11 тарау. Қонуға арналған әуеайлақтың жаттығу минимумдары
60. Қонуға арналған әуеайлақтың жаттығу минимумы төмендегi 18 және 19-кестелерге сәйкес қонуға арналған әуеайлақтың пайдалану минимумына сүйене отырып, анықталады.
18-кесте. Қонуға арналған әуеайлақтың жаттығу минимумы шешiм қабылдау салыстырмалы биiктiгi (DH)
қону пайд. әуеайл. DH
|
60 м (200 фут) және төмен
|
65-70 м (211 – 230 фут)
|
75-125 м (250-410 фут)
|
130 м (426 фут) және астам
|
қону жатт. әуеайл. DH
|
қону пайд. әуеайл. DH
|
60 м (200 фут)
|
қону пайд. әуеайл. DH – 20, бiрақ 60 м (200 фут) төмен емес
|
қону пайд. әуеайл. DH - 30, бiрақ 110 м (360 фут) төмен емес
|
Барлық жағдайларда шешiм қабылдау биiктiгi (DH) қонуға кiрудiң осы жүйесi үшiн белгiленген кедергiлерден ұшып өтудiң ең төменгi қауiпсiз биiктiгiнен төмен емес.
19-кесте. Қонуға арналған әуеайлақтың жаттығу минимумы ҰҚЖ-дағы RVR/CMV көрiну алыстығын анықтау
Әуеайлақта белгiленген RVR/CMV
|
400 м және одан төмен
|
400 м астам бiрақ 800 м төмен
|
800 және одан астам
|
Жаттығу әуеайлағы RVR/CMV
|
ұшу әуеайл. RVR/CMV – 50 м, бiрақ 75 м төмен емес
|
ұшу әуеайл. RVR/CMV – 100 м
|
ұшу әуеайл. RVR/CMV – 200 м
|
61. Жаттығу ұшуында ұшып көтерiлу мен қонуды нақты метеорологиялық жағдайларда:
1) қонуға арналған әуеайлақтың жаттығу минимумы қону жатт. әуеайл. шешiм қабылдау салыстырмалы биiктiгiнен (DH) нашар емес бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi бойынша;
2) қонуға арналған әуеайлақтың жаттығу минимумы үшiн белгiленген RVR/CMV нашар емес ҰҚЖ-дағы көрiну алыстығы бойынша орындауға рұқсат етiледi.
Жаттығу ұшуында қонуды I, II, III санаттары минимумдары бойынша C, D, E санатты ӘК-де орындауға болады;
3) 60 х 550 және төмен минимумдар бойынша А, В санаттарындағы ӘК-де RVR/CMV бойынша әуеайлақтың жаттығу минимумынан нашар емес метеорологиялық жағдайларда және бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi бойынша шектеусiз орындауға рұқсат етiледi.
12 тарау. Ұшып көтерiлу және қону үшiн минимумдар бойынша
жаттығуларға арналған әуеайлақтарға қойылатын талаптар
62. Ұшып көтерiлу үшiн минимумдар бойынша жаттығуларға арналған әуеайлақтарға қойылатын талаптар.
Нақты қиын метеорологиялық жағдайларда ұшып көтерiлуге арналған минимумдар бойынша жаттығу ұшуы қосалқы әуеайлақ, iлiнiсу коэффициентi және желдiң бүйiрлiк құрамдауышы бөлiгiнде осы әдiстеме талаптары ескерiле отырып, жарық-техникалық жабдықтары осы минимум бойынша ұшып көтерiлу талаптарына сәйкес келетiн әуеайлақтарда жүргiзiледi.
Бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi бойынша ұшып көтерiлуге арналған пайдалану минимумы белгiленген әуеайлақтарда жаттығулар тек қана әуеайлақтың белгiленген пайдалану минимумынан нашар емес нақты ауа-райындағы елiктеу жағдайларында орындалады.
63. Қонуға арналған жаттығу минимумдары бойынша жаттығу үшiн әуеайлақтарға қойылатын талаптар.
ИКАО I, II және III санаттары бойынша қонуға арналған пайдалану минимумдары бойынша нақты қиын метеорологиялық жағдайларда жаттығу ұшуы:
- тиiсiнше ИКАО I, II және III санаттары бойынша пайдалануға рұқсат етiлген әуеайлақтарда;
- ИКАО I, II және III санаттары бойынша пайдалануға рұқсат етiлмеген, бiрақ олардағы радиотехникалық, жарық-техникалық және метеорологиялық жабдықтар, сондай-ақ, глиссада еңiстiк бұрышы, әуеайлақ маңындағы аумақтағы кедергiлер тиiсiнше ИКАО I, II және III санаттары бойынша қонуға қойылатын талаптарға жауап беретiн әуеайлақтарда орындалады.
64. Нақты қиын метеорологиялық жағдайларда қонудың дәлме-дәл және дәлме-дәл емес жүйелерiне арналған жаттығу ұшуы осы режимде қонуға кiрудi қамтамасыз ететiн тиiстi радиотехникалық жабдықтары бар, ҚЖШ немесе ҚТШ жарық-техникалық жабдықтары, сондай-ақ, ҰҚЖ көлемi, глиссада еңiстiк бұрышы және әуеайлақ маңындағы аумақтағы кедергiлер осы режимге сәйкес қону минимумы жағдайларында ұшуды орындауға мүмкiндiк беретiн әуеайлақтарда орындалады.
ИКАО I, II және III санаттары бойынша қонуға арналған минимумдар бойынша елiктеу жағдайларында жаттығу ұшуын орындауға рұқсат етiледi:
1) тиiсiнше ИКАО I, II және III санаттары бойынша пайдалануға рұқсат етiлген әуеайлақтарда;
2) ИКАО I, II және III санаттары бойынша пайдалануға рұқсат етiлмеген, бiрақ олардағы радиотехникалық, жарық-техникалық және метеорологиялық жабдықтар, сондай-ақ, глиссада еңiстiк бұрышы, әуеайлақ маңындағы аумақтағы кедергiлер тиiсiнше ИКАО I, II және III санаттары бойынша қонуға қойылатын талаптарға жауап беретiн әуеайлақтарда орындауға рұқсат етiледi.
Елiктеу жағдайларында басқа режимдердегi жаттығу ұшуын тек қана нақты қиын метеорологиялық жағдайларда жаттығуға жарамды әуеайлақтарда орындауға рұқсат етiледi.
Сертификатталған ұшып көтерiлу массасы 5700 килограммнан кем ұшақтар пайдалану минимумдары осы Әдiстеменiң 2 бөлiмiне сәйкес анықталады.
2. Тiкұшақ (сертификатталған ұшып көтерiлу массасы 5700
килограммнан кем ұшақтар) айлақтарының (әуеайлақтарының)
пайдалану минимумдарын анықтау
65. Пайдаланушы ұшуды орындау болжанып отырған тiкұшақ айлақтарына (әуеайлақтарына) арналған тiкұшақтардың пайдаланылатын үлгiлерi үшiн минимумдарды белгiлейдi.
66. Минимумдарды анықтау әдiсi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiледi. Бұл минимумдар әрбiр нақты жағдайдағы бұл мемлекеттiң арнайы рұқсаттарын қоспағанда тiкұшақ айлағы орналасқан мемлекеттiң азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органы белгiлеген минимумдардан төмен емес.
Ұшуда жоспарланбаған қосалқы әуеайлақ үшiн бекiтiлген әдiс бойынша есеп жүргiзуге тыйым салынбайды.
67. Кез келген нақты ұшып көтерiлу/қону үшiн тiкұшақ айлағының (әуеайлағының) минимумдарын анықтау кезiнде пайдаланушы мынадай факторларды:
1) тiкұшақтың үлгiсi ұшу сипаттамаларын;
2) ұшу экипажының құрамы, оның даярлығын және ұшу тәжiрибесiн;
3) пайдаланылатын ҰҚЖ өлшемдерi мен сипаттамаларын;
4) сәйкестiгi мен көзбен шолу және көзбен шолусыз жер үстi құралдарының сипаттамаларын;
5) ұшып көтерiлу, қонуға кiру, теңестiру, iлiну, қону, жүрiп өту және екiншi айналымға кету кезiнде навигация және/немесе ұшуды басқару мақсаттары үшiн пайдаланылатын тiкұшақтың борттық жабдығын;
6) қажеттi шешiмдердi және оқыс рәсiмдердi орындауды талап ететiн қонуға кiру, екiншi айналымға кету және ұшып шығу кезiнде биiктiк алу аймақтарындағы кедергiлердi;
7) АҰҚ бойынша кiру рәсiмдерiне арналған кедергiлерден ұшып өтудiң абсолюттiк/салыстырмалы биiктiгiн;
8) анықтау құралын және әуеайлақтағы метеожағдайлар туралы ақпарат беру рәсiмiн ескередi.
13 тарау. Тiкұшақ айлағының пайдалану минимумдары.Ұшып
көтерiлуге арналған минимумдар
68. Пайдаланушы белгiлеген ұшып көтерiлуге арналған минимумдар ұшып көтерiлу тiкұшақ айлағының сипаттамалары және тiкұшақтың нақты үлгiсi (оның жабдығы) ескерiле отырып, метеорологиялық көрiну (бұдан әрi - көрiну) немесе ҰҚЖ-дағы көрiну алыстығы мәндерiнде көрсетiледi. Ұшып көтерiлуден және/немесе мәжбүрлi қонудан кейiн кедергiлердi айналып өту қажет болған жағдайда ұшып көтерiлуден соң ұшып көтерiлуге арналған қосымша шарттар (мысалы - БТШБ) белгiленедi.
69. Ұшып көтерiлуге арналған минимумдар қолайсыз жағдайларда ұшып көтерiлу тоқтатылған жағдайда және сындарлы қозғалтқыш iстен шыққан кезде ұшып көтерiлудi жалғастырған жағдайда тiкұшақты басқару мүмкiндiгiн қамтамасыз ету ескерiле отырып, белгiленедi.
70. Ұшуды түнде орындаған кезде егер азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен басқа уағдаластық болмаса, FATO/ҰҚЖ және қандай да болмасын кедергiлер аймағын жарықтандыру үшiн жерүстi жарық-дабыл жабдығы орнатылады.
71. 1-сыныпты ҰТС бар тiкұшақтармен ұшуды орындау кезiнде пайдаланушы ҰҚЖ-дағы көрiну мәнiн және мына 20-кестеге сәйкес ұшып көтерiлуге арналған минимумдар сияқты тиiсiнше көрiну мәнiн белгiлейдi.
20-кесте
ҰҚЖ-дағы көрiну/ұшып көтерiлуге арналған көрiну
|
Аспаптар бойынша ұшып шығу схемалары бар құрылықтағы тiкұшақ айлақтары (әуеайлақтары)
|
ҰҚЖ-дағы көрiну/көрiну
|
ЖҚЖ жұмыс iстемейдi және таңбасы жоқ (күндiз)
|
250 м немесе тоқтатылған ұшып көтерiлу ара қашықтығы (мәндердiң iшiнде үлкенiрек)
|
Таңбасы жоқ (түнде)
|
800 м
|
ҰҚЖ/FATO аймағының шырақтары қосылған және ҰҚЖ осьтiк желiсiнiң таңбасы бар
|
200 м
|
ҰҚЖ/ FATO аймағының шырақтары қосылған, ҰҚЖ осьтiк желiсiнiң таңбасы бар және ҰҚЖ-дағы көрiну анықталады
|
150 м
|
Теңiз тiкұшақ алаңы
|
|
Екi пилотпен ұшу
|
250 м (1)
|
Бiр пилотпен ұшу
|
500 м (1)
|
72. Тiкұшақ командирi ұшып көтерiлу траекториясы кедергiлерден бос екендiгiне көз жеткiзедi.
73. Құрылықтағы тiкұшақ айлақтарынан 2-сыныпты ҰТС бар тiкұшақтармен ұшуды орындау кезiнде тiкұшақ командирi 800 м ұшып көтерiлуге арналған ҰҚЖ-дағы көрiну/көрiнудiң ұшып көтерiлу минимумына сәйкес әрекет етедi және 1-сыныпты ҰТС бар тiкұшақтармен маневрлiгiне қол жеткiзуге дейiн ұшып көтерiлу маневрi кезiнде бұлттылыққа кiрмейдi.
74. Теңiз тiкұшақ айлақтарынан 2-сыныпты ҰТС бар тiкұшақтармен ұшуды орындау кезiнде тiкұшақ командирi 1-сыныпты тiкұшақтарға арналған минимумдардан төмен емес минимумдарға сәйкес әрекет етедi және 1-сыныпты ҰТС бар тiкұшақтармен маневрлiгiне қол жеткiзуге дейiн ұшып көтерiлу маневрi кезiнде бұлттылыққа кiрмейдi.
75. ҰҚЖ-дағы көрiнудегi метеорологиялық көрiнудi ұшып көтерiлу үшiн есептеуге пайдаланылмайды.
14 тарау. Тiкұшақ айлағының пайдалану минимумдарын анықтау
Қонуға дәлме-дәл емес кiру
76. Пайдаланушы глиссаданы (тек қана LLZ), VOR, NDB, SPA, VDF, ARA және GNSS жасақтамай ILS пайдалануға негiзделетiн дәлме-дәл емес кiруге арналған жүйе минимумының 2-кестеде көрсетiлген ЕҚБ (MDH) мәндерiнен төмен болмауын қамтамасыз етедi.
21-кесте
Қонуға дәлме-дәл емес кiру құралдарына арналған жүйе минимумы
|
Жүйе минимумы
|
Пайдаланылатын кiру жүйесi
|
Ең төменгi құлдилау биiктiгi (MDH)
|
ILS (глиссадасыз) бағдарлы манар
|
75 м (250 фт)
|
926 м межеге дейiнгi қону локаторы
|
75 м (250 фт)
|
1852 м межеге дейiнгi қону локаторы
|
90 м (300 фт)
|
3704 м межеге дейiнгi шолу локаторы
|
105 м (350 фт)
|
VOR (жан-жаққа бағытталған АЖЖ - радиоманар)
|
90 м (300 фт)
|
VOR/DME (жан-жаққа бағытталған АЖЖ - радиоманар /алыстықты өлшеу жабдығы)
|
75 м (250 фт)
|
NDB (жан-жаққа бағытталған радиоманар)
|
90 м (300 фт)
|
VDF (QDM және QCH) (радиопеленгаторлы АЖЖ - станция)
|
90 м (300 фт)
|
GNSS базасын пайдалана отырып
|
75 м (250 фт)
|
Борттық радиолокатор (ARA) теңiз тiкұшақ алаңы
|
90 м (300 фт)
|
77. Ең төменгi құлдилау биiктiгi
Пайдаланушы қонуға дәлме-дәл емес кiруге арналған МDH:
1) тiкұшақтың осы санаты үшiн кедергiлерден ұшып өтудiң ең төменгi биiктiгi (OCH/OCL) мәнiнен; немесе
2) дәлме-дәл емес кiру жүйесi минимумы мәнiнен төмен болмауын қамтамасыз етедi.
Кедергiлерден ұшып өтудiң салыстырмалы/ең төменгi биiктiгiн (OCH/OCL) есептеу ИКАО қағидасына (Doc. 8168-OPS/611 «Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидасы - әуе кемелерiнiң ұшуын жүргiзу» (PANS - OPS) сәйкес жүргiзiледi.
78. Көзбен шолу байланысы
Егер FATO/ҰҚЖ аймағының мынадай көзбен шолу бағдарларының бiрiн айқын көрмесе және танымаса, пилот ең төменгi құлдилау биiктiгiнен (MDA/MDH) төмен қонуға кiрудi жалғастырмайды:
1) жақындаудың шырақтар жүйесiнiң элементтерi (бөлiгi);
2) ҰҚЖ бастапқы табаны;
3) ҰҚЖ бастапқы табанын таңбалау:
4) ҰҚЖ бастапқы табаны шырақтары;
5) ҰҚЖ бастапқы табанының кiрме шырақтары;
6) көзбен шолу глиссадасы шырақтары;
7) жерге қону аймағы немесе жерге қону аймағын таңбалау;
8) жерге қону шырақтары (жарықтық кiлем);
9) FATO/ҰҚЖ аймағының бүйiрлiк шырақтары;
10) Авиациялық әкiмшiлiк осындай деп таныған басқа да көзбен шолу бағдарлары.
79. ҰҚЖ-дағы көрiнудiң талап етiлетiн мәнi.
1 немесе 2-сыныпты ҰТС бар тiкұшақтармен қонуға дәлме-дәл емес кiрудi орындау үшiн мына 22-кестеде көрсетiлген минимумдар қолданылады:
22-кесте. Құрылықтағы тiкұшақ айлақтарында (әуеайлақтарда) қонуға дәлме-дәл емес кiруге арналған минимумдар
Құрылықтағы тiкұшақ айлақтарында (әуеайлақтарда) қонуға дәлме-дәл емес кiруге арналған минимумдар
|
Ең төменгi құлдилау биiктiгi МDH (фт)
|
ҰҚЖ-дағы көрiну/ЖҚЖ
|
|
Толық
|
Орташа
|
Негiзгi
|
Жоқ
|
75-89 м (250-299 фут)
|
600 м
|
800 м
|
1000 м
|
1000 м
|
90-134 м (300-449 фут)
|
800 м
|
1000 м
|
1000 м
|
1000 м
|
135 м (450 фут) және жоғары
|
1000 м
|
1000 м
|
1000 м
|
1000 м
|
1) толық ЖҚЖ - FATO/ҰҚЖ таңбалауды, ұзындығы 720 м және одан астам ОВИ, ALSF, MALS түріндегі қарқындылығы жоғары/орташа жақындау жарықтары жүйесін, FATO/ҰҚЖ бүйірлік жарықтармен, FATO/ҰҚЖ аймағының кіру жарықтарын және FATO/ҰҚЖ соңындағы жарықтарды қамтиды. Жарықтар қосылып тұруға тиіс;
2) орташа ЖҚЖ - FATO/ҰҚЖ таңбалауды, ұзындығы 420-719 м ОВИ, ALSF, MALS түріндегі қарқындылығы жоғары/орташа жақындау жарықтар жүйесін, FATO/ҰҚЖ бүйірлік шырақтарын, FATO/ҰҚЖ аймағының кірме жарықтарын және FATO/ҰҚЖ соңындағы жарықтарды қамтиды. Жарықтар қосылып тұруға тиіс;
3) негізгі ЖҚЖ - FATO/ҰҚЖ таңбалауды, ұзындығы 420 м кем ОВИ, ALSF, MALS түріндегі қарқындылығы жоғары/орташа жақындау жарықтары жүйесін, кез келген ұзындықтағы қарқындылығы төмен жақындау жарықтары жүйесін, FATO/ҰҚЖ бүйірлік жарықтарын, FATO/ҰҚЖ аймағының кіру жарықтарын және FATO/ҰҚЖ соңындағы жарықтарды қамтиды. Жарықтар қосылып тұруға тиіс;
4) ЖҚЖ - жоқ болуы немесе жақындау жарықтары жүйесінің болуы, қарқындылығы 210 м төмен жақындау жарықтары жүйесінің болуы, FATO/ҰҚЖ таңбалауды, FATO/ҰҚЖ бастапқы табаны жарықтарын, бүйірлік шырақтарын, кіру жарықтарын және аяқталу жарықтарын немесе тек қана FATO/ҰҚЖ таңбалауды (жарықтарсыз) қамтиды;
5) барлық осы кестелер 4 градустан аспайтын глиссаданың еңiстiк бұрышы (ГЕБ) кезiнде қолданылады. Үлкен ГЕБ әдеттегiдей, көзбен шолу глиссадасы шырақтарының (мысалы: PAPI) болуын және ЕҚБ-да болған кезде олардың көрiну шарттарын талап етуге тиiс;
6) жоғарыда келтiрiлген сандар диспетчер берген ҰҚЖ-дағы көрiнудi немесе төмендегi 7-тарауға сәйкес ҰҚЖ-дағы көрiнуде қайта есептелген метеорологиялық көрiнудi бiлдiредi;
7) 3-кестеде пайдаланылатын ЕҚБ, бұл ҰҚЖ-дағы көрiну мәндерiн анықтау мақсатында жуық 3 м (10 фут) дейiн дөңгелектеуге жатпайтын ЕҚБ бастапқыда есептелген мәндерi. ЕҚБ мәндерi минимумының сабақтас элементi ретiнде пайдалану мақсатында дөңгелектенедi.
80. Егер екiншi айналымға кету нүктесi қонудың бастапқы табанынан 926 м шеңберiнде болса, қолданыстағы қону шырақтары жүйесiнiң ұзындығына қарамастан толық ЖҚЖ үшiн кiру минимумын пайдалануға рұқсат етiледi.
81. Түнгi ұшу. Түнгi ұшу үшiн егер азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен басқа келiсiм болмаса, FATO/ҰҚЖ және кез келген кедергiлер аймағын жарықтандыруға арналған жерүстi жарық-дабыл жабдығы орнатылады.
82. Бiр пилотпен ұшуды орындау. Мұндай ұшу үшiн ҰҚЖ-дағы көрiну бойынша минимум 800 м құрайды немесе 3-кестеде көрсетiлген минимумдарға сәйкес келедi, бұл ретте мәндердiң iшiнен үлкенi таңдалады.
15 тарау. Тiкұшақ айлағының пайдалану минимумдары
қонуға дәлме-дәл кiру - I санат
83. I санат - аспаптар бойынша қонуға дәлме-дәл кiру және қону жүйелерiн (ILS), қысқа толқынды қону жүйесiн (MLS), дәлме-дәл қону радиолокаторын (PAR) пайдалана отырып, қону. Бұл ретте шешiм қабылдау биiктiгi 60 м (200 фут) төмен болмауға және ҰҚЖ-дағы көрiну 500 м кем болмауға тиiс.
84. Шешiм қабылдау биiктiгi (ШҚБ, DH).
Пайдаланушы I санат бойынша қонуға кiру кезiнде белгiленген ШҚБ мыналардан:
1) егер ол ҰПБ-да анықталған болса, мұндай кiру үшiн тiкұшақ ҰПБ-да шектелген ШҚБ-дан;
2) оған дейiн талап етiлетiн көзбен шолу байланысы жоқ дәлме-дәл қону жүйесi пайдаланылуы мүмкiн ең төменгi биiктiктен;
3) тiкұшақтың осы санаты үшiн кедергiлерден ұшып өтудiң ең төменгi биiктiгi (OCH/OCL) мәнiнен; немесе
4) 60 м (200 фут) төмен болмауын қамтамасыз етедi.
85. Көзбен шолу байланысы.
Егер ең болмағанда ҰҚЖ мынадай көзбен шолу құралдарының бiрiмен сенiмдi көзбен шолу байланысы орнатылмаған болса, пилот жоғарыдағы 19-тармаққа сәйкес анықталған ШҚБ-дан төмен I санат бойынша қонуға кiрудi жалғастырмайды:
1) жақындаудың шырақтар жүйесiнiң элементтерi (бөлiгi);
2) ҰҚЖ бастапқы табаны;
3) ҰҚЖ бастапқы табанын таңбалау:
4) ҰҚЖ бастапқы табаны шырақтары;
5) ҰҚЖ бастапқы табанының кiрме шырақтары;
6) көзбен шолу глиссадасы шырақтары;
7) жерге қону аймағы немесе жерге қону аймағын таңбалау;
8) жерге қону шырақтары;
9) FATO/ҰҚЖ аймағының бүйiрлiк шырақтары.
86. ҰҚЖ-дағы талап етiлетiн көрiну. Қонуға кiру және 1 немесе 2-сыныпты ҰТС бар тiкұшақтармен I санат бойынша қонуға кiру үшiн мынадай минимумдар қолданылады:
23-кесте. Құрылықтағы тiкұшақ айлақтарында (әуеайлақтарда) қонуға дәлме-дәл кiруге және қонуға арналған минимумдар – 1-санат
1-санат
|
Шешiм қабылдау биiктiгi, м (фут)
|
ҰҚЖ-дағы көрiну/ЖҚЖ
|
|
Толық
|
Орташа
|
Негiзгi
|
Жоқ
|
60 м (200 фут)
|
500 м
|
600 м
|
700 м
|
1000 м
|
61-76 м (201-250 фут)
|
550 м
|
650 м
|
750 м
|
1000 м
|
77-91 м (251-300 фут)
|
600 м
|
700 м
|
800 м
|
1000 м
|
92 м (301 фут) және жоғары
|
750 м
|
800 м
|
900 м
|
1000 м
|
Осы 23 кестеде көрсетiлген минимумдар:
1) толық ЖҚЖ - FATO/ҰҚЖ таңбалауды, ұзындығы 720 м және ОВИ, ALSF, MALS түріндегі қарқындылығы жоғары/орташа жақындау жарықтар жүйесін және одан жоғары FATO/ҰҚЖ бүйірлік жарықтарын, FATO/ҰҚЖ аймағының кіру жарықтарын және FATO/ҰҚЖ соңындағы жарықтарды қамтиды. Шырақтар қосылып тұруға тиіс.
2) орташа ЖҚЖ - FATO/ҰҚЖ таңбалауды, ұзындығы 420-719 м ОВИ, ALSF, MALS түріндегі қарқындылығы жоғары/орташа жақындау жарықтары жүйесін, FATO/ҰҚЖ бүйірлік шырақтарын, FATO/ҰҚЖ аймағының кірме шырақтарын және FATO/ҰҚЖ соңындағы жарықтарды қамтиды. Жарықтар қосылып тұруға тиіс.
3) негізгі ЖҚЖ - FATO/ҰҚЖ таңбалауды, ұзындығы 420 м кем ОВИ, ALSF, MALS түріндегі қарқындылығы жоғары/орташа жақындау жарықтар жүйесін, кез келген ұзындықтағы қарқындылығы төмен жақындау жарықтары жүйесін, FATO/ҰҚЖ бүйірлік жарықтарын, FATO/ҰҚЖ аймағының кіру жарықтарын және FATO/ҰҚЖ соңындағы жарықтарды қамтиды. Жарықтар қосылып тұруға тиіс.
4) ЖҚЖ - жоқ болуы немесе қарқындылығы 210 м төмен жақындау жарықтары жүйесінің болуы, FATO/ҰҚЖ таңбалауды, FATO/ҰҚЖ бастапқы табаны жарықтарын, бүйірлік жарықтарын, кіру жарықтарын және аяқталу жарықтарын немесе тек қана FATO/ҰҚЖ таңбалауды (жарықсыз) қамтиды.
5) жоғарыда келтiрiлген сандар диспетчер берген ҰҚЖ-дағы көрiнудi немесе төмендегi 23-кестеге сәйкес ҰҚЖ-дағы көрiнуде қайта есептелген метеорологиялық көрiнудi бiлдiредi.
6) Кесте 4 градустан аспайтын глиссаданың еңiстiк бұрышы үшiн қолданылады.
7) 23-кестеге енгiзiлген ЕҚБ - бұл ҰҚЖ-дағы көрiну мәндерiн анықтау мақсатында жуық 3 м (10 фут) дейiн дөңгелектеуге жатпайтын ЕҚБ бастапқыда есептелген мәндерi. ЕҚБ мәндерi минимумының сабақтас элементi ретiнде пайдалану мақсатында дөңгелектенедi.
87. Түнгi ұшу. Түнгi ұшу үшiн егер азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен басқа келiсiм болмаса, FATO/ҰҚЖ және кез келген кедергiлер аймағын жарықтандыруға арналған жерүстi жарық-дабыл жабдығы орнатылады.
88. Бiр пилотпен ұшуды орындау. Мұндай ұшу үшiн пайдаланушы осы Қосымшаға сәйкес барлық кiру жолдары үшiн ҰҚЖ-дағы көрiну бойынша минимумды есептейдi. Бұл ретте ҰҚЖ-дағы көрiну бойынша минимум ILS немесе MLS байланысты автопилотты пайдаланған жағдайларды қоспағанда кемiнде 800 м болып белгiленедi, бұл жағдайда ҰҚЖ-дағы көрiну бойынша әдеттегi минимумдар қолданылады.
Шешiм қабылдау биiктiгi автопилотты пайдаланудың ең төменгi биiктiгiнiң 1,25 тең.
Достарыңызбен бөлісу: |