Қазақстан Республикасындағы балалар туралы жалпы мәлімет


Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау



бет7/10
Дата23.02.2016
өлшемі1.54 Mb.
#7479
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында көрініс тапты.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес әр бала өмір сүруге және отбасында тәрбиеленуге құқылы. Ата-аналары жоқ болған жағдайда, олардың ата-аналық құқықтарынан айырылған жағдайда және басқа да ата-ана қамқорлығынан отбасында тәрбиелену құқығынан айырылған жағдайларда баланы бағу мен тәрбиелеуді заңнамаларға сәйкес қамқоршылық, қорғаншылық органдары қамтамасыз етеді.

2011 жылы Қазақстан Республикасында ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар саны 36 777-ге жетті, ол өткен 2010 жылмен салыстырғанда 1 609 балаға азайды.

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алғысы келетін немесе қамқорлыққа, патронаттыққа алатын азаматтарға қолдау көрсету үшін Респубиканың өңірлерінде - 19 ата-аналарды қабылдау мектебі және 14 Отбасына көмек қызметі құрылған.

Балаларды биологиялық отбасына қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2007 жылдан бастап 4000 астам бала қайтарылды. Жыл сайын биологиялық ата-анасына қайтарылған бала саны артуда. 2010 жылы – 1328 бала (2007 жылы – 1004 бала) қайтарылды.

Білім беру бөлімдерінде қорғаншылық және қамқоршылық міндетін жүзеге асыратын мамандар саны 116-ға өсті. 2007 жылы – 210, 2010 жылы - 326 маманға.

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбилеуге алған азаматтар үшін қаржылық ынталандыру енгізілді. 2011 бастап осы санаттағы балаларды тәрбиелеуге алған қамқоршылар және қорғаншыларға 10 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде жәрдемақы төленуде.

36 777 жетім бала мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың 21 585-і қамқорлықта(қорғаншылықта), 2 267-і патронаттық тәрбиеде, 12 925-і интернаттық мекемелерде.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі интернаттық мекемелердегі тәрбиеленушілердің санын азайту.

Қазіргі уақытта жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде 12 925 бала тәрбиеленуде. Өткен жылмен салыстырғанда 1 127 балаға (8 пайызға) азайды.


Отбасылық ортасынан айырылған балалар
2011 жылдың аяғында республикада 12 925 жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға арналған, балалардың өмір сүруі мен тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған 209 мемлекеттік және мемлекеттік емес мекеме жұмыс істеді. Алайда, көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша психологтар мен педагогтар интернат үлгісіндегі мекемелердегі балалардың мекен-жайы оның негізгі талабына сай еместігін,ол өз кезегінде баланың жекеше ерекшелігін бұзуға әкеп соғатынын көрсетеді. Интернаттық үлгідегі мекемелерде отбасының, жақын адамдардың және достарының жоқтығына байланысты баланың әлеуметтік дамуы шектелген. Жас кезінен жетім қалғандар ата-ана іс-әрекетіне қарап, өз мінез-құлқын түзеу мүмкіндігінен айырылған, сондықтан балалар үйi және интернаттардағы бiркелкi ортада болуы бұл балаларда төмендетілген тiршiлiк стандарттарын қалыптастырады.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барынша отбасылыққа жақындатылған жағдай туғызу мақсатында республикада балалар үйінің және интернаттық үлгідегі мекемелердің уақталуына деинституционализациялау бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде балалар үйінде отбасы үлгісінде жұмыс істеп жатқан топтарда өзара туыстық қатынаспен байланысқан, бір-бірімен достасқан балалар 8-10 адамнан тұрады. Бұдан басқа балалар үйлерінде баланың ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу бағдарламалары енгізілді, отбасына жақындатылған жағдайлар жасалды.

Барлық ұйымдарда тәрбиеленуге және білім алуға жағдай жасалған, лингафондық және мультимедиалық кабинеттермен жабдықталған, 148 ұйым Интернет желісіне қосылған.

Жыл сайын өңірлерде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Ризашылық!», «Доброта во благо детям...» қайырымдылық мерекелері және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасында тәрбиелеуге алатын адамдарды тарту және іздестіруге бағытталған «Қуан сәби» республикалық акциясы жүргізілуде

Осының аясында, 2010 жылғы қысқы және көктемгі демалыс кезінде балалар үйлерінің 1103 тәрбиеленушілері қазақстан азаматтарының отбасыларында демалды. Жыл сайын балалар үйлерінің 120-дан астам тәрбиеленушілері жазғы демалыс кезеңінде шетелде демалады.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың балама түрлерінің бірі бала асырап алу болып табылады. Бала асырап алудың негізгі мақсаты – ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларды туған отбасылық өмір жағдайымен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бала асырап алу мәселесі бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мәртебесіне ие болған баланы сол сәттен бастап асырап алуға құқығы бар біздің еліміздің азаматтарына басымдылық беріледі.

«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған 1999 жылдан бастап 41 091 бала, соның ішінде қазақстандық азаматтар – 31 929 бала, шетелдік туыстары – 487, шетелдік азаматтар – 8675 бала асырап алды.

Соңғы уақытта қазақстандық азаматтардың асырап алған бала санының өсу тенденциясы байқалады, сонымен қатар шетелдік азаматтар асырап алған балалардың саны кеміді.

2010 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенция ратификацияланды.

Қазіргі уақытта ұлттық заңнаманы аталған Конвенцияның нормаларына сәйкестендіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

2010 жылғы қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Гаага конвенциясының ережелерін іске асыру шеңберіндегі қамқоршылық және қорғаншылық органдарының міндеттері туралы» мәселесі бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорлары мен балалардың құқықтарын қорғау мамандарының қатысуымен Республикалық кеңес өтті.

Астана қаласында 2011 жылғы наурызда «Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияның ратификациялануы аясында баланы шетелдік асырап алудың өзекті мәселелері» республикалық семинар-кеңесі өткізілді.

Семинар-кеңеске мемлекеттік органдардың, ҚР Бас прокуратурасының, Астана қаласының Ювеналдық сотының, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері қатысты.

Республиканың алдыңғы қатардағы телеканалдарында 2010 жылы әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді. «Ел арна» телеарнасында «Біздің балалар» бағдарламалар топтамасы шығуда.

Жергілікті газеттерде «Әр балаға – отбасы», «Мен анамды іздеймін!», «Ана, мені тауып алшы!», «Әлемге мен қажетпін, маған отбасы қажет» және тағы басқа арнайы айдарлар ашылған.

Талантты, дарынды балалар халықаралық байқауларға қатысады. Мысалға, 2011 жылғы 30 сәуірде «Үміт» балалар үйінің 27 баласы Түркияның Фетхи қаласында өткен Халықаралық байқау-фестиваліне қатысып, 23 мемлекет қатысушылардың арасында 2-ші орынды иеленген.

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелерін шешу мақсатында, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Респубикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясы, Мәдениет, Байланыс және ақпарат министрліктерімен бірлесіп әзірленген 2011 жылы жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуды насихаттау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Аталған жоспарға сәйкес республика өңірлерінде, балалар үйілерінің тәрбиеленушілерін өз еліміздің азаматтарының отбасына орналастыру мәселеріне арналған әкелер конференциясы, дөңгелек үстелдер, облыстық телеарналарда «Әр балаға – отбасының бақыты» («Каждому ребенку – счастливую семью») тақырыбында бейне-ролик көрсетілімі, «Бала жүрегінің үміті» телехабар циклі ұйымдастырылуда.

Еліміздегі балалар мекемелеріндегі балалар құқықтарының сақталуына мониторингті жүйелі негізде қазақстандық омбудсменнiң мекемесi жүргізеді.

Сонымен, 2010 жылы Астана, Алматы, Көкшетау, Шымкент, Павлодар, Жезқазған, Сәтпаев қалаларындағы 22 интернаттық үлгідегі балалар мекемелеріне барды.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету
Баланың, оның ішінде жетім баланың тұрғын үйінің сақталуына құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелген.

2009 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастарының мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы» Заңына сәйкес жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар белгіленген тәртіпте мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылған және 29 жасқа дейін есепке алынғандар тұрғын үй алғанға дейін есептен шығарылуға тиісті емес.

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі 2010 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралған.

Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдеріне «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көрсетілген жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы, оның ішінде тұрғын үйді бекіту мен өз атында сақталуын жүзеге асыру туралы бөлігін орындау үшін барлық қажет шараларды көру тапсырылды.

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқығының бұзылу фактілері орын алуда.

Республикада жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының түлектеріне арнап 29 жасөспірімдер үйі ашылды. Бұл үйлерде 17 жастан 23-ке дейінгі 1360 түлек өмір сүреді.

2006-2010 жылдар аралығында 442 бітірушіге мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер бөлінді.

Қарағанды облысының әкімдігі 2011-2013 жылдарға арналған 16 жастан 23 жасқа дейінгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша Кешенді жоспардың жобасын құрды. Осы жобаға сәйкес 320 бала мемлекеттік тұрғын үй қорынан үймен қамтамасыз етіліп, 4 Жасөспірімдер үйі мен Жастар үйі ашылады.



Ақтөбе облысында «Қазақстанның Тұрғын үй-құрылыс жинақ» банкі АҚ-да бастапқы тұрғын үй алу үшін алғашқы жарна төлей алатын жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілеріне 57 млн. 138 000 теңге көлемінде қаражат бөлініп, оған 14 пәтер сатып алынды.

VIII. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, қараусыздық пен қадағалаусыздықтың алдын алу
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әр түрлі бағытта кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Қылмыс жасаған адамдар саны

Барлығы,адамдар




2007

2008

2009

2010

барлығы

Оның ішінде кәмелетеке толмағандар

барлығы

Оның ішінде кәмелетеке толмағандар

барлығы

Оның ішінде кәмелетеке толмағандар

барлығы

Оның ішінде кәмелетеке толмағандар

Қазақстан Республикасы

79641

8344

78078

7519

78673

6651

84 411

6 070

Ақмола

4651

482

4563

446

5074

488

5 537

433

Ақтөбе

3783

298

3735

321

3442

269

3 820

198

Алматы

6289

652

6484

679

6610

488

6 359

466

Атырау

2370

203

2286

166

2267

151

2 474

132

Шығыс қазақстан

10134

1319

9989

1078

10681

1112

10 498

943

Жамбыл

3387

379

3431

367

3689

368

3 614

316

Батыс Қазақстан

3419

476

3387

446

3083

328

3 716

337

Қарағанды

7176

771

7012

735

6974

664

7 459

744

Қостанай

5864

946

6015

764

5624

588

5 712

440

Қызылорда

3013

273

2671

181

2841

184

2 978

170

Маңғыстау

1934

219

2302

322

2051

216

2 163

232

Павлодар

5573

687

5051

580

5021

511

5 289

441

Солтүстік Қазақстан

3497

358

3147

256

3135

207

3 650

209

Оңтүстік Қазақстан

5409

536

5403

519

5711

513

6 116

477

Астана қ.

2091

148

2190

144

2421

135

2 474

110

Алматы қ.

5592

347

5320

337

5420

296

8 475

309



Елімізде 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қызмет жасайды. Комиссия отырыстарында 30-дан астам сұрақтар қаралды, оның ішінде 10-ы балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мәселесі бойынша.

2010 жылы Білім және ғылым, Ішкі істер, Денсаулық сақтау және Әділет министрліктері бірлесіп құқықтық сауаттылықты арттыру және кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыз және панасыз қалғандардың санын төмендету мақсатында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша ведомствоаралық жоспар әзірледі

Қадағалаусыз және панасыз қалғандарды анықтауда мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ және қоғаммен үнемі бірлескен рейдтік іс шаралар және «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше», «Қамқорлық», «Мектепке жол» және басқа да акциялар өткізіледі.

2010 жылы ҚР Ішкі істер министрлігі «Балалар – біздің болашағымыз» (15 сәуір 15 мамыр), «Полиция және мектеп» (13 қыркүйек 6 қазан) атты акция өткізді. Акция барысында жасөспірімдер арасында ішімдікке салынушылық, нашақорлық және темекі құмарлық профилактикасы бойынша 10 мыңнан астам лекциялар мен әңгіме, 500 семинар, мыңға жуық дөңгелек үстелдер, 300 брифингтар өткізілді. Мектеп оқушылары және ұстаздар арасында мектеп инспекторлары қызметінің тиімділігін анықтау мақсатында 2 мыңнан астам сауалнамалар жүргізілді. Мыңнан астам спорттық және 800-ден астам мәдени шаралар ұйымдастырылған.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың ерте алдын алудың тиімді әдісінің бірі жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру және оларды спорттық секциялар мен үйірмелерге тарту.

Осыған байланысты, Ішкі істер Министрлігінің барлық ведомстволық спорт залдарында, тегін негізде, қолайсыз отбасынан шыққан кәмелетке толмаған балалар үшін сабақтар өткізілуде. Оған 10 мыңнан астам кәмелетке толмағандар қамтылған.

Өмірдің қиын ахуалына тап болған кәмелетке толмағандарды есепке алудың бірыңғай кіріктірілген деректер банкі құрылды. Деректер банкісіне мектепте себепсіз сабақ босататын, арнайы білім беру ұйымдарында тұратын, зорлық-зомбылық және қатал қараудың құрбандары, қолайсыз отбасындағы балалар, бейімдеу орталықтарына жеткізілген қадағалаусыз және панасыз қалғандар туралы деректер енгізіледі.

Қызылорда облысында өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға арналған оңалту орталығы жұмыс істейді.

Саран қаласында Проблемалық отбасы орталығы және үш балалар үйі мен жасөспірімдер клубы жанынан Отбасын қолдау орталығы қызмет жасайды.

Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп («Сандж» зерттеу орталығы, «Балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы» қоғамдық бірлестігі) отбасының қолайсыздығын ерте анықтау бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізілуде, аталған мәселелер бойынша ұсынымдар дайындалған.

«Қолайсыз отбасы: себептері және алдын алу», «Мектепте отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру» атты әдістемелік кітапшалар шығарылған.

Ынтымақтастық меморандумы аясында ҚР адам құқығы бойынша және Қазақстандағы Біріккен ұлттар ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілеттігімен 2011 жылдың шілде-қараша аралығында Қазақстанның қалалық жерлерінде тұратын ең осал және тәуекел тобындағы балалардың жағдайына, сонымен бірге балаларды сексуалды қанау және балалардың ішкі трафикасы, қадағалаусыз және зорлық зомбылық аспектілеріне экспресс-бағалау өткізу жоспарлануда. Көше балаларының арасында жағдайды зерделеу үшін Үкіметтік емес ұйымдарды тарту жоспарлануда.


Сотталған кәмелетке толмағандармен жүргізілетін тәрбие жұмысы, Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі әділ сотты жөнелту
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесінде (бұдан әрі ҚАЖ комитеті) бүгінгі күні 4 тәрбиелік колония және Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті Департаментінің (әрі қарай -ҚАЖКД) ЛА-155/4 мекемесі жанынан қыздарға арналған 1 локалды (әрі қарай- ТК) учаскесі бар. Соңғы үш жылда аталған колонияларда ұсталып отырған сотталушылар санының төмендеу тенденциясы байқалады. Жоба қуаттылығы 1300 орындық тәрбиелеу колониясында: 2008 жылы-449, 2009 жылы-427, 2010 жылы -243 кәмелеттік жасқа толмаған сотталушылар (оның ішінде 3-і әйел) ұсталуда.

Болған жағдайды ескере отырып, төрт тәрбиелеу колониясының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасы негізінде ұсталу талабы халықаралық стандартқа сай 350 орынды (1223 шаршы метр) лимитпен Алматы қаласында колония құру шешімі қабылданды.

Республиканың мәдени өмірінің орталығы болып табылатын, жұмсақ ауа-райы бар Алматы қаласында сотталған кәмелетке толмағандарды ұстау, тәрбиелеу процессінің нәтижесіне ықпал етеді. Бұл бастама Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қолдауын тапты.

2010 жылы жасөспірімдерге қатысты қылмыстық саясатты гуманизациялауға бағытталған «Балалардың құқығын қорғау мәселесі бойынша біршама заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл заңда қоғамнан аластатылған жасөспірімдерге қолданылатын жазалау мен тыйыюлар жеңілдетілген. Бостандығынан айырылған жерлерге жібермей, оларды профилактикалық шара қолдану арқылы түзетуге болады.

Қабылданған Заң шеңберінде гуманизациялау бойынша 6 мыңдай сотталғандар мүмкіндік алды. 2011 жылдың өзінде 2 мыңдай кіші және орта ауырлықта қылмыс жасағандары үшін сотталғандар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды.

Қылмыс жасаған балалардың қылмыстық жауапкершілікке тартылуы 14 жастан 16 жасқа ұлғайды. Бұл заңның бір жаңалығы екі жақ келісімге келген жағдайда ауыр қылмыс жасаған жасөспірім қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін, шарттарын алып тастаған жағдайда, егер келтірген нұқсанның орны толтырылмаған жағдайды есептемегенде (ҚК 67 бап («Жәбірленушімен келісімге келуіне байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылмау туралы») үшінші бөлікпен толықтырылған, онда жоғарыда көрсетілген шарттарға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы қарастырылған).

Қылмыстық заңнаманы гуманизациялаудан басқа заң азаматтық-құқықтық жауапкершілікті тағайындау арқылы жасөспірімдермен құқықтық қарым-қатынасты реттеуді қарастырған. Сондай-ақ, Азаматтық-құқықтық кодекс тұтас тараумен толықтырылған, жасөспірімдерді ерекше тәртіпте ұстайтын арнайы мекемелерге және білім беру мекемелеріне жіберу, сонымен қатар сотта осы шешімдерге шағым беру мүмкіндігі қарастырылған.

Комитеттің азаптауға қарсы және азаптау қимылдарына қарсы ұсыныстарын орындау аясында, Біріккен ұлттар ұйымы Комитетінің 2009-2012 жылдарға арналған азаптауға қарсы ұсыныстарын іске асыруға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметінің іс-шаралар жоспары дайындалды.

Қызметкерлері жасаған жәбірлеу бойынша қылмыстық істерге тергеу жүргізу құқық қорғау органдарының қарамағынан алынды.

Заңнамалық ұғым «азаптау» 1984 жылы 10 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында қол қойылған азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалаулар түрлеріне қарсы Конвенция талаптарына сәйкестендірілген. Азаматтардың жасалған азаптаулар туралы, сондай-ақ олардың алдын алу бойынша өтініштерін тексеру механизмі реттелді. Бас бостандығынан айыру орындарында тұлғалардың дене жарақатын дәрігерлік анықтаудан өткізу кезінде сот сарапшыларының міндетті түрде қатысуы енгізілген.

2011 жылдың соңына дейін ұлттық превентивтік механизм туралы және сотталғандардың пробациялық қызметі туралы заң жобаларымен жұмысты аяқтауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар превентивтік механизм қызметінің қағидалары бүгінгі қылмыстық- атқару жүйесіне жаңалық емес. 5 жылдан бері елімізде қоғамдық бақылау комиссиясы белсенді жұмыс атқарып келеді. 2008 жылдан бері аталған комиссиялардың жүргізген тексерістерінің саны 4 есеге өсті.

Жалпы, Қазақстанның пенитенциарлық жүйесі кезең-кезеңмен халықаралық стандарт деңгейіне көтеріліп келеді. Оны реформалау:

камералық тәртіпте ұстауға көшу;

қоғамдық бақылау механизмін белгілеу мен медициналық қызмет көрсетудің, әсіресе қылмыстық жазасын өтеп шығатын тұлғалар ауруларының алдын алу жүйесінің сапасы

қылмыстық жазасын өтеп шығатын тұлғалар ауруларының алдын алу жүйесінің сапасын арттыру.

Үкімет адамдарды сату фактілері мен азаптауға үзілді-кесілді қарсылық білдіреді.

Комитеттің бала құқықтары туралы 33-сессиясындағы ұсыныстарға байланысты 18 КТУОБО-ры (Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және сауықтыру орталығы) штаттық саны 386 бірлігімен Ішкі істер министрлігінің жүйесінен білім беру жүйесіне берілді («Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің және құқық қорғау жұмысының тиімділігін арттыру шарасы туралы» 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы).

Бұл шешім біздің қоғамымыздың алға қарай ұмтылуының нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қатысты қалыптасқан әлемдік гуманизациялау тенденциясын ескере отырып, балалар панасыздығы мен қараусыздығының алдын алу жүйесін өзгертуге бағытталған.

«Қоғамды қауіпсіздендіруді қамтамасыз ету бойынша ішкі істер органдарының жұмысын жетілдіру мәселелері Қазақстан Республикасының біршама заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, КТУОБО-ы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы болып қайта құрылды( әрі қарай- КТБО).

КТБО-на 3-18 жас аралығындағы жасөспірімдер: қараусыз және қадағалаусыз қалған балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жасөспірімдер, арнайы білім беру мекемелеріне жіберілгендер орналастырылады.

Жасөспірімдерге қиын жағдайдан шығуға жедел көмек көрсету, оларды орналастыру, баланы отбасымен қосу КТБО-ның басты міндеті болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет