Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалы, 060002, Атырау қ-сы, Уәлиханов к-сі, 2-а үй, анықтама үшін телефондар 8



Дата01.07.2016
өлшемі83.96 Kb.
#169646
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалы, 060002, Атырау қ-сы, Уәлиханов к-сі, 2-а үй, анықтама үшін телефондар 8(7122) 32-85-69, 32-23-10, факс 8(7122) 32-23-04, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне техникалық қызмет көрсететін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлердің санатына жататын қызметтерге орналасуға конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Атырау филиалының бухгалтерлік есеп бөлімінің бас экономисі.

Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банктің Шоттар жоспарына сәйкес монетарлық емес қызметтің тиісті баланстық және баланстан тыс шоттарындағы операциялардың дұрыс және шынайы көрсетілуін бақылау; Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес филиалдың салықтарды, алымдарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақтылы, толық және шынайы есептелуін және төленуін қамтамасыз ету; Ұлттық Банк қолданатын бухгалтерлік есеп әдістеріне және Қазақстан Республикасының және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес филиал арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысу, кассалық және басқа да операцияларды жүзеге асыру; филиалдың мемлекеттік сатып алу жоспарларын, бюджетін (шығыстар сметасын), баланс баптарын, монетарлық емес қызмет бойынша кірістер мен шығындарды болжауды жасау; филиал қаражатының пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз ету және бюджеттің (шығыстар сметасының) және мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуына талдау жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары экономикалық, осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы бір жарым жыл жұмыс өтілінің не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқытудан өткен, немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқытуды (магистратура, бакалавриат) бітіруі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарды, осы қызметтің мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Дербес компьютерде жұмыс істей білуі. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін білуі құптарлық.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің бас экономисі (уақытша, қызметкердің болмайтын кезеңіне, 2012 жылғы 6 ақпанға дейін).

Функционалдық міндеттері: эмиссиялық-кассалық жұмысты ұйымдастыруда, құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексерулерді жүзеге асыру және практикалық көмек көрсету, қайта есептеу кассасының жұмысына, филиалдың және оның аумағының қызметтік үйінде кіру режимін сақтау бойынша бақылауды жүзеге асыру; филиалдардың, банктердің ЕКБ ғимараттары мен жабдықтарына қойылатын талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу, қоырытынды жасау; ЕДБ-мен кассалық қызмет көрсету шарттарын жасау; келіп түскен және қайта есептелген банкноталар мен монеталар бойынша есептер, банкнота үлгілерінің қалдықтары бойынша есепті жасау; ЕДБ-мен хат-хабар жүргізу; мемлекеттің меншігіне айналған шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыру; бизнес-процестерді бақылау, бөлімге тән тәуекелдерді барынша азайту мақсатында тәуекелдерді бағалау, талдау және басқару жұмыстарын жүргізу; бөлімнің қызметіне қатысты тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бюджетін (шығыс сметасын) жоспарлау; коллекциялық, мерейтойлық, ескерткіш монеталарды сату бойынша іс-шараларды өткізу, аймақтың нумизматтарымен кездесулер өткізу; бөлімде техникалық және экономикалық оқу өткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары экономикалық, осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы бір жарым жыл жұмыс өтілінің не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқытудан өткен, немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқытуды (магистратура, бакалавриат) бітіруі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарды, осы қызметтің мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Дербес компьютерде жұмыс істей білуі. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін білуі құптарлық.
Конкурс Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 23 маусымдағы № 106 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне техникалық қызмет көрсететін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді іріктеу ережесі негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) белгіленген нысан бойынша өтініш (1-қосымша);

2) белгіленген нысан бойынша сауалнама (2-қосымша);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрған жерінің мекенжайын және телефондарды, оның ішінде байланыс телефондарын көрсете отырып);

4) жеке куәліктің нотариат растаған көшірмесі;

5) білімі туралы құжаттардың нотариат растаған көшірмелері;

6) еңбек кітапшасының (бар болған кезде) не еңбек қызметін растайтын өзге құжаттарының нотариат куәландырған көшірмесі;

7) белгіленген нысан бойынша денсаулықтың жай-күйі туралы анықтама;

8) мөлшері 3 х 4 сантиметр бір сурет.
Конкурсқа қатысушылар олардың біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежесі мен атағын тағайындау туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды үміткерлер конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қолма-қол немесе почта бойынша ұсынады (2011 жылғы 31 наурызда № 39 «Атырау» газетінде (мемлекеттік тілде), 2011 жылғы 31 наурызда № 37 «Прикаспийская коммуна» газетінде (орыс тілінде) жарияланды).



Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

1) конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттар қабылдау;

2) конкурстық құжаттардың конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін бағалау мақсатында үміткерге тест жүргізу;

4) үміткерлермен әңгімелесу.

Конкурсқа қатысу бойынша шығыстардың (сынақ жүргізілетін және/немесе әңгімелесетін орынға барып қайту жолы, тұрғын үйді жалға алу, тұру, байланыс құралдарының барлық түрлерінің қызметін пайдалану және басқалары) конкурсқа қатысушылар өз есебінен төлейді.

Сынақтан өткізуге жіберілген үміткерлер жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша конкурстық құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде одан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалында өтеді. Үміткерлердің біліміне сынақ жүргізу уақыты, күні және орны туралы электронды почта және/немесе телефон байланысы құралдары арқылы хабарланады.

Бос техникалық қызметке орналасуға арналған үміткерлерді сынақтан өткізу бағдарламасы: Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған сынаққа Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» (20 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге арналған сұрақтар енгізіледі;

Осы қызметтің мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуге арналған сынақ (28.02.2007 ж. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» №234-III ҚР Заңы, 10.12.2008 ж. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) №99-IV ҚР Кодексі, 30.03.1995 ж. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» №2155 ҚР Заңы, 29.06.1998 ж. «Ақша төлемі мен аударымы туралы» №237-1 ҚР Заңы, 15.11.1999 ж. «ҚР мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы» №388 ҚРҰБ Басқармасының қаулысы, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары, 21.07.2007 ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» №303 ҚР Заңы ), (бухгалтерлік есеп бөлімінің бас экономисі үшін).

осы қызметтің мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуге арналған сынақ (30.03.1995 ж. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» №2155 ҚР Заңы, 11.01.2007 ж. «Лицензиялау туралы» №214 ҚР Заңы, 31.08.1995 ж. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» №2444 ҚР Заңы, Банкнот дизайнының тұжырымдамасы), (қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің бас экономисі үшін).

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, тестілеу өткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалында өтеді. Үміткерлердің біліміне сынақ жүргізу уақыты, күні және орны туралы электронды почта және/немесе телефон байланысы құралдары арқылы хабарланады.



Осы қызметке орналасқан тұлғалар үшін көтерме ақы төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

1-қосымша

__________________

(органның атауы)


ӨТІНІШ
Мені_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос қызмет орнын иеленуге конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.


Ұсынылған құжаттардың түпнұсқада болуына жауап беремін.


________________

қолы


________________

аты-жөні


2011 жылғы "___" ___________

2-қосымша



САУАЛНАМА

(өз қолымен толтырылады)


1. Аты-жөні _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Азаматтығы

_______________________________________________________________________________________

Егер азаматтығыңызды өзгертсеңіз, қашан екенін көрсетіңіз ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Сотталдыңыз ба, қашан және не үшін ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Шетелдегі оқу немесе жұмыс

Барған елі__________________________________________________________________________ ____

_______________________________________________________________________________________

Барған уақыты___________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________


Жұмыс немесе оқу орны __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

5. Заңды күшіне енгізілген сот үкіміне сәйкес белгілі бір қызмет орнын иелену немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін? ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


6. Белгілі бір уақыт ішінде мемлекеттік органдарда қызмет орнын иелену құқығынан айрылдыңыз ба, қашан және не үшін? ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7. Конкурс жарияланған бос қызмет орнына орналасқан жағдайда тікелей бағынысында қызмет істеуге тура келетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерлерімен жақын туыстық немесе туысқандық (ата-анаңыз, жұбайыңыз, аға-іні, апа-қарындас, ұл-қызы, сондай-ақ жұбайыңыздың аға-інісі, апа-қарындасы, ата-анасы және балалары) қатысыңыз бар ма _______________________________________________________________________________________

2011 ж. «____»_________________ ____________________



қолы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет