375
Қолданылуы:
1. Стерильдеудің бұл әдісі суды және дәрілік заттардың сулы ерітінділерін
стерильдеуге қолданылады. Температура 120
2
0
С
стерильдеу уақыты дәрілік
заттардың физика-химиялық қасиеттеріне және ерітінді көлеміне байланысты
жүргізіледі (кесте 22). Суды және сулы ертінділерді стерильдеу герметикалық
тығындалған және алдын-ала стерильденген флакондарда жүргізіледі.
Сурет 50. Б
у стерилизаторы
Кесте 22
Ертіндінің көлеміне байланысты стерильдеу уақыты
Үлгі көлемі, мл
Стерилизацияға
минималды
Төзім уақыты, мин
100-ге дейін
100-ден 500-ге дейін
500-ден 1000ға дейін
8
12
15
2. Майларды және тоң майларды стерильдеуге болады, 120
0
С температурада 2
сағат бойына герметикалық тығындалған құтыларда жүргізіледі.
3. Шыны, фарфор, металл,
резина заттары, байлап-таңу материалдары және
қосымша материалдар (мақта, дәке, халаттар,
фильтр қағаздары, резина
тығындар, пергамент және т.б.) 120
0
С температурада 45 минут
стерильденеді
4. Хирургиялық инструментерді, байлап таңу материалдары, арнайы киімдерді
132
0
С температурада (қысым 0,2 МПА) 20
минут қораптарда немесе екі
қабат жұмсақ дәке немесе пергамент қағазды орамада стерильденеді.
Ағынды бумен стерильдеу. 100
0
С температурада қаныққан су бумен
жүргізіледі (ауасыз және артық қысымсыз). Ағынды бу микроорганизмдердің
376
тек вегетативті түрін жою үшін қолданылады. Объектіде споралық түрлер
болған жағдайда бұл әдіс тиімді емес. Ағынды бумен стерильдеу - бірі
термометр үшін, екіншісі бу шығуға арналған
екі қуысы бар қақпақпен
жабылатын цилиндр формалы металл стерилизаторларда жүргізіледі. Құтының
түбіне су құяды, оның үстінде тесіктері бар тұғырық орналастырылады.
Ағынды бумен стерильдеу ВКО-16, ВК-75, ВКО-75 аппараттарында
жүргізіледі. Осындай мақсатта контактілі манометр стрелкасын 0,1 кг/см
2
мәнге орналастырады. Стерилизатордың су-бу камерасындағы қысым берілген
қысымға дейін жеткізілгенде, бу кіретін, бу көзі мен стерилизациялық камера
арасында трубадағы түтіктегі вентиль ашылады. Бірден стерилизациялық
камерадан ауаны және конденсатты шығаратын вентиль ашылады.
Стерилизациялық камерадан ауаны түгел шығару үшін, бу
шығаруды
стерилизатордан қою ағым пайда болғанша 15 минут аралығында жүргізеді де,
кранды жабынқырап қояды. Стерилизациялық камерадағы қысым берілген
қысымға 0,1 кг/см
2
(100-102
0
С) жеткен кезде стерильдеу басталады.
Стерильдеу біткен соң, стерилизациялық камераға бу
кіргізетін вентиль
жабылады, стерилизатордан бу және конденсат шығаратын вентиль ашылады.
Сонымен қатар, ағынды бумен стерильдеуді 0,01 МПА қысым астында
автоклавтарда жүргізуге болады.
МФ X бойынша 100
0
С температурада ағынды бумен стерильдеу 30-60
минут аралығында жүргізіледі. МФ XІ басылымға стерильдеудің бұл тәсілі
енгізілмеген.
Көлемі 100 мл-ге дейін ертінділерді 30 минут, 101-500 мл - 45 минут, 501-
1000 мл - 60 минут. Көлемі 1 л-ден жоғары ертінділерді стерильдеуге
болмайды.
Стерильдеудің термиялық әдістерін тиімділігін бақылау бақылау-өлшегіш
аспаптарымен, химиялық және биологиялық тестер бойынша жүргізіледі.
Химиялық тест ретінде стерильдеудің белгілі бір параметрлерінде өзінің түсін
немесе физикалық күйін өзгертетін кейбір заттар қолданады.
Олар бензой
қышқылы (балқу температурасы 122-124,5
0
С), сахароза (180
0
С),
динитрофенилгидразин (195
0
С) және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: