475
ішуге қолданылатын дәрілік заттардың ерітінділері де стерильді болуы тиіс.
Ішуге
қолданылатын
ерітінділер
салмақ-көлемдік
тәсілмен
тұрақтандырғышсыз немесе консервантсыз дайындалады. Корригент ретінде
жеміс шырындары: шие, лимон, таңқурай, қарақат және басқалар
қолданылады.
Қаракат және шие шырындарымен бромидтердің,
сульфаттардың және
кейбір органикалық заттардың жағымсыз ащы дәмін корригирлейді.
Ащы дәмді осы шырындармен лимон қышқылын қосу арқылы
жақсартады. Өте тәтті дәмді цитрустар, лимон қышқылын, мүк жидегі
экстрактарын қосу арқылы жақсартады. Балалар практикасында кеңінен
корригент, сонымен бірге фармакологиялық белсенді зат ретінде бал; жалаң
мия
тамырынан алынған, басқа заттармен біріктірілген глицерам; эфир
майлары және жеміс эссенциялары (жалбыз, алмұрт, апельсин, анис және
басқа) қолданылады. Ерітінділерді сүзіп, бейтарап шынылы құтыға
бөлшектеп құяды, резина тығынымен тығындап, металл қалпақпен айналдыра
бекітеді. Қысым астындағы қаныққан бумен 120 °С температурада
стерильдейді. Термолабильді заттар дәрілік түрге асептикалық жағдайда
қосылады, ал ерітінділерді бактериалды фильтрден өткізеді. Ішуге
қолданылатын глюкозаның 5, 10 және 25 % ерітінділерін тұрақтандырусыз,
заттың ылғалдығын ескерусіз 120 °С 8 минут стерильдейді.
Нәресте және
емшектегі балалар үшін ішуге арналған ерітінділерді көлемі 100 мл артық
емес индивидуалды орамадағы құтыларға бөлшектейді. Оларды сақтау
белгіленген мерзіміне сәйкес жүргізіледі (кесте 30).
Кесте 30
Нәрестелер үшін ішуге арналған ерітінділердің сақтау мерзімі және
стерильдеу жағдайы
№
п/
п
Ерітінділердің
атауы
және
концентрациясы
Сақтау
мерзімі
, тәулік
Сақта-
луы
Стерильдеу
жағдайы
Ескерту
Темп.,
°С
Уақыты,
мин
1
2
3
4
5
6
7
1
Тазартылған су
30
120
8
2
Глюкозаның 5, 10
және
25
%
ерітінділері
30
120
8
Тұрақтандырусыз
дайындалады
3
Глюкозаның 5%
ерітіндісі,аскорб
ин қышқылы 0,1
5
Күннен
қорғалғ
ан
жерде
100
30
Жаңа
қайнатылған
тазартылған суда
дайындалады.
Құтыны
толтырып құяды
4
Глюкозаның 10
немесе
10%
ерітіндісі,
30
Күннен
қорғалғ
ан
120
8
477
15 Натрий
хлоридінің 0,9%
ерітіндісі
30
120
8
16 Натрий
бромидінің 0,9%
ерітіндісі
30
120
8
17 Пиридоксин
гидрохлориді
0,2% ерітіндісі
30
120
8
18 Эуфиллиннің
0,05 немесе 0,5%
ерітіндісі
15
120
8
Ескерту: ерітінділер резина тығынмен тығындалып, алюминий қалпақпен айналдыра
бекітілген.
Ішуге қолданылатын балаларға арналған дәрілік түрлер үшін,
құтылардағы
шырындар, суспензиялар және ерітінділер дозалаушы
қасықтармен, қақпағы бар өлшегіш стақандарымен немесе тамызғыштарымен
жабдықталған жинақтар қарастырылады.
Құрамында термолабильді заттары бар, сырт тәнге қолданылатын (5%
калий перманганаты, 2% колларгол, 3% сутек асқын тотығы) ерітінділері,
стерильді тазартылған суда дайындалады және асептикалық жағдайда
стерильді құтыларға бөлшектеп құйылады. Калий перманганаты және сутек
асқын тотығы ерітінділерінің сақтау мерзімі 15 тәулік, ал колларгол – 30
тәулік. Термотұрақты дәрілік заттардың (0,1% этакридин лактаты,
натрий
хлоридінің изотондық ерітіндісіндегі 0,02% фурациллин, глицириндегі 10%
натрий тетрабораты) ерітінділерін автоклавта 120 °С 8 минут стерильдейді.
Жаңа туған балалардағы бленореяның алдын алу үшін 2 % күміс нитраты
ерітіндісінің орнына өндірісте шығарылатын тамызғыш-тюбиктегі 30%
сульфацил-натрий ерітіндісін (сақтау мерзімі 2 жыл) және жазылым бойынша
дайындалатын 30% сульфацил-натрий ерітіндісін қолдануға рұқсат етіледі.
Профилактика лезде бала туылғаннан кейін және 2 сағаттан кейін 1 тамшы 30
% сульфацил-натрий ерітіндісін тамызу арқылы жүргізіледі.
Индивидуалды қолданылатын сырт тәнге арналған дәрілік түрлерді 30 мл
көлемде бөлшектейді. Емдеу профилактикалық ұйымдарының бөлімдерінде
құтыларды ашу және бөлшектеп құю стерильді құтыларға асептикалық
жағдайда жүргізіледі. Ашылған құтылардағы ішуге және сырт тәнге
қолданылатын ерітінділерді сақтауға қатаң тыйым салынады. Жаңа туған
балалар үшін дәріханадан амбулаторлық рецептілер бойынша 100 мл көлемде
босатылады.
Ашылған ерітінділер тоңазытқышта 2 тәулік бойы сақталады, ол туралы
фармацевт этикеткада белгі қояды.
Майлы ерітінділер. Жаңа туған балалардың тері бетін өңдеу үшін немесе
майлы ерітінділерді дайындау үшін шабдалы, зәйтүн және вазелин майлары
қолданылады. Майлы майлардың қышқылдық саны 2,5 жоғары емес болуы
478
керек. Оларды ИР-21 маркалы резина тығынмен
айналдыра бекітілген
сыйымдылығы 50 мл қанға арналған құтыда 180 °С температурада 30 минут
стерильдейді. Майлар бөлме температурасында 30 тәулік сақталады.
Ішуге қолданылатын ұнтақтар асептикалық жағдайда фармакопея
талаптарына сай дайындалады. Сеппелерді дайындау үшін ұнтақтарды
майдалап, әрі қарай оларды стерильдейді. Термотұрақты заттармен (мырыш
тотығы, тальк, ақ балшық және басқа) сеппелер дайындау үшін оларды
стерильдейді. Термолабильді заттарды асептикалық жағдайда қосады.
Достарыңызбен бөлісу: