5 бөлiм. Қорытынды ережелер
25-бап. Көлiктiк бақылау және қадағалау
Көлiк құралдарын пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңнамасының, қозғалыс қауiпсiздiгi мен экология жөнiндегi талаптардың сақталуына көлiктiк бақылауды және қадағалауды уәкiлеттi орган және өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асыратын көлiктiк бақылау:
1) жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерiнiң сақталуын бақылауды;
2) темiр жол көлiгiндегi, оның iшiнде магистральдық, стансалық және кiре берiс темiр жолдарындағы қозғалыс қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды;
3) темiр жол қозғалыс құрамының мемлекеттiк тiркелуiн бақылауды;
4) кеме қатынасы және теңiзде жүзу қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды және қадағалауды;
4-1 жеке және заңды тұлғалардың су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн сақтауын бақылауды және қадағалауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнiнде шаралар қолдануды;
5) халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде рұқсат беру жүйесi талаптарының сақталуын бақылауды;
6) рұқсаттық бақылауды;
7) алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
8) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
9) iшкi су жолдарында жүзу қағидаларының сақталуын бақылауды және қадағалауды;
10) техникалық пайдалану ережелерi мен кемелердегi қызмет жарғысының сақталуын бақылауды және қадағалауды;
11) лоцмандық қызметтi және өзге де теңiз қызметтерiн бақылауды және қадағалауды;
12) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуын бақылауды және қадағалауды;
13) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
14) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының өтуiн бақылауды;
15) автокөлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде белгiленген еңбек және демалыс режимiн сақтауын бақылауды;
16) автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналып рұқсат етiлген параметрлерiнiң сақталуын бақылауды қамтиды.
17) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамдары көлiктiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде нысанды киiм (погонсыз) киiп, талап ету бойынша қызметтiк куәлiгiн көрсетуге тиiс.
Нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн және оны киiп жүру тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
Нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудiң заттай нормаларын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсу бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi.
Уәкiлеттi мемлекеттiк орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бiрлескен бақылау және қадағалау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
Мемлекеттiк органдар уәкiлеттi мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiк саласындағы қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiне көлiктiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi орындауда жәрдем көрсетуге мiндеттi;
18) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi ережелерiне сәйкес азаматтық авиация саласына жататын жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерiмен ұшуларды орындауын бақылауды және қадағалауды;
19) азаматтық авиация ұйымдарының авиация қызметкерлерiнiң кәсiби дайындығы және денсаулық жағдайы мәселелерi бойынша белгiленген талаптар мен нормаларды қамтамасыз етуiн бақылауды және қадағалауды;
20) азаматтық авиация ұйымдарының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдығы нормаларын қадағалап отыруын бақылауды және қадағалауды;
21) авиациялық техниканың және оған жерде қызмет көрсететiн құралдардың ұшу және техникалық пайдалану талаптарына сәйкес болуын бақылауды және қадағалауды;
22) аэродромдар (вертодромдар) объектiлерiнiң және ұшу-қону алаңдарының күтiп ұсталуын бақылауды;
23) азаматтық авиация аэродромы ауданында объектiлердi таңбалаудың жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды;
24) халықаралық әуе тасымалының жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды;
25) авиациялық қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды және қадағалауды;
26) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
27) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
28) жеке және заңды тұлғалардың темiржол көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, халықаралық шарттарын сақтауын бақылауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнiнде шаралар қолдануды қамтиды;
29) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
25-1-бап. Көлiк саласындағы мемлекеттiк бақылау және
қадағалау
1. Көлiк саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 25-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
25-2-бап. Тексеру жүргiзудiң мерзiмдерi
Ескерту. 25-2-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
26-бап. Көлiк саласындағы халықаралық қатынастар
Уәкiлеттi мемлекеттiк орган көлiк саласындағы мемлекетаралық қатынастарда келiсiмдер мен шарттар жасау құқығына ие бола отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен республиканың мүддесiн бiлдiредi.
Тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес басқа мемлекеттердiң заңды және жеке тұлғаларымен сыртқы экономиканы және ынтымақтастықты дамыта отырып, өнiмдер (жұмыстар, қызметтер, экспортын (импортын) жүзеге асыра алады.
Ескерту. 26-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Достарыңызбен бөлісу: |