7
|
Жеке тапсырмалардың үлгі тізімі ..............................
|
40
|
8
|
Тәжірибе түрлері бойынша ұсынылатын әдебиеттер ........................................................................
|
41
|
А қосымшасы – Есептің титулдық беті .......................................
|
43
|
Б қосымшасы – Есептің мазмұны ................................................
|
44
|
В қосымшасы – Тәжірибе күнделігі .............................................
|
46
|
9
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................
|
56
|
1 Жалпы ережелер
Өндірістік-технологиялық тәжірибе оқыту процесінде алынған теориялық білімді бекітуге, тәжірибелік дағдылар мен құзыреттерді игеруге, сондай-ақ тамақ өнімдері технологиясы саласындағы кәсіпорындардың озық тәжірибесін игеруге бағытталған.
Аталмыш өндірістік-технологиялық тәжірибелер бағдарламасы Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 бекіткен "Жоғары білім" МЖМБС-ға, "Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" ҚР БҒМ 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына (2014 жылғы 2 маусымдағы № 198 өзгерістермен және толықтырулармен) сәйкес жасалды); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген "Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (2010 жылғы 13 сәуірдегі №168, 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 506, 01.11. 2010 ж., 16.04.2011 ж. № 94 және 04.11.2013 ж. № 445).
Өндірістік-технологиялық тәжірибе студенттердің тәжірибелік дағдыларды меңгеруін, тамақ өнімдері индустриясындағы басқару принциптерін, технологияларын, процестері мен құралдарын зерделеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ студенттерге технологиялық процестерді басқару, тамақ өнімдері кәсіпорындарының қызметін стратегиялық жоспарлау дағдыларын алуға, сервис-менеджменттің негізгі тұжырымдамаларын, қызмет көрсету этикасы мен мәдениетін қолдана білуге, ақпаратты қабылдау мен талдауға, мақсат қоюға және оған қол жеткізу жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да оқитын студенттер үшін кәсіби (өндірістік - технологиялық) тәжірибе 6В07201 – Тамақ өнімдерінің технологиясы білім беру бағдарламасының В068 - "Тамақ өнімдерін өндіру" мамандығы бойынша міндетті компонент болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |