Типі
|
Типшесі
|
Тегі
|
Түрі
|
Авто- морфты
| Кебір қара топырақ
Кебір қара-қоңыр топырақ
Кебір құба топырақ
|
Содалы-сульфаты, содалы-хлоридті-сульфатты, сульфатты-хлоридті, хлоридті-сульфатты.
Сорланған, тұздар 5-30см-де. Жоғарғы қабатта сортаңданған, тұздар 30-50 см-де
Сортаңданған, тұздар 50-100 см-де Тереңде сортаңданған , тұздар 100-150 см-де.
Тұзы жоқ- тұздар 150 см-ден тереңде.
Кебір- сор, мол сортаңданған, орташа сортандаңған, сәл сортаңданған, сортаңданбаған.
Жоғарғы қабатта гипсі немесе карбонаты бар (олар 40 см-ден жоғары).
Тереңде гипсі немесе карбонаты бар (олар 40 см-ден тереңде)
|
А1 қабаты қуатына сәйкес:
0-5 см-қабыршақты
6-12-см саяз
13-18 см орташа
>18 см терең
В1 қабатында алмаса сіңген натрий иондары мөлшеріне байланысты:
<10% - қалдықты
10-20%- аз натрийлі
20-40%- орташа натрийлі
>40% көп натрийлі
|
Жартылай гидро-морфты
|
Кебір шалғынды қара топырақты
Кебір шалғынды қара-қоңыр топырақты
Кебір шалғынды құба топырақты
|
Гидро-морфты
| Кебір қара шалғынды
Кебір қара-қоңыр шалғынды
Кебір құба шалғынды
Кебір шалғынды батпақты
|
Сортаң топырақ деп 0-30 см қабатында 0,6%дан артық сода, немесе 1%-дан артық хлоридтер, немесе 2%-дан артық сульфаттар бар топырақтарды айтамыз. Яғни тұзы мол топырақтарды сортаң дейміз. Тұзы мол топырақтар дегеніміз -тұз топырақта өсуге бейімделмеген, өсімдіктер үшін зардапты мөлшерде құрамында ерігіш тұздары бар топырақтар.
Қазақстанның жазықтық жерінде сортаң топырақтар төмен орналасқан нашар құрғатылған алқаптарда, ащы көлдердің жағалауында, өзендер аңғарында, көне өзен, теңіз террассаларында, кеуіп тартылып қалған көлдер орнында кездеседі.
Сортаң топырақтар мол мөлшерде тұздардың жиналуы әсерінен яғни сортаңдану процесі ықпалынан түзіледі. Сортаң топырақ түзілуі үшін біріншіден, ландшафта еркін күйінде тұздар пайда болуы, ал екіншіден, олардың топырақта жиналуы байқалуы керек.
Топырақ құрамына тұздардың түсу көздері келесідей:
-
тау жыныстарының үгілу процестерінің өнімдері;
-
құрамында тұздары мол аналық тау жыныстары;
-
жанартаулардың өнімдері;
-
желмен теңіздерден ұшып жер бетіне тұздар түсуі;
-
атмосферадан түсетін ылғалмен келуі;
-
минералданған (тұзы бар) ыза сулардың жер бетіне жақын орналасып физикалық немесе өсімдіктер арқылы булануы;
-
құрамында көп күлі және Na, Cl, S элементтері бар өсімдіктер ықпалы;
-
қайта сорлану процесі (дұрыс суландыру тәсілдерін қолданбағанда адам әрікетінен жүретін құбылыс).
Жер бетіне тұздардың түсуі көп мөлшерде байқалады, бірақта сортаң топырақтардың алып жатқан жер ауданы онша көп емес. Өйткені, пайда болған тұздардың топырақта жиналуына жағдайлар әрқашанда бола бермейді.
Топырақтарда тұздардың жиналуы атмосферадан түсетін ылғалдың және оның булану мөлшеріне байланысты. Егер булану мөлшері түсетін ылғал мөлшерінен артық болса ғана топырақта тұздар жиналады. Ал керісінше болған жағдайда топырақта шайылмалы ылғал режимі қалыптасып тұздар жиналмай, астыңғы терең қабаттарына өтіп кетеді. Әсіресе тұздар топырақта шөл, шөлейт аймақтарда мол жиналады.
Тұздардың жиналуына жер бедері де әсер етеді. Ойпат жерлерде сумен шайылған тұздар жиналады, ал дөң, көтеріңкі жер бедері бар алқаптар сумен шайылып тұздан тазарады.
Құрамында тұздары мол ыза су буланғанда топырақ кескінінде әр гектарға 500т тұз жиналуы, ал сортаңда өсетін өсімдіктер ыдырағанда әр гектарға 0,5т тұз тусуі мүмкін.
Сортаң топырақтың айрықша морфологиялық белгілері келесідей:
-
топырақтың тік кескінінің өн бойында жеңіл еритін тұздар жиынтығының белгілері болады, соның әсерінен топырақ қабаттарының түсі ақшылт тартады;
-
генетикалық қабаттарға әлсіз жіктеледі;
-
тұз қышқылы ерітіндісінен топырақ үстіңгі бетінен бастап қайнайды;
-
топырақ үстінде 0,5-1 см тұз қабыршақ болады.
Кейде тұздар топырақтың үстіңгі бетіне жиналып қар сияқты ағарып жатады.
Сортаң топырақтың өсімдік жамылғысы кедей болады. Онда тұзға төзімді галофит өсімдіктер (кермек, қара жусан,ши) өсіп, оның бетін 20-40%-ға дейін жабады. Кейде олардың үстінде тұзға төзімді астық тұқымдас шөптер өседі, ал өте тұзы көп сор топырақта өсімдік жамылғысы болмайды.
Сортаң топырақтың А қабаты жұқа болады. Одан кейін жеңіл еритін тұздар жиналған В қабаты орналасады. Осы қабат біртіндеп аналық тау жынысы қабатына ауысады (6 сурет).
Бұл топырақта қарашірінді мөлшері аз болады, үстіңгі қабатта оның мөлшері 0,5-1,5%, ал астынғы қабаттарда оның мөлшері күрт төмендейді. Азот және басқа қоректік элементтермен сортандар аз қамтамасыз етілген. Топырақ ортасының реакциясы сілтілі, алмаса сіңген катиондар көлемі 100г топырақта 10-20 м-экв., олардың құрамында Na, Mg иондары басым.
Бейтарап тұздармен сортаңданған топырақтардың физикалық ылғалдылық касиеттері жаман емес, өйткені, бейтарап тұздар топырақта коагуляция процесінің жүріп, жақсы микроқұрылым пайда болуына ықпалын тигізіп, топырақтың кеуектілігін және су өткізгіштігін жақсартады. Ал сілтілі тұздармен сортаңдаған топырақтардың касиеттері өте қолайсыз болады. Сілтілі топырақ реакциясы коллоидтарды бұзып, топырақтың құрылымсыз болуына әсерін тигізеді. Құрғак кезде бұл сортаңдар өте тығыздалған кесектерге жарылады, ал ылғалданғанда топырақ беті езіліп кетеді.
Сортаң топырақтар автоморфты және гидроморфты типтерге бөлінеді. Автоморфты сортаң топырақ екі типшеге бөлінеді. Олар: нағыз және тақырланған сортаң. Гидроморфты сортаңдар келесі типшелерге бөлінеді:
-
нағыз сортаң
-
шалғындық сортаң
-
жанартаулы- батпақты сортаң
-
төмпешікті сортаң
Сортаң топырақтар тектерге тұздардың құрамына және тұздардың пайда болу жағдайына байланысты жіктеледі.
Сортаңдар түрлерге, тік кескінінде тұздардың жиналу сипатына байланысты 2-түрге бөлінеді:
-
үстінен сортаңданған (тұздар 0-30 см үстіңгі қабатта жиналған);
Сонымен бірге үстіңгі қабатының морфологиялық белгілеріне байланысты сортаңдар келесі түрлерге бөлінеді:
-
қабыршақты (NaCl тұзы әсерінен қабыршақ пайда болады);
-
үлпілдеген (Na2SO4 тұзы әсерінен үлпілдек кристалдар пайда болған);
-
ылғалданған (CaCl2 және MgCl2 ылғал жұтқыш тұздары болып, әрқашан ылғалды болады);
-
қара сортаң (Na2CO3- тұзы әсерінен қарашірінді еріп топырақтың тік кескіні қараға боялған).
Сортаң топырақты жақсартуға өте көп қаражат керек. Сондықтан оларды қазіргі уақытта Қазақстанда жақсартып игермейді. Кейбір аудандарда оның үстінде біршама өсімдік жамылғысы болса- мал жайылымы ретінде пайдаланады.
Ылғалды сортаң топырақ Қазақстанның орманды дала және дала аймағында көк теректі- қайыңды, талды шоқ тоғайлар өсетін оппаттау жерлерде кездеседі.
Ылғалды сортаң топырақтар гидроморфты немесе жартылай гидроморфты топырақтар қатарына жатады. Оның тік кескінінің генетикалық қабаттарға жіктелуі айқын байқалады. Ақ түсті сортаңданған А2қабаты жақсы ажыратылады. Иллювальды В қабатында алмаса сіңген натрий иондары бар, реакциясы сілтілі болып келеді және топырақтың астыңғы қабаттарында карбонаттармен жеңіл еритін тұздар жиналған.
Ылғалды сортаң топырақтың түзілуі туралы тұжырымдаманы К.К.Гедройц (1912) және Т.И.Попов (1914) бірінші болып қалыптастырған. Осы тұжырымдама бойынша ылғалды сортаң топырақтар кебірлердің тұщыланып сілтісізденуінен түзілген. Кебір
7-сурет. Үстінен сорланған (А) және терең сорланған (Б) сортаң топырақтардың тұз жиналу кескінінің сипаты (В.А. Ковда, Б.Г. Розанов, 1988)
топырақтардың үстіңгі қабаты мол ылғалданғанда оның құрамындағы натрий иондары сутегі ионына алмасып, топырақтың құрамындағы минералдар ыдырайды. Шала тотықтар топырақтың астыңғы қабатына шайылады , ал кремнезем тотығы сортаңданған қабатта жиналады. Сонымен бірге топырақтың органикалық заттары да төменгі қабаттарға жылжиды. Сөйтіп кебір қабат және кебірленген астыңғы қабаттың бір бөлігі ылғалды сортаңданған қабатқа айналады.
Ылғалды сортаң топырақтың құрылысы және басқа морфологиялық белгілері мынандай:
А0- орман өсімдіктері немесе шөптесін өсімдіктер төсеніші; қалыңдығы 1-5 см.
А1- қарашірінділі қабат. Қуаты 10-15 см. Түсі сұр немесе қошқыл сүр. Келесі қабатқа ауысуы анық байқалады.
А2- элювиальды ылғалды сортаң қабат. Түсі ақшыл , күлгін қатпарланған немесе құрылымсыз, қарашіріндісіз қабат.
В- иллювиальды қабат. Күрең немесе қара- күрең түсті болады, тығыздалған, жаңғақша немесе призмалы құрылымды. Артық ылғалдану іздері – сұр- жасыл немесе тот басқан дақтар, темір конкрециялары байқалады. Қабаттың астынғы жағында карбонаттар , глей және түздар жиналғаны байқалады. Осы қабат біртіндеп аналық тау жынысы қабатына айналады.
Ылғалды сортаң топырақтың үстінгі А1 қабатында 3-5% қарашірінді бар, ал А2 – элювиальды ылғалды сортаң қабатта оның мөлшері күрт төмендейді. Үстіңгі қабатта топырақ ерітіндісі реакциясы қышқыл (рН 5-6), ал астыңғы В қабатында сілтілі болады. Алмаса сіңген катиондар көлемі үстіңгі қабатта 100г топыраққа шаққанда 15-20м-экв болса, А2 қабатында ол 10-12м-экв-ке дейін кемиді. Алмаса сіңген катиондар құрамында А1 және А2 қабатында сутегі және алюминий иондары да бар. Иллювиальды қабаттың кеуектілігі және су өткізгіштігі жоғарғы қабатқа қарағанда төмен болады. Сондықтан ылғалдың астыңғы қабаттарға өтуі тежеліп, топырақтың үстіңгі бетінің артық ылғалдануы байқалады.
Ылғалды сортаң топырақтар үш типшеге бөлінеді . Олар:
-
шалғынды далалық;
-
шалғынды;
-
шалғынды- батпақты.
Ылғалды сортаң топырақтар тектерге кебірленуі және сортаңдануының қалдықты белгілеріне карай бөлінеді. Олар келесідей: карбонатсыз, сортаңданбаған және кебірленбеген, кебірленген және сортаңданған.
Шалғынды ылғалды сортаң топырақ үстіндегі шымды қабаттың қуатына байланысты келесідей түрлерге бөленеді: әлсіз шымданған – А1 қуаты 5-10 см, орташа шымданған – А1 қуаты 10-20см, терең шымданған- А1 қуаты 20 см-ден үлкен.
Үстінгі А1 қабаттағы қарашірінді мөлшеріне байланысты ылғалды сортаң топырақ түрлерге келесідей болып жіктеледі: аз қарашірінділі –3% дан аз; орташа қарашірінділі –3-6%; көп қарашірінділі ->6%.
Ылғалды сортаң топырақтың табиғи құнарлылағы төмен. Әсіресе, А2 ылғалды сортанданған қабатта қоректік заттар аз. Үстінгі қабаттың реакциясы қышқыл . Сонымен бірге физикалық- ылғалдылық қасиеттері нашар. Сондықтан бұл топырақтар егістікке игерілмеген. Тек қана шалғынды ылғалды сортаң топырақтар, жақсы дамыған шөптесін өсімдік жамылғысы болса, шабындық немесе мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |