Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет10/11
Дата15.06.2016
өлшемі0.99 Mb.
#136646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әдістемелік ұсыныс:

Ф е н о л о г и я л ы қ б а қ ы л а у л а р. Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіне жыл бойы бақылау жүргізіңдер және жергілікті жердің табиғатына календарь жасаңдар. Бұл жұмысты коллективті түрде (бірақ әрбір оқушы бір объектіге бақылау жүргізуі тиіс) орындауға болады.

Ауа райын алдын ала айту. Ауа райын айтылған белгілердің ішінен біреуіне қарап алдын ала айтуға болмайды, әрқашан бірнеше қасиеттерді басшылыққа алған жөн. Мұнан басқа, өсімдіктер мен жануарлар жағдайын да ескерғен маңызды. Егер алдын ала айту қарама-қарсы болса, онда ең көп белгілерді көрсеткен ауа райының өзтерістеріне тоқталады.

Тұрақты ашық ауа райыкың белгілері.

Желдід баяу ескен кезінде аспаннын, көгілдірленуі.

Түтін мұржалардан немесе далаға жағылған оттардан жоғары қарай тік шығады.

Мол шық (жазда) және қырау (қыста).

Жел жоқ кездегі бұлтсыз кештер.

Температура күндіз жоғарылап, кешке қарай төмендейді.

Жылжымайтын шарбы бұлттардың күн батар кезде нәзіктеніп қызғылттануы.

Аспан қысқы күндері ашық, ал кешке қарай (желсіз кезде) төмендеген қатпарлы бұлттармен торланады.


Ауа райының бұзылу белгілері

Ертеңгі таң қызғылт күрең немесе күңгірт қызыл.

Жел кенет бағытын өзгертеді және кешке қарай күшейе түседі.

Мұржалардың немесе далаға жағылған оттардың түтіні төмен қарай кетеді .

Ауаның температурасы таңертеңгіге қарағанда кешкісін жоғары болады.

Әр түрлі биіктікте әр түрлі бұлттар пайда болады және әр жаққа қарай козғалады.

Кешке қарай бұлттану күшейе түседі, күн бұлттың тасасына енеді.

Қарлығаштар мен сұр қарлығаштар жер бауырлап ұшады.

Жауын құрттары жер бетінде жыбырлап жүреді.

Гүлдердің иісі күшейе түседі.

Атбас талшын жапырақтарының үстінен шырын тамшылары көрінеді.

Бақбақтар өздерінің шок гүлін бүрістіреді.

Жоңышқалар жапырақтары мен бастарын төмен иеді.
Бұлыңғыр ауа райының тұрақты белгілері

Аспанды тұтас бұлт басады.

Ауаның температурасы тәулік бойы өзгермейді.

Батыстан қатты жел соғады.

Жауын тамшыларынан су бетінде көпіршіктер пайда болады.

Кешке қарай жел күшейе түседі.



Ауа райының жақсару белгілері

Құбылмалы бұлттылық — көгілдір аспанның көріне бастауы.

Күн батқан кезде аспанның батыс бөлігінде бұлт болмайды.

Күннің екінші жартысында кемпірқосақ көрінеді.

Ай аспан ашық кезде батады.

Кешке қарай жауын бәсеңдейді.

Кешке қарай шарбы бұлттар мен ұшпа бұлттар жоғалады.

Қарлығаштар мен сұр қарлығаштар жерден жоғарылап ұшады.

Аралар таңертеңнен бастап жем іздеп ұшып кетеді.

(Қырмызы) гүлдері таңертеңнен бастап ашылады.

Егін жай шырмауығының гүлдері барынша ашылады.
Тарау, бөлімдері көрсетілген әдебиеттер тізімі: 1,2,3,4,5,6/1,2,3,4,5,6,7,8

Негізгі әдебиеттер:

1.Веретеникова.с.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру. «мектеп»1983

2.Аймагамбетова К.А.ЖунусоваК.Ж. Методическое руководство к учебнику "Познание мира". Алматы,2000.

3.Аймагамбетова К.А., Олейник 3. Раздаточный дидактический материал к учебнику "Познание мира". Алматы, 1998.

4. Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподавания природоведения. М. Дрсвещение, 1980.

5. Аймағанбетова.К.А.Дүниетануды оқытудың теориялық негіздері.Алматы,2000ж

6. Горощенко В.П. Табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы1985ж

Қосымша:

1. Аквилева Г.Н. Наблюдения и опыты на уроках природоведения. Пособие для учителей начальных классов. М.Дросвещение 1988.

2. Груздева Н.В.,Морозова Г.Н. Думаем, играем, творим, познавая окружающий мир. М.1994.

3. Захлебный А.Н.,Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внеклассной работе. М.,Просвешение,1984.

4. Запартович Б.В. С любовью к природе. Дидактический материал по природоведению для начальной школы. М.,Просвещение,1983

5. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.

6. Красная книга Казахстана в 2-х т.Алматы, 1991

7..Сорокоумова Е.А.Уроки экологии в началыюй школе. Пособие для учителей. 1994.

8.Қ.Аймагамбетова, З.Ф.Олейник. Дүниетануға арналған үлестірмелі материалдар. Алматы. Атамүра. 1998. —63 б.

2. Практикалық сабақ



Тақырып атауы: Жер участкесі

Сабақтың мақсаты: Жер участкесінің бала бақша балаларын табиғатпен таныстырудағы маңызын анықтау

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

Балалар бақшасында жер участкесінің қандай маңызы бар

Жер участкесін қалай ұйымдастыруға болады

Балаларға арналған ауыл шаруашылық құралдарына қандай талаптар қойылады



Тапсырма:

Бақшаның орын таңдау және жоспарлау

Көкеніс дақылдарды отырғызу

Әдістемелік ұсыныс:

Жер учаскесінің көлемі мен балалардың санына қарай бақшаның барлық топқа ортақ немесе олардын, әр тобына жеке болуы мүмкін. Оған арналған орынды жабдан әрі күн сәулесі түсіп тұратын, солтүстік жағынан құрылыстармен, дуалмен немесе өсімдік бұталарымен қоршалған жерден таңдайды. Бақша алаңы (жүйек, жол, қатар аралықтары, 3—4 жастағы әрбір бала үшін 0,5 шаршы метр және 5—6 жастағы бала үшін 1—-1,5 шаршы метрден бөлінуге тиіс.

Бақшаны жүйектердің ұзындығы 2,5—3 м болатындай етіп бөледі.

Ш а л қ а н п и я з д ы ң тұқымының пішіні үш қырлы қара түсті («чернушка») болып келеді. Жерден ілгек сияқтанып сурет) көктеп шығады. Алғашқы нағыз жапырақ тұқым жарнағы жапырақшасының тесігінен шығады, ал келесі жапырақтардың әрбіреуі бұрынғы жапырақтардың ішінен өсіп, өрбиді. Жапырақтары жасыл, шырынды, түтікшелі, сыртын балауыз өңез жауып тұрады. Жапырақтары түзілгеннен кейін баданасы—жер асты өркені қалыптасады, оның ішінде бір-біріне тығыз жабысқан еттей жұмсақ аппақ жапырақтар болады. Олар қоректік заттарға толы. Сыртқы жапырақтары пісіп жетілген кезде кеуіп, жарғақтай болады да, сары, қоңыр, қызыл немесе күлгін түстеніп қабыршаққа айналады. Пиязшықтың (бадананың) түбіртегі өңі өзгерген сабақ болып саналады: одан төмен қарай ұсақ та-мырлар, ал жоғары қарай етті жапырақтар өсіп шығады.

Пиязды көбінесе екі жылдық дақыл ретінде өсіреді. Алғашқы жылы тұқымнан майда пиязшықтар (екпе-пияз) алынады. Шалқан пиязды өсіру үшін көлемі 1,5—2 см екпе пияз алып, бороздаға «иығынан келтіре», яғни майда пиязшықтың жоғарғы ұшы топырақтан селтиіп көрініп тұратындай етіп отырғызады. Бороздалардың ара қашықтығы 15—20 см, ал өсімдіктердің арасы 6—10 см болуы керек. Пияз жиі суаруды қаламайды. Шалқан пияздың жапырақтарының жығылып қурауы — пісіп, жинап алуға дайын болғандығының белгісі.
Тарау, бөлімдері көрсетілген әдебиеттер тізімі: 1,2,3,4,5,6/1,2,3,4,5,6,7,8

Негізгі әдебиеттер:

1.Веретеникова.с.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру. «мектеп»1983

2.Аймагамбетова К.А.ЖунусоваК.Ж. Методическое руководство к учебнику "Познание мира". Алматы,2000.

3.Аймагамбетова К.А., Олейник 3. Раздаточный дидактический материал к учебнику "Познание мира". Алматы, 1998.

4. Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподавания природоведения. М. Дрсвещение, 1980.

5. Аймағанбетова.К.А.Дүниетануды оқытудың теориялық негіздері.Алматы,2000ж

6. Горощенко В.П. Табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы1985ж

Қосымша:

1. Аквилева Г.Н. Наблюдения и опыты на уроках природоведения. Пособие для учителей начальных классов. М.Дросвещение 1988.

2. Груздева Н.В.,Морозова Г.Н. Думаем, играем, творим, познавая окружающий мир. М.1994.

3. Захлебный А.Н.,Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внеклассной работе. М.,Просвешение,1984.

4. Запартович Б.В. С любовью к природе. Дидактический материал по природоведению для начальной школы. М.,Просвещение,1983

5. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.

6. Красная книга Казахстана в 2-х т.Алматы, 1991

7..Сорокоумова Е.А.Уроки экологии в началыюй школе. Пособие для учителей. 1994.

8.Қ.Аймагамбетова, З.Ф.Олейник. Дүниетануға арналған үлестірмелі материалдар. Алматы. Атамүра. 1998. —63 б.
3 Практикалық сабақ

Тақырып атауы: Үй жануарлары мен жабайы аңдар

Сабақтың мақсаты: Балаларды үй және жабайы аңдармен таныстыру

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

Үй жануарлары



Тапсырма: Сәбилер тобын үй жануарларымен таныстырудың үлгі жоспарын құру

Әдістемелік ұсыныс:
Сәбилер тобы (үй жануарлары

Тауықтарды бақылау (сәбилер тобындағы балалармен)

Балалар серуендеген кезде тауықтарды бірнеше рет көреді. Тәрбиеші олардың әтеш пен мекиенді ажырата алатынына көз жеткізген соң, серуендеулердің бірінде оларға әтештерге тән ерекшеліктерді көрсетеді.

— Қараңдар, әтештің басындағы не нәрсе,— дейді ол балаларға.— Қандай қып-қызыл, әдемі айдар. Ал, құйрығы ше, не деген үлкен!

Осындай сөздермен балалардың назарын әтештің сыртқы түріне аударады. Бұдан соң олар әтештің қалай шақыратынын тындайды.

Келесі күнгі серуендеуде тәрбиеші мекиендердің көзі бар екенін, онымен көретінін айтады.
Мысықты бақылау (сәбилердін. екінші тобымен)

Программалык, материал. Мысықтың сыртқы түрі, тамақты қалай ішіп, қалай ойнайтыны.

Сөздік: жалап ішеді, жүні қалың, жұмсақ, пырылдайды, табаны, мұрты.



Сабақтық барысы. Тәрбиеші топқа мысық әкеледі.

— Мынау мысық — дейді ол.— Балалар, қараңдаршы бұл қандай әдемі бүкіл денесі сұр түсті, қара жолақтары бар. Оны сипауға болады, ол тістемейді. (Мысықты сипайды). Оның жүні қалық әрі жұмсақ. Ал, қараңдаршы тұмсығындағы мұрттары не деген үлкен еді.

Тәрбиеші біртіндеп балалардың назарын мысықтың сыртқы түріндегі ерекшеліктерге аударады. Балалар оның басы, құлағы, көзі, мұрны, аузы бар екенін біліп алады. Одан соң оның аяқтарына, табанына, құйрығына қадала қарайды. Тәрбиеші жануар денесіндегі жеке бөліктерді атап береді.

Балалар оның сыртқы түрімен барынша танысып болғанда тәрбиеші мысыққа сүт береді. Ол сүт құйылған табақшаны көре салып мияулайды. Балалар оның сүт сұрағанына қуанады. Мысықтың ұзын тілін қасық тәріздендіріп, сүтті жалап ішіп аузына апаратынына балалардың назарын аударады.

Жануар тамақ ішіп болған кезде тәрбиеші оны тағы да сипап еркелетеді.. Тойып алған мысық пырылдай бастайды.

— Бұл оның өлең айтқаны,— деңді балалар.

— Бұл оның пырылдағаны,— деп, нақтылай түседі тәрбиеші.

Келесі сабақта тәрбиеші мысықты етпен тамақтандырады. Бұдан соң балаларға мысықтын, қағазбен және босаған жіп шарығьгмен қалай ойнағанын көрсетеді.

Балалар мысықтың қалай жасырынып, қалай секіргенін, қағазды аяғының ұшымен қалай қағып, тістелегенін бақылайды.

Балалы мысық (сәбилер тобында картина бойынша сабақ өткізудің үлгі жоспары)

Тәрбиеші мысықты тірідей көрген балалардан картинаны көрсетіп тұрып былай деп сұрайды: «Картинада не бейнеленген? Мысық не істеп отыр? Мысықтың қасында жатқан не нәрсе? Мысық қалай мияулайды?»

Екінші топтағы балаларға мынадай сұрақтарды қоса беруге болады: мысық табанының түсі қандай? Мысық құйрығының түсі қандай? Мысықтың басында, тұмсығында не бар? Сұр мысық (оны көрсетеді) не істеп жатыр? Сұр түсті баласы сүтті неден жалап ішеді? Мысықтың баласы сүтті қалай жалап ішеді? Мына мысық баласының түсі қандай? (Картинадан көрсетеді), Ол табанымен нені қозғайды? Оралғаң домалақ жіптің түсі қандай? Қайсыларыңның үйлеріңде мысық бар? Мысық қалай мияулайды? Мысықтың баласы қалай мияулайды?

Балалы мысық (сәбилер тобында картина бойынша сабақ өткізудің үлгі жоспары)

Тәрбиеші мысықты тірідей көрген балалардан картинаны көрсетіп тұрып былай деп сұрайды: «Картинада не бейнеленген? Мысық не істеп отыр? Мысықтың қасында жатқан не нәрсе? Мысық қалай мияулайды?»

Екінші топтағы балаларға мынадай сұрақтарды қоса беруге болады: мысық табанының түсі қандай? Мысық құйрығының түсі қандай? Мысықтың басында, тұмсығында не бар? Сұр мысық (оны көрсетеді) не істеп жатыр? Сұр түсті баласы сүтті неден жалап ішеді? Мысықтың баласы сүтті қалай жалап ішеді? Мына мысық баласының түсі қандай? (Картинадан көрсетеді), Ол табанымен нені қозғайды? Оралғаң домалақ жіптің түсі қандай? Қайсыларыңның үйлеріңде мысық бар? Мысық қалай мияулайды? Мысықтың баласы қалай мияулайды?

Тәрбиеші картинаны анықтап көріп болған соң балалы мысық туралы әңгіме тыңдауды ұсынады.



Қайсысы қалай дауыстайды? (Сәбилсрдің бірінші тобына арналған ойын)

Сабақтың құрал-жабдығы: ойыншықтар — мысық, ит, әтеш, тауық, балапан автомобиль,— немесе солардың суреті салынған картинкалар.

Сабақтың барысы.

Бізге мысық қонаққа келіп, «мияу-мияу» — деп мияулайды. Мысық қалай мияулайды? (Балалар қайталайды.)

Мысық отырды, оған ит жүгіріп келіп, «ауф-ауф-ауф»—деп үреді. Ит қалай үрді? (Балалар қайталайды.)

Міне, ит пен мысыққа қораз жақындап келіп, қалай шақырады: «ку-ка-ре-ку». Қораз қалай шақырады? (Балалар қайталайды.)

Күрке тауық келіп, өз балапандарын «қыт-қыт-қыт» деп шақырды. Тауық балапандарын қалай шақырады? (Балалар қайталайды.)

Балапандар жүгіріп келіп: «шиқ-шиқ-шиқ» деп шиқылдайды. Балапандар қалай шиқылдайды? (Балалар қайталайды.) Үйдің қасымен автомобиль келе жатыр. Ол: «би-би-би» деп гүрілдейді. Автомобиль қалай гүрілдейді? (Балалар қайталайды.)

Әтеш үрікті де қашып кетті, тауық пен балапандар шошынып, қаша жөнелді, ит пен мысық та қорқып, зыта жөнелді.

Тарау, бөлімдері көрсетілген әдебиеттер тізімі: 1,2,3,4,5,6/1,2,3,4,5,6,7,8:

1.Веретеникова.с.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру. «мектеп»1983

2.Аймагамбетова К.А.ЖунусоваК.Ж. Методическое руководство к учебнику "Познание мира". Алматы,2000.

3.Аймагамбетова К.А., Олейник 3. Раздаточный дидактический материал к учебнику "Познание мира". Алматы, 1998.

4. Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподавания природоведения. М. Дрсвещение, 1980.

5. Аймағанбетова.К.А.Дүниетануды оқытудың теориялық негіздері.Алматы,2000ж

6. Горощенко В.П. Табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы1985ж

Қосымша:

1. Аквилева Г.Н. Наблюдения и опыты на уроках природоведения. Пособие для учителей начальных классов. М.Дросвещение 1988.

2. Груздева Н.В.,Морозова Г.Н. Думаем, играем, творим, познавая окружающий мир. М.1994.

3. Захлебный А.Н.,Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внеклассной работе. М.,Просвешение,1984.

4. Запартович Б.В. С любовью к природе. Дидактический материал по природоведению для начальной школы. М.,Просвещение,1983

5. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.

6. Красная книга Казахстана в 2-х т.Алматы, 1991

7..Сорокоумова Е.А.Уроки экологии в началыюй школе. Пособие для учителей. 1994.

8.Қ.Аймагамбетова, З.Ф.Олейник. Дүниетануға арналған үлестірмелі материалдар. Алматы. Атамүра. 1998. —63 б.

4. Практикалық сабақ


Тақырып атауы: Күзгі табиғат құбылыстары мен ауылшаруашылық еңбегі

Сабақтың мақсаты: Күзгі табиғат құбылыстары мен ауылшаруашылық еңбегін бақылау ерекшеліктерімен танысу

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

Топ серуен кезінде жүргізілетін бақылаулар

Жер бедерін анықтау

Су қоймаларға бақылау

Күздегі бақылауларды қорытындылау

Өсімдіктер мен жауарларды бақылау



Тапсырма: Адамдардың күзгі еңбегін бақылау

Әдістемелік ұсыныс:

Адамдардың күзгі еңбегін бақылау

1. Күзгі бақылаған еңбек әрекеттері туралы қысқаша әңгіме жаз.

Егістіктегі жұмыстар. Аңыздық жырту (қай айларда?), егін жинау (егістің түрі, жинаған айы) қалай жүзеге асырылады?

Бақшадағы жұмыстар. Көкеністерді жинау (жиналған көкеніс түрлері, айлары); топырақты келесі көктемге даярлау.

Б а қ т а ғ ы жұмыстар. Жеміс жинау (жиналған жеміс түрлері, айлары); жеміс ағаштарын, жидекті, бұталарды отырғызу (отырғызған ағаштар мен бұталар, айы, күні); жидек беретін шөптекті мәдени өсімдіктерді, бұталарды, жеміс ағаштарын қысқа дайындау (өсімдікті түптеу, жылылау, агаш діңдерін әктеу, топырақты қопсыту, т. б.).

Мектеп үлескісіндегі жұмыстар. Ағаш, бұта өсімдіктерін отырғызу, өсімдіктерді қысқа дайындау, қорғау, топырақты келесі көктемге дайындау сияқты жұмыстар қалай жүргізілді?

Өзің қандай жұмыстарға қатынастың?

2. Мал қыстатуға байланысты күзде жүргізілетін (ауылдың жерлер үшін) пішен тасу, мая салу, жем даярлау, мал қораларын жылылау сияқты жұмыстардың ішінен бақылағандарыңның астын сызып, ол жұмыстар қалай, қандай құралдармен орындалатынын қысқа әңгіме түрінде дәптеріңе жаз.



Күзгі бақылауларды қорытындылау

1. Өсімдіктерді бақылау нәтижесінде жиналған деректерге сүйене отырып, мына сөйлемдердегі түсіп қалған сөздердің орнын тауып жаз.

1. Күзде ағаштар мен бұталар жапырақтарының

2. Суың түскен соң-аң ................................ бастады.

3. Күздің аяғында ағаштар мен бұталардың ...........

..................олар........ қалды.

4. Шөптер .............. кетті.

5. Суық түскеннен кейін ............ көрінбейді.

6........

дуалдардың жарықтарына, ағаш қабықтарының астына тығылады. 7................ қысқы ұйқыға жатты.

8..............топтанып жылы жаңқа ұшып кетті.9. Бұлар

Түсіп қалған сөздер: саргайып, қурап; жыл қү-тары; түсі өзгерді; балалар, кесірткелер; жапырақтар түсе; қарлығаштар; қараторгайлар; бунақденелілер;Жапырақтары түгел түсіп; сидиып

2. Күзде өсімдіктер мен жануарларды бақылағандарыңды мына төмендегі сұраққа жауап беруге дайындалыңдар:

Күзде өсімдіктер тіршілігінде болған қандай өзгерістерді бақыладыңдар? Бұл өлі табиғаттағы қандай өзгерістермен байланысты?

Күзде жанарлар тіршілігінде болған қандай өзгерістерді бақыладыңдар?

Бұл өлі табиғаттағы қандай өзгерістермен байланысты



Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1.Веретеникова.с.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру. «мектеп»1983

2.Аймагамбетова К.А.ЖунусоваК.Ж. Методическое руководство к учебнику "Познание мира". Алматы,2000.

Қосымша:


1.Ә.Бірмағамбетұлы.К.Жүнісқызы Табиғатты бақылау күнделігі Алматы 1993

5. Практикалық сабақ



Тақырып атауы: Көктемгі табиғат құбылыстары мен ауылшаруашылық еңбегі

Сабақтың мақсаты: Көктемгі табиғат құбылыстары мен ауылшаруашылық еңбегін бақылау ерекшелімен танысу

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

Топ серуен кезінде жүргізілетін бақылаулар

Жер бедерін анықтау

Су қоймаларға бақылау

Күздегі бақылауларды қорытындылау

Өсімдіктер мен жауарларды бақылау



Тапсырма: Өсімдіктер мен жанарларды бақылау

Әдістемелік ұсыныс:

Өсімдіктер мен жануарларды бақылау

1. Көктем басталысымен.мына ағаштар мен бұталардың ішінен өзің тұратын жерде өсетін 3-4 ағаштың, 2-3 бұтаның бүршік жаруы, жапырақ жаюы, гүлдеуі, жеміс салуы туралы бақылап, бақылау нәтижелерін төмендегі кестеге (мұны көшіріп дәптеріңе түсір) жаз.

А ғ а ш т а р : қайың, көктерек, жөке ағашы, үйеңкі,қызылтал, тал, алма ағашы.

Б ұ т а л а р: сары қараган, мойыл, қарақат, гүл-шетен.


Бақылауға арналған ағаштар мен бұталар

Бүршік жару уақыты (күні, айы) бүршіктің түрі, иісі

Жапырақтың алғаш көрінуі (күні, айы)жапырақ жаюы

Гүлденген уақыты

(күні, айы)

Гүлінің түсі, күлте саны


Гүл күлтеренің түсе бастауы

(күні, айы)



Жеміс түйінінің пайда болуы

(күні, айы



Жемістің пісіп жетілуі






















2. Қар кетіп, жер көктей бастаган кезден бастап жарқабақ шетінде, төбеде, далада шөптекті өсімді-тердің көптеген түрлері гүлдей бастайды. Олар: өгей-шөп, желайдар, қазжуа, қызғалдқ, т. б. Өзің тұратын жерде өсетін өсімдіктерді мына кестедегі сұрақтар бойынша дәптеріңе көшіріп, бақылау нәтижесін жаз:




Бақылауға алған өсімдіктер

Қандай жерде өседі (бақшада, далада, төбеде, орман шетінде)?

Гүл жарған уақыты

(күні, айы)?



Гүл күлтелерінің түсі, мөлшері (ұсақ, орташа, ірі), қашан түсе бастады?

Жапырақтың пішіні, олардың сабақта орналасуы?
















34

3. Көктемде кестедегі сүрақтар бойынша төмендегі бунаңденелілерге бақылау жасап, нәтижелерін дәптеріңе жазып ал.



Бақыланатын бунақденелілер

Бақыланған уақыты (күні, айы)

Қай жерлерде кездесті: ағаш діңінде, шалғында, бұталарда, топырақ арасында, т. б.?

1.Көбелектер

2.Жұлдызқұрттар

3.Қоңыздар

4.Қоңыз дернәсілдері

5. Ұсақ шаяндар








4. Бунақденелілердің көктемде шығуы тірі және өлі табиғаттағы қандай жағдайлармен байланысты екенін бақылауларыңа сүйене отырып әңгімелеп жаз.

5. Бақаны алғаш рет қай жерден және қашан (күні, айы) кездестірдің?

6. Көктемде мына қүстардың ішінен алғашңы болып келгендерінің астын сыз: қарлығаш, көкек, қараторгай, ұзақ, қаз, үйрек, тырна, бозторғай; олар қай мезгілде келді? (құстың аты, келген күні, айы)

..........

7.Ерте көктемде торғайлар, қарғалар, сауысқандар ұя салумен айналысып, дамыл таппайды. Торғай үй шатырының ернеуіне, қарғалар биік ағаш бұтағына ұя салады. Құстардың ұя салуына байланысты тіршілік әрекеттерін мынадай жоспармен бақылап, дәптеріңе жазып ал: 1) құстың аты; 2) оның ұя салуға кіріскенін қандай тіршілік әрекетінен байқадың? 3) ұяны қай жерге салды? 4) ұяға қандай заттар тасыды (шөп-шалам, қауырсын, мақта, т. б.)? 5) құстың ұя салған уақыты (күні, айы).

8. Өзің бақылап жүрген құстың балапандары қай мерзімде жұмыртқадан шыққанын оның қандай әрекетінен білуге болады?

9.Балапандарды ұядан ұшқанда бақылап, оларды мысықтан қорға.

10.Үй жануарларының тіршілігінде көктемде болатын өзгерістерді (сиыр немесе қой, ешкі мысалында) бақыл



Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1.Веретеникова.с.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру. «мектеп»1983

2.Аймагамбетова К.А.ЖунусоваК.Ж. Методическое руководство к учебнику "Познание мира". Алматы,2000.

Қосымша:


1.Ә.Бірмағамбетұлы.К.Жүнісқызы Табиғатты бақылау күнделігі Алматы 1993


16.Бақылау сұрақтары

Методикалық нұсқау: ұсынылған бақылау және курстық жұмыстар тақырыбы оқытушы талабымен белгіленген уақытқа сай тапсырылуы керек.



Бақылау жұмысы сұрақтары

Курстық жұмыстар тақырыбы:

1.Күн системасы. Планеталар .

2.Теңіздер, жалпы сипаттамасы, рельефі,тұздылығы,теңіз суының температурасы.

3.Тірі табиғаттың дене құрылысы. Клетканың құрылысы. Клетканың бөлінуі.

4.Бір клеткалы жануарлар. Қарапайымдар типі.

5. Жердің физикалық қасиеттері. Жердің тығыздығы мен температурасы.

6. Геотермиялық саты. Жер магнитизмі.

7. Атмосфералық қысым. Циклондар мен антициклондар.

8. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрылысы, жапырақ, жапырақ және сабақтың атқаратын қызметтері.

9.Ішек қуыстылар типі. Гидра. Медуза. Маржан полиптері.

10.Жердің қозғалуы.Жердің тәуліктік айналуы.Градус торы. Жергілікті

және белдеулік уақыт. Жердің жылдық айналуы.




  1. Білімді бақылау

1ші рубежді бақылау сұрақтары мен тесттері
1.Табиғат, оның адамдар өміріндегі маңызы.

2.Балаларды табиғатпен таныстырудың маңызы

3.Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғ а т п е н т а н ы с т ы р у.

4.Балаларды табиғатпен таныстырудың тәрбиелік-білімдік міндеттері.

5.Тәрбиешіге қойылатын талаптар.

6. Жергілікті өлкенің (қаланың, ауданның)табиғаты.

7.Табиғатты қорғау.Демалу және емдеу орындарын қорғау.

8.Табиғаттың әдетгегі көріністерін, сирек кездесетін және көрікті объектілерін қорғау.

9.Жергілікті өлкенің (облыстың, ауданның) табиғатын зеттеу

10. Жергілікті өлкенің (облыстың, ауданның) табиғатын зеттеу Зерттеуді ұйымдастыру.

11..Ландшафт туралы ұғым.Ауа райы

12.Өсімдіктерге анықтама беру

13.Балалар бақшасында балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасы

14.Балалар бақшасында балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасының мазмұны

15. Балалар бақшасында балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасының құрылысы

16..Материалдың орналасуы

17. Балалар бақшасында балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасы. Жұмысты жоспарлау

18. Балаларды табиғатпен таныстырудың негіздері. Әдістердің жалпы сипаттамасы

19.Танымдағы сезімділік пен тиімділіктің бірлігі

20.Балаларды табиғатпен таныстырудағы көрнекілік және сөз.

21..Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы.

22.Табиғатпен таныстыру кезінде балаларды ұйымдастырудың формалары.Сабақтар

23. Табиғатпен таныстыру кезінде балаларды ұйымдастырудың формалары. Экскурсия

24. Табиғатпен таныстыру кезінде балаларды ұйымдастырудың формалары Серуендер

25. Табиғатпен таныстыру кезінде балаларды ұйымдастырудың формалары Жер учаскесіндегі жұмыс

26.Табиғатпен таныстыру кезінде балаларды ұйымдастырудың формалары.Табиғат мүйісіндегі жұмыс

27.Бақылау және эксперимент

28.Бақылаудың маңызы және ұйымдастырылу

30.Сабақтарды бақылау

31.Экскурсиялардағы бақылау

32.Серуендер кезіндегі бақылау

33.Эксперимент.

34.Еңбектің маңызы

35.Еңбекті пайдалану

36.Жер учаскесіндегі еңбек. Табиғат мүйісіндегі еңбек

37.Гигиеналық ережелерді сақтау

38.Ойын.Дидактикалық ойындар

39.Табиғаттың табиғи материалымен ойналатын ойындар

40.Рольдік ойындар

41.Балаларды табиғатпен сөз арқылы таныстыру

42.Тәрбиешінің әңгімесі.

43.Көркем шығармаларды оқу

44.Әңгімелер.

45.Иллюстративтік-көрнекі құралдарды пайдалану

46. Иллюстративтік құралдардың маңызы

47.Иллюстративтік құралдардың мазмұны мен безендірілуіне қойылатын талаптар 48.Картиналарды, диафильмдер мен кинофильмдерді пайдалану

49.Жер учаскесі.Учаскенің маңызы және оны ұйымдастыру

50. Жер учаскесі.Участкені көгалдандыру

51. Жер учаскесі.Гүлбақша

52. Жер учаскесі.Бақша.Бау-бақша

53. Жер учаскесі.Бала бақша участкесіндегі жануарлар

54. Жер учаскесі.Құстарды үйір ету

55.Үй жануарлары

56.Жабайы аңдар


2ші рубежді бақылау сұрақтары мен тесттері

57.Күзгі табиғат құбылыстары

58. Күзгі табиғат құбылыстары Ауыл шаруашылық жұмыстары

59. Күзгі табиғат құбылыстарымен сәбилер тобы

61.Күзгі табиғат құбылыстарымен естиярлар тобы

62. Күзгі табиғат құбылыстары мен ересек балалар тобы

63. Күзгі табиғат құбылыстарымен мектепке даярлық тобы

64.Қысқы табиғат құбылыстары

65. Қысқы табиғат құбылыстары Ауыл шаруашылық жұмыстары

66. Қысқы табиғат құбылыстарымен сәбилер тобы

67.Қысқы табиғат құбылыстарымен естиярлар тобы

68. Қысқы табиғат құбылыстары мен ересек балалар тобы

69. Қысқы табиғат құбылыстарымен мектепке даярлық тобы

70.Көктемгі табиғат құбылыстары

71.Көктемгі табиғат құбылыстары Ауыл шаруашылық жұмыстары

72. Көктемгі табиғат құбылыстарымен сәбилер тобы

73.Көктемгі табиғат құбылыстарымен естиярлар тобы

74. Көктемгігі табиғат құбылыстары мен ересек балалар тобы

75. Көктемгі табиғат құбылыстарымен мектепке даярлық тобы

76.Жазғы табиғат құбылыстары

77. Жазғы табиғат құбылыстары Ауыл шаруашылық жұмыстары

78. Жазғы табиғат құбылыстарымен сәбилер тобы

79.Жазғы табиғат құбылыстарымен естиярлар тобы

80. Жазғы табиғат құбылыстары мен ересек балалар тобы

81. Жазғы табиғат құбылыстарымен мектепке даярлық тобы

82.Мектеп алды дайындығында экологиялық тәрбиенің мазмұны және маңызы

83.Экологиялық тәрбие берудің әдістәсілдерін зерттеуде Қазақстан ғалымдарының еңбектері

84.Сирек кездесетін және азайып кеткен жануарлар мен өсімдіктер

88. Қызыл кітаптың мәні

86.Сыныптан тыс жұмыстар

87.Әдістемелік бөлме, мазмұны мен маңызы

88. Практикалық әдістерді қолдану-балалар белсенділігін кұшейту көзі

89. Қоршаған ортамен таныстыруда бейнелі, көрнекілікті пайдалану

90. Бала дүниетанымын қалыптастыру




Негізгі әдебиеттер:

1.Веретеникова.с.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру. «мектеп»1983

2.Аймагамбетова К.А.ЖунусоваК.Ж. Методическое руководство к учебнику "Познание мира". Алматы,2000.

3.Аймагамбетова К.А., Олейник 3. Раздаточный дидактический материал к учебнику "Познание мира". Алматы, 1998.

4.Горощенко В.П.,Степанов И.А. Методика преподавания природоведения . М.,Просвещение, 1984.

5. Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподавания природоведения. М. Дрсвещение, 1980.

6. Аймағанбетова.К.А.Дүниетануды оқытудың теориялық негіздері.Алматы,2000ж

7. Горощенко В.П. Табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы1985ж



Қосымша:

1. Аквилева Г.Н. Наблюдения и опыты на уроках природоведения. Пособие для учителей начальных классов. М.Дросвещение 1988.



2. Гетьман В.Ф. Экскурсии по природоведению в 2 и 3 классах.Прсрбие для учителей. Киев. Рад.школа,1983.

3. Груздева Н.В.,Морозова Г.Н. Думаем, играем, творим, познавая окружающий мир. М.1994.

4. Захлебный А.Н.,Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внеклассной работе. М.,Просвешение,1984.

5. Запартович Б.В. С любовью к природе. Дидактический материал по природоведению для начальной школы. М.,Просвещение,1983

6. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.

7. Красная книга Казахстана в 2-х т.Алматы, 1991

8. Погорелова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск,СПИД983.

9. Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришколъном участке. Пособие для учителей. М.,Просвешение,1980.

П..Сорокоумова Е.А.Уроки экологии в началыюй школе. Пособие для учителей. 1994.

12. П.Хрестоматия к учебнику "Познание мира". Олейник 3.,Аймагамбетова К.,Жунусова К., Алматы,1998.

13.Қ.Аймагамбетова, Б.В.Муканов. Табиғаттану. 3 сыныпқа арналған окулық. Алматы. Рауан. 1992. — 104 б.

14.КЖунісова, Қ.Аймагамбетова, Н.Нурахметов. Дүниетану. 1 сыныпқа арналған оқулық. Алматы. Атамұра. 1997. — 142 б.

КЖүнісова, Қ.Аймагамбетова, 3. Ф. Олейник. Дүниетану. 2 сыныпқа арналған оқулық. Алматы. Атамұра. 1998. — 150 б.

15.Қ.Аймагамбетова, З.Ф.Олейник. Дүниетануға арналған үлестірмелі материалдар. Алматы. Атамүра. 1998. —63 б.

16. Қ.Аймагамбетова. IV класта табиғатгануды оқыту. Алматы. Мектеп. 1965. — 69 б.

17. Қ.Аймагамбетова. Бастауыш сыныптарда табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы. Мектеп. 1974. — 68 б.

18.ҚАймагамбетова. Аз компектілі бастауыш мектептерде табиғаттануды оқыту. Алматы. Мектеп. 1983. —152 6.

19.КЖунісова, ҚАймагамбетова, 3. Ф. Олейник. Дүниетануды оқыту әдістемесі. I сынып мүғалімдеріне арналған. Алматы. Атамұра. 1998. — 135 б.

20.Аймагамбетова, К.Жүнисова, З.Ф.Олейник. Методическое руководство к учебнику "Познание мира".

Тестер
Жер құрылысы мен өлшемдері.

Жердің орташа радиусы(км)…


А. 6371


В. 6341

С. 6841


D. 6541

Е. 6321


Экватор ұзындығы(км)

А. 40 075.

В. 41 075.

С. 42 075.

D. 43 075.

Е. 44 075ұ

Жер эллипсоиды ұзындығының экватор және полюстер бойынша

айырмасы…

А. 40 075-40 008

В. 40 075-40 021

С. 40 075-40 041

D. 40 075-40 051

Е. 40 075-40 027

Жердің экваторлық радиусы полярлықтан неше есе артық..

А. 21 км.

В. 31 км


С. 41 км.

D. 51 км.

Е. 71 км

Жердің өлшемін алғаш рет салыстырмалы түрде анықтаған кім..

А. Страбон.

В. Эратосфен.

С. Птоломей.

D. Коперник.

Е. Магелан

Оңтүстік тропик қалай аталады,осы тропикте тал түсте жылына неше рет күн зенитінде болады…

А.Шаян.23.09

В.Ешкі мүйіз 21,03

С.Тау теке.22,06.

D.Шаян.1,06.

Е.Ешкі м үйіз.22,02.

Алгашқы географиялық глобусты шығарған кім…

А. Страбон.

В.Бехайым.

С.Птолемей.

D.Магелан.

Е.Каперник.

Жер формасы қалай аталады..

А. Шар,кардиоид.

В. Шар,сфероид.

С.Геоид,кардиоид.

D,Эллипсоид,шар.

Е.Кардиоид,сфероид.

Экваторда Күн жылына неше рет және қай кезде зенитінде болады..

А.2 рет,21,03.23,09.

В.1 рет,22,06.

С.1 рет,22,01.

D. 1 рет,22,12.

Е. 2 рет,22,12,21,03.

Солтү.стік тропик қалай аталады,тал түсте осы тропикте Күн жылына нешерет және қай уақытта зенитінде болады…

А.Шаян,1 рет,22,02.

В. Шаян,1 рет22,06.

С. Ешкі мүйіз,13,09.

D. Ешкі мүйіз,22,03

Е. Ешкі мүйіз,22,03.

Оңтүстік жарты шардың қай ендігінде Күн зенитінде болмайды..

А.Субтропикте.

В.Қалыпты белдеуде.

С.Полярлық шеңбер.

D.Оймяконде.

Е.Оңтүстің тропиктен оңтүстікке.

Солтүстік поляр шеңберінде жылдың қай күннінде полярлық күн басталады..

А.22,06.

В.21,03.


С.22,12.

D.23,09.


Е.22,03.
Жер орбитасының Күнге ең жақын нүктесі қалай аталады..

А.Перигелий.

В.Афелиий.

С.Флокулл.

D.Факел.

Е.Прецессия.

Жер осінің орбита жазықтығына көлбеулігі қандай.Дәл осындай градустық шама қай шеңберде болады..

А.45 .33 ,оңтүстік ендік.

В.60. 33, солтүстік ендік.

С.66. 33,полярлық шеңбер.

D.23,27 оңтүстік ендік

Е.90 ,солтүстік ендік.

Төменгіде көрсетілген параллельдердің қайсысында 22 июнь терминаторыөтеді…

А.66,33 с.е.66,31 о е .

В.23,27 с.е. 23,27 о е.

С.90 с.е 90 о.е.

D. 60 с.е.60 о е.

Е. 25 с.е.25 о е.


Табиғаттың маусымдық ырғағы неге байланысты…

А.Жердің өз осінен айналуынан.

В.Жердің орбитамен қозғалысына.

С.Жердің өлшеміне.

D.Жердің массасына.

Е.Жердің Күнді айналуына

Жер шарының қай нүктелерінде бір уақытта тал түс болуы мүмкін..

А.Бір параллельде.

В.Бір меридианда.

С.Оңтүстік жарты шарда

D.Солтүстік жарты шарда

Е.Тропикте. .

Жер қабатында гидро,атмо,био,литосфера қабаттарының болуы ненің салдары..

А.Жер мен Күннің ара қашықтығына.

В.Жердің массасы мен салмағына.

С.Жердің фигурасына.

D.Жердің тарту күшіне байланысты.

Е.Күн мен түннің ауысуына.

Күннің жарық беру белдеулер шекарасын көрсет…
А.Трпопик тер мен полярлық шеңберлер.

В.Тропиктер.

С.Полярлық шеңбер.

D.Оңтүстік тропик.

Е.Солтүстік тропик.

Оңтүстік поляр шеңберде жылдың қай күні полярлық күн басталады…

А.29.09.


В.23.03.

С.22.06.


D.22.12.

Е. 1.06.


Жылдың қай күні терминатор сызығы Жер полюстері арқылы өтеді..
А.22.06.21.09.
В.21.03.23.09.
С.22.12.22.06.
D.23.09.21.06.
Е.22.04.23.09.

Солтүстік пен оңтүстікке қай уақытта күн сәулесі бірдей түседі

А. 23.09.1.06

В.21.03.23.09.

С.1.06 .1.01.

D.1.01.23.06.

Е.22.06,1.12.

Жыл мезгілдерінің ауысуының басты себебін анықтаңыз..

А.Күн сәулесінің ықпалы.

В.Жер мен Күннің арасындағы ара қашықтықтың өзгеруіне.

С.Ай орбитасының ықпалы.

D.Галактикалық күштер

Е.Жер осінің орбита жазыөтығына еңкіштігіне

Әрбір сағаттық белдеудің уақыты көрші белдеуден қанша сағатқа ерекшеленеді..

А.6


В.12

С.3


D.1

Е.2


Сағаттық белдеулер арасындағы айырмашылық 1 сағат немесе неше градус ендік…

А.15.


В.18.

С.10.


D.5.

Е.2.


Қандай күндер ,күн мен түннің теңесуі болып табылады..
А.22.1222.06.
В.23.09.21.03.
С.1.01.106.
D.1.09.1.03.
Е.1,10.104

Жер қыртысының 60 және 2900 км-дегі толқулар жылдамдығы қандай..

А .2-3км/сек. 5км/сек.

В. 5-8км/сек. 13км/сек.

С. 10-12км/сек. 20км/сек.

D. 14-16км/сек. 22км/сек.

Е. 18-20км/сек. 24км/сек.

Жердің ядросы қандай тереңдікте орналасқан..

А.1500-2850.км.

В.2850-4560км.

С.2900-6371км.

D.2950-6531км.

Е.2300-6831км.

Ядрода электр тогы қалай туады…

А.Температураның төмендеуінен.

В.Температураның көтерілуінен.

С.Планетаның айналуынан.

D.Қысымның әртүрлігінен.

Е.Жылжымалы күйде болы себебіне.

Жер құрлысында неше қабат бар..

А.1.


В.2.

С.3.


D.4.

Е.5.


Жердің өз осінен айналу уақытын қалай анықтайды..

А.Тәулік бойынша.

В.Күн мен жұлдыздар бойынша.

С.Жұлдыздар бойынша.

D.Күн бойынша.

Е.Ай бойынша.

Орбита бойынша Жердің қозғалыс жылдамдыгы неге тең..

А.20 км/сек.

В.30 км/сек.

С.40 км/сек.

D.45 км/сек.

Е.50 км/сек.

Жер қыртысы мантиядан қандай бөлім арқылы ажыратылады..

А. Гутенберг шекарасы.

В. Гонард шекарасы.

С. Мохоровичич

D. Мұғалджар.

Е. Литосфера.

Жер қыртысының континетті қабаты құрамы..

А.Шөгінді,габбро,базальтты.

В.Базальтты,шөгінді,гранитті.

C.Базальтты,шөгінді.

D.Шөгінді,гранитті.

Е. Магмалы,шөгінді.



Атмосфераның құрамы мен құрылысы.

Атмосфераның 90 процент массасы неше километр қабатқа шоғырланған.

А.5.

В.10.


С.16.

D.70.


Е.40.

Атмосфера құрамындағы азот мөлшері..


А.20.95.
В.0.93.
С.0.03.
D.78.09.
Е.0.01.

Атмосфераның 100-200 км биіктікке дейінгі қабатында ауа түгелдей сапырылысып жататындықтан құрамы бір тектес болып келеді,ол қабат қалай

аталады..

А.Гомосфера.

В.Гетеросфера.

С.Изосфера.

D.Ионосфера.

Е.Сферосфера.

Атмосфераның құрамы биіктік бойынша өзгереді/200-250 км биіктікке дейін азот пен оттегі,200-250км-ден 500-700 км/ге дейін атомдық оттегі,одан жоғары гелий мен сутегі басым/,ол қабат қалай аталады..

А.Гомосфера.

В.Гетеросфера.

С.Изосфера.

D.Ионосфера.

Е.Сферосера.

Кәдімгі оттегі (О) молекулаларының ыдырауынан және оның атомдарының қайтадан түзілуінен пайда болатын үш атомды оттегі озон / / атмосфераның Жер бетінен неше км-лік қабатында пайда болады…

А.20.

В.25.


С.40.

D.60.


Е.70.
Озонның ең көп концентрациясы қанша км-лік қабатқа шоғырланған..

А.10-15.


В.22-25.

С.25-30.


D.30-35.

Е.40-45.


Атмосфераның электр өткізгіштік қасиеті неге байланысты…

А.Иондардың концентрациясы мен қозғалғыштығына.

В.Тұмант мен бұлттардың түзілуіне.

С.Күннің сәуле шауынан.

D.Газ бөлшектерінің қозғалыс жылдамдығына.

Е.Магнит өрісіне.

Тропосфераға су буының көп бөлігі қайдан келеді..

А.Өзен және батпақтардан.

В.Су қоймалары және көлден.

С.Мұхиттан.

D.Жер асты суларынан.

Е.Ауаның өзінен.

Атмосферадағы ауаның ең көп тараған қабаты..

А.Тропосферада.

В.Стратосфераның төменгі бөліг

С.Стратосфераның жоғарғы бөлігі.

D.Атмосфераның ең жоғарғы қабаты.

Е.Барлық қабаттарда бірдей.

Тропосфера атмосфераның массасының қанша процентін алып жатыр..

А.25.


В.50.

С.75.


D.80.

Е.35


Атмосфера ылғалдығы.

1м3 ауаның құрамындағы граммен алынған су буының мөлшері қалай аталады.

А.Абсолюттік ылғалдылық.

В.Салыстырмалы ылғалдылық.

С.Қаныққан ауа.

D.Құрғақ ауа

Е.Қанықпаған ауа.

Мұхит жағалауындағы тропиктік шөлдердегі ылгалдың негізгі көзі..

А.Муссон.

В.Тұман.


С.Жел ағындары.

D.Пассаттар.

Е.Шық.

Ауада болатын ылғал мөлшерінің ,оның осы температурада сақтай алатын ылғалының мөлшерінің қатынасы өалай аталады..



А.Абсолюттік ылғалдылық.

В.Салыстырмалы ылғалдылық.

С.Қаныққан ауа.

D.Құрғақ ауа.

Е.Қанықпаған ауа.

Ылғалдылық коэффицентімен не түсіндіріледі..

А.Жылдық жауын шашын мөлшерінің булануға қатынасы.

В.Жылдық жауын-шашын мөлшерінің температураға қатынасы.

С.Суық және жылы күндердің алмасуына.

D.Ашықжәне бұлтты күндердің алмасуына.

Е.Ылғал мен топрақтың қанығуына.

Жер шарындағы жылдық орташа жауын-шашынның ең аз түсетін жері..

А. Африка сахарасында.

В. Солтүстік Африка Асуан.

С. Оңтүстік Африка. Калахари.

D.Орталық Азия.Қызыл Құмда.

Е. Арабия түбегінде.

Су буымен қаныққан ауада оның температурасы шық нүктесіне дейін төмендегенде немесе ондағы су буы мөлшерден көбейгенде жүретін су бу күйінен сұйық күйге түсетін процессті қалай атайды..

А.Буланушылық.

В.Сублимация.

С.Инфлюация.

D.Конденсация.

Е.Диффузия.

Жеке нәзік бұлттар, блин,талшық немесе жіп тәріздес көлеңке

бермейді,әдетте көбінесе жарқыраған бұлттар туыстығын қалай атайды…

А.Шарбы будақ бұлттар.

В.Шарбы қатпарлы бұлттар.

С.Қатпарлы бұлттар.

D.Биік қатпарлы бұлттар.

Е.Биік будақ бұлттар.

Жұқа көлеңек түспейтін мөлдір жапалақтар мен шариктердің қабаттары мен қырқаларынан тұратын бұлт туыстарын қалай атайды..

А.Биік будақ бұлттар.

В.Шарбы будақ булттар.

С.Қатпарлы бұлттар.

D.Шарбы қатпарлы бұлттар.

Е.Будақ бұлттар.

Ауа массаларының типтерінің ылғалдылы, бойынша ажыратылатын тип тармағы…

А.Теңізді континентті.

В.Арктикалық,қоңыржай.

С.Экваторлық,полярлық.

D.Экваторлық,қоңыржай.

С.Құрлықтық,континентік.

0 С төмен температурада су сұйық күйге соқпай қатты күйге өту процессін қалай атайды..

А.Конденсация.

В.Сублимация.

С.Инфлюация.

D.Конвергенция.

Е.Инфильтрация.

Атмосфералық су мөлшері..

А.14 000 км.

В.15 000 км.

С.16 000 км.

D. 17 000 км.

Е. 18 000 км



Атмосфера циркуляциясы.

Тұрақты желдердің қалыптасуы неге байланысты..

А. Қысым белдеулеріне.

В. Төсеніш бетке.

С. Абсолттік биіктіктерге.

D. Ағыстарға.

Е. Теңіздер мен мухиттардың су толқуларына.

Қардың түсуі үшін бұлтта қандай температура болуы керек..

А.+3.+4.

В.+1.


С.+1.+0.

D.0 тан төмен.

С.+2.

Үлкен кеңістіктерде болатын /мың.км./ жөне жыл бойында багытын өзгертіп тұратын тұрақты желді калай атайды..



А. Муссон.

В. Бриз.


С. Циклон.

D. Цунами.

Е. Антициклон.

Қандай румб 315 градустыұқ азимутты көрсетеді…

А. С.Ш.

В. С.Б.


С. О.Ш.

D. О.Б.


Е. Ш.

Желдің пайда болуының негізгі себебтері..

А. Мұхит ағысы.

В. Космостық сәулелер.

С. Жер шары қыртысының қозғалысы.

D. Жер сілкіністер мен вулкандар.

Е. Атмосфералық қысымның өзгеруі.

Қандай желдерге маусымдық сипат тән..

А.Батыс желдер.

В.Муссондар.

С.Пассаттар.

D.Бриздер.

Е.Таулы аңғарлық желдер.

Қай жерде атмосфера қысымы жоғары..

А.Үстіртте.

В. Жазықтарда.

С. Аласа тауларда.

D. Биік тауларда.

Е. Көрсетілген участкелерде атмосфералық қысым бірдей.

Қысты күнгі ауа температурасының төмендеуі қандай ауа массаларына байланысты болады..

А. Қоңыржай теңіздік

В. Қоңыржай континенттік.

С. Арктикалық континенттік.

D. Тропиктік теңіздік.

Е. Тропиктік континентік.

Көктемгі және күзгі үсіктің түсуі қандай ауа массаларына байланысты..

А.Қоңыржай теңіздік.

В.Қоңыржай континеттік.

С.Арктикалық континенттік.

D.Тропиктік теңіздік.

Е.Тропиктік континенттік.

Экватарлық белдеудің маңында қандай қысым орнығады…

А.Төменгі.

В.Жоғарғы.

С.Аралас.

D.Төменгі қысым облыс көптілігі.

Е.Жоғарғы қысым облаыс көптілігі.

Жер шарында қанша төменгі қысымды белдеу бар..

А.1.

В.2.


С.3.

D.4


Е.5
Жер шарында қанша жоғарғы қысымды белдеу бар.

А.1.


В.2.

С.3.


D.4.

Е.5.


Тау етегінде атмосфералық қысым 760 мм. сынаб. бағанасында болғанда 800м биіктікте қысым қанша болады…

А.840.


В.760.

С.700.


D.680.

Е.600.


Жоғарғы қысымды тропиктік ендіктерден бір бағытта соғып тұратын жел..

А.Солтүстік шығыс.

В.Оңтүстік шығыс.

С.Пассат желі.

D.Батыс желдер.

Е.Шығыс желдер.

Жер бетінде жоғарғы қысым белдеуі қай ендіктер аралығында пайда болады..

А.0-10 градус.

В.5-10 градус

С.30-40 градус.

D.40-50 градус.

Е.60-70 градус.



Климиат және ауа райы.

Климат дегеніміз не..

А.Белгілі бір жерге тән ауа райының көп жылдық режимі.

В.Белгілі бір жердегі көп жылдық жауын-шашын режимі.

С.Осы жердегі көп жылдық температура режимі

D.Белгілі бір жер үшін орташа көп жылдық жел режимі.

Е.Бұлттың көп жылдық режимі.

Арктикалық климатқа сипаттама беріп ,оның ерекшелігін көрсетініз.

А.Жауын шашын мөлшері біршама көп түседі.

В.Жыл бойы оң температура байқалады.

С.Қыста қарлы борандар жиі байкалады.

D.Жазы әдетте бұлтты, блин,жауын шашынды.

Е С.Поляр күні мен түні байқалады.

Климаттық белдеулердің қайсысы саванна зонасына сәйкес келеді

А.Экватролық.

В.Субэкваторлық

С.Субтропиктік.

D.Тропиктік.

Е.Қоңыржай.
Субтропиктік белдеудің климат ерекшеліктері қандай..

А. Жыл бойы шамамен бірдей температура байқалады..

В. Жыл бойы тұрақты екі ауа массасы басым болады.

С. Жауын шашын көбінде қар күйінде болады.

D. Жыл бойы пассат согып тұрады.

Е.Жауын шашын көбінесе қыста түседі.

Ауа райының өзгеруінің басты себебін көрсетіңіз..

А.Бұлттардың күйіне.

В.Жауын шашын мөлшеріне.

С.Ауаның үнемі қозғалыста болуына.

D.Температураның өзгеруіне.

Е.Жел бағытының өзгеуіне.

Саванна климатының негізгі өзгешелігі.

А.Жауын шашын мөлшерінің көптігі.

В.Желдің күштілігі және шуақты күн мөлшерінің аздығы.

С.Құрғақ және ылғалды жыл мезгілінің ауысуы.

D.Температура амплитудасының үлкенділігі.

Е.Жануар және өсімдік әлемінің ықпалы.

Қандай табиғат зонасында климат батыстан шығысқа қарай өзгереді.

А.Арктикалық шөлде.

В.Тундрада.

С.Тайгада.

D.Шөлде.

Е.Саваннада.

Солтүстік жарты шардағы шөлдердің климат ерекшелігі..

А Шұғыл конитнетті.

В. Қоңыржай.

С. Континетті

D. Теңіздік.

Е. Тропиктік

Антарктида материгі оңтүстік жарты шардың климатына қалай әсер етеді.

А.Жылытады.

В Суытады.

С.Ылғалдандырады.

D.Бір қалыпты әсер етеді

Е. Ешқандай әсер етпейді

Негізгі климатты құраушы факторларды ата..

А.Географиялық ендік,ауа массасының қозғалаысы,жер беті жамылғысы.

В.Ауа массасы,жауын шашын жүйесі,географиялық орын.

С.Күн жылуының таралуы.

D.Мұхит ықпалы,жер сілкіністер мен вулкандар, блин,қар жамылғысы.

Е.Мәңгілік тоң,таулар мен жазықтар.


Б.П.Алисов бойынша климаттық белдеулер нешеге бөлінеді

А. 4.


В 7.

С. 13


D. 6.

Е. 10


Дүние жүзілік мұхит.

Көршілес бөліктерден физикалық жәнехимялық қасиеттерінің ерекшеліктерімен , ағыстары және толысуларының сипатымен ерекшелінетін мұхит бөлігі…

А.Шығанақ.

В.Бұғаз.


С.Теңіз.

D.Арал.


Е.Мүйіс.

Материктерді не аралдарды бөліп тұратын,мұхитың біршама тар бөлігі..

А.Шығанақ.

В.Бұғаз.


С.Теңіз.

D.Арал.


Е.Мүйіс.

Солтүстік Мұзды мұхит шығанақтары…

А. Гудзон.Енисей,Маккензи,Баффиндер.

В. Гвиней,Гондурастық,Мексикандық,Финдық

С. Адендық,Бенгаль,Манар,парсы.

D. Аляска,Калифорния,Панама,Сахалин.

Е. Хатанг,Габес, Таранто,Лион.

Үнді мүхит шығанақтары..

А. Гудзон,Енисей,Маккензи,Баффиндер.

В. Аден,Бенгаль,Манар,Парсы.

С. Гвиней,Гондурас,Мексика,Фин.

D. Аляска,Калифорния,Панама,Сахалин.

Е. Хатанг,Габес,Таранто,Лион.

Тынық мұхит теңіздері..

А. Беринг,Охот,Сулавеси,Тасман.

В. Азов,Балтық,Мрамор,Қара.

С. Аравий,Арафур,Андаман,Қызыл

D. Баренц,Баффин,Ақ,Карск.

Е.Беринг,Азов,Аравий,Баренц.

Солтүстік Мұзды мұхит теңіздері…

А. Беринг,Охот,Сулавеси,Тасмандық.

В. Азов,Балтық,Мрамор,Қара.

С. Аравий,Арафур,Андаман,Қызыл.

Е. Баренц,Баффин,Ақ,Карск.

D. Өара,Ақ,Карск,Қызыл.

Мұхит суындағы натрий тұзы/ас тұзы/ мөлшері..

А. 23.2.

В. 24.2.


С. 27.2.

D. 20.2.


Е. 19.2.

Дүние жүзілік мұхиттың орташа тұздылығы../о/оо промиль./

А.39.

В.38.


С.37.

D.36.


Е.35.

Теңіз суының ең маңызды қасиеті…

А. Тығыздылығы,түсі.

В. Тұздылығы және температурасы.

С. Көлемі және ауданы.

D .Толқыны және ауданы.

Е. Мөлдірлігі және тұздылығы.

Солтүстік Мұзды мұхит қандай климаттық аймақта орналасқан..

А. Арктикалық,субарктикалық.

В. Субарктикалық,қоңыржай.

С. Артикалық,қоңыржай.

D. Қоңыржай,субтропикалық.

Е. Экваторлық,арктикалық.

Теңіз жағалауында пайда болатын желді қалай атайды..

А. Муссон.

В. Бриз.


С. Циклон.

D. Цунами.

Е. Антициклон.

Дүние жүзілік мұхитың бетіндегі судың тұздылығы неге байланысты..

А. Атмосфералық жауын-шашын мен буланудың қатынасына.

В. Жауын-шашынның түсу мөлшеріне.

С. Мұзды жүйеге.

D. Мантиядан мұхитқа түсетін ылғалдың мөлшеріне.

Е. Адамзаттың мұхитқа тастаған қалдықтарының мөлшеріне.

Мұхит бетіндегі ағыстардың пайда болуының басты себебі…

А. Су температурасының өзгеуіне.

В. Тұрақты желдер.

С. Судағы қысымның өзгеруіне.

D. Әртүрлі деңгейдегі су тығыздығының өзгеруі.

Е. Жер қыртысы өозғаласының өзгеруі.

Мұхит суының тығыздығының азаю себебі..

А. Суынуы,булануы,мұздың түзілуі.

В. Қызуы,булануы,мұздың түзілуі.

С. Қызуы,мұздың еруі,булануы.

D. Тұзды судың атмосфераның суымен араласуы.

Е. Қызуы,тұзды судың атмосфера суымен немесе еріген сумен араласуы.

Мұхитта түзілетін мұз кристалдарының структурасы…

А. Инелі,губкалы,бағаналы.

В. Инелі,губкалы,аралас.

С. Инелі,борпылдақ,бағаналы.

D. Губкалы,аралас,борпылдаұ.

Е. Аралас,тоң,призмалы.

Судың беті тыныш болғанда қаймақ мұз қатып қалғанда тұщы су бетінде қататын мұз түрі..

А. Қаймақ мұз.(сало)

В. Серпілмелі мұз.(нилас)

С. Сыңғақ мұз.(склянка)

D. Мұз саласы.(забереги)

Е. Жас мұз.(молодняк)

Өздерін тудырған күштердің тікелей ықпалымен болатын толқындар..

А. Еркін.

В. Мәжбүр.

С. Қысқа.

D. Ұзын.


Е. Көтерілу-қайту.

Жер сілкінгенде,су асты атқылауларында және су асты сырғуларында судың бүкіл қабатын қамтитын сейсмикалық толқын…

А. Бурун.

В. Соқпа.

С. Цунами.

D. Бриз.


Е. Муссон.

Қай мұхитта ең ірі арал доғалары орналасқан..

А. Үнді.

В. Тынық.

С. Солтүстік Мұзды.

D. Атлант.

Е. Ірі аралдар доғалары жоқ.

Үнді мұхитына құятын Африкадағы ең суы мол өзенді көрсет…

А. Замбези.

В. Қызғылт Сары.

С. Сенегал.

D. Нигер.

Е. Лимпопо.
Қай мухитта вулкандық аралдар көп кездеседі…

А. Атлант.

В. Солтүстік Мұзды.

С.. Тынық

D. Үнді.

Е. Барлық мұхиттарда бірдей кездеседі..

Тұздылығы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды қалай атайды..

А. Изотерма.

В. Изобара.

С.Изохрон.

D.Изогалин.

Е. Изобат.

Экваториалдық ендіктерде судың беткі қабатының аздап тұщылану себебі..

А. Жауын-шашынның буланудан көп болуы.

В. Жауын-шашын мен буланудың қатынасына.

С. Мантиядан мұхитқа мұхитқа түсетін ылғал мөлшеріне.

D. Жауын-шашынның буланудан аз болуынан.

Е. Қалқыма мұздардың еруінен.

Қызыл теңіздің тұздылығының көптілігі /42 промиль/ немен түсіндіріледі..

А. Құрылықтан келетін ағын мен жауын-шашын буланудың орнын

толтырмайды..

В. Құрғақ және ыстық климат,құрылық ортасында орналасуынан.

С. Ағын буланудың орнын түгелге жуық толтырады,жауын-шашын судың

оң балансын береді.

D. Еркін су алмасуының жоқтығына.

Е. Құяр өзендердің аздылығынан.

Дрейфтік ағыс қамтыған Экман қабаты қалыңдығы.

А 200


В. 210.

С.220


D 230

Е.240.


Калифорниялық, Лабрадорлық,Перуандық,Канарлық ағыстардың орташа

белгілері..

А. Уақытша.

В. Қалыпты.

С. Жылы.

D. Суық.


Е. Бейтарап

Дүние жүзі мүхиттар суының көтерілуі мен қайтуы неге байланысты..

А. Мұхит ағысы.

В. Мұхит бетіндегі күшті желдерге

С. Айдың тарту күшіне

D. Жердің тәліктік қозғалысына.

Е. Барлык жауаптар дұрыс

Желдін геологиялық әрекеті.

Дефляция әрекеті қай аймақта жиі байқалады?

А.Орманды.

В.Далалы


С.Шөлді

D.Полярлы

Е. Таулы

Желдің айдап ұшырған борпылдақ құм түйіршектерінің жер бетіндегі жар тастарды мүжіп,тау жыныстарына тигізетін механикалық әсері……

А.Бархандар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет