Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет5/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
§ 1. Жалпы талаптар

 

134. Кемелердің корпустарын конструкциялау кезінде жабық конструкциялар құралу үшін, байланыстардың бір жазықтықта бірігу принципін сақтау қажет: карлингс - көлденең қалқалардың рамалық бағанасы- кильсон; палубтың немесе платформаның көлденең қабырға қаттылығы - көлденең қалқаның бос бағанасы- түптің, екі есе түптің немесе платформаның көлденең қабырғасы, флор- шпангоут-бимс; борттық стрингер - көлденең қалқа шельфі-көлденең қалқа шельфі және с.с.

135. Қалыңдықтың, биіктіктің, қиманың немесе корпус байланысының нысанының өзгеруі бір қалыпты деп рұқсат етіледі.



Көршілес табақшалар қалыңдығының әртүрлілігі жалғастырушы табақшалар қалыңдығынан 30% пайызға немесе 5 мм аспауы рұқсат етілмейді (кіші мәні қабылданады).

Көрсетілгендер саңылау құраушы табақшаларға, сонымен қатар зәкір клюз, кемелік техникалық құралдар астындағы қондырма шетіне орнатылған жуан табақшаларға жатпайды.

Жуанырақ табақшаның шеткі бөліктерін қолданыстағы стандарттарға сәйкес жұқа табақшаның қалыңдығына дейін орындайды.

136. Белдеме қабырғасының және қабырға қаттылығы биіктігінің жоғарыдан төменге немесе керісінше ауысуын, аралығы байланысты жалғастыратын қабырға биіктігінің 5 түрлісіне тең деп тағайындауға ұсынылатын учаскеде жүргізеді.



Ауыспалы учаскенің (кеменің олртаңғы бөлігіндегі кильсон және карлингс қабырғасын қоспағанда) ұзындығын екі түрлі биіктікке дейін кішірейтуге рұқсат етіледі.

Білдем белбеулері ұқсас түрде бірінен кейін біріне қалқып ауысу рұқсат етіледі.

137. Корпустың негізгі бойлық байланысының үлкен санының үдіксіздігін қамтамасыз етуіт иіс.

138. Корпустың бір көлденең қимасында бойлық қабырға қаттылығын 1/3 жоғары, сондай-ақ түп бойында немесе кеменің палубасында орналасқан екеуден жоғары бойлық рамалық байланыстарды үзуге болмайды.

Бойлық байланыстар үзілетін қима бір - бірінен 2 шпациядан кем болмайтын қашықтықта болуы тиіс.

Бойлық жинақ жүйесінен көлденеңге өту ретімен болуы тиіс.

139. Үлкен тіліктермен әлсіреген аудандарда және кернеу концентрациясы аудандарында (мысалы, тік бұрышты тіліктердің бұрыштарын домалақтауға, қондырмаларды және комингстерді аяқтау сияқты) бойлық байланыстарды аяқтауға рұқсат берілмейді.

140. Палубаның, платформаның, екінші түп төсенішінің аяқталу аудандырында кернеу концентрациясын төмендететін книц немесе басқа да конструкциялар қарастырылуы қажет (осы Қағиданың 26-қосымшасы).

141. Аяқтару орындарында қабырға қаттылығы көлденең байламдарға жеткізілуі және кницке бекітілуі қажет.

142. Мынадай байланыстардың шетінде «ус» қысқартуға рұқсат етіледі:

1) қабырға қаттылығының діріліне қарсы;

2) жинақ қабырғаларының бекітуші, қабырға қаттылығы;

3) көлденең жинақ жүйелерімен кемелердегі көлденең қалқалардың бос бағаналары, пиктік және машиналық бөлімшенің аралығын қоспағанда;

4) бойлық жинақ жүйесімен кемелердегі бойлық аралықтардың бос бағаналары.

Шетімен бекітілмеген тіліктің «ус» -да қабырғаның аяқталуына рұқсат етілмейді, оның ішінде бос жинақ білеуі өтуіне арналған тілікте.

143. Рамалық жинақтың бойлық белдемдерін көлденең қалқаларда немесе көлденең рамалық жинақта аяқтау қажет.



Қарама -қарсы жағынан аралығы рамалық жинақтың көлденең белдеміне дейін жеткізілген және оған теңестірілген аяқталатын белдем биіктігінен 1,5 кем емес қайтып келетін кница орнатылуы қажет.

Кница биіктігі аяқталатын рамалық белдемнің биіктігіне осы биіктіктің аяғында ә дейін кемуі биіктігіне теңесу қажет. Кницаның сөресінің қалыңдығы және өлшемі осындай аяқталатын белдемдік сияқты болып қабылдану қажет. Сөрені «ус» аяқтау қажет (осы Қағиданың 27-қосымшасының а) және б)).



Егер рамалық жинақтың аяқталу белдемі бос жинақтың бойлық белдеміне өтсе, кницаны көлденең белдемге дейін жеткізу талап етілмейді (осы Қағидаға 27-қосымша).

144. Түптің бойлық жинақ жүйесі кезінде, палубалар немес платформалар бос шпангоуттар жақын маңдағы бойлық белдемге жеткізілген книц ұштарына бекітілу қажет.



Борттың жинақ жүйелерін құрамдастырған кезде бас шпангоуттарды книц көмегі арқылы борттық стрингерде немесе платформада аяқтайды.

Құрамдастырылған және бойлық борттың жинақ жүйелері кезінде рамалық аралық шпангоуттар учаскесінде қаңқа және әрбір тәжірибелік шпангоут жазықтығында борттың палубамен жалғасқан бөлігі бойынша, жақын маңайдағы бойлық белдемге жететін книц орнатылады.

145. Жобалау үдерісі кезінде, беріктілік есебінде ескерілмейтін, мысалы тіреуіш барабан ауданындағы палубалар, жүзбелі крандардың борттары және түптері, итергіш және итеруші кемелердің ұштары, кеме-алаң палубалары, екінші түп және құрғақ жүк тасуға арналған ішкі борттар және с.с. пайдалану шарттарында жергілікті шоғырлануға және соққылық жүктемеге ұшырайтын, корпус конструкциялары үшін беріктілік және қаттылықты ұлғайтатын конструктивті іс-шаралар қарастыру керек.



 

 

§ 2. Жинақ белдемін конструкциялау



 

146. Қабырғалары бір жазықтықта орналасқан (бимстер шпангоуттармен, шпангоуттар флорлармен және с.с.) жинақ белдемдерін, жинақ белдемдері жалғанатын қабырға жазықтығында орнатылған книц көмегімен жалғастырады, сонымен бірге белдемдер бір-бірімен дәнекерленуі тиіс.

Көлденең бос жинақ белдемдерін шаншып орнатылатын кницке жалғауға рұқсат етіледі.

Рамалық белдемдердің белдемдерін жалғау кезінде кництер жинақты көлденең бойғы биіктігінен кем емес жабып тұру қажет, бос жинақ белдемдерін жалғау кезінде - екі есе көлденең биіктігінен кеме емес (шаншып орнатылатын книц үшін жабу белдем сөресінен бастап өлшенеді).

Рамалық белдемді және бос жиынды жалғаушы книц қалыңдығы белдемдерді жалғаушы қабырға қалыңдығынан кем болмауы қажет.

Бос жинақ белдемдерін жалғастырушы книц қалыңдықтарын азайтуға рұқсат етіледі: фланцссіз кницті - белдем қабырғасының қалыңдығы 7-ден 9 мм-ге дейін болғанда 1 мм және қалыңдық 10 мм және одан жоғары болғанда 2 мм. Фланцы бар книц және дәнекерленген жолақ үшін - қабырға қалыңдығының интервалы 6-дан 8 мм-ге дейін болғанда 1 мм және 9 мм және жоғары болса 2 мм.

147. Рамалық жинақ белдемінің жалғасу бөліктерінде орналасқан кництер, «ус» аяқталатын еркін жиек бойынша жолақ немесе фланеці болу керек.



Басқа жағдайларда, егер кництің дәнекерленген бір жағының немесе бракеттің ұзындығы олардың 35 қалыңдығынан асса бос жиектерді бекіту талап етіледі.

Дәнекерленген жолақтың қалыңдығы кництің қабырға қалыңдығынан кем болмауы, ені - жолақтың 8 қалыңдығынан кем болмауы, бірақ дәнекер сызығының бір жағы бойынша 40 мм кем болмауы;

фланц жуандығы книц жуандығынан 8 кем болмауы,бірақ 40 мм кем болмауы;

кница қабырғасынан өлшенген, белдіктің максималды ені, оның 10 қалыңдығынан аспауы;

рамалық жинақ белдемінің жалғасу бөлігінде кница сөресінің қима ауданы, белдем жалғасуындағы кіші сөре ауданынан 0,8-ден кем емес құрауы қажет.

148. Рамалық жинақ белдемдерінің қалқалармен қиылысу орындарында осы белдемдерді ұзындығы олардың биіктігінен кем болмайтындай жабылатын, қалқаның екі жағынан кницпен бекіту керек.



Белдемнің қабырғалары және белдіктері қалқа қаптамасына дәнекерлену қажет.

Машиналық бөлімнің қалқаларында және ұшында, сондай-ақ таңбасы ауысатын жүктемелердің әсер етуін сынайтын қалқаларда сөрені «ус» аяқтау керек.

149. Бос жинақ су өтетін рамалық байланыстар немесе су өткізетін аралықтар арқылы өткізу қажет.

Бос жинақ белдемінің қабырғасын су өткізетін рамалық байланыс қабырғасына немесе су өткізуші қалқаларға дәнекерленеді, немесе байланыстар книц, жұқа тақтайша (осы Қағиданың 28-қосымшасы), қабырға қаттылығы көмегімен немесе көрсетілген тәсілдерді қиыстыру жолымен жалғанады.

Кница қалыңдығы осы Қағиданың 146-тармағына сәйкес қабылданады, жұқа тақтайша қалыңдығы және қабырға қаттылығы рамалық жинақ белдемінің қабырға немесе қалқалар қалыңдығынан кем болмайды.



Кница катеті бос жинақ белдем биіктігінің 1,5, қабырға биіктігі - осы белдемнің 0,6 кем болмайды.

Сонымен қатар осы Қағиданың 157-келтірілген қабырға қаттылығының талаптары орындалу қажет.



Кництың немесе қабырға қаттылығының қыры симметриялық емес дуал жазықтығынан ығысуы, 1 мм ұлғайтылған катеттің дәнекер тігісінен аспауы қажет.

Бос жинақ белдемнің ілгіш конструктивті жинағы кезінде, бұрыштан орындалған рамалық жинақтың белдемімен дәнекерлеу жолымен сөрені екі тігіспен жалғауға рұқсат етіледі. Бос жинақ ретінде бульба тәрізді қырын қолдану кезінде жалғаулар книц көмегі арқылы орындалу қажет.

150. Иілгіш жинақ кезінде (қос қабатты) рамалық жинақ белдемі ретінде дайын жұқартатын немесе дәнекерленетін қос таврлар және швеллерлер, сондай-ақ бірдей енді сөрелерімен майысқан швеллерлер қолданылады.

151. Рамалық жинақ белдемі және қаптама аралығында қондыруларды орнату ұсынылмайды.

Қондыруларды орнату рамалық жинақ белдемінің қалқалармен және тілінбеген кильсондармен қиылысу жерлерінде, сондай-ақ иілгіш жинақтың әдеттегідейге («кесілген») өту жерлерінде рұқсат етіледі. Сонымен бірге қондырудың бос шетін. Осы Қағиданың 29-қосымшасында көрсетілген кескінді тіліктермен орындау ұсынылады.

152. Су өткізбейтін рамалық байланыстарды немесе су өткізбейтін қалқаларды кесіп өтетін бос жинақтың бойлық белдемдерін жалғау рамалық байланыстың немесе белдемдерді жалғайтын дуал жазықтығындағы қалқаның екі жағынан орнатылған книц немесе бракет көмегі арқылы орындалады.

Книц қалыңдығы осы Қағиданың 146-тармағы талабына сай болуы қажет.

Кницті бойлық белдеммен жалғастырушы дәнекер тігісінің ұзындығы, белдем биіктігінің 2,5 кем болмауы, ал бос жиек бойынша книц жақтарының қалыңдығы және ұзындығына қарамастан книц иіледі (осы Қағиданың 30-қосымшасы).

153. Көлденең байланыстарда голубницаны (тармақ) құрау үшін түптің бойлық қабырға қаттылығын және палубалы байланыс табақшаларына дейін жеткізбеуге рұқсат етіледі.



Қабырға шеттері және байланыс табақшалары аралығының арақышықтығы түп қаптамасының 10 қалыңдығынан аспауы, бірақ 100 мм артық болмау қажет (кіші мәнді қабылдау).

Бойлық қабырға қаттылығын жалғауды осы Қағиданың 152-тармаққа сәйкес орындалады.

154. Қалқаларда немесе рамалық байланыстарда кесіп өтетін бос жинақ белдемнің ұштарын бекіту кезінде нығайтылмаған табақшаларға книц көмегі арқылы дәнекерлеуге рұқсат етілмейді.

Книц жазықтығында қабырға қаттылығы табылуы қажет немесе кництің бір ұшы бойынша жақын маңайдағы жинақ белдеміне жететін жолақтан және жұқартатын қырынан (осы Қағиданың 31, 32, 33-қосымшалары) қабырға қаттылығы орнату қажет. Қабырға ұштарын «ус» аяқтауға рұқсат етіледі.

155. Рамалық жинақтың көлденең белдемінде бос жинақ белдемдерінің ұшын бекітуші кництер, соңғы сөреге дейін жеткізілу қажет. Сонымен бірге 10-20 мм технологиялық саңылау рұқсат етіледі (осы Қағиданың 34-қосымшасы).

Рамалық белдем жинағының сөресіне дәнекерлеген книц немесе бракет жақтары сөренің бос жиегіне дейін 10-20 мм жетпеуі;

рамалық жинақ сөресінің сыртқы қаптамасына жақындаған кезде сөре ұшы мен қаптаманың аралығында 10-200 мм саңылаумен «ус»-та аяқталуы қажет.

156. Өзара перпендикуляр үш конструкцияның қиылысу торабында, (мысалы, платформалар, бойлықжәне көлденең араолықтар) қиылысу нүктесінде пайда болатын күштерді тарату үшін книц немесе қабырға қаттылығы орнатылуы қажет (осы Қағидаға 35-қосымшасы).

157. Биіктіктің h, см, қалыңдыққа t, см қатынасы кезінде

80, мұндағы Rен - белдемнің материал ағымдылығының шегі, МПа, рамалық жинақтың дуалдарын мынадай шарттарды сақтаумен қабырға қаттылығына, рамалық жинақтың параллелді белдеуіне бекіту қажет:



1) рамалық жинақтың қалыпты белдігімен бекітілген нығайтушы қабырға аралығының қажетті арақашықтығы S, см, мынадан төмен емес:



2) белдікпен жалғасқан рамалық жинақтың қалыпты белдігімен қабырға қаттылығының көлденең қима ауданының инерция сәті см4, мынадан кем емес

 

і = 0,l S t3 eKS/h,              (147)

 

мұндағы К — осы Қағиданың 36-қосымшасымен анықталған коэффициент;



3) белдікпен жалғасқан рамалық жинақтың параллелді белдігімен, қабырға қаттылығының көлденең қима ауданының қажетті инерция сәті см4, мынадан кем емес

 

і = 5,1•10-7RеН (f + at)l2,          (148)

 

мұндағы ReH - қабырға материалының ағымдылық шегі, МПа;

f— қабырғаның көлденең қима ауданы (белдікпен жалғаспаған), см2;

а — нығайтушы қабырғалар аралығының арақашықтығы, см;

l — дуалдың нығайтушы ауданының ұзындығы,см.

Қабырғаны жолақтан орындауға рұқсат етіледі, егер олардың биіктігінің қалыңдыққа қатынасы 10 аспаса; сонымен бірге қабырға 50 мм кем болмаса, ал қалыңдық -нығайтылатын дуал қалыңдығынан 0,8 кем болмаса.

Үлкен локалды жүктеме әрекетіне ұшырайтын рамалық жинақтың дуалдарына арналған қажетті қатынас h/t (барлық кемелердің борт жинақтары, грейфермен тиеу және түсіру қарастырылатын кеме - алаңдардың палуба жинақтары) .аспайтыны рұқсат етіледі.

158. Рамалық жинақ дуалының қалыңдығы қаптамаға жанасатын қалыңдыққа байланысты, рамалық жинақтың дуал қалыңдығы осы Қағиданың 37-қосымшасында көрсетілген мәндер мәнінен кем болмауы қажет.



12 мм және көбірек жуандық қаптамасында қаптама жуандығымен салыстыру бойынша қабырға жуандығы 4 мм дейін азаюы мүмкін.

Ашық кемелердің палубалық стрингеріне немесе комингсіне іргелес рамалық жинақтың дуалы үшін, едәуір кішірейту рұқсат етілуі мүмкін, бірақ көрсетілген конструкцияға іргелес қалыңдықпен салыстырғанда екі еседен көп емес.

Ашық кемелердің жуандатылған палубалық стрингерінің және комингсінің табақшасының жартылай қалыңдығына дейін, осы байланысқа іргелес рамалық жинақтың дуал қалыңдығы төмендетілуі мүмкін.

Ұзындығы 50 м және одан жоғары жүк тасуға арналған кемелердің рамалық жинақ дуалының қалыңдығын осы Қағиданың 38-қосымшасында көрсетілген мәннен кем болмайтыны рұқсат етіледі.

159. Белдемнің дәнекерленген сөресінің қалыңдығы оның дуалының екі есе қалыңдығыған аспауы;

симметриялық сөренің ені оның 24 қалыңдығынан, ал, дуалдың бір жағына дәнекерленген сөре қалыңдығы - 12 қалыңдығынан аспауы қажет.

Майыстырылған фланцтің ені оның қалыңдығының 8-12 қалыңдығы шегінде қабылдау керек.

Г - тәрізді қырдың фланц еніне оның қалыңдығының қатынасы 30 жоғары болмауы;

қосымша шағын фланцтың ені (кішкентай тарақ) 30 мм жоғары болмауы қажет.

160. Майысқан фланці бар симметриясыз белдемнің көлденең қимасының қарсыласуын және инерция сәтін есептеу кезінде фланц ауданын ғф формуласымен анықталатын ц коэффициентке көбейтіледі





мұндағы l - белдем аралығы, см;

з - ұштардың нығаю түріне қатысты және мыналарға тең деп қабылданатын коэффициент:

1,5 - ұштары қатты бітелген кезде;

1,25 - бірінде қатты бітелген және басқасында ұшына еркін тірелген;

1 - ұштары еркін тірелген кезде;

h - дуал биіктігі, см;

ƒст - дуалдың көлденең қима ауданы, см2;

ƒф - фланцтың көлденең қима аданы, см2;

t - фланц қалыңдығы, см;

b - фланц ені, см.

 

 

§ 3. Корпус конструкцияларындағы ойықтар



 

161. Бойлық байланыстардағы тік бұрышты ойықтардың ұштарында радиусы ойық енінен 0,1 кем емес болатын домалақтау болуы қажет.

Үздіксіз бойлық комингстармен шектелген, басты палубалардағы жүкке арналған трюмдардағы ойықтардың дөңгелектеу радиусы 0,5 кішірейтілуі рұқсат етіледі.

162. Кеме корпусының бойлық байланысындағы ойықтарды кеменің үлкен жақ бойына орналастыру ұсынылады.

163. Ойықтардағы байланыстарды арнайы белгіленген байланыста тоқтатып және оған дәнекерлеу қажет (осы Қағиданың 39-қосымшасы).

Егер ойықтар бірнеше болса, оларды мүмкіндігінше бірнеше ойықтарды бір көлденең қималарда біріктірмей, кеме бойындағы бір сызыққа орналастыру керек.

164. Белдем дуалында тіреу немесе кницке тікелей жақын ойық жасауға рұқсат етлімейді.



Ойықтар книц ұшынан белдемнің биіктігі 50% кем емес қашықтықта рұқсат етіледі.

165. Бос жинақ белдемдер өтуге арналған, рамалық жинақ белдемнің дуалындағы ойық биіктігі рамалық жинақ биіктігінен 0,5 асуы рұқсат етілмейді.



Егер дәнекерленіп жалғасқан белдем дуалдары, ал ойықтан босату планканы орнатумен орны толтырылса, ойық биіктігі 0,6 рамалық жинақ биіктігіне дейін ұлғайтылуы рұқсат етіледі.

Қос борт ауданында ойық биіктігі 0,6 рамалық жартылай бимс биіктігіне тең деп қабылдануы мүмкін.

Бос жинақ белдем өтуге арналған, тұтас флорлар және екі түпті кильсондар дуалында, сондай-ақ тұтас рамалық шпонгоут «диафрагм» және қос бортты платформадағы ойықтардың қосынды биіктігі айтылған байланыстардың 0,4 биіктігінен (ені) асуы рұқсат етілмейді.

Жеңілдететін тіліктердің және лаздарға арналған тіліктердің биіктігі 50%, ал ені 75% -дан асуы рұқсат етілмейді.

Рамалық байланыстағы барлық тіліктердің жиегінен бос жинақ белдемі өиуге арналған тілік жиегеніе дейін осы белдем биіктігінен кем болмауы қажет.

166. Жинақтағы голубницке арналған тіліктің биіктігі белдем биіктігінен 20% аспауы керек, ал ұзындығы қаптама немесе төсеніштің 15 қалыңдығынан жоғары болмауы қажет.

167. Тілікпен жеңілдетілген рамалық жинақтың дуалдары қабырға қаттылығына, параллелді белдем белдігіне нығайтылуы қажет, белдікпен жалғасқан көлденең қима ауданының инерция сәті осы Қағиданың 148 формулсымен анықталғаннан кем емес.

168. Белдем үшін тілікпен осы Қағиданың 167-тармағында қарастырылған нығайту орындалмауы мүмкін, егер тіліктің нысаны дөңгелек болса, олардың диаметрі рамалық жинақ белдем биіктігінен 20 % аспаса және олар бірінен кейін бірі немесе басқа тіліктердің 2 белдем биіктігінен кем емес қашықтықта орналасса.

169. Ішкі бортқа, көлденең және бойлық қалқаларға іргелес рамалық жинақ дуалдарының аудандарын иілген қабырға қаттылығына нығайту ұсынылады (осы Қағиданың 40-қосымшасы), тілік нығайтылушы дуалдың ортасында орналастыру қажет.

Иілген қабырға қаттылығы көлденең қима ауданы (белдікке жалғаспаған) ƒсм2 және инерция сәті і,см4, болуы керек, белдікпен жалғасқан қабырғаның көлденең қима ауданы мынадан кем болмауы қажет.



мұндағы V, FH — белдем қимасының едәуір жеңілдетілгеніне сәйкес кесіп өту күші кН, және дуалдың көлденең қима ауданы, см2;

τ0 - осы Қағиданың 114-формуласына сәйкес кернеуге қатысты дуалдың материал ағымдылығының шегі МПа;



RеН - қабырға материалының ағымдылық шегі, МПа;

h, t — дуалдың сәйкесінше биіктігі және қалыңдығы, см;

α — дуалдың нейтралды оське қабырға қаттылығының иілу бұрышы, бұрыш.

170. Иілген қабырғаларды қондыру кезінде осы Қағиданың 92-тармағына сәйкес дуал беріктілігі тексерілмейді.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет