Қазақстан республикасындағы адам қҰҚЫҚтары жөніндегі уәкілдің 2008 жылғы есебі мазм ұ н ы кіріспе



бет2/11
Дата25.02.2016
өлшемі0.91 Mb.
#21959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Соңғы жылдар бойы Астана, Алматы және Қарағанды қалалары бойынша келген хаттардың пайыздық ара қатынасы жоғары болып отыр (тиісінше 15, 11, 8,5 пайыз). Есепті кезеңде Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарынан келген хаттар саны өсуде (12,1 пайыз).

Есепті кезеңде 58 ұжымдық хат келіп түсті, оларға 700 жуық адам қол қойған.

Ұжымдық хаттар субъектілері негізінен шағын тұрғылықты жерлердің тұрғындары, үлескерлер, мұғалімдер, медициналық қызметкерлер, олар негізінен өздерінің қандай да бір заңды құқықтарын іске асыруға байланысты мәселелерін шешу жөнінде биліктің әрекеттері туралы нақты ақпарат алу мүмкіндігінің болмауына, сондай ақ сыбайлас жемқорлық жөнінде шағымданған. Лауазымды адамдардың мемлекеттік басқарудағы жариялылық және қол жетімділік сияқты негізгі қағидаларын ескермеуі қоғамда билікке деген сенбеушілікті тудыруы мүмкін.

Ұжымдық және жеке жазбаша хаттар санының ара қатынасы келесі диаграммада келтірілген.


Уәкіл мекемесінің қызметкерлері «Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын қарау тәртібі туралы» Заңның 13-бабына сәйкес, апта сайын бекітілетін кесте бойынша күн сайын азаматтарды жеке қабылдады.

Уәкіл мекемесінде жеке қабылдауда 169 адам, соның ішінде Астанадан


97 адам болды, оларға қолданыстағы заңнаманың нормалары түсіндірілді. Жазбаша және ауызша хаттардың мазмұндарында көбінесе сот шешімдеріне, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне, жер құқықтарының бұзылуына наразылық білдірілген.

Азаматтар телефон арқылы шағымдарында халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы сыбайлас жемқорлыққа назар аударған.

«Тіл туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес шағымдар мен сұратуларға хаттың келген тілінде жауап берілген (анықтама ретінде: түскен хаттардың 22 ғана мемлекеттік тілде жазылған).

Электронды поштаны пайдалану жандандырылды, ол бойынша 32 хат түсті. Цифрлік қолдың болмауына қарамастан олардың барлығы егжей тегжейлі қаралып нәтижелері бойынша тиісті жауап берілді.

Шалғайдағы азаматтардан және ауыл тұрғындарынан түскен шағымдар саны бұрынғыдай аз, бұл оларға Уәкіл институты туралы жеткілікті ақпарат жетпеуінің белгісі.

Азаматтардың өздерінің мемлекет істерін басқаруға (Конституцияның 33-бабының 1-тармағы және АСҚХП 19-бабы), сайлау процесіне (Конституцияның 33-бабының 2-тармағы және АСҚХП 25-бабы) қатысу, сондай-ақ бейбіт жиналыстар еркіндігі (Конституцияның 33-бабының 2-тармағы және АСҚХП 25-бабы) құқықтарының бұзылу фактілері туралы хаттары Уәкіл атына келген жоқ.



1.2. Уәкіл жұмысының нысандары, әдістері және тәсілдері
Уәкіл мекемесінің қызметкерлері азаматтардың шағымдарын іс жүзінде мынадай түрде тексереді:

а) шағымданушы қоса берген құжаттар шегінде ғана қаралды;

б) объективті шешу үшін шағымданушылардан қажетті құжаттарды қосымша талап ету арқылы шешілді;

в) тиісті құзырлы органдарға уәкіл мекемесіне міндетті түрде жауапты талап ете отырып, азаматтардың хаттарын қарау үшін жіберу;

г) «Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын қарау тәртібі туралы» Заңға сілтеме жасап тікелей шағымданушыға жауап беру үшін тиістілігіне қарай басқа органдарға (ұйымдарға) жіберілді.

Әдеттегідей, сұратулардың көпшілігі азаматтардың шағымдарында көрсетілген дерді тексеруге Бас прокуратураға, Ішкі істер министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, Денсаулық сақтау министрлігіне және Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне жіберілді.

Осыған байланысты уәкіл мекемесінің азаматтарға жауаптары осы сұратуларға алған мемлекеттік органдардың жауаптарына негізделген.

Уәкіл республикада адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде өзара іс қимыл жасау нысандары мен әдістерін жетілдіру мақсатында, есепті жылы Жоғарға Сот төрағасымен, Бас прокурормен меморандум жасады. Осындай екі жақты құжаттарға ІІМ және Әділет министрлігінің ҚАЖКмен қол қойылды.



Мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жіберілген сұратулар саны төмендегі кестеде көрсетілген.

Уәкілдің мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жіберілген сұратуларының кестесі



Органның атауы


Сұратулар саны

Бас прокуратура


177

Ішкі істер министрлігі

131

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

68

Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитеті

31

Әкімдіктер

83

Әділет министрлігі

57

Қаржы министрлігі

4

Кедендік бақылау комитеті

1

Денсаулық сақтау министрлігі

23

Білім және ғылым министрлігі

13

Қорғаныс министрлігі

3

Сыртқы істер министрлігі

3

Мәдениет және ақпарат министрлігі

1

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі

39

Мемлекеттік мұрағат

5

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

2

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

20

Мардымсыз борышкерлермен жұмыс жүргізу комитеті

1

Ауыл шаруашылығы министрлігі

1

Көлік және коммуникация министрлігі

1

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу агенттігі

3

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

8

Шаруашылық ету субъектілері (АҚ, ЖШС), және т.б.

4

Барлығы

671

Уәкіл есепті жылы мемлекеттік органдардың және халықаралық құқықтық қорғау ұйымдары басшыларымен тұрақты түрде жұмыс қатынастарын орнатты.

Азаматтардың құқықтарын сақтаулуымен және мемлекеттік органдардың халықаралық шарттармен және ұлттық заңнамамен жүктелген міндеттемелерді орындауымен танысу мақсатында ұйымдарға мониторингтік барулары Уәкіл жұмысы нысандарының бірі болып табылады. Есепті жылы, атап айтқанда азаматтардың бас бостандығынан айыру не бостандығын шектеу орындарында, балалар мекемелерінде, сондай ақ әлеуметтік типтегі мекемелерге барылды.

Уәкіл мекемесі жанынан азаптауды және қатыгез, адамның қадір қасиетіне нұқсан келтіретін жазалау түрлерін қолдану фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобын құру мониторингтік барулар саласындағы жұмыстың жаңа түрі болды. Топтың құрамына келісім бойынша Бас прокуратура, ІІМ, Әділетминиінің ҚАЖК жоғары деңгейдегі өкілдері, сондай ақ халықаралық және ұлттық құқықтық қорғау ұйымдарының басшылары кірді.

Барулардың қорытындылары ҚР Президентінің Әкімшілігіне ұсынылды.

Жұмыс тобы алғаш рет есепті жылдың қараша айында Женева қаласында өткен Қазақстанның БҰҰдың Азаптауларға қарсы комитетіне екінші елдік есебін әзірлеу аясында көрсетілген форматта Алматы және Алматы облыстарындағы тергеу изоляторларына, уақытша ұстау изоляторларына және колонияларға барып қайтты.

Жұмыс тобы сонымен қатар, республикада бас бостандығынан айыру орындарына қоғамдық бақылаудың ұлттық алдын алу механизмін әзірлеу мәселесі бойынша белгілі бір жұмыстарды атқарды, бұл механизмді енгізуге Қазақстан 2008 жылғы маусымда ратификациялаған Азаптауға қарсы конвенцияға факультативтік хаттамамен нұсқау жасалған.

Уәкілдің бұл мәселе бойынша құқықтық ұстанымы ҚР Президентінің Әкімшілігіне ұсынылды.

Омбудсменнің бастамасымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және «Поколение» Зейнеткерлерді әлеуметтік және құқықтық қорғау қозғалыстары ассоциациясының лидері И. Савостинаның қатысуымен соңғы кезде азаматтардың хаттарында жиі кезедсетін зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерін талқылау үшін өткен үш жақты кездесу де жалпы мемлекеттік міндетті бірлесіп шешудің айқын тиімділігін көрсетті. Бар мәселелерді шешу міндетін қоймай ақ, аталған кездесу айтарлықтай конструктивті болды, ол бөлініп бір бірін сынағаннан көрі бірлесіп іс қимыл жасаған артық екенін көрсетті.

Уәкіл мекемесінің қызметкерлері мониторинг ретінде тәртібі ерекше балаларға арналған 7 арнайы білім мекемелеріне барды.

Объективтілікті қамтамасыз ету және шағымданушылардың хаттарын қарауда олардың өздерінің қатысуын қамтамасыз ету мақсатында аймақтарға 4 жылжымалы тексерулер ұйымдастырылды.

Азаматтардың әрбір төртінші хаты бойынша қолданыстағы заңнаманың нормалары мен ережелерін түсіндірулер немесе шағымданушыларға өздерінің мәселелерін шешудің басқа да баламалы әдістерін пайдалану жөнінде ұсыныстар жіберілді.

Парламенттің депутаттар корпусымен, әсіресе Мәжілістің Қоғамдық палатасымен ынтымақтастық жаңа сапалық деңгейде ұйымдастырылды. Жалпы іс шараларды өткізу мен әдеттегідей құқықтық қорғаушы заң шығарушылықта өзара іс қимыл жасаудан басқа азаматтардың нақты шағымдары мен хаттарын депутаттармен бірлесіп қарау практикаға айналды.

Уәкіл қабылданып жатқан құқықтық қорғау шаралар туралы ақпаратты жұртшылыққа жеткізу мақсатында өткен жылы «Хабар» телеканалында сөз сөйледі және өз мекемесінің жұмысы туралы екі Ақпараттық бюллетень шығарды.



1.3. Уәкілдің шара қолдану актілері
Ережеге сәйкес, ұсыныстар азаматтардың хаттарын тексеру нәтижелері бойынша Уәкіл қабылдайтын негізгі акті болып табылады.

Есепті кезеңде құзырлы мемлекеттік органдарға осындай 12 ұсыныс, солардың ішінде Бас прокурорға, қорғаныс, ішкі істер министрлеріне, Астана қаласы, Атырау, Шығыс қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстары әкімдеріне жіберілді, онда атап айтқанда, әскери қызметшілердің, соғыс мүгедектерінің, балалардың, кәсіпкерлердің және белгілі бір жерлерде тұратын топтардың заңды құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы көрстілген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау министрлерінің атына олардың ведомстволарында орын алатын адам құқықтарын жүйелі түрде бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар жіберілді.

Бұл ретте ұсыныстарда қалыптасқан жағдайларды шешу жөнінде нақты ұсыныстар мен көзқарастар мазмұндалған.

Барлық көрсетілген ұсыныстар азаматтардың Уәкіл атына келген хаттарды тексеру барысында анықталған нақты заң бұзушылық фактілеріне негізделген.

Уәкіл есепті кезеңде алдыңғы практикадан ерекше құқықтық тақырыптың шегінен асатын, бірақ Омбудсменнің пікірінше, жалпы мемлекеттік маңызы бар ұсыныстарды да берді. Атап айтқанда, ҚР Президентінің Әкімшілігіне ішкі миграция және оралмандарды орналастыру саласындағы келеңсіз үрдістерге қатысты және Қауіпсіздік кеңесіне ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты шет елдердегі қазақстандықтардың құқықтарын қорғау механизмін әзірлеу мәселесі бойынша берілді.

Осыған байланысты жоғарыда аталған мәселелер кейін өздерінің көкейтестілігін және олар бойынша тиісті шешім қабылдау қажеттігін көрсетті.

Уәкілдің анықталған адам құқықтарын бұзушылықтар бойынша әрекеттері мен қабылдап отырған шаралары мемлекеттің халықаралық шарттарды ратификациялау кезінде немес ұлттық задарды қабылдау кезінде өзіне жүктеген мңндеттерін орындау жөніндегі жауапкершілікті ауыстыруды болжамайтыны сөзсіз. Мемлекеттің құқықтық жүйесінде Уәкілге мемлекеттік органдардың құқықтық қорғау функцияларын толықтыру және нығайту рөлі берілген.

Сонымен бірге оларға жіберілетін шара қолдану актілеріне «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңның 12- бабының 4- тармағы және Уәкіл туралы ереженің 26- тармағы бұзыла отырып, жиі тепе тең емес, яғни хат арнап жіберілген және есеп жіберу міндетіне жататын лауазымды адамдардан емес басқалардан жауаптар келген. Сондықтан, көп жағдайларда олардың сипаты формальды болады.

«Әкімшілік процедуралар туралы» Заңның 12- бабының 6- тармағымен және Уәкіл туралы ереженің 26- тармағымен көзделген Уәкілдің ұсыныстарын қарау мерзімдерінің бұзылу фактілері де орын алады.



Уәкілдің ұсыныстарын орындаудан бас тарту фактілері кездескен жоқ.

Имидждік немесе құқықтық ағарту деген жұмыс қызметтің маңызды бағыттарының бірі болып отыр.

Уәкіл осыған байланысты, есепті жылы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 60 жылдығына арналған халықаралық ғылыми практикалық конференцияны, сондай ақ Қазақстанның Конституциясы күніне арналған тамыз оқуларын өткізуге бастамашы болды.

Уәкілдің өкілінің бірінші рет Женевада Азаптауларға қарсы конвенция бойынша ұлттық есепті қорғауға қатысуын, Уәкіл мен оның қызметкерлерінің Нью Йоркте, Бейжінде, Варшавада, Бакуде, Санкт Петербургте, Киевте Қазақстанның адам құқықтары саласында ғы міндеттерін орындау саласында қабылдап отырған шаралары туралы баяндамалармен халықаралық форумдарға қатысуын осыған жатқызу керек.



1.4. Уәкілдің консультативтік кеңестік органдардың жұмысына катысуы
Мемлекеттің құқықтық саясатын іске асыруға, заңнаманы алдын ала болжауға және адам құқықтарын қамтамасыз ету және іске асыруға қатысты бөлігінде түзетуге, сондай ақ ұлттық заңнаманың әзірленіп жатқан нормалары мен ережелерінің адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестігін талдауға қатысу Уәкілдің құқықтық қорғау қызметі бағыттарының бірі болып табылады.

Уәкіл құқықтық қорғау практикасының даму ахуалын ҚР Президенті жанындағы консультативтік кеңестік органдардың – Құқықтық саясат кеңесінің (бұдан әрі ҚСК), Кешіру мәселелері жөніндегі комиссияның отырыстарын, сондай ақ республиканың Жоғарғы Сотының Пленумына қатысу арқылы іске асырған. Бұл функциялар сонымен қатар оның Парламен тотырыстарында, конференцияларда, семинарларда және басқа да форумдарда сөйлеген сөздерінде іске асырылған.

Бұл контексте оның адам құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жекелеген ұсыныстарының қабылдануын білдіретін аталған форматтарға қатысуының, осы органдар қабылдаған концептуальды құжаттарының тиімділігін атап өткен жөн.

Уәкіл сондай ақ шақыру бойынша Конституциялық кеңестің адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселелер қаралатын отырыстарына қатысады.

Сыртқы істер министрлігі жанындағы Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары және халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысында, сондай ақ Үкімет жанындағы заң жобалау жұмысы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметінде Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Уәкіл мүддесін білдіреді.

Уәкіл жанында заң жобаларын оларды әзірлеудің кез келген сатысында құқықтық қорғау позициясынан зерттеу жөніндегі консультативтік талдау функциясы бар сараптама жасау кеңесі құрылып жұмыс істейді.

Осыған байланысты, есептің осы бөлімінде ратификацияланған халықаралық шарттардың және республикада құқықтық қорғау процесінің нормативтік базасын жетілдіруге қатысты қабылданған заңдарға жалпы шолу келтіріледі.

Қазіргі кезде Қазақстан адам құқықтары саласындағы мемлекетаралық қарым қатынастар жүйесі негізделетін маңызды 9 шарттың 6 ратификацияланған. Тоғызының үшеуі бойынша қазіргі уақытта әртүрлі сатыларында дайындық процедуралары жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, Барлық адамдарды қоқан лоққы көрсетумен жоғалып кетуінен қорғау үшін халықаралық конвенция Парламентте ратификация рәсімін өтуде. Мүгедектердің құқықтары туралы және барлық мигрант жұмысшылардың және олардың отбасыларының құқықтарын қорғау туралы екі конвенция бойынша уәкілетті органдар осы саладағы ішкі мәселелердің ахуалын оларды ратификациялауға арналған міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін қажетті заңнамалық, қаржылық және басқа да шараларға баға бере отырып зерттейді.

Қазақстан Конституциясы Жалпыға бірдей декларацияға сүйене отырып, өзінің мазмұнына адам құқықтары туралы екі негізгі халықаралық пактілерде қамтылған құқықтардың барлығын қамтиды, онда адам мен азаматтың туысымен ажырамас және тиесілі деп танылған құқықтары мен бостандықтарының нақты құрылысы берілген. Бұл құықтарды кепілді қорғаумен қамтамасыз ету және сақтау осындай басымдығына байланысты мемлекеттің негізгі міндеттер санына кірді.

Ұлттық заңнама мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру процесінде адамның құқықтары мен бостандықтарын конституциялық басымдықтарға сүйене отырып, негізгі қағидалар деңгейіне көтеріп отыр. Осыған байланысты Қазақстанда мемлекеттік қызмет азаматтардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығына негізделеді. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде күш салу мақсаты адам мен азаматтың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру болып табылады.

Парламент 2008 жылы БҰҰдың Транснационалдық ұйымдасқан қылмыскерлікке қарсы конвенциясы, БҰҰдың Азаптауларға қарсы конвенцияға факультативтік хаттама, сондай ақ Адамдар, әсіресе әйелдер мен балалар саудасының алдын алу және тосқауыл қою және ол үшін жазалау туралы, сондай ақ БҰҰдың Транснационалдық ұйымдасқан қылмыскерлікке қарсы конвенциясын толықтыратын жермен, сумен және аәуемен заңсыз мигранттарды әкелуге қарсы екі хаттама сияқты адам құқықтарын қорғау саласындағы маңызды халықаралық шарттар ратификациялады.

Бұл кезеңде Парламент Қазақстанда жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және қорғау жүйесі мен механизмін одан әрі жетілдіруге бағытталған 20 заңды қабылдады.

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасында Жоғарғы Сот кеңесі туралы» Заң Ата заңның әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын сотта қорғауға құқылы деген 13-бабының 2-тармағында көзделген конституциялық норманы дамытады (бұдан әрі ЖСК). Бұл ретте жаңа заңмен құрылатын ЖСК соттардың сот билігін атқару кезінде тәуелсіздік кепілдігін қамтамасыз етеді.



«Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы» Заң ұлтаралық клісім саласында мемлекеттік ұлттық саясатты іске асырады және ұлттық азшылықтардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етеді.

«Трансферттк баға құру туралы» Заң трансферттік баға құрудан туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған және халықаралық іскерлік операцияларда және осындай операциялармен байланысты мәмілелерде мемлекеттің кірісін жоғалтудың алдын алуға бағытталған.

Сондықтан, заң трансферттік баға құруды реттей отырып, халықаралық мәміле нысаны болуы мүмкін мемлекеттік және жеке меншікті қорғайды.



Мемлекет басшысының бастамасы бойынша қабылданған «Сәйкестікті бағалау саласында аккредитация туралы» заң аккредитацияның халықаралық стандарттарға сай жаңа жүйесін белгілейді және тұтынатын өнім мен алатын қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Осы заңға сәйкес басқа заңнамаларға қабылданған түзетулер ең бастысы, Қазақстан азаматтарының лайықты өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Қаржылық жүйенің тұрақтылығы мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулер қаржы ұйымдарының ірі қатысушылары үшін оларды (ұйымдарды) мәжбірлеп таратуға әкеп соққан үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеуді көздейді.

Парламент есепті жылы, сонымен қатар кейбір заң актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Концессия механизмін, соның ішінде халықаралық қаржы институттарының қатысуымен жетілдіру бөлігіндегі түзетулер мемлекеттің адамның пайдасына тартып отырған экономикалық институттарды дамытуға жақсы әсер етеді.

Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйымды құру Бүкіләлемдік банк пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің ұсыныстарына сәйкес келеді.

Қылмыстық процессуалдық кодекске және «Прокуратура туралы» заңға оларды тұтқынға алуға рұқсат беру өкілетін аудандық, қалалық соттарға беру туралы Конституцияның нормаларына сәйкестендіру мақсатында түзетулер қабылданды.

Белгіленген жаңа процедураға сәйкес тосқауыл қою шарасы ретінде тұтқынға алуды таңдау қажет болса анықтау органы, тергеуші сотқа тұтқынға алуға рұқсат беру туралы өтініш береді, ол материалдармен бірге прокурорға ұсынылады. Прокурор өзінің шешімімен осы өтінішті қолдайды не қолдамайды, ол туралы тиісті қаулы шығарады. Бұл ретте анықтау органы , тергеуші прокурордың тұтқынға алу ретінде тосқауыл қою шарасын таңдауға келісім беруден бас тартуына жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа қарсылық бере алады. Қазақстан Конституциясының 27-бабына сәйкес балалық шақ мемлекеттің қорғауында болады. Мемлекет осы конституциялық міндеттемені, сондай ақ Балалар құқығы туралы конвенциядан туындайтын міндеттемелерді орындау үшін бала құқықтарын қорғау механизмдері мен нысандарын көздейтін заңнамалық шараларды дәйекті түрде іске асыруда. Кейін Қылмыстық процессуалдық кодексіне және Азаматтық процессуалдық кодекске, сондай ақ Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың және мамандандырылған аудандық әкімшілік соттардың құзырларын нақтылайтын түзетулерді енгізуді талап ететін мамандандырылған ювенальды соттарды құру осындай шаралардың бірі болып табылады.

Азаматтардың экономикалық құқықтарын нығайту мақсатында және «Банкроттық туралы» қолданыстағы заңда кейбір олқылықтар болғандықтан кейбір заң актілеріне банкроттық мәселелер бойынша түзетулер енгізілді, олар басшылардың, банкрот ұйымдар меншігінің иелерін және жеке кәсіпкерлердің алдын ала жалған банкроттық үшін жауапкершілігін күшейтеді. Түзетулер сонымен қатар, банкроттардың мүлкі мен істерін басқаратын конкурстық оңалту басқарушылардың және сырттай қадағалау әкімшілердің банкроттық туралы заңды бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігін бекітеді.

Туристік қызмет туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң азаматтардың өздерінің демалуға конституциялық құқықтарын іске асыру саласындағы басты субъекті болып табылатын туристік ұйымдар үшін лицензия беру тәртібін анықтап түзетті.

Онда туристік ұйымдардың мемлекеттік тізілімін жүргізу көзделеді, туризм ұйымдарына қойылатын талаптар мен шарттарды бұзған үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілген.

Қоғамның барлық салаларында, әсіресе экономикалық салада келіспеушілікті төмендету мемлекеттілікті дамытудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Корпоративтік дауларды шешу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулер нақты осы мақсатты қамтамасыз етуге бағытталған.

Осыған байланысты қабылданған жаңа нормалар корпоративтік дауларды басқа дауларға келтіруге жол бермеуге бағытталған, сондықтан заңнамада «корпоративтік дау» деген жаңа ұғым енгізілді. Бұндай дауларды шешу тек ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттардың құзырына жататын болады.


  1. жылы сондай ақ жол жүру қауіпсіздігі саласында мемлекеттік басқаруды жетілдіру, көлік апаттары деңгейін төмендету, осы салада сыбайлас жемқорлық жасауға жағдайларды жою жөнінде заңнамалық шаралар қабылданды.

Азаматтардың кәсіпкерлікке құқығын қорғау және қолдау мақсатында шағын бизнес субъектілерімен қатар орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу рәсімі жеңілдетілген.

Мемлекет пен қоғамның қалыптасқан тәртібін нашақорлық сияқты құбылыстан қорғау мақсатында нашақорлықпен байланысты қылмыстарды жасаған үшін қылмыстық жауапкершілік, оқу орындарында және кәмелетке толмағандарға есірткі сатқан, есірткіні аса ірі көлемде сатқан, есірткі пайдалануға мәжбүр етіп адамның өліміне әкеп соққан жағдайларда өмірлік бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдатылған,

Мемлекеттің қылмыстық атқару жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру жөнінде қабылдаған шаралары аясында әділет және ішкі істер арасындағы өкілеттерді бөліп беретін заң қабылданды. Енді, қабылданған түзетулерге сәйкес ер адамдарды ұстауға арналған түзету мекемелерін күзету ҚР ІІМ ішкі әскерлерімен жүзеге асырылатын болады.

Әйел адамдарды ұстауға арналған түзету мекемелерін, тәрбиелеу колонияларын, тергеу изоляторларын және түрмелерді күзету Әділетминінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне жүктеледі.



1.5. Уәкіл мекемесінің жұмысы туралы
Уәкілдің қызметін іс жүзінде Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық жүзеге асырады., ол ҚР Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 992 Жарлығымен бекітілген Ереже негізінде әрекет етеді және Омбудсмен аппаратының рөлі мен функциясын атқарады.

Ережеге сәйкес , оның функцияларына Уәкіл қызметін ақпараттық талдау, ұйымдық құқықтық және өзгеше де қамтамасыз ету жатады.

Орталық заңды тұлға болып табылады, ал оның басшысына орталықтың барлық ұйымдастыру, кадрлік және қаржылық функцияларына әкімшілік ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыру құқығы берілген.

Омбудсмен қызметінің құқықтық және институциональдық аспектілерін реттейтін әлемдік тәжірибені зерттеу мекеменің біздің жағдайымыздағыдай «Ұлттық орталық» деген атауы тек Молдова заңнамасында ғана бар екенін көрсетті.

Жоғарыда мазмұндалған қандай да бір шатастыруды жиі тудырады, азаматтар Уәкілге екінші рет шағым жазғанда олар өздерінің Уәкілге жолдаған хаттарына Ұлттық орталықтан жауап алғанын көрсетеді. Азаматтардың басқа да санаттары бар, олар Ұлттық орталық мемлекеттік мекеме емес қоғамдық бірлестік деп санайды немесе тіпті Адам құқықтары жөніндегі комиссиямен шатастырады. Осыған байланысты осы есептің бүкіл мәтіні бойынша «Ұлттық орталық» деген терминнің орнына «(Уәкіл) мекемесі» деген термин пайдаланылады.

Есепті кезеңде мекеме саны 14 адамнан тұратын штатпен жұмыс істеді, оның үшеуі (бухгалтерлік және шаруашылық істер жөніндегі мамандар және іс қағаздарын жүргізуші) құқықтық қорғау функциясымен айналыспайды.

Карьерлік өсу перспективасы болмағандықтан кадрлар ағыны өте жоғары екенін атап өткен жөн. Мысалы мекеменің қызмет еткен 5 жылында оның штатынан 40 адам шығып кетті, 5 адам есепті кезеңде. Олардың 28і кету себебі ретінде еңбек ақының төмендігі деді. Сонымен қатар, үш жылдық республикалық бюджет туралы заңды қабылдау кезінде Парламент Уәкіл мекемсінің штат санын 17 бірлікке көбейту туралы ұсынысты қолдаған, олар Астана, Алматы және Байқоңыр қалаларында Уәкілдің өкілдіктерін ашу үшін арналған.

Республикада Омбудсмен институтының рөлі мен мәртебесін көтеруге, сондай ақ оны институционалдауға бағытталған бұндай шаралар 2007 жылы қазақстандық Уәкіл қызметінің ұйымдастыру құқықтық негізінің адам құқықтарын қорғаумен және қолдаумен айналысатын ұлттық мекемелердің мәртебесіне қатысты БҰҰ қағидаларына (Париж қағидалары) сәйкестігін зерттеген «Құқық арқылы демократияға» атты Венециандық Комиссияның ұсыныстарына сәйкес келеді.



1.6. Халықаралық ынтымақтастық
Уәкіл, қолданыстағы нормативтік құқықтық базаға сәйкес құқықтық қорғау саласында шет мемлекеттердің осындай институттарымен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады, халықаралық форумдарға қатысады, халықарлық конвенциялар мен шарттарға қосылу және кейін оларды ұлттық заңнамаға енгізу жөнінде мемлекеттік органдармен тұрақты жұмыс жүргізеді.

Ресей, Украина, Қырғызстан, Молдова, Әзірбайжан, Өзбекстан елдеріндег әріптестермен өзара іс қимыл барынша тығыз жасалады.

Есепті кезеңде Уәкіл мекемесі атына кеткен азаматтардың зейнетақы және әлеуметтік төлемдері, бұрынғы тұрған және еңбек еткен жерінен құжат беруге қатысты мәселелер бойынша 26 сұрату келіп түсті, сонымен қатар қазақстандық көлік және миграциялық полиция, кеден органдарының жұмысына және сот шешімдерін орындауға қатысты бірнеше сұрату түсті.

Шет елдердің омбудсмендерінің барлық хаттары бойынша республика мемлекеттік органдарының қатысуымен тексерулер уақытылы өткізілген және тиісті жауаптар мен түсіндірулер берілген.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 60 жылдығына арналған мерекелер аясында Уәкіл мен мекеме қызметкерлері Киев, Баку және Санкт-Петербург қалаларында өткен халықаралық конференцияларға қатысты, онда Қазақстандағы адам құқықтарымен байланысты ахуал туралы баяндамалар жасалған.

Уәкіл 2008 жылы наурызда Женева қаласында БҰҰдың Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 7 сессиясына қатысты.

Сессия аясында әйелдерге қатысты азаптауларға, қоған лоққыға қарсы тұру, адам саудасы, еріксіз ұстау, сондай ақ жеткілікті баспана, азық түлік және ойыңды еркін білдіру құқықтарын қамтамасыз ету сияқты өзекті құқықтық қорғау мәселелері бойынша интерактивті дөңгелек столдар өтті.

Қорытынды құжат тек Париж конвенциясына толық сәйкес келетін ұлттық құқықтық қорғау мекемелері ғана адам құқықтарын қорғаудың берік және тиімді ұлттық жүйелерінің маңызды элементі болып саналатынын және адам құқықтарының халықаралық жүйесінің, әсіресе дам құқықтары жөніндегі кеңестің, БҰҰдың адам құқықтары жөніндегі басқа да органдарының аясында серіктес болады деген тезисті тағы да бекітті.

Сессия кезінде Уәкілдің шетелдік Омбудсмендермен, халықаралық құқықтық қорғау ұйымдарының өкілдерімен, сондай ақ БҰҰ жүйеснің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кездесулері өтті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет