«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Есірткі және психотроптық заттар мен прекурсорлардың



бет65/105
Дата03.12.2022
өлшемі1.08 Mb.
#466324
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   105
treatise8925

14.3. Есірткі және психотроптық заттар мен прекурсорлардың
сот сараптамасы
Аталған сараптаманың объектілері есірткі құралдары және психотропты заттар мен прекурсорлар болып табылады.
Мұндай объектілер келесі күйде болуы мүмкін:

  • өсімдік немесе конопля, мак, эфедра өсімдігінің ұнтақталған бөлігі ретінде, конопля өсімдігінен (марихуана, гашиш, смола, каннабиса, опиум т.с.с.) алынып, қолмен жасалуы мүмкін;

  • заңсыз синтетикалық және жартылай синтетикалық (героин, амфетамин және оның туындылары);

  • қолдан жасалған (героиннің, эфедронның, опияның сұйықтығы);

  • зауыттық әдіспен дайындалған дәрі-дәрмектер немесе құрамында есірткі, психотроп заттары бар дәріханалық жүйеде дайындалған дәрі-дәрмектер;

  • есірткі құралдары не психотроп заттардың аналогтары;

  • дайындау, сақтау, тасымалдау кезіндегі әр түрлі объект-тасушылардағы есірткі құралдары не психотроп заттардың микроқабаттары;

  • құрамында есірткі құралдары не психотроп заттардың болуы мүмкін деген табиғаты анықталмаған заттар.

Сол сияқты, объекті ретінде есірткі құралдары не психотроп заттарды дайындаған құрал-саймандар, аталған объектілердің өсу жері бола алады.
Есірткі құралдары және психотроп заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасының пәні Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi № 279-1 Заңына сәйкес, тыйым салынған заттарды таратуға, дайындауға қатысты фактілі деректерді анықтау. Аталған заттарға сәйкес сот сараптамасы есірткі құралдарының, психотроп заттардың, прескурсолардың контрабандасы, оларды заңсыз тарату, дайындау, кісі өлтіру, денеге зақым келтіру, зорлау, жол-көлік оқиғасына және өзге де фактілер бойынша тағайындалады. Сол сияқты, аталған сараптама әкімшілік, азаматтық сот өндірістерінде де қаралады. Есірткі құралдары және психотроп заттар мен прекурсорлардың зерттеулері сот-биологиялық, фармацевтикалық, токсикологиялық, сот-медициналық сараптамалардың шеңберлерінде де жүргізіледі.
Сот-биологиялық сараптаманың пәні өсімдіктерді зерттеуге қатысты мән-жайлар болып табылады. Сонымен қатар, аталған өсімдіктер өз құрамында галлюциногендік, депрессивті заттардың бар болуын қарастырады. Оларды жіктеу үшін ботаника ғылымына сай, өсімдіктердің уақытша сипаттамалары анықталады (жинау мерзімі, вегетация фазасы т.с.с.).
Фармацевтикалық сот сараптамасының пәні фармпрепараттарға қатысты мән-жайларды анықтау болып табылады. Сонымен қатар, олардың құрамына жоғарыда аталған Заңның тізіміндегі препараттардың және олардың ҚР Мемлекеттік фармакопеясына және өзге де нормативті актілердің талаптарына сай болуы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет