Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі №214 Бұйрығы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»



бет1/15
Дата24.02.2016
өлшемі2.47 Mb.
#13353
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 11.07.2012 17:33:48
Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 214 Бұйрығы

 

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 3-тармағының 49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.



3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

Е. Дүйсенбаев

 

Қазақстан Республикасы



Көлік және коммуникация

министрінің міндетін

атқарушысының

2011 жылғы 21 сәуірдегі

214 бұйрығымен



бекітілген

 

 

Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы

қағида

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағида (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және Кеме қатынасының тіркелімімен техникалық бақылауға жататын кемелердің су үсті бортының мақсатын, куәландыру және бортқа жүк маркаларын салу тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағиданың талаптары Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық бақылауына жататын мынадай жабық (палубалық) кемелерге қолданылады:

1) халықаралық рейстерде жүзетін, мыналарды қоспағандағы кемелерге:

ұзындығы 24 метрден кем жаңа кемелер:

жалпы сыйымдылығы кемінде 150 тонна қолданыстағы кемелер;

тасымалдаумен айналыспайтын серуенге арналған яхталар;

балық аулайтын кемелер;

2) тасымалдаумен айналыспайтын серуендік кемелерді және балық аулайтын кемелерді қоспағанда, халықаралық рейсті орындамайтын ұзындығы 24 метр және одан жоғары кемелер;

3) жаңа жүзбелі бұрғылау қондырғыларының барлық типтері (бұдан әрі - ЖБҚ);

4) тасымалдаумен айналыспайтын серуенге арналған яхталарды қоспағанда ұзындығы 24 метрден кем кемелерге.

3. Осы Қағиданың 48-289-тармақтарында қамтылған талаптар жаңа кемелерге қолданылады.



Осы Қағиданың барлық талаптарын қанағаттандырмайтын қоданыстағы кемелер кемінде осы Қағида күшіне енгенге дейін осы кемелерге қолданылған жасаудың нормативтік құжаттарына сәйкес келуі тиіс. Мұндай кемелер үшін олардың су үсті бортын ұлғайту талап етілмейді. Алайда, бұрын белгіленгенмен салыстырғанда, су үсті бортының кез келген кішірейтілуін алу үшін, қолданыстағы кемелер осы Қағиданың барлық талаптарына жауап беруі тиіс.

4. Осы Қағидада мынадай анықтамалар қабылданған:



1) аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кеме - жүктерді теңіз және ішкі су жолдарымен үздіксіз тасымалдауға арналған өздігінен жүзетін кеме;

2) бак - кеме алдыңғы жағынан немесе ең аз дегенде, бас жағындағы перпендикулярдан орта беткейіне созылған, бірақ орта беткейдегі перпендикулярға жетпейтін қондырма;

3) биік квартердек - орта беткейлі перпендикулярдан кеменің алдыңғы жағына қарай бағыттаған, әдетте алдыңғы жағындағы беткейден созылып орналасқан әдеттегі қондырмадан кіші қондырманың (нық жабылған ашылмайтын борттық иллюминаторлар және бұрандамен жабылатын жапқышы бар тұтқалымдар). Егер алдыңғы жақтың арқалығы есіктер немесе басқа да қуыстар бар болғандықтан тұтас болмаса, мұндай қондырма ют болып есептеледі;

4) борттың теориялық биіктігі - көлденең кильдің жоғарғы жиегінен су үсті бортының палуба бимсінің жоғарғы беткейіне дейінгі тікелей өлшенетін қашықтық. Ағаштан жасалған және композитті кемелерде бұл қашықтық килдегі шпунттың төменгі жиегінен алынып өлшенеді. Егер кеменің ортасындағы түбі ойыс формаға ие болса немесе жуан шпунтты белдешелері болса борттың биіктігі кильдің бір жағындағы түбінің жалғасқан тегіс беткейдегі қиылысу нүктесінен алынып өлшенеді.

Палубаның бортпен дөңгешектенген қосылулары бар кемелерде борттың теориялық биіктігі палубаның теориялық сызбаларының жалғасқан қиылысу нүктелерінен бұл өлшеу егер конструкция бұрыштық конструкция болып табылса алынып өлшенуі тиіс.

Егер төменгі палубаның кеменің барлық ендігі бойынша тегіссіздікті қамтамасыз ететін 1 м-ден артық ұзындықтағы ашық жиегі және оның жалғасы болса, су үсті палубасы қабылданады. Егер су үсті бортының палубасына су үсті бортының тағайындалуы мен есептелуінің орындалуы кезінде су үсті борты палубасынан жоғары орналасқан корпусты палубадағы төменгі палуба қабылданса, ол қондырма ретінде қаралады. 1 м немесе одан кем болатын ұзындық орны реццес ретінде осы Қағиданың 19-тарауының § 6 сәйкес қаралуы тиіс;

5) D бортының есептік биіктігі - мидельде борттың теориялық биіктігі соған қоса берілген борттағы палуба жапырақшасының жуандығы;

Кеме енінен алғанда 4 % асатын радиустегі палубаның бортпен дөңгелекшеленіп қосылған немесе басқа да қосылулары бар кемедегі борттың есептік биіктігі немесе ерекше қосылулар, кеменің ортаңғы ұзындығында бимстің осындай иілуімен тік бортқа жоғары қарай қимасы болатын және осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес шынайы қима ауданына тең қиманың жоғарғы бөлігінің ауданы кеменің есептік борт биіктігі болып табылады;



6) жабық (палубалық) кеме - барлық ұзындығы бойынша палубасы бар, теңіз әрекеті кезінде суды өткізбейтін құралмен жабдықталған ашық бөліктердегі саңылаулары бар кеме;

7) жабық қондырма - ұшындағы аралықтарында беріктілігі жеткілікті қондырма; осы аралықтардағы қол жеткізу саңылауы, егер олар бар болса, осы Қағиданың 72-155-тармақтарына сәйкес есіктермен жабдықталған; борттардағы немесе қондырманың соңғы құрамдардағы барлық саңылаулар нақты және сенімді түрде жабылатын есіктермен, құралдармен жабдықталуы тиіс;



8) жаңа кеме - бұл:

осы Қағиданың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілгендер қатарынан алғанда, киль орналастырылған немесе жүк маркасы туралы 1966 жылғы Халықаралық конвенцияның күшіне енген күніне дейін, яғни 1968 жылдың 21 шілдесіне дейін салудың осыған іспеттес түрінде болған киль;



осы Қағиданың 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілгендер қатарынан алғанда, 1975 жылдың 1 шілдесінде немесе осы күннен кейін орналастырылған немесе осыған іспеттес түрінде болған киль;

9) жәшік - В кеме енінен 4 % аспайтын қашықтықта кеменің кез келген бортына жетпейтін су үсті бортының немесе қондырма бортының палубасында палубамен жабылған қондырма, оның сондай-ақ есіктері, терезесі және басқа да саңылаулары жоқ;

10) желкенді кеме - қозғалыстың механикалық құралдарының бар болуына қарамастан, жүру үшін желкеннің жеткілікті алаңына ие болатын кеме;

11) жыл сайынғы уақыт - тиісті куәліктің өту мерзіміне сәйкес келетін әр жылдың күні мен айы;

12) L кемесінің ұзындығы - борттың ең аз дегендегі теориялық биіктіктен 85% тең болатын биіктігі бойынша өтетін ватерсызығы бойынша 96% толық ұзындық немесе форштевннің алдыңғы беткейіндегі ұзындықтан сол ватерсызықтың, егер осы ұзындық биік болса, руль баллерінің кіндігіне дейінгі жететін ұзындық;

Егер форштевеннің осы ватерсызығынан жоғары болып келетін вогнуттық нысаны бар болса, кеме ұзындығы ватерсызықта жататын және шеткі артқы жақ форштевннің проекциясы (ватерсызықтан жоғары учаскеде) болып табылатын нүктеден осы ватерсызықта осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес өлшенеді.

Мықты орнатылған секциялардан жасалған кеме ұзындығы құрамның толық ұзындығынан алынып белгіленеді. Механикалық орнатылымы бар секция егер ол құраммен нық қосылса, толық ұзындығына дейін енгізілуі тиіс; керісінше жағдайда ол жеке кеме ретінде қаралуы тиіс.

Киль бағыттауымен жобаланған кемелерде борттың ең аз теориялық биіктігі кильдің сызығымен қарама қарсы өткізілген тікелей сызық және су үсті борты палубасының икемді ойпаттық сызығы орнына тікелей алынып өлшенеді. Кеменің ұзындығы өлшенетін ватерсызық конструктивті ватерсызыққа қарама-қайшы болуы тиіс;

13) В кемесінің ені - кеме ұзындығының ортасынан алынып темірмен қапталған кемедегі шпангоут жиегінің ішкі жағына дейінгі және басқа материалдан қапталған кемедегі корпустың ішкі жиегінен алынып өлшенетін ауқымды ен;

14) кеме миделі - L ұзындығы орта бойынан алынған көлденең қимасы;

15) қолданыстағы кеме - жаңа болып табылмайтын кеме;

16) қондырма биіктігі - борттан тікелей алғанда палуба бимсінің жоғарғы жиегінен су үсті бортының палуба бимсінің жоғарғы жиегіне дейін орналасқан ең аз қашықтық;

17) қондырма - бір борттан екінші бортқа дейін созылып жатқан немесе кеменің кез келген бортынан алғанда В кемесінің кеңдігінен 4% аспайтын қашықтыққа жетпейтін палубамен жабылған құрылыс;

Жоғарылатылған квартердек қондырма ретінде қаралады.

Егер экипажға машиналық бөлімшеде және осы қондырманың ашық палубаның ең жоғарғы бөлігінен немесе ауыстырылмадағы саңылаулар жабық кездегі уақытта кез келген жерінен басқа да бөліктерге қол жеткізгіштік қамтамасыз етілмесе, орта қондырма немесе ют жабық ретінде қаралуы тиіс емес;

18) қондырма палубасы - қондырманың жоғарғы шекарасын құрастыратын палуба;

19) S қондырмасының ұзындығы - L кемесінің ұзындығы шегінде орналасқан қондырманың орташа ұзындығы;

20) құдық - су жиналатын ашық палубадағы кез келген аудан;

21) мынадай формула бойынша анықталатын Сb жалпы толықтық коэффициенті:

 

,                                (1)



 

формуласы бойынша анықталатын коэффицент,

мұндағы — кемедегі қапталмаған және артық бөліктері көрінбейтін темір қапсырмамен қапталған көлемді су жинағыш немесе d1, м3 теориялық шөгін кезінде қабылданатын басқа материалдан қапталған кемеде сыртқа шығып көрінетін бөліктерсіз тегістелген корпустың ішкі беткейі бойынша көлемді су жинағыш;

d1 — борттың ең аз теориялық биіктігінің 85%, м.

Ескертпе. L анықтау шарттылығы жалпы толықтығы 1 артық болатын коэффицент мағынасына келтіріле алады, мысалы, понтанды кемелер үшін келтіріледі. Мұндай жағдайларда Сb=1 қолданылады.

Көп корпусты кемелер үшін Сb есептеп шығару үшін бір корпустың емес, барлық кеменің кеңдігін ескеру қажет.

22) найттар - бір немесе бірнеше заттарды троспен берік байлануы;

23) накерлеу - металлға зубилмен балғаны жеңіл ұрумен жүргізіледі;

24) орнықтылық - кеменің өзінің салмағын тең ұстап тұру қабілеттілігі және кеменің жағдайын өзертуді тудырған сыртқы күштің іс-қимылы аяқталғаннан кейін өз жағдайына қайта келуі;

Орнықтылық корпус нысанынан және оған жүкті орналастыруға байланысты. Бір жүкті орналастырғанда орнықты болатын кеме, егер жүктің бір бөлігін жоғары орналастырса ішінара немесе толықтай осы қасиетті жоғалтады;

25) орташа қондырма - басты және орта перпендикуляр шегіне орналасқан, бірақ олардың біріне де жетпейтін қондырма;

26) палубалық орман жүгі - су үсті бортының немесе қодырманың ашық бөлігіне тасымалданатын орман жүгі. Бұл термин ағаштан жасалған жүктерге және оған іспеттес жүктерге қолданылады;

27) перпендикулярлар - L ұзындығының алдыңғы жағындағы және артқы жағындағы нүктелерінде қабылданатын басты және орта перпендикулярлар. Басты перпендикуляр форштевннің алдыңғы жағына сәйкес келуі тиіс;

28) рубка - кеме ендігінің 4% аспайтын қашықтықта кеменің кез келген бортына жетпейтін су үсті бортының немесе қондырма бортының палубасында палубамен жабылған құрылыс, оның сондай-ақ есіктері, терезесі және басқа да саңылаулары бар;

29) рецесс - жергілікті кертпеш немесе аралықтағы майысу;

30) спринкерлі жүйе - температурасы нөлден төмен түспейтін объектілерді қорғауға арналған, автоматты сулы өртті сөндіру жүйесінің су толтырылған жүйесі.

31) су өткізбейтіндік - судың көтерілуінің ең үлкен биіктігіне қысымның ауқымды түрде қарсы тұруымен кез келген бағытта судың конструкция арқылы келіп түсуін болдырмайтын қабілеттікті білдіретін термин;

32) су үсті борты - кеменің орта беткейінен алынып палубалық сызықтың жоғары жиегіне тиісті жүк маркасының жоғарғы жиегіне дейін тікелей өлшенген қашықтық;

33) су үсті бортының палубасы - су үсті борты есептелетін палуба. Әдетте осы теңіздің және табиғаттың әрекеттерінен қорғалмаған палуба оның ашық бөліктерінде барлық саңылаулардың жабылуына арналған құралдары бар және кеменің төменгі жағындағы барлық саңылаулары су өткізбейтін құралдармен жабдықталған палуба.

1 метрден артық ұзындықтағы кеменің барлық кеңдігі бойына созылатын су үсті борты бар кемеде ашық палубасының ең төменгі жағы және оның жалғасы осы Қағиданың 2-қосымшасында көрсетілгенге іспеттес су үсті бортының палубасы ретінде қабылданады.



Кеме иесінің ниеті және тіркеушінің мақұлдауы бойынша, егер ол тегіс және тұрақты палуба, бойлық қашықтыққа үздіксіз, машиналық бөлімше және пиктік аралықтарда үздіксіз, сондай-ақ көлденең бағытта да үздіксіз болған жағдайда, су үсті бортының палубасына төменге қарай бағытталып орналасқан палуба қабылдануы мүмкін.

Су үсті бортының мұндай палубасы жүк үй-жайлары ішінде ең аз бойлық бағытта кеме борттары бойынша және палубаның жоғары беткейіне дейін көтерілген көлденең орналасқан су өткізбейтін тиісінше бекітілген стрингерлерден құрастырылуы тиіс.

Бұл стрингерлердің ені конструкция және пайдалану жағынан қажет болып табылатындардан кем болмауы тиіс.

Егер төменгі палубаның кеменің барлық ені бойынша тегіссіздікті қамтамасыз ететін 1 м-ден артық ұзындықтағы ашық беткейі және оның жалғасы болса, су үсті палубасы қабылданады. Егер су үсті бортының палубасына су үсті бортының тағайындалуы мен есептелуінің орындалуы кезінде су үсті борты палубасынан жоғары орналасқан корпусты палубадағы төменгі палуба қабылданса, ол құрылыс ретінде қаралады.

Лихтертасушы және док типтес осыған ұқсас кемелерде су үсті бортының палубасы ретінде:

ең жоғарғы үзіліссіз палуба - егер оның барлық саңылаулары осы Қағиданың талаптарын қанағаттандыратын теңіз суының енуінен қорғалған болса, ал артқы жақтағы жүк порты су өткізбейтін болса;

жүк палубасы - егер жүк кеңістігінің тиісті жабылулары болмаса, сонымен қатар жүк палубасынан жоғарғы су өткізбейтін конструкциясы осы Қағиданың 188-тармағы талаптарын ескере отырып қаралады;



жүк трюмінің су өткізбейтіндігін қамтамасыз етпейтін үздіксіз палуба жүк трюмінің бойлық және көлденең ауыстырылымдары бар бөлікте палуба түгелдей және үздіксіз, бойлық және көлденең болып табылады;

су үсті бортының ұлғаюы осы Қағиданың 214-216-тармақтарының ережесіне сәйкес рецесске түзетулер енгізумен белгіленген;



кеменің қауіпсіздігінің жеткілікті деңгейі атмосфералық залал және шашырау нәтижесінде жүк кеңістігіне су ену мүмкіндігін ескерумен модельді сынаулармен және есептеулермен нақтыланған, сонымен қатар кептірудің тиісті құралдары көзделген;

34) тегіс палубалы кеме - су үсті борты палубасында қондырмасы жоқ кеме;

35) тегіс қондырма - басынан ортасына, ұшына дейін перпендикуялр созылып жатқан қондырма;

36) теңіз ықпалы кезінде су өткізбеушілік - кеменің су үсті бөлігі қондырмасына қатысты және кез келген теңіз жағдайларында судың кеме ішіне енбейтіндігін білдіретін термин;

37) топырақ тасығыш шаланда - тек топырақты тасымалдауға арналған кеме;

38) ұштары - алдыңғы жағы немесе артқы жағындағы перпендикуляр бойынша алғанда 0,05 L бойынша кеме ұзындығының бөлігі;

39) халықаралық рейс - жүк маркасы туралы халықаралық конвенция таралатын елден осы елден тыс орналасқан немесе керісінше орналасқан портқа шығатын теңіз рейсі;

40) ширстрек - сыртқы қаптаманың жоғарғы белдеуі;

41) ют - кеменің артқы жағына немесе ең аз артқы жағынан перпендикулярынан алдыңғы жағына дейін созылған, бірақ бастапқы перпендикулярға жетпейтін қондырма.

5. Екі аймақ немесе аудан шекарасында орналасқан порт кеме келе жатқан немесе ол бағытталған сол аймақ немесе аудан шегінде орналасқан деп есептеледі.

6. Осы Қағиданың 75-155-тармақтарында қамтылған талаптар, оған 1988 жылғы хаттамамен өзгерістер енгізіліп, толықтырылған, 2003 жылы қайта қаралған, 1966 жылғы Жүк маркасы туралы халықаралық конвенция (әрі қарай - Жүк маркасы туралы халықаралық конвенция) негізінде әзірленді және осы Қағиданың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кемелерге қолданылады. Бұл ретте осы Қағиданың 67-154-тармақтардағы талаптар ең аз су үсті борты тағайындалған әр кемеге қолданылады. Осы талаптардан бас тарту су үсті борты ең аздан кем болып тағайындалған кемелерге қауіпсіздік шаралары Кеме қатынасы тіркелімімен жеткілікті деп таныған, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе сол күннен кейін жасалған осыған іспеттес сатысында болған кемелерге рұқсат беріледі.

Су үсті бортын кеменің беріктілігі бойынша ұлғайту қажет болған жағдайда (осы Қағиданың 67-154-тармақтарында), кеме бортындағы порттардың орналасуы (осы Қағиданың 67-154-тармақтарында) немесе иллюминаторлар (осы Қағиданың 67-154-тармақтарында) бас жағындағы ең аз биіктікке жету үшін (осы Қағиданың 155-226-тармақтарында) немесе басқа да себептер бойынша люктер комингсінің (осы Қағиданың 75-тармағы), есік комингсінің (осы Қағиданың 95-тармағы) машина бөлімшесіндегі саңылау комингсінің (осы Қағиданың 71-тармағы) және басқа да саңылауларды (осы Қағиданың



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет