Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы


-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы



бет7/8
Дата20.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#149434
1   2   3   4   5   6   7   8

9-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы

      46-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталын


               құру

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталы:


      1) құрылтайшылар мен акционерлердiң жарғылық капиталға салған салымдары;
      2) комиссиялық сыйақылар;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көздер есебiнен құралады.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы - жинақтаушы зейнетақы қоры мiндеттемелерiнiң сомасын шегерiп тастағаннан кейiнгi оның активтерiнiң құны.
      Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      47-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық


               капиталын қалыптастыру ерекшелiктерi

      1. (алып тасталды)

      РҚАО-ның ескертуi!
      2-тармақтың бiрiншi бөлiгiне 2012.01.01 ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен өзгерiс енгiзiледi.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қоры жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн, оны қалыптастырудың тәртiбi мен құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының ең төмен жарғылық капиталының мөлшерiне талаптар өскен жағдайларда, жинақтаушы зейнетақы қоры залалдың болғанына қарамастан акцияларды қосымша шығаруды жүзеге асырады.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталы ақшамен төленедi.
      4. Құрылтайшылар немесе заңды тұлға акционерлер басқа тұлғалардың акцияларға орналастырылған активтерiн және жарғылық капиталына қатысу үлестерiн шегере отырып, өз капиталының шегiндe жарғылық капиталға ақша салады, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейдi.
      Құрылтайшылар немесе жеке тұлға акционерлер Қазақстан Республикасының салық заңдарында табысы мен мүлкi туралы декларация беру бөлiгiндe белгiленген талаптарды ескере отырып, жарғылық капиталға ақша салады, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейдi.
      5. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алу туралы өтiнiш берiлген кезде жарғылық капитал Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен толық төленуге тиiс.
      6. Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерiнен құрылтай құжаттары мен қаржы есептiлiгiн табыс етудi талап етуге, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан қажеттi мәлiметтердi сұратуға құқылы.
      Ескерту. 47-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      48-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық


               сыйақылары

      1. Комиссиялық сыйақының шектi шамасын жинақтаушы зейнетақы қоры:


      1) инвестициялық табыстың он бес процентiнен;
      2) айына зейнетақы активтерiнiң 0,05 процентiнен аспайтын шекте белгiлейдi.
      Комиссиялық сыйақының шамасы жылына бiр реттен жиi емес өзгертiлуi мүмкiн және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын кемiнде мерзiмдi екi баспасөз басылымында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялау арқылы салымшылар мен алушыларға күнтiзбелiк жыл басталардан кемiнде бiр ай бұрын хабарландырылуға тиiс. Комиссиялық сыйақыны өндiрiп алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражатын пайдаланудан алынған табыстары толық көлемiнде жинақтаушы зейнетақы қорына тиесiлi болады.
      Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

10-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының есебi мен есеп
берiп отыруы. Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы

      49-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы есепке алу


               және есептiлiк

       1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бухгалтерлiк есеп жүргiзiп, жеке қаражаты және зейнетақы активтерi бойынша уәкiлеттi органға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне бөлек қаржылық есептiлiктi және алғашқы статистикалық деректердi табыс етедi.


      2. Салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы мiндеттi зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражатының есебi уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен бөлек жүргiзiледi. Зейнетақы жарналары есебiнiң дұрыс жүргiзiлуiне және инвестициялық кiрiстiң салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шотына есептелуiне уәкiлеттi орган бақылау жасайды.
      2-1. Зейнетақы активтерiн және жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған қаражатты есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары бухгалтерлiк есепте және есеп берудi жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Сақталуға жататын негiзгi құжаттардың тiзбесi мен олардың сақталу мерзiмiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Ескерту. 49-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2005.07.08 N 69, 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.

      49-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргiзуге құқылы аудиторлық ұйым жүргiзедi.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептiлiгiнiң аудиторлық есебi коммерциялық құпия болып табылмайды.
      3. Алынып тасталды - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен).
      Ескерту. 49-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.05.05 N 139 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      49-2-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi


                  қатысушысының есептiлiгi

      1. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылатын iрi қатысушысы жыл сайын уәкiлеттi органға қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн iшiнде қаржылық есептiлiгiн және оған түсiндiрме жазбаны табыс етуге тиiс.


      2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының жеке тұлға болып табылатын iрi қатысушысы уәкiлеттi органға қаржы жылы аяқталғаннан кейiн жүз жиырма күн iшiнде кiрiстерi мен мүлкi туралы мәлiметтердi қамтитын есептiлiктi, сондай-ақ:
      1) басқа тұлғалармен бiрге, өз араларындағы шарттың негiзiнде не өзгеше түрде ашық жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдайтын шешiмдерге ықпал етудi жүзеге асыру туралы, оның iшiнде осындай ықпал ету мүмкiндiгiн айқындайтын өкiлеттiктер берудiң сипаттамасы қамтылатын;
      2) жарғылық капиталдардағы өзiне тиесiлi қатысу үлестерiн (акцияларын) көрсете отырып, өзiнiң ұйымдардағы лауазымдары туралы;
      3) ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы өзiне тиесiлi қатысу үлестерiн (акцияларын) алынған қарыздар есебiнен сатып алу туралы;
      4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы ақпаратты беруге тиiс.
      3. Есептiлiктi беру тәртiбi мен нысандары уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      4. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан да көп процентiн иеленетiн (дауыс беру мүмкiндiгi бар), заңды тұлға болып табылатын iрi қатысушы уәкiлеттi органға:
      1) есептi тоқсаннан кейiнгi қырық бес күн iшiнде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi және оған түсiндiрме жазбаны;
      2) қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн iшiнде аудиторлық ұйым растамаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептiлiктi және оған түсiндiрме жазбаны табыс етуге тиiс.
      5. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылатын iрi қатысушының жылдық қаржылық есептiлiгiне түсiндiрме жазбада, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан да көп процентiн иеленетiн (дауыс беру мүмкiндiгi бар) iрi қатысушысының тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептiлiгiне түсiндiрме жазбаларда мынадай ақпарат:
      1) iрi қатысушының (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан да көп процентiн иеленетiн (дауыс беру мүмкiндiгi бар) заңды тұлғаның) қызмет түрлерiнiң сипаттамасы;
      2) iрi қатысушы (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан да көп процентiн иеленетiн (дауыс беру мүмкiндiгi бар) заңды тұлға) қатысушысы (акционерi) болып табылатын әрбiр ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесiнiң мөлшерi (тиесiлi акциялар саны), iрi қатысушы (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан да көп процентiн иеленетiн (дауыс беру мүмкiндiгi бар) заңды тұлға) iрi қатысушысы (iрi акционерi) болып табылатын ұйымдардың қызмет түрiнiң немесе қызмет түрлерiнiң сипаттамасы, қаржылық есептiлiгi;
      3) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан да көп процентiн иеленетiн (дауыс беру мүмкiндiгi бар) заңды тұлғаның) iрi қатысушысы (акционерi) болып табылатын әрбiр ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесiнiң мөлшерi (өзiне тиесiлi акциялар саны), осы ұйымның қызмет түрiнiң немесе қызмет түрлерiнiң сипаттамасы және қаржылық есептiлiгi, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалар туралы, iрi қатысушыны бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншiлес және тәуелдi ұйымдары туралы мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорында ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан да көп процентiн иеленетiн (дауыс беру мүмкiндiгi бар) iрi қатысушысы болмаған жағдайда ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы қаржылық есептiлiктi және осы баптың 5-тармағында көрсетiлген ақпаратты тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi қырық бес күннен кешiктiрмей беруге тиiс.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерiнiң құрамы өзгерген жағдайда ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы - заңды тұлға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, көрсетiлген өзгерiстер болған кезден бастап отыз күн iшiнде уәкiлеттi органға басшы қызметкерлердiң мiнсiз iскерлiк беделi туралы мәлiметтердi табыс етедi.
      6. Өзi орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан да көп процентiн тiкелей немесе жанама иеленетiн (дауыс беру мүмкiндiгi бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi емес iрi қатысушы уәкiлеттi органға қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн iшiнде аудиторлық ұйым растамаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептiлiгiн және оған түсiндiрме жазбаны табыс етуге тиiс.
      Өзi орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан да көп процентiн тiкелей немесе жанама иеленетiн (дауыс беру мүмкiндiгi бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi емес iрi қатысушының жылдық қаржылық есептiлiгiне түсiндiрме жазбада мынадай ақпарат:
      1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының қызметi түрлерiнiң сипаттамасы;
      2) iрi қатысушы қатысушысы (акционерi) болып табылатын әрбiр ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесiнiң мөлшерi (тиесiлi акциялар саны), қызметi түрiнiң немесе түрлерiнiң сипаттамасы;
      3) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының iрi қатысушысы (акционерi) болып табылатын әрбiр ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесiнiң мөлшерi (өзiне тиесiлi акциялар саны), осы ұйымның қызметi түрiнiң немесе түрлерiнiң сипаттамасы көрсетiлуге тиiс.
      7. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылатын iрi қатысушысы уәкiлеттi органға қаржылық есептiлiгiн, оған түсiндiрме жазбаны және осы бапта көзделген өзге де мәлiметтердi қазақ және орыс тiлдерiнде табыс етедi.
      8. Қазақстан Республикасының резидентi - қаржы ұйымы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы болып табылған жағдайда, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы осы баптың 5-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген ақпаратты бередi, бұл ретте, егер ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы уәкiлеттi органға осы қаржылық есептiлiктi талап етiлген кезеңге табыс етсе, қаржылық есептiлiк және оған түсiндiрме жазба табыс етiлмейдi.
      Ескерту. 49-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      49-3-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi


                 қатысушыларына және жинақтаушы зейнетақы
                 қорының қомақты қатысуы бар заңды тұлғаларға
                 аудит

      1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргiзу ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушылары, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар заңды тұлғалар үшiн мiндеттi.


      Аудиторлық есептiң көшiрмесi және аудиторлық ұйымның ұсыныстары уәкiлеттi органға көрсетiлген құжаттар алынған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде берiлуге тиiс.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры аудиторлық есептi алғаннан кейiн он күн iшiнде оның көшiрмесiн ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаларға табыс етуге мiндеттi.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептiлiгiн аудиторлық ұйым растауға тиiс.
      2. Өзi орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан да көп процентiн тiкелей немесе жанама иеленетiн (дауыс беру мүмкiндiгi бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi емес iрi қатысушы уәкiлеттi органға өзi орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан да көп процентiн тiкелей немесе жанама иеленетiн (дауыс беру мүмкiндiгi бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi емес iрi қатысушы осы құжаттарды алған күннен бастап отыз күн iшiнде аудиторлық есептiң көшiрмесiн және аудиторлық ұйымның ұсыныстарын табыс етедi.
      Өзi орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан да көп процентiн тiкелей немесе жанама иеленетiн (дауыс беру мүмкiндiгi бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi емес iрi қатысушының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептiлiгiн шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резидентi емес iрi қатысушы орналасқан елде қаржы ұйымдарының аудитiн жүргiзуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиiс.
      3. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылатын iрi қатысушысы уәкiлеттi органға аудиторлық есептiң көшiрмесiн және аудиторлық ұйымның ұсыныстарын қазақ немесе орыс тiлдерiнде табыс етедi.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қоры, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы, жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар заңды тұлға аудиторлық есепте көрсетiлген, жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайына әсерiн тигiзетiн бұзушылықтарды аталған тұлғалар аудиторлық есептi алған күннен бастап үш ай iшiнде жоймаған жағдайда уәкiлеттi орган бұзушылықтар жойылғанға дейiн:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметке берiлген лицензияның қолданылуын осы Заңның 42-бабының 8-тармағы 6) тармақшасының негiзiнде тоқтата тұруға;
      2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысына қатысты осы Заңның 42-7-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
      5. Бұзушылықтар осы есептi алған күннен бастап бiр жыл iшiнде жойылмаған жағдайда уәкiлеттi орган:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты жинақтаушы зейнетақы қорын осы Заңның 42-бабы 11-тармағының негiзiнде лицензиясынан айыруға;
      2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысына қатысты осы Заңның 42-7-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
      Ескерту. 49-3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      50-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы 



      1. Жинақталған зейнетақы қаражаттарының құпиясы салымшылар (алушылар) туралы, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы қалдықтар және ақша қозғалысы туралы мәлiметтердi қамтиды.
      Жинақтаушы зейнетақы қорлары және Орталық жинақталған зейнетақы қаражатының құпиялылығына кепiлдiк бередi.
      2. Өзiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы болып саналатын мәлiметтерге қол жеткiзуге мүмкiндiк алған жинақтаушы зейнетақы қорларының, Орталықтың  лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге де адамдар жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы болып саналатын мәлiметтердi жариялауға құқылы емес және оларды жариялағаны үшiн, осы баптың 3-5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
      3. Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы зейнетақылық жарна төлеушi салымшыға, алушыға, алушының Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ресiмделген жазбаша келiсiмi негiзiнде кез келген үшiншi адамға ашылуы мүмкiн.
      4. Жеке зейнетақы шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен өзгерiсi туралы анықтамалар:
      1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына - олар жүргiзiп отырған қылмыстық iстер бойынша;
      2) соттарға - сот ұйғарымының негiзiнде олар жүргiзiп отырған iстер бойынша;
      2-1) сот орындаушыларына - сот орындаушысының сот санкция берген қаулысының негiзiнде олардың жүргiзуiндегi атқарушылық құжаттар бойынша;
      3) салық органдарына - тексерiлiп отырған тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
      4) уәкiлеттi органға - алушының өтiнiшiне байланысты туындаған мәселелер бойынша, не олардың жинақтаушы зейнетақы қорына тексеру жүргiзуiне байланысты;
      5) прокурорға - оның қарауындағы материал бойынша өз құзыретi шегiндe тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде;
      5-1) қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға - заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсатта және тәртiппен;
      6) салымшының (алушының) өкiлдерiне - нотариатпен куәландырған сенiмхат негiзiнде;
      6-1) Орталыққа - мiндеттi зейнетақы ай жарналары бойынша салымшылар (алушылар) дерекқорын қалыптастыру үшiн;
      7) жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы мiндеттi аудитiн жүргiзетiн аудиторлық ұйымдарға берiлуi мүмкiн.
      5. Алушының жеке зейнетақы шотының болуы туралы, олардағы ақшаның қалдықтары мен өзгерiстерi туралы анықтамалар алушы қайтыс болған жағдайда жазбаша сұрау бойынша өсиетте аталған адамдарға, олардың қарауындағы мұрагерлiк iстер бойынша ұйғарым негiзiнде соттарға берiледi.
      6. Жеке зейнетақы шотының болуы және ондағы ақша туралы анықтамалар алушы қайтыс болған жағдайда олардың қарауындағы мұрагерлiк iстер бойынша нотариат кеңселерiнe, жеке нотариустарға және шетелдiк консулдық мекемелерге берiледi.
      Ескерту. 50-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.04 N 148 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

11-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн
басқару

      51-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы


               активтерiн басқару тәртiбi

      Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтiң осындай түрiмен айналысу құқығына тиiстi лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.


      Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      52-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы


               активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам нысанында құрылады.


      1-1. Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент емес жеке және заңды тұлғалары осы Заңда және уәкiлеттi органның өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алады.
      1-2. Рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң белгiлi бiр рейтингiн иеленген заңды тұлға - қаржы ұйымы ғана Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылатын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы немесе акционерi бола алады. Рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен ең төмен рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Оффшорлық аймақта тiркелген коммерциялық ұйым мәртебесi бар заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына оффшорлық аймақта тiркелген заңды тұлғалар тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды. Оффшорлық аймақтардың тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      1-3. Шет ел қатысатын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық жарғылық қоры Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдардың жарияланған жиынтық жарғылық капиталының елу процентiнен аспауы керек.
      1-4. Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесi мен басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен бiрi Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесi мен басқармасының Қазақстан Республикасының резидентi емес мүшелерi қаржы рыногында қызметiн жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжiрибесiн куәландыратын құжаттарды табыс етуге мiндеттi.
      1-5. Дауыс беретiн акцияларының жиырма бес процентiнен астамы жиынтық түрiнде:
      1) Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлғаның
      2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың меншiгiнде немесе басқаруында жүрген Қазақстан Республикасының резидентi-заңды тұлғаның
      3) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң меншiгiндегi немесе басқаруындағы зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым болып табылады.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның атауында "зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздерi болуға тиiс.
      3. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн, оны құру тәртiбi мен құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      4. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның мүлкi жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнен оқшауланған болады.
      5. алып тасталды.
      Ескерту. 52-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      53-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды


               жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi

      Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерiне қойылатын талаптар "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.


      Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.04 N 148 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      54-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы


               активтерiн инвестициялық басқару

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бiр және одан да көп ұйымдармен шарт негiзiнде және (немесе) уәкiлеттi орган беретiн, қызметтiң осындай түрiмен айналысу құқығына тиiстi лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.


      2. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым бiр мезгiлде екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы активтерiн басқаруға шарт жасасуға құқылы. 
      3. (алып тасталды)
      4. Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шарт жазбаша нысанда жасалады, шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады.
      5. Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шартқа мүлiктi сенiмдi басқару туралы шарттың ережелерi қолданылады.
      6. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа жинақтаушы зейнетақы қорларымен олардың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға шарт жасасуға құқығы жоқ. 
      Ескерту. 54-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      55-бап. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын


               ұйымның мiндеттерi мен қызметiн шектеу

      1. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым:


      1) бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялауды жүзеге асыруға;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн ұдайы бағалап отыруға;
      3) уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде және тәртiппен өз қызметi туралы есеп беруге;
      4) жинақтаушы зейнетақы қоры мен уәкiлеттi органның алдында өз қызметi туралы ұдайы есеп берiп отыруға;
      5) уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен өз қызметi туралы ақпарат жарияланып отыруға;
      6) уәкiлеттi орган мен зейнетақы активтерiн басқару туралы шартпен белгiленген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.
      2. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында:
      1) акциялардан басқа, бағалы қағаздардың өзге де түрлерiн шығаруға;
      2) банктерден үш айдан асатын мерзiмге, өз капиталының мөлшерiнен аспайтын мөлшерде заем қаражатын тартуға;
      3) ұйымдастырылған рыноктардағы мәмiлелердi, зейнетақы активтерiн басқаруға шарттар жасасуды, эмитенттiң жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелiндегi облигацияларды акцияларға айырбастауын, артықшылықпен сатып алу құқығын iске асыруды, эмитенттен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелiндегi акцияларды сатып алуды талап етудi, сондай-ақ уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген басқа да жағдайларды қоспағанда, зейнетақы активтерi есебiнен аффилиирленген тұлғалармен мәмiлелер жасасу;
      4) кез келген әдiстермен заемдар беруге;
      5) зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздарды қайта сатып алу мiндеттемесi шартымен сатуға;
      6) маржа бойынша кез келген бағалы қағаздарды сатып алуға;
      7) жинақтаушы зейнетақы қорына тиесiлi емес бағалы қағаздарды сату ("қысқа сатулар") туралы шарттар жасасуға;
      8) кез келген түрде, кепiлдер мен кепiлдiктер беруге, зейнетақы активтерiмен кепiлдiк мәмiлелер жасасуға;
      9) зейнетақы активтерiнiң инвестициялары бойынша табыстарға кепiлдiгi немесе уәдесi бар ақпарат жариялауға;
      10) Осы Заңның 58-бабында көзделген қызмет түрлерiн, сондай-ақ өзiнiң жеке мүддесi үшiн алған мүлiктердi сауда-саттыққа салуды және жалға берудi қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады. 
      Ескерту. 55-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi), 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      56-бап. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын


               ұйымның өз капиталын қалыптастыруы

      Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өз капиталын қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 


      Ескерту. 56-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      57-бап. Сақталуы мiндеттi пруденциалдық нормативтер 

      Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығы кепiлдiгiн қамтамасыз ету үшiн сақталуы мiндеттi пруденциалдық нормативтер белгiленедi.
      Пруденциалдық нормативтердiң тiзбесiн, олардың нормативтiк мәндерi мен есеп-қисап әдiстемесiн, сондай-ақ тиiстi есептiлiк нысандары мен оны табыс ету мерзiмдерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Зейнетақы активтерiн немесе жинақтаушы зейнетақы қорын инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын ұйымдар, қаржылық және (немесе) өзге де есептiлiк мәлiметтерiн түзету бойынша жазбаша нұсқамада көрсетiлген уәкiлеттi органның талаптарын орындамаған жағдайда, пруденциялдық нормативтердiң және басқа да мiндеттi нормалар мен лимиттердiң есебiн уәкiлеттi орган өздерi түзеткен есептiлiк негiзiнде жүзеге асырады.
      Ескерту. 57-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      58-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару


               жөнiндегi қызметтi лицензиялау 

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган лицензиялайды.


      Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым тиiстi лицензиялары болған жағдайда бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген тәртiппен бағалы қағаздар рыногында қызметтiң өзге де түрлерiн жүзеге асыруға құқылы. 
      Ескерту. 58-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2003.07.10. N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      59-бап. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын


               ұйымның жауапкершiлiгi

      Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шартты бұзу белгiленген күннен жиырма күн бұрын оған хабарлай отырып, бiр жақты тәртiппен бұзуға, сондай-ақ зейнетақы активтерiн тиiстi басқармаудан туындаған залалдарды өтеудi талап етуге құқылы. 


      Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi бүкiл мүлкiмен жинақтаушы зейнетақы қоры алдында жауап бередi.
      Ескерту. 59-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңдарымен.

      59-1-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды


                жүзеге асыратын ұйымдардың аудитi

      1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың аудитiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес аудит жүргiзуге құқылы аудиторлық ұйым жүргiзедi.


      2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептiлiгiнiң аудиторлық есебi коммерциялық құпия болып табылмайды.
      3. Алынып тасталды - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. 59-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.05.05 N 139 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет