«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Көлік құралдарының қақтығысу жағдайын зерттеу, жылжымайтын объектіні басуды зерттеу



бет75/105
Дата03.12.2022
өлшемі1.08 Mb.
#466324
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   105
treatise8925

Көлік құралдарының қақтығысу жағдайын зерттеу, жылжымайтын объектіні басуды зерттеу кезінде диагностикалық және ситуациялық міндеттер шешіледі:

  • ЖКО басталуынан аяқталуына дейінгі процессті анықтау;

  • соғылғанға дейінгі КҚ қозалысы мен сипатының траекториясын анықтау;

  • әр бір орын алған оқиға фазасының техникалық сипаттамасын анықтау;

  • КҚ нақты учаскіні өтуді және соқтығысу жерін анықтау;

  • оқиға болғанға дейінгі КҚ жылдамдығын анықтау (тоқтау жолы іздері бойынша немесе олардың болмауына қатысты);

  • соқтығысу кезінде КҚ бір-біріне орналасу жағдайын анықтау;

  • қозғалыс үшін қауіпті жағдайдың мерзімін анықтау;

  • жүргізушінің ЖКО болдырмаудың техникалық мүмкіндігін анықтау т.с.с.

Жүргіншіні, велосипедшіні қағып кетуді зерттеу кезінде диагностико-ситуациялық міндеттер:

  • жүргіншіні қағып кеткенге дейінгі КҚ траекториясын және қозғалыс сипатын анықтау;

  • жүргішіні қағып кеткен жерді анықтау;

  • жүргішіні қағып кеткенге дейінгі КҚ жылдамдығын анықтау т.с.с.

КҚ аударылуын зерттеу кезіндегі диагностико-ситуациялық міндеттер:

  • аударылғанға дейінгі траектория мен қозғалыс сипатын анықтау (сол сияқты КҚ жылдамдығын анықтау);

  • КҚ тұрақтылығын жоғалтуының себебін анықтау.

ЖКО барлық жағдайларында КҚ жүргізушінің әрекеттеріне қатысты диагностико-ситуациялық міндеттер келесі мақсаттар үшін шешіледі, олар:

  • жол қауіпсіздік ережелеріне сай жүргізушінің жасайтын міндетті әрекеттерін анықтау;

  • жол қауіпсіздік ережелеріне, көлікті қолдану және техникалық талап нормаларына сәйкес жүргізушінің фактілі әрекеттерін анықтау;

  • тергеушімен (сотпен) анықталған себепті байланысының КҚ жүргізушінің көлікті басқаруының және оқиғаның техникалық салдарының фактілі әрекеттерін анықтау (қақтығысу, аударылуы);

  • жүргізушінің жол жүру ережелеріне сәйкес оқиғаны болдырмауының техникалық мүмкіндігін анықтау т.с.с.

ЖКО барлық жағдайларында жолдың, жол жабдықтарының, сыртқы факторларының техникалық жағдайларын анықтау үшін келесі міндеттер шешіледі:

  • жолдың, жол жиегінің, жол қабаттарының күйін анықтау;

  • КҚ, ЖКО өзге де объектілердің параметрлері мен коэффиценттерінің мәнін анықтау;

  • жол оқиғасының жағдайын ескере отырып жүргізушінің отырған жерінен көру жағдайларын анықтау (көру мүмкіндігін шектейтін кедергілерді анықтау);

  • жол оқиғасының жағдайын ескере отырып (жол белгілері) ЖКО болдырмаудың техникалық мүмкіндігін анықтау;

  • жүруге кедергі болған (жол белгілерінің болмауы) және ЖКО тудыруға себеп болған жағдайларды анықтау т.с.с.

Жоғарыда аталған міндеттерді шешу үшін келесі редакцияда сұрақтар сараптама алдына қойылуы керек:

  • тоқтауға дейінгі КҚ жүру жылдамдығы;

  • жолды көру және бұрылу кезінде тұрақтылықтың сақталуы үшін қауіпсіз жылдамдығы;

  • оқиға болған жердің жағдайларына сай КҚ тоқтау жолы;

  • КҚ қақтығысу жерінен нақты жағдайларда орналасқан қашықтығы (жүргіншінің жол бойынан өтуді бастаған сәттен т.с.с.);

  • белгілі жағдайларда (жолдың жағдайына қауіпсіз жылдамдықпен жүру) жүргізушінің қақтығысты тоқтату арқылы болдырмаудың техникалық мүмкіндігі болды ма ?

  • ЖКО сай көлік құралдарының бір-біріне қатысты қауіпсіз ара қашықтығы қандай ? т.с.с.

Көлік қатты жылдамдықпен келе жатып жүргіншіні басып кетудің себебін анықтау үшін келесі сұрақтар қойылады:

  • іс материалдарында көрсетілген жылдамдық бойынша, жүргіншіні қағып кетпеуге көлік жүргізушісінің техникалық мүмкіндігі болды ма ?

  • жүргізушінің көлікті жүргіншіні басып кеткен жерге дейін жеткізбей (өзге де жағдайларға сәйкес) көлікті тоқтатуға техникалық мүмкіндігі болды ма ?

  • жүргізуші нақты жағдайда жол жүру ережелерінің талаптарына сәйкес, көлікті тоқтатуға техникалық мүмкіндік туғызу үшін және жүргіншіні қағып кетпеу үшін қандай әрекеттер жасау керек болды ?

Аталған сұрақтарды шешу, сарапшыға көлік құралының жылдамдығы мен одан пайда болған салдардың себебін анықтауға мүмкіндік береді.
Сот және тергеу тәжірибесінде сарапшылардың жүргізушінің әрекеттері мен ЖКО салдарына қатысты қорытындылары алуан-түрлі талқыланады. Аталған қорытындылар қылмыстың құрамын анықтауға мүмкіндік береді. Сарапшылардың көлік жүргізушісінің әрекеттерін, көлік құралының техникалық жағдайларын анықтау, КҚ аударылуы, соғылуы т.с.с. жағдайлардың себепті салдарының анықталуы туралы қорытындылары қылмыстың құрамын белгілеуге әсер етеді.
Тергеуші (сот) және сарапшылар үшін, көлік жүргізушісінің қауіпті жағдайдың алдын-ала білуі туралы фактілерді анықтау күрделі. Мұндай жағдайларды анықтау ол тұлғаның субъективті психофизиологиялық ерекшеліктеріне қатысты болады. Аталған факторларды анықтау үшін психофизиологиялық сараптамалар тағайындалуы қажет.
Көлік жүргізушісінің нақты ЖКО болдырмауға мүмкіндігін анықтау үшін Жол жүру ережесінің талаптарына сай белгілі уақыт мерзімінің ішінде жүргізуші белгілі әрекеттерді жасай алды ма деген жағдайды анықтау қажет.
Аталған сұрақты анықтау барысында жүргізуші ЖКО болдырмауға қатысты әрекеттерді қанша уақыт мерзімінде жасауымен қатар, оның сол қауіптілікке қатысты реакциясының және өзге де субъективті мазмұндағы жағдайлардың туындауын ұмытпауы керек.
Мамандардың пікірінше, автотехник-сарапшысы тек қауіптіліктің туындаған уақыты мен көлік жүргізушісінің қауіп туындаған сәттен болдырмауға мүмкіндігі болды ма, жоқ па, соны анықтайды. Себеп-салдарына қатысты сұрақтар техникалық мазмұны жағынан, сот пен тергеу органдарының құзыреттілігіне және себеп-салдардың қылмыстық-құқықтық ұғымына араласпай шешіледі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет