафинді, майлы және т.б.) болмауы тиіс.

1636. Түрлі арматуралау материалдарымен қоса суық қатаю шайыр негізінде жасалған шыны пластиктері корпустың қажетті беріктілігі мен қаттылығын қамтамасыз ететін физика-механикалық сипаттамалары болуы тиіс.

1637. Шыны пластиктерден жасалған үлгілерді тұщы суда 6 айдан аса жүктемесіз созылу мен сығуға материалдардың беріктілігінің астыңғы шектері 20% аса төмендемеуі тиіс. Шыны пластиктерді ұзақ уақыт бойцы суда ұсталуы тұщы суда екі сағат бойы қайнатылған үлгілермен ауыстырылуы мүмкін.

107 цикл базасындағы (симметриялық жүктеу кезінде) тілігі жоқ үлгілерді сынау нәтижелерімен анықталатын тозу шегі материал беріктіліктің төменгі шегінен 25% кем болмауы тиіс.

1638. Егер шыны пластиктегі шыны құрамы жобада қабылданғаннан ерекшеленетін болса, беріктілік шегі мен иілімділік мобулін қайта санау қажет. Шыны құрамындағы салмағы бойынша ауытқулар +10% кем болмауы тиіс.

1639. Үш қабатты конструкция жасауға қолданылатын жеңіл толтырғыштар (пенопласт, сотопласт және т.б. сияқты) жануды үдетпейтін, су, май, сұйық отын әрекетіне ұстамды және оларды полиэфирлі немесе эпоксидты шайырлармен төсеу кезінде бұзылмай, сондай-ақ кеміргіштермен зақымданбауы тиіс.

1640. Жану арқылы қатаятын шайырлар негізіндегі пластмассалар ұзындығы 15 м дейін кемелер, сондай-ақ аралықтар, қоршаулар, рубкалар мен сол сияқты кез-келген өлшемді конструкциялар жасау үшін рұқсат етіледі.



 

 

116. Қабатты тоқыма материалдары



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет