Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы


Мал санын көбейту, олардың ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы үлес салмағы, генетикалық әлеуетін дамыту



бет5/9
Дата22.02.2016
өлшемі0.81 Mb.
#2041
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мал санын көбейту, олардың ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы үлес салмағы, генетикалық әлеуетін дамыту

Мал саны

2009

2010

2011

мың бас

а/ш құрылымдарының үлес салмағы, %

асыл тұқымды мал басының үлес салмағы, %

мың бас

а/ш құрылымдарының үлес салмағы, %

асыл тұқымды мал басының үлес салмағы, %

мың бас

а/ш құрылымдарының үлес салмағы, %

асыл тұқымды мал басының үлес салмағы, %

Ірі қара мал

6095,2

18

5,6

6175,4

19,3

6,1

6280,0

20,5

6,8

Қой және ешкі

17369,7

30,8

12,0

17988,1

31,7

12,2

18650,0

32,8

12,9

Шошқа

1326,3

22,3

12,1

1344,0

24,7

13,0

1375,0

26,5

13,8

Жылқы

1438,7

30,4

5,5

1528,3

33,5

6,0

1625,0

36,3

6,5

Түйе

155,5

33,1

10,6

169,6

34,4

9,8

180,0

35,6

9,8

Құс

32686,5

56

10,7

32780,6

56,3

11,0

33220,0

56,7

11,3

Марал

9,6

100

99

10,2

100

98

10,5

100

99,0

Бұғы

1,3

100

100

1,5

100

74

1,7

100

88,0

Ара

58,8*

55,9

0,1

64,8*

12

3,8

66,2*

13

4,1




Мал саны

2012

2013

2014

мың бас

а/ш құрылымдарының үлес салмағы, %

асыл тұқымды мал басының үлес салмағы, %

мың бас

а/ш құрылымдарының үлес салмағы, %,

асыл тұқымды мал басының үлес салмағы, %

мың бас

а/ш құрылымдарының үлес салмағы, %

асыл тұқымды мал басының үлес салмағы, %

Ірі қара мал

6440,0

21,9

7,7

6610,0

23,5

10,0

6830,0

25,1

12,8

Қой және ешкі

19330,0

33,9

13,6

20050,0

35,0

15,3

20800,0

36,2

17,3

Шошқа

1415,0

28,3

14,9

1460,0

29,8

16,8

1500,0

31,0

19,0

Жылқы

1730,0

39,0

7,2

1830,0

41,8

8,1

1940,0

44,3

9,3

Түйе

190,0

36,8

9,8

201,0

38,3

10,0

212,0

39,6

10,0

Құс

33850,0

57,3

12,7

34540,0

57,9

14,7

35400,0

58,8

17,0

Марал

10,9

100

100

11,4

100

100

11,7

100

100

Бұғы

2,0

100

85,0

2,2

100

91,0

2,28

100

96

Ара

67,8*

14

4,3

68,8*

14,5

4,7

70,0*

14,8

5

*- мың ара ұялары

4-кесте


      Ескерту. 4-кесте жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 749 Қаулысымен.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін өсіру

Өнім түрлері

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Сойылған ет салмағы:

шаруашылықтардың барлық санаттарында, мың тонна

896,3

937,4

980,0

1025,0

1080,0

1140,0

ауыл шаруашылығы құрылымдарында, мың  тонна

184,9

218,5

253,0

293,0

340,0

394,0

ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы үлес салмағы, %

20,6

23,3

25,8

28,6

31,5

34,6

Сүт:

шаруашылықтардың барлық санаттарында, мың тонна

5303,9

5381,2

5490,0

5610,0

5750,0

5900,0

ауыл шаруашылығы құрылымдарында, мың тонна

542,5

563,4

592,0

622,0

660,0

700,0

ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы үлес салмағы, %

10,2

10,5

10,8

11,1

11,5

11,9

Жүн:

шаруашылықтардың барлық санаттарында, мың тонна

36,4

37,6

39,1

40,7

42,7

45,0

ауыл шаруашылығы құрылымдарында, мың тонна

11,3

12,1

13

14,1

15,6

17,4

ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы үлес салмағы, %

31,0

32,2

33,2

34,6

36,5

38,7

Жұмыртқа:

шаруашылықтардың барлық санаттарында, млн. дана

3306,4

3720,4

4030,0

4320,0

4580,0

4830,0

ауыл шаруашылығы құрылымдарында, млн. дана

1950,3

2372,3

2680,0

2990,0

3260,0

3500,0

ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы үлес салмағы, %

58,9

63,8

66,5

69,2

71,2

72,5

      Күтілетін нәтижелер:
      1) барлық шаруашылық санаттарында орташа 5 жылдың ішінде 3-6 % шегінде, ауыл шаруашылығы құрылымдарында 8-13 % шегінде мал және құс санының жыл сайынғы өсімі;
      2) ауыл шаруашылығы құрылымдары өндірген мал шаруашылығы өнімінің үлес салмағын еттің 20 %-дан 30 % дейін, сүттің - 10 %-дан 15 % дейін, жұмыртқаның - 59 %-дан 68 % дейін, жүннің - 31 %-дан 39 % дейін өндірісінің жалпы көлемінен арттыру;
      3) ауыл шаруашылығы малының жалпы санында асыл тұқымды мал басының үлес салмағын ұлғайту;
      4) мал шаруашылығы өнімінің экспорттық әлеуетінің өсімі және ішкі нарықта импорттық құс етінің үлесін 2 есе азайту;
      5) қайта өңдеу кәсіпорындарын отандық өндірілген мал шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ету;
      6) 2016 жылы 60 мың тонна ет экспорттау үшін жағдай жасау;
      7) республиканың асыл тұқымды мал шаруашылығы қорын нығайту;
      8) мал шаруашылығына кең көлемді селекцияны енгізу;
      9) малдың жаңа жоғары өнімді тұқымын өсіру ареалын кеңейту;
      10) ауыл шаруашылығы мал өнімділігінің дәрежесін көтеру;
      11) мал шаруашылығы өнімін экспорттық нарықтарға бөгетсіз өткізу үшін жағдайлар жасау;
      12) ветеринарлық жүйені халықаралық нормаларға, стандарттарға және талаптарға сәйкестендіру;
      13) аумақтың эпидемиологиялық және эпизоотиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;
      14) ауыл шаруашылығы жануарларының өріс аударуын есепке алу мен бақылаудың жөнге келтірілген жүйесінің жұмыс істеуі;
      15) 2014 жылға қарай 2 300 сою пункттерін, ауыл шаруашылығы жануарларын союға арналған алаңдарды, қайта өңдеу кәсіпорындарын, 5000 мал қорымдарын, 114 аудандық бір түрлі ветеринариялық зертханаларды, материалдық-техникалық жабдықталған микроорганизмдер үшін био қоймаларды салу негізінде елдің ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      16) мал шаруашылығы саласында 5 жылдың ішінде 14 000-ға дейін жұмыс орындарын құру;
      17) 1 басқа қолданылатын азық бірлігінің көлемін 32 центнерге дейін жеткізу.
      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 749 Қаулысымен.

5.3. Тауарлық балық өсіруді дамыту

      Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, балық қорын ұлғайту және оның биологиялық әралуандылығын сақтау тауарлық балық өсіруді дамытусыз мүмкін емес.


      Тауарлық балық шаруашылығы қазіргі су дақылдарына негізделген ең басты құрастырушы бөлігі болып табылады.
      Қазіргі кезде табиғи су қоймаларынан балық аулау көлемі өзінің ең жоғарғы белгісіне жетіп қалғанын ескере отырып, тауарлық балық өсіру сияқты балық шаруашылығын дамыту бағытын іске асыру қажет.
      БҰҰ азық түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметтері бойынша балық шаруашылығы басым бағыттардың бірі болып табылады. Әлемде су дақылдары өнімінің жылдық өсу қарқыны 8,7 %-ды құрайды. Осылайша, ақуыз бірлігіне қайта есептегенде бір тонна балық өнімі өндірісінің өзіндік құны ірі қарамал етінің өзіндік құнынан 2,6 есе, ал құстан 1,5 есе төмен.
      Қазіргі кезде балықты тұтыну көрсеткіші халықтың жан басына шаққанда орташа әлемдік деңгейінің жартысын құрайды.
      Соңғы кезде балық аулау көлемінің төмендеу үдерісі байқалады. Басты себептің бірі балық кәсіпшілігі жағынан ресурстарға жүктеменің артуы болып табылады. Табиғи су айдындарына балық жіберу есебінен балық ресурстарының қайта өндірісі, балық ресурстарының жағдайын тұрақты деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді, дегенмен, Қазақстанның балық өнімінің көлемін ұлғайту мәселесін шешпейді, сондықтан халықтың балық тағамдарына деген қажеттілігін импорт арқылы қамтамсыз етуге мәжбүр етеді.
      Қалыптасқан жағдайдан шығудың жалғыз жолы балық саласының басым бағыты тауарлық балық шаруашылығын дамыту болып табылады, бұл азық-түлік тауарларының ішкі нарығын 80 пайыздан астам отандық тамақ өнімімен және 2014 жылдың соңына қарай елдің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етуге әсер етеді.
      Тауарлық балық өсіру өнімнің өндірісін ұлғайту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында тауарлық балық өсіру өнімінің өндірісіне жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге және тауарлық шаруашылықтарда құнды балық түрлерін генетикалық таза желілерінің аналық табындарын күтіп-бағуға субсидия бөлу арқылы отандық су дақылдары өнімін өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету шаралары қолданылатын болады.
      Осы бағыттарды іске асыру 2014 жылы тауарлық балық өнімінің өндірісін 6 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

5-кесте


Тауарлық балық өнімін өсіру

тонна


2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

303

500

700

1000

2000

6000

5.4. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу саласын дамыту

      Ескерту. 5.4-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 749 Қаулысымен.

      Субсидиялау бойынша сыйақы ставкаларының қамтылуын ұлғайтуға және қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындары үшін шығаратын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру жолымен олардың халықаралық стандарттарға көшуі, қайта өңдеу өнімі және тамақ өнеркәсібінің индустриялық-инновациялық дамуы техникалық және технологиялық кәсіпорындарды қайта жарақтандыру есебінен қол жеткізіледі.
      Соның нәтижесінде технологиялық жабдықтарды жаңарту және қуаттылығын ұлғайту, шикізатты дайындау жүйесін жетілдіру арқылы 2014 жылға қарай еттің, сүт өнімдерінің, өсімдік майының өнеркәсіптік өндірісі 2010 жылға қарағанда 1,5-1,7 есе, қант 17 %, жеміс-көкөніс консервілері 21,4 % көбейеді.
      Бұл ретте 2014 жылға қарай еттің 27 % дейін, сүттің 40 % дейін, жеміс және көкөністің 12 % дейін қайта өңдеу үлестері көбейеді.
      Мемлекеттік қолдаудың негізгі шаралары өндірістің және сақтаудың қазіргі ресурс үнемдейтін қалдықсыз технологияларды енгізу негізінде ел үшін стратегиялық маңызы бар тамақ өнімдерінің өндірісін сақтауға және ұлғайтуға бағытталады.
      Кластерлік бастаманы және ауылдық кооперацияларды дамыту арқылы ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін қайта өңдеу өнеркәсібімен ықпалдастыру жөніндегі жұмыс жанданады, 2014 жылға қарай 455 ауылдық кооперативтердің құрылысы болжануда.
      Ауыл шаруашылығы өнімінің импортын алмастыру және ет-сүт тағамдарының, құс етінің және қанттың импорттық үлестерін қысқартуға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды сәтті іске асыру жоспарланып отыр.
      Тамақ саласын дамыту ішкі нарықта отандық өндірілген азық-түлік тауарларының үлес салмағын бүгінгі 74 %-дан 2014 жылы 80 %-ға дейін жеткізуге және республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыртқы нарықта алдыңғы қатарлы орын алу үшін отандық өнімнің ұлттық бәсекелестік басымдылығын дамытуға мүмкіндік береді.
      Арнайы бағдарламаларды іске асыру, көліктік-логистикалық жүйені қалыптастыру арқылы елдің ішінде қайта өңдеу өнімдерін өткізу нарықтары құрылады.

6-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет