Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы


§ 2 Қазақстанның саяси тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне сырттан келетін қауіптерді алдын алу және жою



бет3/5
Дата17.07.2016
өлшемі411 Kb.
#205529
1   2   3   4   5
§ 2 Қазақстанның саяси тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне сырттан келетін қауіптерді алдын алу және жою.
Адамзат XX ғасырда «Суық Соғыс» кезеңін басынан кешіріп, жаңа ғасырда жаңа жалпыәлемдік мәселе – халықаралық экстремизм мен терроризмнің агрессиялы көріністерімен соқтығысты. Қазақстан үшін бұл мәселе өзекті болып, ең алдымен, оның геосаяси орналасу географиясы есебінен болады. Мемлекет Шығыс және Батыс атты екі әлемнің қиылысқан жерінде көпір рөлін атқарып, екі «оттың» арасында орналасқан. Жан жақтан республика аумағына кез-келген уақытта өтіп кете алатын ыстық ошақтар орналасқан. Сондықтан халықаралық экстремизм және терроризмді Қазақстанның ұлттық нанымдарына ауқымды қауіп ретінде қарастыру қажет.

Әлемдік жаһандану жағдайында табиғи түрде жаңа қанаттық бағыты болып, яғни оның логикалық шарықтау шегі болып халықаралық терроризмді айтуға болады.

«Халықаралық» түсінігі, біріншіден, жергілікті түрлі ланкестік топтардың өзара әрекеттесуінде айқындалады. Белгілі бір өмір сүру деңгейін өткен соң бұл ұйымдар ынтымақтастыққа көшеді. Мысалы, Палестина лагерінде Еуропалық неоұлттық ұйымдардың, Жапонияның «Қызыл әскері», ИРА боевиктері әскери дайындықтарын өтеді. Ал ИРА болса, Еуропада ғана емес, сонымен қатар Азия, Америка Африка материктерінде өз лагерлерін орнатты; Ауғанстанда бүкіл әлемдегі әскери қақтығыстарға қатысатын боевиктерді дайындауға арналған лагерлер саны теңіздей көп.

Терроризм мен экстремизмнің бар болуы және жандануының себептері әртүрлі болуы мүмкін. Біріншіден, біздің планетамыздағы халықтың басым бөлігінің кедейлігі мен пана таба алмауы. Екіншіден, терроризм және экстремизм құбылыс ретінде жандануы мен көрініс табуы мемлекеттің саяси жүйесінде орын алып отырған қарама-қайшылықтарды басқа тәсілдермен шешуге жол берілмегенде пайда болады. Ал террордың нысаны мен әдісі ­бұл жағдайда қамтылған билік саясатына қарсы әрекет ету құралы ретінде шығады. Одан басқа терроризм және экстремизм жандану себептерінің бірі, адамдардың әлеуметтік психологиясының қиындықтарында жасырынып отыр. Олардың көргенсіз санасында көп ғасыр бойы түрлі тарихи факторлармен түсіндірілетін, мысалы, ұлттық-этникалық немесе діни құдалау салдарынан әлемде теңдікті және әділеттілікті орнату мақсатында өзінің мықты қарсыласын қандай да бір дипломатиялық тұрғыда жеңе алмайтынын біліп, терроризмді бұл мақсатқа жету жолында күресу құралы ретінде таңдайды.

Терроризмнің экономикалық тамырлары оның нарықтық экономика табиғатында жатыр. Яғни осындай қорытындыға адамдардың кедейленіп кетуі әкеліп соқтырады. Бәрімізге мәлім болғандай, әлеуметтік патологиялар (жезөкшелік, есірткі бизнесі, порнография, құмар ойындары және т.б.) аясындағы кәсіпкерлік қызмет өте пайдалы, тиімді. Сондықтан қоғамдық жүйеде пайда табу және асыра пайда табу экономиканың мәні болып тұрғандығы көп байқалатыны таң қаларлық жағдай емес. Бұл жағдайда терроризм басқа әлеуметтік патологияларға қарағанда анағұрлым өзекті болып табылады. «Терроризм бұл - бизнес» сөз тіркесі өзіне өзі жауап беріп тұрғандай.

Батыс елдердің колониалды саясаты – терроризм саясатының классикалық көрінісі болып табылады. Олар өз ақпараттарының мықтылығын мәдениеттің өзара байланыстырушы және өзара әрекет етуші әдісі ретінде қолданылмайды, керісінше, ең алдымен, өздерінің даму модельдерін, мәдени, моральдік, саналы құндылықтардың көрсеткішін тарату үшін қолданады. Аталмыш ақпараттық қызметтердің ең ашық оймен таратуын мысалға келтіретін болсақ та, оның қойған мақсатарға жетуіне болмайтынын байқаймыз. Себебі бұл тұрғыдан ақпараттар да рухани, әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымдардың қалған елден айырмашылығын айтумен жалғасын табады. Мұндай әрекеттер ақпаратты таратын аудиторияның жауаптарына салақ қарайтынын көрсетеді. Ал бұл жағдайда жауапты әрекет әртүрлі болуы мүмкін. Ол ақпаратты толығымен бәсең қабылдаудан оны толығымен кері қайтаруға және қарсылық білдіруге дейін бара алады. Сонымен қатар басқа қоғамның сана сезімін білдірмейтіндей сіңдіруге қарсылық білдіре алады.

Соңғы онжылдық жалпы адамзаттық құндылықтар, ашық шекараларының интеграциясы, жаһандану идеяларын кең ауқымда енгізуді іске асырумен сипатталады және бұл өзгерістердің бәрі батыстың өндірістік дамыған елдердің қолбасшылығымен жүзеге асырылуда. Дегенмен, бұл идеяларға әлемдегі қалған көптеген мемлекеттің басшыларының қатынасы, сол Батыс елердің бір бөлігінің қарсы тұруы, әртүрлі континенттерде жаһандануға қарсы шерулер бәріне мәлім. Терроризм және экстремизмнің конфликтогендік мүмкіншіліктері (потенциал) үлкен беделін ХХ ғасырдың 60 жылдарында алды. Бұл жылдары аймақтар толығымен өздерінің бағыты бойынша түрлі террористік және экстремистік ұйымдар мен топтардың белсенділігі арқасында бірнеше зоналар және ошақтарды жаппай қамта бастады. 1960 және 1980 жылдары аралығында бұл ұйымдар 6700 жуық ланкестік актілерді жүзеге асырады. Олардың нәтижелерінде 3668 адам қаза болып, 7474 адам жарақат алды.

Соңғы отыз жылдың ішінде дүниежүзінде әлемдік әдебиеттерде көрінісін тапқан және кең танымал он мыңнан астам ланкестік актілер жасалды. 1995 жылдың сәуірінде шыққан «Тайм» апталық газеті дәлелді түрде мына тенденцияны атап көрсетті: «Суық соғыс» аяқталғаннан кейін терроризм трансформацияға ұшырап, енді саяси емес , көбінесе діни бағыттағы сипатқа ие бола бастады».

Қазақстан және ТМД мемлекеттеріндегі жағдайды терроризмнің дамуымен бел алған бірқатар қауіпті тенденциямен айқындайды. Олар халықаралық терроризмнің дамуымен байланысты сыртқы фактормен жарақаттануымен қатар, тек біздің мемлекетімізге тән ішкі себептермен де жұқтырылған. Сыртқы факторлары болып мыналар табылады:

- Қазақстанға және ТМД мемлекеттеріне қатысты бірқатар шет елдердің ескі геосаяси қарсылықтарының қайта жандануы мен пайда болуы;

- Олардың аумағына кейбір шетел саяси күштерінің және олардың саяси оппонентерінің аударылуы;

- Аймақтық қақтығыстар;

- Бірқатар шетел террористік, діни, ұлтшыл-радикалды және тағы басқа ұлттардың экстремистік сипат ала бастауының тез қарқынды дамуы;

Ішкі факторлар:

- ТМД мемлекеттері бұқараларының ауқымды бөлігінің кедейленуі мен жұмыссыздықтың орын алуы, экономикалық дағдарыс;

- Ұлтшылдық, ұлттық шыдамсыздық, діни экстремизм мен сепаратистік көңілдердің күрт өсуі;

- Азаматтардың көбінде әлеуметтік жағдайдың қалыптаспауы мен кедейшіліктен қорғанудың әдісі жоқ болуы сияқты сезімдердің өрши түсуі;

- Көп адамдардың идеологиялық және рухани өмірдің бағыт-бағдарын жоғалтуы, әлеуметтік агрессия мен эксестердің шарықтау шегіне жетуі;

- Қылмыстылықтың өсуі, заң және билік беделінің төмендеуі, олардың азаматтарға қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сенімін жоғалтуы; қарулардың заңсыз «нарығының» көп бола бастауы және оларды жеңіл жолдармен алу мүмкіншілігі;

- Ауғанстан, Приднестровье, Тәжікстан, Шешенстан және басқа да «ыстық нүктелер» аумағында «Соғыс мектебін» өтушілер санының тез қарқынмен өсуі;

- Адам құқықтарын қорғаудағы мемлекеттер мен қоғамдардың, ішкі істер органдарының әлсіз жұмысы.27

Жаңа заман жағдайында ислам және жаһандану халықаралық өмірдің маңызды факторы болып табылады. Дәл осы екі фактор Орта Азия мемлекеттері өмірінің маңызды жақтарын тікелей қозғайды, соның ішінде қауіпсіздік те бар. Аталған факторлар аймақтағы мемлекеттің ішкі саяси тұрақтылықты және аумақтық біртұтастық сақтаудағы үлкен әсерін тигізеді. Ал бірінші фактор ислам, бөлек жағдайда екінші мыңжылдықтың аяғында орын алған оқиғалар көрсетіп тұрғандай. Орта Азия республикаларының әскери қауіпсіздігі мәселесімен тікелей және тығыз байланысты. Орта Азия мемлекеттері ислам әлемімен тарихи тұрғыдан байланысты деуге болады. Бұл елдердің ішінде басқа діни топтар, оның ішінде, православиалы-христиандық таптың болуына қарамастан халықтардың көпшілігі мұсылмандар болып табылады. Сонымен қатар Орта Азия мемлекеттерінің поликонфессионалды мемлекеттік құрылымы бола келе, бұл елдердің үлкен бөлігі Орта Шығыс мұсылман мемлекеттерімен тікелей шекараланады. Ал бұл елдер, біздің білуімізше, барлық тұрғыдан алып қарайтын болсақ, өте қауіпсіз болып келеді. Аталмыш жағдаяттар Орта Азия республикалары басшылары ислам факторына аса көңілмен қарау қажеттігін көрсетеді және ішкі, сыртқы саяси мәселелері бойынша шешімдерді іске асыру мен қабылдауда оны ескеру қажет.

Қазақстанға, негізінен, радикалды экстремистік идеялардың таралу қаупі депрессиялы және халқы тығыз орналасқан Орта Азия аймақтары – Тәжікстан, Ферғана, Қазақстанның Оңтүстігінен келеді. Бұл аймақтарда әлеуметтік қамсыздандыру жоқ және экономикасы артта қалған фактілері мен келіспеушілік бедел алуда. Орныққан жағдайда өз мақсаттарға жету үшін дінді пайдаланатын экстремистердің көпшілікке тарайтын идеялары, өз мемлекеттері үшін экономикалық жағдайды жақсарта алатын сенімінен тайған және өмір сүру деңгейімен қанағаттанбайтын адам топтарының басты бөлігін өз қатарына ендіре алатыны әбден мүмкін. Бірақ бұл жолға тек материалдық жетіспеушілік қана әкеледі деуге қате. Саяси құрылымдар және құрылымды жақтайтын болып сылтаулататын, түпастарында идеологиялық, әсіресе діни көзқарастар жатқан экстремизм әлдеқайда қиын және қауіпті.

Қамтитын аумақтың анықсыздығына байланысты оны табу және алдын алу мәселелерінің жоғары қиындық жағдайының күрт күрделенуіне әкеледі. Экстремизмнің бұл түрі идеяға, догмалар мен ережелерге жанкүйерлік адалдықты, берілгендікті қалыптастырады және аталмыш мәселе идеяның зайырлы немесе діни екендігі жөнінде сөз қозғамайды. Яғни қандай идея екені бәрібір болып табылады. Осы Аллаһ идеясы нық сенім болғандықтан, ол - әділетті және таза деген ойлардың орын алуы мықты күш қуат береді. Ал бұл ойларды жүзеге асыру экстремистердің киелі борышы деген ұстаным істеген барлық әрекеттерді ақтайтын миссионерлік, тіптен миссиондық қызмет атқарудағы нық сенім олардың әділетті өмірді қалыптастыруда үлкен еңбек сінеді деген мақсат тыс асыра баяндалған. Сондықтан бұл экстремистік ағымға әртүрлі адамдар кіреді және оның барлығы қиындықтарға қарамастан ешқашан қайтпайды. Кейбіреулері идеяларды жүзеге асыруға тікелей қатысса, ал кейбіреулері оның қызметін моральды және үлкен қаржыландырудың арқасында мүшелік етеді. Ал үшінші тұлғалар болса, олардың идеяларын ұстанбайтын болғанымен, экстремизм жақтаушыларын өздерінің саяси мақсаттарына жету үшін пайдаланады.28

Аталмыш экстремистік идеяларды тарату қаупі мемлекетті іштей саяси детұрақтылыққа әкелуі мүмкін. Ол республика қауіпсіздігіне, сөзсіз, қауіп болып табылатын Үкіметтің жарамсыдығына әкеліп соқтыруы мүмкін. Діни экстремизмді мемлекеттің саяси қауіпсіздігіне қауіп ретінде қарастыруға болады, егер Үкіметке, жалпы мемлекетке заңды әрекет етудегі басқару және идеологиялық жүйені мемлекеттің тұрақтылығын ұйымдастыруды түсінетін болсақ. Қалыптасқан зайырлы билікті құлату идеясы тек билік және идеология жүйесіне қауіп төндіреді деген оймен қатар, жалпы қоғамдағы жағдайды тұрақсыздандырады деуге болады. Олар бүкіл Қазақстан қоғамының ұлттық бірлесуінің дамуына тойтарыс жасап, мемлекетке діни шыдамсыздықтың ошағын қалыптастырды. Сондықтан да аталмыш қауіп қауіпсіздіктің дәстүрлі түсініктерін өзгертіп, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздігінің мықты факторы болып табылады.

Қазақстан қауіпсіздігіне айқын катер ретінде көршілес мемлекеттер (Кавказ, Орта Азия) аумағындағы радикалды террористік топтардың орналасуы болып табылады. Олардың құрамын, негізінен, Пәкістан, Сауд Аравиясы, Иемен, Иордания, Мысыр және тағы да басқа Таяу және Орта Шығыс мемелкеттерден шыққан жалданушы террористер құрайды. Аталған топтардың визалық демеуді алу ойлары Ресей және бірқатар ТМД мемлекеттердің Пәкітандағы, Түркиядағы және кейде Таяу Шығыс елдеріндегі Елшіліктерде байқалды. Бұл ұйымдар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішкі істеріне араласу мүмкіндігін одан әрі жоғарлатуда. Террористік және экстремистік ұйымдардың басты мақсаты ланкестік – сепаратистік көңіл күйді жандандыру мен радикалды исламдық сипаттағы мемлекеттік құрылымдарды қалыптастыру. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне анағұрлым қауіп төндіретін халықаралық террористік ұйымдар ішінде мыналарды ең қауіпті қатарға кіргізуге болады: «Мұсылман бауырлар», «Талибан», «Орталық Азия моджахедтерінің Джамааты», «Әлеуметтік реформалар қоғамы», «әл Игаса», «Құтақару қайырымдылық қоғамы», «Даава Исламия», «Халықаралық ислам комитеті», «Ислам халқының қоғамы», «Насихаттау және көмектесу жөніндегі бүкіләлемдік Ислам Кеңесі» (Даава Игаса), «ХАМАС», «Ибрагима Бен Абдул Азиз әл Ибрагима», «әл Харрамин», «Адолат уюшмаси», «Ислом лашкарлары», «Өзбекстанның ислам қозғалысы», «Товба», «Азия мұсылмандарының комитеті». Олардың бастапқы және негізгі мақсаты – Кавказ, Орта Азия аймақтарында ұлтщылдық және радикалды исламдық фундаментализм идеяларын насихаттау жолымен барлық мұсылмандарды бірыңғай ислам халифатына біріктіру.

Кейбір мемлекеттер өздерінің туындысы – діни экстремизмнен қашуға, жекелеген адамдар мен топтардың саяси немесе діни амбициялары деп бұл феноменнен бас тартады. Бірақ Орта және Оңтүстік Азия аймақтарында әрекет етіп отырған діни экстремизм, «Суық соғысты» кезеңінде державаның геосаяси қарсылықтарының өнімі, саяси және әлеуметтік-мәдени тапшылық нәтижесі деуге болады. Сөйтіп бұл өнім өз мақсатын жүзеге асыру үшін әлемді жаппай өзгертуге тырысады. Сондықтан терроризм тамырын дінде, әсіресе кері пиғылды – террористік әрекеттерді исламдық фундаментализм, экстремизм көрінісі ретінде қабылдауда, одан, яғни діннен іздеу үлкен қате. Бұл мәселе тек қана жергілікті және халықаралық ланкестік әрекеттердің мәнін түсінудегі қате мен саналы түрде аталған қателікті насихаттауда жатыр. Қылмыскер міндетті түрде белгілі бір нәсілге, ұлтқа, жынысқа, жас мөлшеріне, дінге, әлеуметтік топқа жататынын ұмытпау керек. Басқа сөзбен айтқанда, белгілі бір қылмыстың мотивациясын тек қылмыскердің жынысына, ұлтына, жас мөлшеріне, дініне және басқа да сипаттамаларға жатқызуға болады. Бірақ бұл дұрыс емес, түп тамырымен әділетсіз және қылмыстың табиғатын дұрыс түсініп, шешуге жол бермейді.

Әлемдегі қазіргі заманда терроризмнің дамуына байланысты сипаттар мыналар болып табылады: конституциялық құрылымның және адам құқықтарының бар болуы, халықаралық қатынастарда қоғамдағы қауіптің жоғарлауы; әртүрлі әлеуметтік топтардағы адамдарды ланкестік қызметті жүзеге асыру үшін өз қатарларына қосу ұмтылысы мен түрлі ланкестік ұйымдарының саяси көзқарастарын бөлісетін және жандары күйетін ортаны қалыптастыру; жаңа заманда терроризмнің ұзақ уақытты факторға айналуы; ланкестік құрылымдардың ұйымшылдығы мен басқарушылығы; әртүрлі аумақтағы ланкестік ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтарының тереңдей түсуі; ұйымдасқан қылмыс пен терроризмнің жанасуы; ланкестік акцияларды өткізудегі ауқымы және материалдық жағынан шығындардың қарқынды өсуі; халықаралық ланкестік ұйымдардың бай энерготасымалдар қорларының, пайдалы қазбалар қорлары бар мемлекеттер аумағында бақылауды орнатуды тырысуы; жаппай жою қаруларын қолдану мен оған билік ету; қаржыландырудың жоғарғы деңгейі.

Тероризмнің әлеуметтік базасының ұлғаюына мына факторлар әсер етеді:

- әлеуметтік-саяси күрестегі, көп жағдайда жоғары саяси мәдениетке ие емес, халықтың әртүрлі топтары мен таптарының қатысу деңгейінің өсуі;

- ұлтаралық қайшылықтардың шиеленісуі осы негіз бойынша экстремистік және сепаратистік сипаттағы ұлттық процестердің күрт белсендеуі;

- конфессияаралық қайшылықтарды тарату, діни және діни-саяси экстремизмнің дамуы.

Осылайша біз, жаңа заман жағдайында террористік әрекетер (қызмет) өзінің кең ауқымды дұрыс бағытта құрылыен нақты белгіленген мемлекеттік шекаралардың жоқтығымен, халықаралық ланкестік Орталықтармен және ұйымдарымен арақатынас пен байланыстың орын алуымен сипатталады деп нақты айтуға болады. Сонымен қатар жедел және басқармашылық түйіннен тұратын қатал ұйымдастырушылық құрылымы, барлау және контрбарлау бөлімдерінің бар болуы, материалдық-техникалық қамсыздандыру, әскери топтар мен оны жабатын топтардың; ішкі істер мен мемлекеттік органдарда агенттіктердің бар болуы; мықты конспирация және кадрларды жекелеп таңдау; Үкіметтік әскери бөлімшелерінің құрал саймандарынан артып түсетін мықты техникалық жабдықтармен қамтылу; конспирациялық орындар, дайындайтын базалар және полигондардың ұсақталған желісінің қалыптасуы ланкестік қызметтің дамуына әсер етеді.

Ланкестік ұйымдар өз арасында жалпы идеолого-конфессионалдық, әскери, коммерциялық және басқа негіздер бойынша тығыз байланысты орнатты. Ланкестік топтар, әсіресе олардың басқармасы көп жағдайда қару жарақты сатып алу, бір бірін жабу, ланкестік кең операцияларды жақсы атқару барысында функциялары мен тапсырмаларын бөлудегі өзара әрекеттестік пен ынтымақтастық жақсы дамыды (Мысыр, Ауғанстан немесе Ливан). Жаңа заман терроризмінің ланкестік ерекшелігі болып, оның дұрыс бағыттағы құрылымдық және ұйымшылдық сипаты табылады. Ланкестік ұйымдар бірыңғай басқарушы органдар басқару жүйесін, жоспарлайтын бөлімшелерді қалыптастырады. Әлдеқайда ірі топтар басшыларының кездесуі мен отырысы түрлі ұлттар қатыстылығын ұйымдастыру қызметін үйлестіру анықталды.

Соңғы кездері ланкестік актілерге байланысты адам және материалдық шығындар мынадай елдерде анықталды: Солтүстік Ирландия, АҚШ, Ресей, Кения, Танзания, Жапония, Аргентина, Үндістан, Пәкістан, Алжир, Израиль, Мысыр, Түркия, Албания, Югославия, Колумбия, Иран және бірқатар басқа мемлекеттер. Мысал келтірсек, тек АҚШ  тағы 2001жылдың 11 қыркүйегінде болған ланкестік акт өзінің адам шығындарының жоғары көрсеткіштерімен әлемдік экономикаға 380 млрд АҚШ доллардан асатын шығындар әкелді, ал Американың өзінде бұл оқиғаның салдарын қалпына келтіру үшін Нью-Иорк қаласы қосымша 54 млрд АҚШ долларын екі егіз бауырлар деп аталатын Сауда орталығын және қаланы қайта өңдеуге шығындалды.

Бүгінгі таңда әлемде мыңға жуық заңсыз ланкестік ұйымдар есептеледі. Бірқатар Ресей ғалымдары зерттеулеріне сәйкес және шетел зерттеу орталықтарының ақпараты бойынша, террор аясындағы жыл сайынғы ортақ бюджеті бестен жиырма млрд АҚШ доларын құрайды. Бірнеше жыл аралығында ланкестік белсенділік қызметінің эпицентрі Латын Америка елдері мен Жапония, ГФР, Түркия, Испания, Италия мемлекеттеріне қарай жылжыды. Өздерінің әртүрлі жиілілік деңгейімен бір уақытта ИРА-ның Англия және Солтүстік Ирландиядағы, ЭТА- ның Испаниядағы ланкестік акциялары жүзеге асырылды. Палестина және Израиль ланкестері белсенділік көрсете бастады, сонымен қатар ланкестік ұйымдар Африка, Азияның бірқатар мемлекеттерінде және АҚШ-та бел алды. Соңғы жылдары Таяу Шығыста «ХАМАС» және «Хезболлах» бағытындағы ислам әскериленген ланкестік топтар, оған қоса Үндістандағы «сикхтердің» ланкестік қозғалысы мен топтары Алжирдың және тағы басқа мемлекеттердің ланкестері белсенділік таныта бастады.

Ресейдің ФСБ ақпараттары бойынша ТМД мемлекеттерінің қауіпсіздігіне потенциалды қатер төндіруші халықаралық ланкестік және экстремистік ұйымдардың ішініен келесілерді бөліп айтуға болады: «Мұсылман бауырлар», «Христиандар мен иудейлерге қарсы халықаралық ислам фронты», «әл Каида», «Сұр қасқырлар», «Даава Исламия», «Хизб-ут-тах-рир» және тағы басқалар. Бұл ұйымдардың негізгі қызметі мұсылмандардың көп болып тұратын жерлер мен елдімекендерде ислам фунтаментализм идеяларын насихаттау. Олардың аса көп көңіл аударатын аймақтары Кавказ және Орта Азия. Мұнда олардың стратегиялық мақсаты болып ислам халифатын құру табылады. Коммерциялық және қайырымдылық қызметпен айналысуды сылтаулатып, бұл ұйымдардың мүшелері өз қатарларына жақтаушыларды тартумен белсенді жұмыс атқарып отыр. Қазіргі заман әлемінің бір қоғам сияқты бір туыстығы негізінен жинақталған ақпараттық айырысу есебінен қамтамасыз етіледі. Жаһан ақпараттар ағымының қысқа уақытқа болсын тоқтатылуы мемлекетеаралық экономикалық қатынастарының үзілуі сияқты үлкен дағдарысқа соқтыруы мүмкін. Кейбір шетел мамандарының айтуы бойынша компьютерлік жүйелердің өшуі бірнеше сағатың ішінде орта компанияның 20 %, ал бірнеше тәулік ішінде 48 % шығындарға ұшырап, банкрот деп жарияланады. Сонымен қатар мұндай апаттың салдарынан банктердің 30 % бірнеше сағаттан кейін, ал 50 % бірнеше тәуліктен кейін шығындалады. Бизнес аясындағы алғашқы ланкестік актілердің 1993 жылдың ортасында орын алған. Ол Нью-Иорк қаласының халықаралық бизнес орталығының жерасты тұрағында орналасқан ұсталық электрондық қопарылғыш заттың снарядының жарылысы болып табылады. Солай бола тұра, адам және кеңсенің техникалық құралдары аман қалды. Дегенмен олар ақпаратты өңдейтін барлық жүйесі құнының 10 % кем бөлігін құрайды. Ал негізгі шығын бағдарламалық қамсыздандыру – мәліметтер базасының мазмұнын жоғалтумен сақталып тұрған ақпараттың (қалған 90 %) жоғалуымен байланысты болды.

Қазіргі уақытта жаһанның бейбіт ядролық кешені – саясатқа және экономикаға әсер етуші реалды ресурсы болып табылады, өз кезегінде осының нәтижесінде этникалық бәсекелестік пайда болады. Ядролық кешеннің дамуы әлемдік экономиканың мұнай және газ бағалары біресе төмендеп, біресе көтерілуінен әлсіретуге бағытталған. Сонымен қатар Жердегі табиғи отын арқылы ТЭЦ-тің атмосфераға парниктік газдардың бөлуінен пайда болған климаттық өзгеруінен сақтандыруға бағытталған ХХ ғасырдың аяғынан бастап адамзат атом энергетикасын, медицинадағы, өнеркәсіптегі, ғылымдағы изотоптарды және тағы басқаларды кеңінен пайдалануды қолға алды.

АҚШ-тың қалаларына ланкестердің қатігездік шабуылынан кейін, «Кір атом бомбасы» сияқты «ассиметриялы соғыстың» мұндай элементі НАТО және Ресей мемлекетерінде үлкен мәселе ретінде қарастырыла бастады. Осыдан кейін аталған мемлкеттер халықаралық терроризмге қарсы тұру туралы ойларын жариялады. Бұл мәселеден Қазақстан да алшақ тұра алмайды, өйткені ядролық ланкестік актілер жүзеге асыру қаупі біздің республикамызда да әбден болуы мүмкін.

Жинақталған глобальды қауіп жергілікті әскериленген этникалық топтардан шығады. Белгілі бір қаржылық тәуелсіздік оларға өзінің және басқа билік етуші этностардың бақылауына көнбейді. Мысалы, Усама бен Ладен, Сауд Араваиясының, оған қоса панарабтық және панисламдық қаржылық құрылымдарынан тәуелсіз. Кейбір сараптамалардың көрсетуі бойынша бен Ладенге қызмет ететін «есепке алынбаған» капитал 550-600 млрд АҚШ долларын құрайды. Одан басқа бұқаралық ақпараттар құралдарының пайымдауынша америкалық банктерде 400 ден 800-ге дейін млрд «араб» және «ислам» доллары жатыр. Бұл капитал олардың иелерімен тәркіленуі мүмкін немесе , керісінше, АҚШ  тың (World Telecom және басқа ) ауқымды корпорациялармен байланысты жазғы (2002 жыл) даулардан кейін «мұздатылуы» мүмкін. Әлемнің бірқатар мемлекеттеріндегі оффшорлар мен «көлеңкелі» экономика арқылы өтетін мықты айналмалы құралдардың көмегімен Усама бен Ладеннің басқаруымен «әл Каида» ланкестері «қара нарығында» сатып алынатын бөлінуші материалдар (БМ) арқасында өздерінің «кіші» ядролық күшін қалыптастыруға тырысады. Ядролық державалар арасындағы әскери және ,әсіресе, азаматтық, ядролық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әрекеттерінде келіспеушіліктердің орын алуы аталмыш мәселені қиындатады. Яғни ядролық және радиациялық материалдардыі «қара нарығына» қолайлы жағдай жасалуда. Олардан этникалық ланкестік ұйымдар «кіші кірленген атом бомбылары» мен басқа жарылғыш заттарды дайындауға мүдделі. Сондықтан «қара ядролық нарық» ұдайы кеңейе түсуде.

Әскери аядағы және ядролық объектілерді қорғаудағы инновациялы қоғамның аса үлкен көңілін аударуды талап етеді. Бүгінгі күні әскери саладағы революциялар бұрынғы ядролық күштердің тапқыштарының мүмкіндігінен әлдеқайда жоғары және олардын аса алмайды. Жекелеп айтатын болсақ, «сандық экономикасы» (Digital Economy) бар барлық мемлекеттерде радио және телефон сөйлесулердің, факстордың , спутниктік және компьютерлік байланысу арналарына анализ жасайтын суперкомпьютерлік құрал саймандар ене бастады.

Әлемде жаңа заман талабына сай ядролық ланкестерді тізе бүктіретін құралдар бар. Оларға мыналар жатады: он жылдар бойы жетілдірілген МАГАТЭ-нің азаматтық қолданыстағы барлық ядролық объектілерді қауіпсіз пайдаланудағы глобальді электрондық мониторинг тәжірибесі; жасанды интеллект немесе жасанды барлау атты аясындағы инновациясы. Яғни суперкомпьютерлердегі математикалық есеп арқылы оларды моделдеу жолымен күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, оның ішінде интернет арқылы ақпаратпен айырысу да бар. Аталған жолмен «Эшелон» жүйесі жұмыс істейді. Оны қолдану жаһан антиланкестік пакті әрекеттерін үйлестіруге себептігін тигізуі мүмкін.

МАГАТЭ-де жүздеген ядролық объектілерге (450 АЭС) мониторинг (жинақтау және ақпаратты сараптау) әрекет етеді. Бірақ Ресейде, АҚШ та және тағы басқа көптеген мемлекеттерді халықпен жұмыс істейтін ақпараттық бағдарламалар жоқ. Бұл бағдарламалардың арқасында реалды және потенциалды «кір ядролық терроризм» жақтаушылардың этникалық диссиденттер арасында орын алған әрекеттерді көрсетуге болатын еді. Белгілі бір этникалық топтарда олардың пайда болуын анықтау және болжау керек. Бұл ғалымдардың ісі, бірақ оларға қаржылық және моральді демеу қажет. Келтірілген зерттеулерді қаржыландыруды жаңа заман адам өміріндегі барлық аясына ақпараттық технологияларды ендіруге, соның ішінде оны жаңа ядролық ланкестердің қаупінен қамтамасыз етуге мүдделі. Сақтандыруға, оның ішінде кіші АЭС салуға рұқсат берудегі бірден бір шарты болып, ядролық терроризмнен сақтану табылады. Айтылғанның бәрін жүзеге асыруға басқа да бюджеттен тыс қаражат көмектеседі.

Осыдан бірнеше жыл бұрын ешкімде «кір ядролық» терроризмді жүзеге асыру оңай деп ойлаған емес. Ядролық қаруларды иемдену үшін ланкестер оларды тек сатып алып, ұрлап немесе өздері жасап қана қоймай, оларды қолдануға дайын болу керек, ал бұл , өз кезегінде, «көнбейтін» қиындықтарға әкелетінін бәріне мәлім деген пікірлер жүрді (ЦРУ және АҚШ-тың Академиялық орталықтарында, Ұлыбританияда). Бірақ АҚШ- та 2001 жылдың 11 қыркүйкгінде орын алған ланкестік актіде Боингте ұшып келген камикадзе ланкестері одан да күрделі қиындықтарды ойланбастан басынан кешірді. Егер АҚШ-тың арнайы қызмет органдарында кішігірім ядролық құралдар бар болса (мысалы, Усама бен Ладенді ұстағанда Ауғанстан үңгірлернде олардың лабораториялары), онда АҚШ­тың өзінде және басқа елдерде этникалық радикалдар мен ланкестердің «кір ядролық бомбылары» бұған қайтарымсыз жауап болуы мүмкін.

Бүгінде АҚШ та «үлкен кеңістіктерде бақылау жүйесі» (The Wide-Area Tracking System - WATS) атты операциялық компьютерлік бағдарлама бар. Ол ядролық құралдар мен материалдардың жер үстіндегі жылжуын бақылау мен ашуға арнайы бағытталған. Бұл жүйенің негізінде Ливер теңіз лабораториясында жасалған радиоактивтілікті анықтайтын портативті детектор. Ол интернет арқылы монитор бетіне мүдделі ұйымдар мен тұлғаларға анықталған ядролық материалдар туралы мәліметтерді шығарады. Жүйе арқылы ланкестердің ядролық құралдарды мүмкін қолдануының индекаторы ретінде температураның өзгеруін тіркейді. Жаңа жүйе кадмий, цинк, теллурид, балқытылымынан жасалған сезгіш индикаторлық элемент сияқты жақында шыққан технологиялық инновацияны колданумен жұмыс істейді. Бұл элемент гамма сәулелерін ажыратумен қатар рентген сәулелерін де ажырата алады. Ол , өз кезегінде, ядролық материалдардың (плутоний, уран сияқты) «қолтаңбасын» анықтайды. Аталмыш жүйені тәжірибеде қолдану, теңіз порттары, ұлттық және халықаралық әуежайлар арқылы заісыз тасымалданатын ядролық материалдарды айқындауға тікелей қатысы бар. Терроризмді жою өте күрделі сұрақ. Оған жауап беру барысында Қазақстанның даму институты мен ақпараттық аналитикалық «Саясат» журналы өткізген сауалнама қатысушыларының пікірі бөлініп кетті: 37.6 % терроризм көріністерін жоюға болады; 30.7 % мемлекеттер тарапынан бақылау және әсер ету шараларын қатаңдату қажеттігін айтады; 16.8 % сыбайлас жемқорлықпен күресудә күшейту керек екендігін ұсынады; 9.9 % әскери қоймалардағы қару жарақтарды күшейтуді жақтайды. Біріқ жартысынан көбісі (52.5 %) радикалды саяси жүріс-тұрысқа деген құмарлық адам табиғаты болғандықтан жақсы өмір сүру жағдайымен қамсыздандырылған болғанымен де, оған қарсы тұрады деген пікірді ұстанады. Сөйтіп, терроризм қылмыстылықтың басқа нысандары сияқты жойылмайтын құбылыс болып табылады. Респонденттердің ойынша, (анти мемлекеттік қарсы тұру әрекеті үшін өлім жазасын енгізу, бұқара жиналатын нүктелерді күзетуді күшейті, түрлі қару жарақтарды жасау әдістері туралы ақпаратты таратуды шектеу және тағы басқа) тқмен әсерімен ерекшеленеді.

Тек қана қатаң күшпен басу әдістері жеткіліксіз. Бұл әдістер аталмыш «аурудың» салдарына ғана әсерін тигізеді, алайда терроризм мен экстремизм себептеріне әсер ету керек. Ол жөнінде ЭТА ланкестік ұйымымен бірнеше онжылдықтар бойы күрескен Испания нақты мысал бола алады. Испания Үкіметі терроризммен күресу жөнінде аранйы топ құрды да, олардың мүшелері ЭТА көшбасшыларын тұтқындап, өлтірді. ЭТА көшбасшыларын күштеу арқылы және жартылай заңды жою – керемет әсерін тигізе алмайтындай бұл ланкестік ұйымымен күресудің бір нысаны ғана: құрылған арнайы топ бінеше рет ЭТА басшыларын түгелдей жойғаны туралы жариялағанымен, біраз уақыттан кейін аталмыш ұйым өз белсенділігін көрсете бастаған. Осыған байланысты Испания Үкіметі әлдеқайда дұрыс болып келетін әдісті ұсынды: ол ЭТА ұйымын саяси процеске енуіне шақырды. Бұл, өз кезегінде, ЭТА ның ланкестік қызметтен бас тартуына әкелуі мүмкін.

Терроризммен күресудің барлық әрекеті бір мемлекет шегінде жүзеге асырудың мән – мағынасы жоқ. Терроризм халықаралық сипатқа ие болған фактісін ұмытпауымыз қажет және осдан біз оған халықаралық деңгейде қарсы тұруымыз анағұрлам жөн екенін есте сақтау керек.
III ТАРАУ. ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДА ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСУДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет