Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі


-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның құзыреті



бет15/19
Дата17.07.2016
өлшемі1.26 Mb.
#204589
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

143-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган:

1) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;

2) бақылау объектілерінің есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

4) бюджеттік кредиттер, концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін, байланысты гранттарды және мемлекет активтерін беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

5) өз құзыреті шегінде бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттерге салықтық емес түсімдерді енгізудің толықтығы мен уақтылылығына қатысты мәселелер жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;

6) мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаның қалыптастырылуы мен пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;

8) бақылау объектілеріне жіберілетін ұсынымдардың және бақылау нәтижелері қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

9) бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектілерінен қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратады және өздеріне белгіленген мерзімде алады;

10) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектілерінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамасымен кедергісіз танысады;

11) бақылауды жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын және қажет болғанда осы мақсаттарға республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде олардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тартады;

12) ішкі бақылау қызметтерінің мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;

13) ішкі бақылау қызметтеріне әдістемелік көмекті жүзеге асырады, олардың қызметін үйлестіреді, ішкі бақылау қызметтері қызметкерлерін даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

14) ішкі бақылау қызметінің қызметкерлері үшін үлгілік біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

15) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есептер береді;

16) бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар сомасын бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында сотқа талаптар жібереді;

17) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

144-бап. Ішкі бақылау қызметтері



1. Ішкі бақылау қызметі:

1) мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады;

2) мемлекеттік органда, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүргізеді, мемлекеттік органның бірінші басшысына оны жақсарту жөнінде ұсынымдар береді;

3) мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтауын тексеруді жүзеге асырады;

4) мемлекеттік органның стратегиялық және операциялық жоспарларының іске асырылуын бақылауды, нәтижелерді бағалауды жүзеге асырады;

5) мемлекеттік органның есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;

7) бақылау объектілеріне жіберілетін ұсынымдардың және бақылау нәтижелері қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

8) бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бақылау объектілерінен сұратады және белгіленген мерзімде алады;

9) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектілерінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамасымен кедергісіз танысады;



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9-1) ішкі бақылау объектісіне ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды енгізеді;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9-2) мемлекеттік органның басшысына ішкі бақылау нәтижелері туралы есепті және ұсыну жобасын енгізеді;

10) 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Ішкі бақылау қызметі басқа құрылымдық бөлімшелерге ұйымдық жағынан тәуелсіз, мемлекеттік органның бірінші басшысына ғана бағынысты болады және оған есеп береді.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдарда, сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты ұйымдарда ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.

Аудандардың (облыстық бар маңызы қалалардың) атқарушы органдарында ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізген кезде облыстық деңгейдегі ішкі бақылау қызметі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізілген ауданның (облыстық бар маңызы қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органның бірінші басшысына бақылау нәтижелері туралы есепті және ұсыну жобасын табыс етеді.

 

 



145-бап. Мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылы

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Бақылау жүргізу мақсатында мемлекеттік қаржылық бақылау органдары келісілген мерзімдерде жоспарлар туралы, олар бекітілгенге дейін және жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары келісім бойынша бірлескен қызметті жүзеге асырады, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен бақылауды жүргізеді.

3. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау актілері мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келген кезде бақылау нәтижелерін өзара таниды.

4. Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері туралы мәслихаттардың тексеру комиссияларынан өкілді органның шешімі негізінде ұсынылуы мүмкін ақпаратты сұратуға құқылы.

5. Бақылау объектісінің лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері анықталған жағдайда, мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға береді.

6. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары кешенді бақылауды екі жылда бір рет жүргізеді.

 

29-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізудің негіздері



 

146-бап. Бақылау объектісі басшысының құқықтары мен міндеттері

1. Бақылау объектісінің басшысы:

1) бақылаудың мақсатын, уақытын, ұзақтығын, оның нәтижелерін, тұжырымдары мен ұсынымдарын білуге;

2) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тиісті құжатын ұсынбаған мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін бақылауға жібермеуге;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда он күн мерзімде мемлекеттік қаржылық бақылау органына бақылау актісіне қарсылық (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды) жіберуге;

4) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің отырысында жүргізілген сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауға байланысты тиісті есеп беруге;

5) бақылауды жүзеге асырған мемлекеттік қаржылық бақылау органының іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым беруге құқылы.

2. Бақылау объектісінің басшысы:

1) мемлекеттік қаржылық бақылау органының қызметкерлерін жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге;

2) мемлекеттік қаржылық бақылау органының қызметкерлерін бақылауды жүзеге асыру үшін сұратылып отырған бүкіл қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге, оның анықтығы, объективтілігі мен толықтығы үшін дербес жауапкершілікте болуға;

3) мемлекеттік қаржылық бақылау органы қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне араласпауға, бақылау жүргізуге кедергі келтірмеуге және оның ауқымын шектемеуге;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4) бақылау актісін (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны) жүргізілген бақылау нәтижелерімен танысуға берген күннен бастап үш күн мерзімде белгіленген тәртіппен бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қол қоюға құқылы. Нәтижелермен келіспеген жағдайда, бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қарсылықтың болуы туралы ескертпемен қол қойылады. Бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қарсылық білдіру осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында айқындалған мерзімде ұсынылады;

5) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қаулысында және ұсынысында көрсетілген кемшіліктерді толық жою және оларды алдағы уақытта болдырмау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты уақтылы табыс етіп отыруға;

6) түсімдерді бюджетке енгізуді, негізсіз пайдаланылған қаражатты бюджетке өндіріп алуды не оларды есеп бойынша қалпына келтіруді, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушілердің шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуге міндетті.

 

147-бап. Бақылау нәтижелері туралы есептілік



1. Бақылау объектісінің белгіленген тәртіппен қаралмаған қарсылықтары бар бақылау материалдарын есептілікке қосуға жол берілмейді.

2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелері туралы есептілікке енгізілетін ақпараттың анықтығы үшін жауапты болады.

 

148-бап. Мүдделер қақтығысы



1. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының объективтілігі мен тәуелсіздігін шектеуге қабілетті қызмет немесе қатынастар мүдделер қақтығысы болып танылады.

2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының:

1) бақылау объектісі басшысының, жауапты хатшысының немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамының, құрылтайшысының немесе қатысушысының жақын туысы, жекжаты немесе сенім білдірілген адамы болып табылатын;

2) бақылау объектісінің онда жеке мүліктік мүдделері бар қызметкерлері, қатысушылары, лауазымды адамдары арасынан;

3) бақылау объектісінде жұмыс істеген не тексерілетін кезеңде бақылау объектісі басшысының, жауапты хатшысының немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамының, құрылтайшысының немесе қатысушысының жақын туысы, жекжаты немесе сенім білдірілген адамы болып табылатын қызметкерлеріне бақылау жүргізуге тыйым салынады.

3. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметкерлері бұл туралы бақылауды тағайындаған басшыларға, ал мәслихаттың тексеру комиссиясының мүшесі тексеру комиссиясының төрағасына жазбаша хабарлауға тиіс. Мүдделер қақтығысы ахуалының туындағаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қаржылық бақылау органының қызметкеріне жүктеледі.

 

149-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, бақылау объектілері лауазымды адамдарының жауапкершілігі



1. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметкерлері бақылау актілерінде жазылған мәліметтердің анықтығы, объективтілігі мен толықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдарына олардың өз құзыреттеріне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауына, бақылау жүргізу үшін жіберуге бас тарту, қажетті құжаттарды, материалдарды, қызмет туралы ақпаратты және өзге де мәліметтерді беруден бас тарту, анық емес ақпарат беру түріндегі кедергі келтіру, бақылауды жүзеге асыруға өзге де кедергі жасау, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы актілерді орындамау немесе тиісінше орындамау бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылығына әкеп соқтырады.

3. Қызметті жүзеге асыру процесінде Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарын сақтамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

150-бап. Дауларды шешу



Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары лауазымды адамдарының, бақылау объектілерінің іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалына алады.

 

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 8-бөлім жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



8-бөлiм. Бюджеттiк инвестициялар

 

30-тарау. Бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау



 

151-бап. Бюджеттiк инвестициялар туралы жалпы ережелер

1. Бюджеттiк инвестициялар:

1) бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру;

2) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;

3) мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жүзеге асырылады.

2. Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылығы деңгейiне қарай бюджеттiк инвестициялық жобалар және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалар республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi.

3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды айқындау критерийлері:

1) меншiк түрi бойынша критерий - бюджеттiк инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны iске асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк (республикалық немесе коммуналдық) құқығына байланысты оны республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жоба немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жоба ретiнде айқындайтын критерий;

2) пайда алушылар бойынша критерий - егер бюджеттiк инвестициялық жобаның және (немесе) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаның iске асырылуынан экономикалық пайда алушылар екi және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса, бюджеттiк инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны - республикалық, ал егер бюджеттiк инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны iске асырудан экономикалық пайда алушылар бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болған жағдайда, жергiлiктi ретінде айқындайтын критерий болып табылады.

4. Бюджеттiк инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны республикалық ретiнде айқындау үшiн оның осы баптың 3-тармағында көрсетілген критерийлердiң бiрiне сәйкестiгi жеткiлiктi болады.

5. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) деп сыныптау осы баптың 3-тармағында көзделген критерийлер негiзiнде жүзеге асырылады.

6. Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды орталық мемлекеттiк органдар республикалық бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.

7. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.

 

152-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау



Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау үш кезеңде:

1) инвестициялық ұсыныстар әзiрлеу;

2) бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-  экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;

3) бюджеттi әзiрлеу сатысында бюджеттiк инвестициялық жобаларды iрiктеу кезеңiнде жүзеге асырылады.

 

153-бап. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу



1. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеудi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзiрлеу сатысында жүзеге асырады.

2. Инвестициялық ұсыныстар салалық сараптамадан өткiзiлуге жатады.

3. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi инвестициялық ұсыныстарды қалыптастырады және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.

4. Инвестициялық ұсыныстар:

1) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша жалпы ақпаратты;

2) жоба мақсаттарының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі туралы ақпаратты;

3) бюджеттік инвестициялық жобаның мақсаттарына қол жеткізудің балама нұсқаларын;

4) бюджеттік инвестициялық жоба іске асырылған немесе мұндай іске асыру болмаған жағдайда, экономика саласының (аясының) ықтимал даму нұсқаларын;

5) бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудан түсетін пайданы бөлу туралы ақпаратты;

6) бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономиканың сабақтас салаларына (аясына) болжамды әсерін бағалауды қамтуға тиіс.

5. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынылатын инвестициялық ұсыныстардың негiздiлiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

6. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган инвестициялық ұсыныстарды қараудың және iрiктеудiң тиiстi әдiстемелерi бойынша, оның iшiнде шығындар мен пайданы талдау негiзiнде (осы әдiстеменi қолдану мүмкiн болған жағдайда) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң инвестициялық ұсыныстарын қарайды және олар бойынша қорытындыны тиiстi бюджет комиссияларының қарауына енгiзедi.

7. Бюджет комиссиялары мақұлдаған инвестициялық ұсыныстардағы инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган олар бойынша техникалық-экономикалық негiздемелерді әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады.

8. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу, қарау және iрiктеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

 

154-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу және бюджетті әзірлеу сатысында бюджеттiк инвестициялық жобаларды іріктеу



1. Бюджеттік инвестициялық жобаны қарауды және іріктеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес әзірленген техникалық-экономикалық негіздеме негізінде жүзеге асырады.

2. Мыналардың:



техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесінің;

бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша экономикалық сараптаманың оң қорытындысының;

тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысының болуы бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджет жобасына енгізу үшін негіз болып табылады.

3. Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі пайда мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылатындығы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.



Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.

4. Үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделіп отырған, техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.



Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

5. Бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздеме Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экономикалық және басқа да сараптамадан өтуге тиіс.

6. Бюджеттік инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы салалық сараптаманың, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізіледі, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаны экономикалық талдауды кешенді бағалаудың міндетті нысаны болып табылады.

7. Басқа мемлекеттердің аумағында іске асыруға жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметін көздемейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасы техникалық-экономикалық негіздеменің және оған салалық орган сараптамасының қорытындысы негізінде жүргізіледі.

8. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.

9. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жобалардың экономикалық сараптамасын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.

10. Бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлғалар бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

11. Қажет болған жағдайда экономикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлғалар жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптама, сондай-ақ тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етуге құқылы.

12. Экономикалық сараптаманың нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.

13. Бюджеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін, сондай-ақ сметалық құнын ұлғайту көзделетін бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

155-бап. Концессиялық жобаларды жоспарлау



Концессиялық жобаларды жоспарлау мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:

1) концессиялық ұсыныстарды әзiрлеу және іріктеу;

2) концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;

3) бюджеттен қоса қаржыландыруға жататын концессиялық жобаларды іріктеу.

 

155-1-бап. Концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу



1. Концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және жергілікті атқарушы органдар концессиялық ұсыныстардың негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық ұсыныстарды концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға экономикалық сараптамаға жібереді және оның оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді.

4. Бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық ұсыныстардағы концессиялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.

 

155-2-бап. Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу



1. Бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық ұсыныстардағы концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.

Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы нәтижелерін ескере отырып және стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес жыл сайын жылжымалы негізде үш жыл мерзімге концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесін қалыптастырады.

3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасының бюджеттен осы жобаны қоса қаржыландыру туралы ұсынымы бар оң қорытындысы негізінде концессиялық жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру жөніндегі ұсынысты тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

4. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

155-3-бап. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу



1. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастырады.

 

155-4-бап. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды бюджет жобасына енгізу негіздері



1. Мыналардың:

бюджеттен қоса қаржыландыру шарты айқындалатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің;

концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның экономикалық сараптамасының оң қорытындысының;

жоспарлы кезеңге концессияға беру ұсынылатын объектілер тізбесіндегі концессиялық жобаның;

Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган жанындағы консультативтік-кеңесші орган ұсыныстарының;

бюджет комиссиясының бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны бюджет жобасына енгізу туралы ұсыныстарының болуы бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны бюджет жобасына енгізу үшін негіз болып табылады.

2. Концессиялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздеме экономикалық сараптамадан өтуге тиіс.

3. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым жүргізеді.

4. Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым концессиялық жобаны іске асыру жөнінде ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

5. Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

156-бап. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау



1. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген осы заңды тұлғаларды дамытудың стратегиялық құжаттары болған кезде жүзеге асырылады.

2. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржы-экономикалық негiздемелерiн енгiзедi.



Бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесi заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың негiздемесiн, орындылығын және нәтижесін бағалауды қамтитын құжатты бiлдiредi.

Заңды тұлғаның қызметiн дамыту немесе кеңейту мақсаттары үшін заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебiнен ұлғайтуға жол беріледі.

3. Мемлекеттiң ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтiң жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыруы кезiнде аталған заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтары жоқ бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг акцияларының эмиссиясын төлей алады.



Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың осы әкiмшiлерi тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың жоспарлануын, негiздемесін және iске асырылуын, осы Кодекске сәйкес олар бойынша нәтижелердiң есептiлiгiн, мониторингiн және бағалануын қамтамасыз етедi.

4. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы iске асыруға жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеуді мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесi жөнiндегi экономикалық сараптаманың қорытындысы негiзiнде жүзеге асырады.

5. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.

6. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.

7. Қаржылық-экономикалық негiздеменiң мазмұнына, әзiрлену тәртiбi мен мерзiмiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы iске асырылуы жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеу тәртiбiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.

 

 



31-тарау. Бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет